Наурызбай Тағанұлы Алматы, 2013 Үміт сәулесі


«Алланың бұйрығы болмайынша, ешкім өлмейді



Pdf көрінісі
бет74/98
Дата11.05.2023
өлшемі5.14 Mb.
#473542
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   98
Үміт сәулесі

«Алланың бұйрығы болмайынша, ешкім өлмейді, 
ол жазулы бір мерзім» деген.
Қытайлықтар мен афроамерикандықтар арасын-
да жүрек ауруынан көз жұматын адамдардың саны аз 
көрінеді. Себебі олар өмірлерінде қайғыға көп бой ал-
дыра бермейді. Жүрек ұстамасынан қайтыс болатын 
дәрігерлердің саны дәл осы аурудан көз жұматын шаруа 
адамнан жиырма есе көп. Себебі дәрігерлер қиындыққа 


159
Үміт cәулесі
толы қауырт өмір кешіп, соған қымбат құн төлейді. 
«Дәрігер халықты емдейді, бірақ өзі науқас болады».
РАЗЫЛЫҚ
Рим империясын басқарған ойшыл патша Маркс 
Аурелиюс бір күні былай деді: «Бүгін көп сөйлейтін, 
құдайға қарсы шыққан менменшілдер мен өздерін 
ғана жақсы көретін адамдарды қарсы аламын. Бірақ, 
мен оларға таңқалып, таңырқамаймын да. Себебі 
мен бұл әлемді оларсыз елестете алмаймын», – деп 
өмірде жақсылармен қатар жамандар да болатынын 
мойындаған екен. 
Теңізшілердің бірі Тынық мұхитта адасып, жиыр-
ма бір күн жоғалып кетеді. Кейіннен құтқарылып аман 
қалған соң, одан адамдар осы оқиғадан алған ең үлкен 
сабағы жайлы сұрағанда ол: «Егер таза су, жетерліктей 
асың болса, өмірге ешқашан наразылық білдірмеуің ке-
рек», – деп жауап береді.
Бір кісі: «Өмір бір бөлік ас пен судан тұрады, ал одан 
басқалары артық нәрсе», – деген. Жонатан Суифт былай 
деген: «Расында әлемдегі ең абзал дәрігерлер: тәртіп, 
тыныштық, қуаныш. Тағамың аз болса да шаттық пен 
тыныштықта ішсең, осы пайдалы ем. Өйткені семіздік 
созылмалы ауруға, ал қомағайлық зеректікті жояды. 
Тыныштық – жүрек пен жанның рахаты, ал шаттық 
пайдалы азық және қуаныш» деген екен.
Сенің мойныңда киелі міндетің бар, ол – тағдыр 
тығырыққа тірегенде нәтижесі өзіңе пайдалы бо-
луы үшін соған бойсұнып, наразылық танытпасаң
жақсылыққа қол жеткізесің. Басыңа түскен мехнатқа 


160
Үміт cәулесі
қайғырма, бәлкім марапат болар және сынаққа мұңайма, 
бәлкім сый болар. Доктор Самуэль Джонсон бы-
лай дейді: «Расында әрбір оқиғаның пайдалы, жақсы 
жағын іздеу бір жылда бір мың фунтқа ие болғаннан да 
қымбат» деп әрдайым істің жақсы жағын көре алу мол 
бақыт екендігін айтқан. 
Пайғамбарымыз (с.а.с) алғаш дінді жайған шағында 
да жанында жүріп тура жолдың жалауын көтергендердің 
көбі кедейлер, қиындыққа душар болғандар және 
қарапайым адамдар еді. Ал жүрегі иманға кенелген 
осы ізгілерге қарсы күрескендердің көпшілігі беделді, 
бақуатты және танымал тұлғалар еді. Олар мүміндерге 
қарап: «Біздер дәулеттіміз әрі үрім-бұтағымыз мол. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет