Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
53
Енді қараңызшы, бұл өмірде ақылды бола тұра бақытсыз
әйелдер көп. Ал дана әйелдер бақытсыз бола алмайды.
Олардың бақытты болуы басқа адамдарға тәуелді емес.
Дана әйел әр нәрседен жақсылық алуға тырысады. Олар
әлемде ешкім идеал еместігін, әр адамның кемшілігі барын
түсінеді. Дана әйел қай жерде сөйлеп, қай жерде үндемей
қалу керектігін біледі.
Ақылды әйел ер адаммен қарым-қатынаста не
істейді?
Көп адам ер адам ақылды әйелді ұнатпайды дейді. Не
үшін ұнатпайды? Қорыққандықтан емес. Еркек ақылды
әйелдің жанында өсу мүмкін еместігін түсінеді. Себебі
ақылды әйел әрдайым «Қай жерін түзесем екен, қай
жерінде критика айтсам екен,
ақылымды қай жерге
қыстырсам екен» деп, әрдайым қателікті жөндегісі келіп
тұрады. Қоғамда, достарының арасында, жолдасының
қасында да ақылды адам әрдайым ақылын айтып,
сұралмаған кеңес беруді тілмен қатырады.
Ақылды адам
өте жауапкершілікті адам. Өз жұмысын керемет біледі. Ақ
пен қараны ажырата алады, бірақ ақылды адамның
жанында ешкім өспейді. Себебі ол жанындағы адамдарға
әрдайым ескерту айтып, қателіктерін тізіп отыратын
болады. Ақылды
адам кез-келген ортада
болады. Ойланып жан-жағыңызға қарап
көріңізші. Мүмкін дәл сіз үнемі ақылмен
еріңізге қарайтын шығарсыз? Еріңізбен
сөйлескенде
де
ақылыңызды
айтуға
тырысатын шығарсыз?
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
54
Тағы
бір мысал, сіз бір қателік жасап қойып, күнәға
баттыңыз делік. Оны ішіңізде сақтағыңыз келмей,
жақыныңызбен бөлістіңіз. Бірақ ақтарылып, айтып
бергеніңіз үшін өкініп қаласыз.
Сіз онсыз да қатеңізді
түсініп тұрсаңыз сол жақыныңыз одан сайын бетіңізге
басып, ұрсып, үмітіңізді өшіреді. Сіз оған «мен қателек
жасадым, күнә істедім» десеңіз, ақылды адам сізге «Ужас!
Қалай жасадың? Неге жасадыі? Сен өз беріп едің ғой,
сөзіңде тұрмасаң, неге айтасың?»
деп сізді ашылуға,
ішіңіздегіні ақтарып айтуға айнытып тастайды. Бұның
барлығы ақылды әйелдің әрекеті.
Достарыңызбен бөлісу: