Ылғалдылық. Былғары мен мехтің ылғалдылығын 105-130°С-та кептіргіш шкафта анықтайды. Сол сияқты рентгендік әдіс арқылы, жоғары жиіліктегі электр тоғынын көмегімен де анықтауға болады. Былғары мен мехтің ылғалдылығына ауаның салысырмалы ылғалдылығы әсер етеді және ол былғары мен мехтің табиғатына байланысты болады. Былғарыдағы ылғалдылықтың мөлшеріне илеудің түрі, толықтыру әдістері, минералдық тұздар мен кышқылдар әсер етеді. Ылғалдылық, былғары мен мехтің физиқалық-механиқалық қасиеттеріне, атап айтқанда оның қалындығына, тығыздығына, ауданына, созған кездегі беріктігі мен созылғыштығына әсер етеді. Негізінен былғары мен мехтің құрамындағы ылғалдылық стандартқа сәйкес болу керек, ол 16%-дан аспауы тиіс. Бұл көрсеткіш ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 80% болған кезде сақталады.
Ақуызды заттар (көн заты). Көн (гольевое вещество) заты былғары мен мехтің және тондық қой терісінің маңызды құрамдас бөлігі, олар шикізаттан өнімге көшкен ақуызды заттың мөлшерін сипаттайды. Неғұрлым көн затының мөлшері көп болса, соғұрлым өнім сапалы деп есептелінеді. Бірақ, бұл пікір тек талшықтары бұзылмаған, дұрыс сақталмаған шикізатқа ғана тән нәрсе. Көн затының мөлшері барлық өнімде бірдей болмайды. Мысалы, 18%-ды ылғалдылықта аяқ киімнің төменгі бөлігіне арналған былғарыда көн заты 40-50%, аяқ киімнің жоғарғы бөлігіне арналған былғарыда 50-70%, қоян терісінде 61-66%, тон терісінде 62-63% аралығында болады. Көн затының мөлшерін Кьелдаль әдісі арқылы анықтайды, сондай-ақ оксипролин мөлшерімен және амин қышқылдарының жалпы санын табу арқылы да анықтайды.
Майлы заттар (жировые вещества). Былғары мен мехтің және тондық қой терісінің құрамында шикізаттан өткен табиғи май және өңдеу барысында енгізілген майлар болады. Олардың мөлшері өңделу әдісіне және өнімнің түріне байланысты өзгеріп отырады, кебінесе ол 5-30% аралығында болады. Былғарыда майлы заттардың мөлшері көбейгенде оның бу, ауа, су өткізгіштігі азаяды да, беріктігі артып, жұмсарып, иілгіш қасиетке ие болады.
Былғарыдағы байланыспаған май мөлшерін органикалық еріткіштермен экстракциялау арқылы анықтайды. Ал, байланысқан майлы заттар тек күшті сілтілермен гидролизденгенде ғана босайды. Майлы заттар терінің топографиялық бөлімдеріне және өзең қабаттарына біркелкі таралмайды, терінің бос, жұқа жақтарын және сыртқы қабатын көбірек, ал тығыз қалың жерлеріне аздау таралады.
Сақтау кезінде және кигенде былғарыдағы майлы заттар тотығып, ыдырап өзгеріске ұшырауы мүмкін, май дақтары түзіліп, қызуы да ықтимал, себебі майлы заттардың өзгеруі барысында жылу бөлінеді.
Минералды заттар. Былғарыда, мехта және тондық қой терісіндегі минералды заттардың 0,5%-ға дейіні шикізаттан өтеді, ал қалған бөлігі шикізатты консервілеуде, илеуде жартылай фабрикатты өңдегенде әртүрлі тұздар күйінде беріледі. Былғары мен мехтің құрамындағы минералды заттардың мөлшеріне қарап, технологиялық үрдістердің (күлден арылту, илеу, бейтарап таудан кейінгі шаю, толықтыру, протраптау) қалай жүргендігін анықтауға болады.
Былғары мен мехтегі және тондық қой терілеріндегі минералды заттар тексерілетін объектінің органикалық бөлігін жағып жібергеннен соң, күлінде қалады. Таннидпен иленген, минералды толықтырғыштар қолданылмаған, ылғалдығы 18%-к тең болатын былғарыда күл мөлшері 0,5-2%; минералды толықтырғыштар қолданылған болса - 3,5-5% хроммен иленген былғарыда 4-12% болып кіреді, оның негізгі бөлігін (3-7%-ін) хром оксиді құрайды.
Былғары құрамында көп мөлшерде ерігіш минералды заттар болса, былғары көп қайтара суланған кезде минералды заттар сыртқа шығып, тұз таңбаларын түзуі мүмкін, бұл былғары бетінің отыруына әкеледі.
Сумен шайылатын заттар. Былғары құрамындағы сумен шайылатын заттар, таннидпен және синтетиқалық илегіштермен илеуден кейін болады. Сумен шайылатын заттардың құрамында таннидтер, анотаннидтер, органикалық және бейорганикалық толықтырғыштар, азырақ ақуызды заттар болады.
Шайылатын заттар негізінен былғарының тығыздығын сипаттайды, олардың артық мөлшері былғарынын эксплуатациялық қасиеттеріне кері әсер етеді. Сумен шайылатын заттар кеткен сон, былғарының серпімділік деформациясы ұлғаяды. Шайылатын заттар былғарының көлеміне, қалыңдығына және ауданына әсер етеді, бірақ былғары су күйіңде өзгеріске ұшырамайды, шайылатын заттары жоқ былғарыны бос күйінде кептіргеннен кейін былғарының көлемі азайып, қалыңдығы мен ауданы кемиді. Ал, былғарыны созып кептіргенде ауданы өзгермей, қалыңдығы ғана азаяды.
Таннидпен илеген былғарының құрамында шайылатын заттардың мөлшері көп болса, жиырылу температурасы төмендейді, шайылатын заттар кеткен соң жиырылу температурасы жоғарылайды, себебі молекулааралық әсерлесу күшейеді. Стандарт бойынша шайылатын заттардың мөлшері юфть былғарысында 5-6%, аяқ киімнің төменгі бөлігіне арналған былғарыда 20-25% болады.
Шайылатын заттардың жалпы мөлшері майдың құрамы анықталған сынақты сумен шайғаннан соң булап, кептіруден шыққан құрғақ қалдық мөлшеріне тең болады. Олар бейорганикалық және органикалық заттардан тұрады. Бейорганикалық шайылатын заттар, былғарыдағы еритін минералды заттардың мөлшеріндей болады. Олардың санын сумен шайылатын жалпы заттарды анықтау арқылы табады.
Органикалық шайылатын заттардың мөлшері шайылатындардың жалпы санынан бейорганикалық шайылатын заттарды алғандағы айырмаға тең болады. Шайылатын заттардағы таннидтер санын, органикалық шайылатындар мен анотаннидтердің айырмасынан табады.
Илегіш заттар. Байланысқан илегіштер. Минералдармен иленген былғарыдағы және тері өзеңдегі байланысқан илегіштердің мөлшерін олардың құрамындағы хромның, алюминийдің, цирконийдің немесе басқа қосылыстардың оксидтеріне есептегендегі мөлшерімен анықтайды.
Таннидтермен және синтетикалық заттармен иленген былғарыдағы байланысқан илегіштер мөлшерін жанама әдіспен анықтайды, ол 100%-дан майлы заттар + күл + ақуызды заттар + органикалық шайылатын заттардың мөлшерін алып тастайды. Былғарыдағы байланысқан илегіштермен (Би) ақуызды заттар (Аз) мөлшеріне қарап илегіштік санын (Ки) анықтайды. Ол былай өрнектеледі:
Ки = 100·Би/Аз
Илегіштік саны былғарының эксплуатациялық қасиеттерімен тығыз байланысты, оның мөлшері 40-65% аралығында болады. Белгілі бір деңгейге дейін оның жоғарылауы, былғарынын жиырылу температурасын көтереді, беріктігін арттырады.
Минералды илегіш заттар. Илеу түріне байланысты, минералды илегіш заттардың мөлшерін олардың оксидтеріне есептейді. Былғарыдағы немесе тері өзеңіндегі хром мөлшері, хроммен илеу әдісінің интенсивтілігін сипаттайды. Хром мөлшері былғарының серпімділік, икемділік қасиеттерін оның химиялық заттар әсері мен микроорганизмдерге тұрақтылығын анықтайды. Былғары мен мех құрамындағы хромның мөлшері оларды пайдалану мақсатына байланысты әртүрлі болады. Мысалы, минералды илегіш заттардың мөлшері мехтің тері өзеңінде 0,5% болса, хроммен иленген былғарыда 7%-ға дейін жетеді. Мех пен тон терілеріне хром тек илеуде ғана емес, сонымен бірге бояу үрдісімен бояуға дайындауда да беріледі.
Хроммен иленген былғарының қасиеті (жиырылу температурасы, қайнатудағы кішіреюі, көлемінің қалыптасуы) тек хромның мөлшеріне ғана байланысты емес, сонымен бірге хром комплекстерінің сипаты мен олардың ақуызбен байланысу түріне де қатысты.
Минералмен иленген былғарының құрамына талдау жүргізгенде, оның құрамдас бөлігінің саны 100-ден кем болатыны анықталған 92-96%. Себебі, минералды заттар былғарыда оксидтер түрінде емес комплексті қосылыстар күйінде болады, сондықтан оның мөлшері талдау көрсеткен хром оксидінің мөлшерінен 2,29 есе көп болады.
Қышқылдылық. Былғары мен мех және тондық қой терісінде бос қышқыл мен ақуыздың функциональды топтарымен байланысқан күйде, сонымен бірге белоктағы тұздардың және басқа да қосылыстардын құрамында болады.
Байланыспаған қышқыл гидролиздің нәтижесінде жинала беруі мүмкін, бұл өнімнің сапасына кері әсер етіп, оны сақтау кезінде бүлдіреді. Гидролиз үрдісінің нәтижесінде байланысқан қышкылдың бөлініп, бос күйінде шығуы мүмкін. Қышкылдылықты хлорлы қалийдің рН көрсеткіші мөлшерімен анықтайды, оны зерттелетін сынақ мөлшерін 0,1 н. КС ерітіндісінде тұндыру (ұстау) арқылы табады.
Таннидпен иленген былғарының рН көрсеткіші 3,8-5,5 өңделген қоян терісі мен қой терісінде рН көрсеткіші 3,5-4 аралығында болады.
Талшықтағы негізділік. Хроммен иленген былғарыны немесе тері өзеңінің талшықтағы негізділігін анықтағанда, ол жанама түрде былғарының қышқылдылығын сипаттайды.
Былғары талшығындағы негізділік, ондағы хром қосылыстарының негізділігін көрсетеді. Талшықтағы негізділік шартты түрде болғанымен, былғары қасиетіне әсер етеді. Мысалы, талшықтағы негізділік төмендеген сайын былғары мен мехтің жиырылу температурасы азайып, ауданының қайнаған суда кішіреюі артады. Талшықтағы негізділік 80%-дан асатын болса, былғарының беті тартылуы (садка) мүмкін.
Былғарының, мехтің және тондық қой терісінің физикалық-механикалық қасиеттері
Былғары, мех және тондық қой терісінен жасалған өнімдердің, гигиеналығын және комфорттылығын қамтамасыз ететін қасиеттерін қарастырамыз.
Бу өткізгіштігі мен бу сіңіргіштігі. Былғары және тері өзеңі мен тондық қой терісінің су буын өткізе алатын бу өткізгіштік (паропроницаемость) және жұта алатын су сіңіргіштік (пароемкость) қабілеті болуы керек. Бір сағатта адам табаны 3-15 мл-ге дейін ылғал шығарады, бұл аяқ киімді киген кезде ішіндегі ылғалдылықты 70-80% көтеруі мүмкін. Егер ылғалдылық 90%-дан асатын болса, адам табаны дискомфорттылықты сезінеді, сондықтан былғары мен тері өзеңі 50-70%-ға дейін ылғалдылықты өткізіп, оның сіңіре де алуы қажет. Былғарының бу өткізгіштігі - оның гигиеналық қасиеттерінің негізгілерінің бірі. Киілген аяқ киімді әртүрлі креммен майлағаннан кейін оның бу өткізгіштігі өзгереді ал, бу сіңіргіштігі өзгермейді. Көп жағдайда былғары мен тері өзеңі әрлеу үрдістерінен кейін бу өткізгіштігін сақтайды, жасанды материалдармен салыстырғанда олардың артықшылығы осында. Мысалы, лакталған былғары көп жағдайда бу өткізе алмайды, бірақ бу сіңіргіштігі жасанды, синтетикалық лакталған материалдарға қарағанда 5 еседей көп болады.
Бу өткізгіштік (паропроницаемость) - былғарының, тері өзеңінің су буын өткізе алатын қабілеттілігімен сипатталады. Бұл кезде ылғалдылығы жоғары ортадан, ылғалдылығы аз ортада бу тез өтеді. Бу өткізгіштігін анықтау әдісі, диффузиялық үрдістерге негізделген. Оларға қысымды өлшеу әдісі мен салмақты өлшеу әдістері жатады. Әртүрлі былғарының бұл өткізгіштігі 0,5-11,6 мг/см сағ аралығында, бұл массаның өзгеруін есептеу әдісіндегі көрсеткіш, ал қысымды өлшеу әдісімен анықтағанда бу өткізгіштік 20-70%-ға тең болады.
Бу сіңіргіштік деп - (пароемкость) белгілі бір шартты жағдайда арнайы уақытта былғары мен тері өзеңінің су буын сіңіру қабілетін айтады, ол граммен белгіленеді. Су сіңіргіштік адсорбциялы әдіс арқылы анықталады. Су сіңіргіштік пен су өткізгіштікке көп факторлар әсер етеді, соның ішінде былғары мен тері езеңінің бойындағы капиллярлар, олардың диаметрі мен өзең талшықтарының пішіні, гидрофилді қасиеттері, оларға қосылған заттар және бетті жабатын қабыршақ қабықшалардың табиғатының әсері көбірек.
Тығыздық, кеуектік, тығыздық және кішірею коэффициеттері. Былғары мен тері өзеңінің гигиеналық қасиеттері оның тығыздығы мен кеуектігіне байланысты болады. Тері өзеңінің тығыздығы былғарының белгілі бір дәрежеде кеуектігін және толықтырылу көрсеткішін сипаттайды. Өзең талшықтарының кеуектік сипаты мен дәрежесін білу қажетті қасиеттері бар былғары алу үшін технологиялық үрдістерді реттеуге мүмкіңдік береді. Тығыздық салыстырмалы және шын тығыздық деп ажыратылады. Салыстырмалы тығыздық былғары массасының оның толық көлеміне (кеуектік көлемін есептегендегі) қатынасына тең болады. Шын тығыздық - былғары массасының оның көлеміне қатьшасын көрсетеді (кеуектік көлемі есепке алынбайды).
Салыстырмалы тығыздық, былғары мен тері өзеңінің кеуектігі мен шын тығыздығының функциясы болып табылады. Тері құрылымыңдағы кеуектер әртүрлі типте мысалы, тұйық, тәріздес, өн бойындағы қуыстар және басқа түрде болады. Олар терінің ішкі бет кеңістігін құрайды, кейде кеңістіктің аумағы 50 м2/г-ға дейін жетеді. Кеуектердің көлденең қимасының өлшемі бойынша оларды макро, микроскопиялы және ультра кеңістіктер деп бөледі. Былғары мен тері өзеңіндегі кеуектердің мөлшері, олардың өлшемі мен орналасуы, өнімнің ауа, су өткізгіштігі, жылу өткізгіштігі және сулануы сияқты қасиеттеріне әсер етеді.
Салыстырмалы тығыздық осы қасиеттерді жанама түрде сипаттайды. Былғары мен тері өзеңінің кеуектігі, салыстырмалы және шын тығыздығы шикізаттың тығыздығына және өндірістік үрдістердің жүргізілу тәсіліне байланысты.
Өнімнің шығыны (число выхода) К/бО кг жарғақтап шыққан былғары мөлшерін (кг) көрсетеді: К = 100 ∙100/БЗ. Мұндағы БЗ - былғарыдағы ақуызды заттың мөлшері, %.
Барлық көрсеткіштердің қосындысы 100кг ақуызды затты құрайды. Теориялық тұрғыдан қарағанда былғарының көлемі, оның барлық құрамдас бөлшектерінің, тығыздығын ескере отырып, көлемін қосқанға тең болады. Былғарының құрамдас бөлшектерінің тығыздығы шамамен алғанда төменгідей мөлшерде болады, кг/м3.
БЗ - ақуызды заттар (абсолютті құрғақ күйдегі) - 1,43;
Ы – ылғалдылық- 1; К - күл - 2,5;
МЗ - майлы заттар (май тектес заттар) - 0,9;
ШЗ - шайылатын органикалық заттар - 1,6;
И - шайылмайтын заттар, илегіштер - 1,6.
Егер былғары сынағының теориялық жағдайдағы көлемін V, массасын Р деп өрнектесе, оның теориялық шын тығыздығы, кг/м3 мынадай болады, бірақ бұл әдіспен табылған шын тығыздық тура болмайды, себебі өндіріс барысында былғары құрамына енетін заттар тығыздалады. Мысалы, былғарыдағы гидратациялық судың тығыздығы 1 емес, 1,1-1,2 кг/м3 аралығында.
Сондықтан тығыз былғарының тура шығу көлемі Ур = К ∙ V,
мұнда: К - тығыздық коэффициенті, өндіріс үрдістерінің сипаттамасы;
р - былғарының шын тығыздығы (тәжірибе арқылы анықталады);
К - көлемінің шығуы (химиялық талдаудың нәтижесінен адынады);
V - теориялық көлем (аддитив ережесімен есептеледі).
Тығыздық коэффициентіне илеу ұзақтығы әсер етеді, аяқ киімнің төменгі бөлігі үшін Кі = 0,77 - 0,88, хроммен және хромтаннидпен иленген былғары үшін К = 0,98.
Былғары өндірісі үрдістерінің сипаттамасының біріне жартылай фабрикаттың көлемдік шығымы (обьемный выход) жатады. Ол көлемде 100кг көн заты (гольевое вещество) болуы шарт. Оны әртүрлі үрдістерден кейін белгілейді: мысалы V, - күлдеуден кейін; У- илеуден кейін; V - майлаудан кейін және т.б. көлемінің шығуы.
Оны көп жағдайда кішірею коэффициентімен өрнектейді. Хроммен иленген былғары сынағының кішірею коэффициенті - 0,586, хромтаннидтікі - 0,526.
Былғарының, тондық қой терісінің және тері өзеңінің суға төзімділігі. Былғары, мехты және тондық қой терісін пайдалану кезінде бұл өнімдердің сулануы адам организміне ыңғайсыз әсер етеді. Қайта-қайта су тиіп кепкен былғары мен тері өзеңі тез тозады. Суға төзімділікті сипаттау үшін мынадай көрсеткіштер қолданылады:
Су тартқыштығы. Былғарыда пайда болған бірінші су тамшысының уақытын көрсетеді. Бұл кезде былғары мен судың арасында байланыс жоқ. Ал, су өткізгіштік (водопроницаемость) бір сағат ішінде 1 см былғарыдан өткен судың мөлшерін (мл) көрсетеді.
Суланғыштығы. Былғарыны суға батырғанда оның суды сіңіру нәтижесінде салмағының ұлғаюын көрсетеді. Белгілі бір уақытта суға батырылған былғарының су сіңіру нәтижесі пайызбен белгіленеді. Былғары мен мехтің суға төзімділігі статикалық және динамикалық жағдайда, механиқалық әсер ету арқылы зерттеледі. Былғарының сапасын анықтаған кезде, динамиқалық жағдайдағы суға төзімділік көп ескеріледі. Бұл көрсеткішке былғарының құрылымы, илеу тәсілі, тығыздығы мен қалыңдығы, майлы және толықтыру заттары да, әрлеу түрі де әсер етеді.
Ылғал беруі және гигроскопиялылығы. Былғары мен тері өзеңінің қоршаған ортадан су буын сіңіруі олардың гигроскопиялылық қасиетіне байланысты. Бұл көрсеткіш 16 сағат уақытта былғары салмағының өскенін керсетеді, ол пайызбен белгіленеді. Ылғал берілуі 8 сағат ішінде қалыпты жағдайда берілген ылғал мөлшерімен анықталады.
Жылу өткізгіштігі. Бұл көрсеткіш былғары мен мехтің тондық қой терісінің және олардан жасалған бұйымдардың жылу сақтағыштық қасиетін көрсетеді. Егер былғары құрылымы бос, тығыздығы төмен және кеңістіктері көп болатын болса, жылу өткізгіштігі жоғары болады. Былғары мен мех құрамыңдағы ылғалдылық жоғарылаған сайын, олардың жылу өткізгштігі ұлғая түседі. Майлау мен толықтырудан кейін құрғақ былғарының жылу өткізгішігі жоғарылайды. Жылу өткізгіштік коэффициенті аяқ киімнің жоғары бөлігінің хроммен иленген былғарысы үшін 0,051-0,156 Вт (м°,С), хромтаннидпен иленген юфть үшін 0,121-0,164, күдері (замша) үшін - 0,053 Вт (м,С).
Термотөзімділік (термостойкость). Жиырылу температурасы былғары мен мех құрылымының жылу мен ылғал әсеріне төзімділігінің сандық сипатын көрсетеді. Жиырылу - белгілі бір температураға дейін қыздырғанда, үлгінің ұзындығының қысқарғанын көрсетеді. Жиырылу температурасына былғары мен тері өзеңінің микроқұрылымының жіктелуі әсер етеді. Олар неғүрлым көп жіктелсе, солғұрлым жиырылу температурасы төмен болады. Былғары мен мехта қышқылдың болуы жиырылу температурасын төмендетеді.
Колаген құрылымының илегіш хром қосылыстарымен "тігілу" дәрежесімен жиырылу температурасы арасында тура заңдылық, сондай-ақ былғарының механикалық әсерге беріктігі мен жиырылу температурасы арасында да тура заңдылық бар.
Кератиннің термошыдамдылығы, оның құрылым жағдайына байланысты. Мысалы, жүн талшығын ОО-110°С қыздырғанда, оның түсі, қасиеті өзгере бастайды. Жүнді кептіргенде, температураның 70°С-нан асып кетпеуі керек, ал шайған кезде 40-50°С-тан аспауы керек. Себебі сулы жүнді қыздырғанда сапасы төмендейді.
Гигротермиялық тұрақтылығы (гигротермическая устойчивость).
Суланған былғарының тері өзеңінің, жоғары температурада беріктік қасиетін өзгертуін оның гигротермиялық тұрақтылығы сипаттайды. Ол 5-95% аралығында ауытқиды. Бұл көрсеткішке илеу әдісі әсер етеді. Қышқылдың болуы гигротермиялық тұрақтылыққа кері әсер етеді. Жақсы майланған және тығыз былғарының гигротермиялық тұрақтылығы жоғары болады.
Аяқ киімнің төменгі бөлігі мен юфть былғарысы үшін бұл көрсеткіш стандарт бойынша белгіленген.
Беріктік қасиеттері. Былғары мен мехтің беріктік қасиеттерін анықтайтын көп тараған әдістердің бірі - бір осы тарту сынағы. Бір осы тарту сынағын негізінен маятникті динамометрлерде анықтайды. Соңғы кезде бұл мақсатта күш өлшегіш машиналар қолданылып жүр, онда деформация серпімділігі арнайы электронды аппараттарда есептеледі. Бір осьте тарту сынағын жүргізгенде мына көрсеткіштерді анықтайды: беріктік шегі, Па, созылғыштығы (жалпы, серпімді, қалдықты), беткі қабаттың беріктігі, Н/м2 шартты түрдегі модуль, серпімділігі, Н/м2 және қаттылығы. Созылғыштысы (удлинение). Былғарының, мехтің және тондық қой терісі сапасының маңызды көрсеткіштерінің бірі созылғыштығы болып табылады. Жүн талшығы үшін бұл көрсеткіштің онша мәні жоқ, сондықтан ол ГОСТ-да есептелмейді. Былғарыны, тері өзеңін және тондық қой терісін созғанда жалпы, серпімді және қалдық созылғыштығын анықтайды. Жалпы созылғыштығы серпімді және қалдық созылғыштығының қосындысына тең болады. Ол процентпен белгіленеді, оның мәні үлгінің созғаннан кейінгі ұзындығынан созылғанға дейінгі ұзындығының айырмасын үлгінің бастапқы ұзындығына бөлгенге тең болады. Серпімді және қалдық созылғыштығы шартты шамалар, олар уақытқа тәуелді болып келеді.
Әртүрлі үлгілердің созылғыштығын анықтау үшін, олардың бірдей аумақтағы көлденең қимасына бірдей күш салып созып байқау керек. Былғарының тері өзеңінің жалын созылғыштығын сипаттау үшін стаңдарт бойынша ортақ көрсеткіш алынған. Онда жонарқа бойымен және оған көлденең үлгілерді белгілі бір күш жұмсай отырып, созу қаралған. Былғары үшін күш мөлшерінің шамасы 1 Н/м2, мех және тон терілері үшін 0,5 Н/м2 алу көзделген. Аяқ киім өндірісіңде, былғары, әсіресе аяқ киімнің жоғарғы бөлігіне арналған былғары көбірек керіліп, созылады.
Мүйізді ірі малдың терісінен дайындалған, хроммен иленген аяқ киімнің бас былғарысының созылғыштығы 20—30%-тей болуы керек. Егер созылғыштығы 20%-тен кем болса, былғарының беті созған кернеуді кетере алмай сынуы (жарауы) мүмкін.
Ұлтандық былғарының жалпы және серпімді созылғыштығы, нығыздаудан (прокатка) кейін азаяды, ал, аяқ киімнің бас былғарысы үшін, престеуден соң созылғыштығы төмендейді. Былғарының талшықты құрылымын жіктейтін үрдістер, мысалы, созу, қыртысын жазу былғарының жалпы, серпімді және қалдық созылтыштығын ұлғайтады.
Тондық қой терісі мен тері өзеңі ұзаққа бойына және көлденеңінен тартқан кезде созылмалы (протяжка) болуы керек. Терінің созылмалы болуы, өнімнің сыртқы түрін сақтап, эксплуатациялық қасиеттерін жақсартады. Созылмалылық пластикалық қасиеттеріне байланысты. Мех пен тондық кой терісінің пластикалық қасиеттерін қалдық созылғыштығы көрсетеді. Оны терінің бүтін күйінде және үлгілерінде бүлдірмей таба береді. Сынақты белгілі бір (4,9 немесе 9,8 МПа) күш салып анықтайды.
Созылу кезіндегі беріктік шегі (предел прочности при растяжении). Бұл сапалық көрсеткіш былғарыны тері өзеңін немесе жүн талшығын созғанда, үзілу кезіндегі пайда болатын күшті сипаттайды. Ол үлгінің үзілу кезіндегі жұмсалған күштің, сынақ үлгісінің көлденең қимасының ауданының қатынасына тең. О - созған кездегі беріктік шегі, Па; Р - үлгіге үзілу кезіндегі тұсірілген салмақ күші, Н; Ғ - үлгінің көлденең қимасының ауданы, м2. Бұл көрсеткіш талшықтар тобының мықтылығы мен деформация түріне байланысты. Егер жұмсалған күштің бағыты талшықтар тобымен бағыттас болса, онда олар тек созылып қана қояды. Оның мәніне терінің құрылымдық элементтерінің ориентациялық қабілеті әсер етеді.
Созылу кезіндегі беріктік шегіне тек талшықтар тобының мықтылығы ғана емес, сонымен бірге олардың шиеленісу сипаты да әсер етеді. Жүн талшығының созылу кезіндегі беріктік шегіне, негізінен талшықтың қабыршақ қабатының өсу дәрежесі мен құрылысы әсер етеді, ал қабықты кабатының әсері бостау және борпылдақ болып келгендіктен бәсеңдеу болады.
Жыртылу кезіндегі беріктігі (прочность при надрыве). Жыртылу кезіндегі беріктікті сынау үшін (вырывание язычках - жұлып алу) қиылған үлгіні жұлып алуға кететін күштің мөлшерін анықтайды. Ол үшін динамометр қолданылады.
Былғарының беріктік шегі мен жыртылу кезіндегі беріктігін сынаудың арасында корреляциялық байланыс бар, корреляция коэффициентінің мәні 0,72-0,85 тең болады.
Жыртылу кезіндегі күш Рн, үзілу кезіндегі тұсірілген салмақ күшінен Р аз болады. Бұл екі күштің айырмасы былғары мен мехтің серпімділік қасиеттеріне байланысты. Егер майысқақтық аз болса, онда айырмасы көп болады.
Серпімділік модулі мен қаттылығы (модуль упругости и жесткость). Созылуға жұмсалған күштің күш бірлігіне қатынасы серпімділік модулі деп аталады. Ол былғарының созылуға икемділігін сипаттайды. Металдардың серпімділік модулімен салыстырғанда, бірен саран жағдайларда ғана серпімділік модулі күшке тәуелді болмайды, оны суреттен көруге болады.
Релаксация. Релаксациялық құбылыстарға серпімділіктің қалпына келуі, тұрақсыздық және релаксация жатады.
Серпімділікітің қалпына келуі (упругое последействие) - деформацияның релаксациясы, жоғары эластикалық деформация - деформацияның уақыт өткеннен соң азаюын көрсетеді.
Тұрақсыздық (шекучесшь) былғарыға үнемі күш тұскеннен, деформацияның релаксациясы - күш түскенде деформацияның уақыт өткен сайын өсуі немесе форманың қайта қалпына келуі т.б.
Релаксация (киімнің релаксациясы) - деформацияланған материалдың уақыт өткен сайын кішіреюін көрсетеді.
Релаксациялық құбылыстардың былғары мен мехты сақтауда, тасымалдауда, дайындауда және қолдануда үлкен маңызы бар. Былғарыда серпімділіктің қайтуы немесе азаюы анық байқалады, оның дұрыс және бұрыс жақтары бар.
Бұрыс қасиеттеріне мысал ретінде өнімді тасымалдауда және сақтауда ауданының кішіреюі мен жалпы созылғыштығының өсуін келтіруге болады және уақыт өткен сайын көннің қаттылығы азаюы мүмкін.
Ал дұрыс қасиеттеріне эксплуатациядан кейін, тыныштықта тұрған киімнің өз формасына келуі мысал бола алады. Былғары мен мехтын деформациясы талшық және талшықтар тобының орналасуына байланысты.
Пайдаланылған әдебиеттер.
-
Мәдиев Ө.Қ., Айтөленова Қ.Т. Былғары және мех химиясы мен технологиясы. Алматы, «Білім». 1995. 320 бет.
-
Страхов И.П., Шестакова И.С, Куциди Д.А и др. Под ред. проф./ И.П., Страхова. Химия технология кожи и меха. Учебник для вузов, 4-е изд., перераб и доп, - М., Легпромбытиздат, 1985, 496 с, ил.
-
Росленко И.Скорняжное дело. Серия «Учебный курс». Ростов-на-Дону: «Феникс», 1999. – 320с.
-
Орлова И.М., Эткин Я.С. Заготовки, первичная обработка и хранение животного сырья. М.: Колос, 1982. -208с .
-
Мадиев У.К. Минеральное дубление в производстве кож.- М., Легпромбытиздат, 1987, 120 с.
-
Бейсеуов К. Новое в минеральном дублении кож. Моногр. - М., Легпромбытиздат, 1933, 128 с.
-
ІПаңырақ (қысқаша үй-тұрмысы энциклопедиясы) (Бас редактор Р.Н. Нурғалиев. - Алматы, Каз. Сов. энцикл. Бас редакциясы, 1990) Ред. коллегия Ж.А. Адаев., X.А. Арғынбаев, Н.А. Барлыбаева т.б. - 568 бет.
-
Қазақ Совет Энциклопедиясы, 1 - 12 том, Алматы қаласы, 1972 - 1978.
-
Кененбаева Ырым. Інжу-маржандар. - Алматы, Жалын, 1980, 184 бет.
-
Ә. Жұмадилов., А. Бекенов., X. Қыдырбаев. Казақстан қорықтары. "Қайнар" баспасы, Алматы, - 1980.
-
А. Бекенов, X. Қыдырбаев. Сирек кездесетін хайуанаттарды қорғау. "Кайнар" баспасы, Алматы, 1975.
-
Ғайдар Л.П. Технология кожи (специальные главы). Учебник для студентов вузов легкой промышленности. - М., "Легкая иидустрия", 1974, 168 с.
-
Павлов С.А., Шестакова И.С, Касьянова А.А. Химия и физика высокомолекулярных соединений в производстве искусственной кожи, кожи и меха. Изд. 2-е, пер и доп. Учебник для студентов вузов легкой промышленности. - М., "Легкая индустрия", 1976, 528 с.
-
Метелкин А.И., Русакова Н.Т. Титановое дубление. М., Легкая индустрия, 1980.
-
Тұрарова А.С. Исследование возможности комбинированного алюмоциркониеяого дублеиия в производстве кожи для верха обуви. Авторсф. канд. дис, М., 1976.
-
13. Мадиев У.К. Исследоиания дубящего действия соединеиий алюминия в сочетаиии с неорганическими и органическими дубящими применение и примопсие их в произподстве кожи. Автореф. докт. дис, М., МТИЛП, 1980.
-
Айтоленова К.Т. Изучение возможности примерения дубящих соединений железа в комплексном минеральном дублении. Автореф.
канд. дис, М., МТИЛП, 1989.
-
Сакиев А.М. Применение беспикелъного метода дубления с использованием катионных жирующих эмульсии. Автореф. канд. дис, К. 12 КТИЛП, 1976.
-
Рахметбаев К.Р. Применение комплексных минеральных дубителей производстве кож для верха обуви. Автореф. дис. на соиск. уч. степ. канд. техн. наук., - М., МТИЛП, 1986.
Достарыңызбен бөлісу: |