«ЖАМБЫЛ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ»
0111000 «Негізгі орта білім беру» мамандығы бойынша «Педагогика» пәнінен курстық жұмыс
Тақырыбы: Педагогикалық әдеп және ұстаздық шеберлік
Топ: 3 “G”
Орындаған: Калыбаева Н. Р.
Жетекші: Жеңісбаева Ә. Р.
Бағасы: ____________
Тараз 2021 ж.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе..........................................................................................................................3
I. Педагогикалық этиканың теориялық негіздері..............................................5
1.1 Педагогикалық өнер түсінігі және педагогикалық шеберлік....................5
1.2 Кәсіби қызметтегі мұғалім тұлғасы.................................................................8
1.3 Мұғалімнің жеке қасиеттеріне қойылатын талаптар................................10
II. Педагогикалық əдеп жəне ұстаздық шеберліктің әдістемелік негіздері.....................................................................................................................13
2.1 Мұғалімнің өзін-өзі кәсіби тәрбиелеу............................................................13
2.2 Мектеп тәрбие үрдісіндегі мұғалімнің кәсіби бағыты...............................15
2.3 Ұстаздық шеберлікті бағалау технологиясы...............................................17
Қорытынды..............................................................................................................21
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................23
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған маман - уақыт талабы. Кеше ғана көк туын желбіретіп шаңырақ көтерген егемен елімізді өркениетке жетелейтін білім бастауы - мектеп, ал сол мектепте жас ұрпақ бойына білім негізінің мәңгілік іргетасын қалаушы - ұстаз тұрады. «Мұғалімдер-қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең «сынампаз» бөлігі болып табылады» - деп тұңғыш Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев бекер айтпаса керек.
Мектепте білім алу – бала өмірінің маңызды кезеңдерінің бірі. Қандай білім беру жүйесінен және қандай мұғалімнен білім алғаны баланың үлгеріміне және жеке тұлғалық қалыптасуына байланысты болады. Кәсіби шеберліктің құрылу процесі білімінің жүзеге асуы мен қалыптасуын ғана емес, сонымен қатар оның тұлғалық қалыптасуын да қарастырады. Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білімнің, іскерліктің болуын қамтиды[4].
Білім беру мақсаттары өзгеруде, оқу ақпаратының мазмұны жаңаруда, педагогикалық коммуникация құралдары, және педагогикалық әсер етудің объектісі – оқушылар да айтарлықтай өзгеруде. Осы факторлардың барлығы педагогикалық кәсіби шеберлігінің деңгейін жоғарлатуды талап етеді. Оқу процесінің жаңаруына қажетті шарт кез-келген педагогикалық жүйенің басты тұлғасы болып табылатын оқытушылардың педагогикалық шеберлігін арттыру болып саналады[8].
Мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты мәселелер көптеген жауапкершілікті талап етеді. Қазақстандағы жалпы білім беретін және кәсіби білім беретін мектептердегі жүргізіліп жатқан реформалар өзінің педагогикалық жүйесінде принципті өзгерістерді қажет етеді.
Шығармашыл ұстаз күнделікті әрбір сабағын түрлендіріп өткізуге тырысады. Оқушының білімін көтерудің ең басты шарты - оның пәнге деген қызығушылығын арттыру. Пәнге деген қызығушылығы болса ғана, бала оған көңіл қойып тыңдап, тереңдете оқып үйрене бастайды. Пәнге қызыққан оқушының білім сапасының жоғары болатыны белгілі. Шебер мұғалім үнемі оқушының ойлау белсенділігін арттырып, білімге қызығушылығын тудырғанда ғана ұстаз мақсатына жетеді[2].
Сабақты тартымды, қызықты етіп өткізу – мұғалімнің шеберлігі, білімділігі, таланты. Егер, мұғалім сабақта бір тақырыпты оқытуда оқушыларды ойландыруға, ізденуге, тәжірибе жасап, істеген жұмысын қорытындылай білуге, сөйлеу мәдениетін дамытуға, ғылыми тілде сөйлей білуге назар аударса, келесі бір сабақтың тұрмыс, салт-сана көрінісіне, қазіргі жеткіншек жете білмейтін ұғым – түсінігін бүгінгі өмір салтына жинастыра көңіл аударса, сол арқылы танымдық мақсат қояды. Сөйте отырып, ұлттық дәстүрді қадірлей білуге, адамгершілікке, ізгіліктілікке, ұлттық тәлім-тәрбие беруге назар аударылады. Сабақ үрдісінде оқушылар өзіне-өзі баға беруге, әлсіз жақтарын сын көзбен қарауға өзінің жетістігін жете білуге, өзбетімен іздене білуге дағдылары қалыптасады. Оқушылар арасында ынтымақтастық, сенім ахуалы қалыптасып, өзара сыйластық орнайды. Міне, осыларды педагогикалық шеберлікті аша түсудің тағы бір қыры деп есептейміз. Мұғалімдер шеберлігін арттыру мәселесі қай кезде болсын педагогика ғылымындағы алдыңғы орында тұрғандығы белгілі. Оны зерттеушілер еңбектерінен айқын аңғаруға болады. Мәселен, мұғалім қызметі формалары мен түрлі әдіс-тәсілі С.Гусев, П.Груздев, С.Иванов, А.Моисеев, М.Рубинштейннің, педагогикалық іс-әрекеттің ғылыми негіздері Н.Александров, В.Ильин, И.Огородников, А.Пискунов, Н.Кузьмина зерттеулерінде кеңірек орын алған[5].
Ұстаздың шеберлігі - талантты қажет ететін ерекше бір өнер емес, бірақ, ол басқа да мамандарды шеберлікке үйретуде қажет болатын мамандық. Жас ұрпақ тәрбиесіне бүкіл ғұмыры мен қажыр-қайратын және бойындағы асыл сезімдерін бағыттаған мұғалімдерді айтуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |