235
болды. Жел сөзге сол күндегі партияның орыс жағы да алданып адасыңқырап кетті.
Ылай судан балық аулайтын «отаршылдар» күшейді.
Бұларға қарсы тұрған қазақ коммунистері бұл тартыста «отаршылдармен»
күресу, өтірік коммунистермен алысу ғана жолында болып негізді партия бетін
дұрыс сақтай алмады. «Мансап қуғандармен» алсып, отаршылдармен күресіп жүрген
қазақ коммунистердің көбі партияның негізді пікірін ұмытып бәлки «ұлтшылдық»
ауруына ұшырады. Бертін келе қазақ коммунистерінің арасында «жік» бөлісі
бұрынғыдан да күшейді, ана «жік» мына «жік» дегендер шықты. «Жікке» кірмеген қазақ
коммунистері болмады. Сөйтіп, қазақ коммунистерінің арасында партияшылдықтан
гөрі «жікшілдік» тілегі үстем болды. Әр-әр «жік» өзін көтерді. Өзіне қарсы «жікті»
қандай жолмен болсада жоғалтуға тырысты осыдан
барып қазақ коммунистерінің
«жікшілдік» күресінде «қазақшылық» та араласты. Жала жабу,
өтірік айту, шағым
жүргізу дегендер «әдет» болды.
Бірақ қанша ол кездегі «жіктер» күресінде «қазақшылық» көп болса да, негізінде
«жіктер» арасында пікір таласта болып еді. Алайда сол
пікір таластары көбінесе
партия тілегімен сыналмай «жік» тілегімен сыналушы еді. «Жікшілдеріміз» партияны
өзінің «жігі» деп танушы еді. «Жікшілдеріміздің» негізгі пікірі «жік» шарасынан
аспаушы еді. Осының аяғы келіп партия құрудың орнына «жік» құруға – топ жиюға
соғушы еді. ...
Партия жолы дұрыс орындалмады. Әрине, жоғарғы айтылған партияның бірлік
шарты да іске жөндеп аса алмады. Біз осы күймен 1924-1925 жылдарға келіп жеттік.
/Еңбекші қазақ. – 1926 жыл. – 25 ноябрь. – № 262 (696).
Достарыңызбен бөлісу: