Нұр-сұлтан 2019 Әдістемелік құрал


Сонымен қатар әлеуметтік салыққа міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жатады



бет142/223
Дата15.12.2023
өлшемі4.43 Mb.
#486678
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   223
Китап касипкерлик

Сонымен қатар әлеуметтік салыққа міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жатады.
ҚР МӘМС туралы Заңына сәйкес Қазақстан азаматтары, ҚР аумағында уақытша немесе тұрақты тұратын заңды тұлғалар мен шетелдіктер МӘМС қорына аударымдар мен жарналар төлеуге міндетті. МӘМС тегін медициналық көмекті қамтиды.
Жұмыс беруші аударымдарды өз есебінен аударады және төлейді Жарналар 2020 жылдан бастап енгізіледі – оларды жұмыс беруші аударады, бірақ қызметкердің жалақысынан төленеді (шегеріледі).
Аударымдар мөлшерлемесі– 2019 жылы – 1,5% (қызметкердің жалақысынан) және 2020 жылы – 2%.
МӘМС есептеу формуласы:


(ЖЛҚ ЖТС бойынша 90% түзету) х 0,015


4-тапсырма
Сіздің стартапыңыздың барлық қызметкерлері үшін, соның ішінде өзіңіз үшін әлеуметтік салықты есептеңіз.
Салық – бұл кәсіпкерлік, азаматтар және мемлекеттің өзара іс-әрекетінің маңызды элементі. Салықтыңнегізінде мемлекет өз азаматтарына қамқорлық жасай алады. Сондықтан мемлекеттік салық органдары бюджетке салықтың түсуін мұқият қадағалайды және құқық бұзушыларды айыппұлмен немесе тіпті бас бостандығынан айырумен жазалайды. Салық талаптарын сақтау – бұл кәсіпкердің жауапкершілігінің маңызды элементі, оны елемеуге болмайды. Салық талаптарын сақтау үдерістің барлық қатысушыларының ұтуына алып келеді, ал олардың бұзылуы тәртіп бұзушыны ауыр зардаптарға әкеп соқтыруы мүмкін.
7.4Құқықтық қатынастар


Шарттың құрылымы
Бизнес – бұл өзін және өз қабілетін іс жүзінде көрсету мүмкіндігі, шығармашылық үдеріс, оның көмегімен кәсіпкер өз капиталын ғана емес, сонымен қатар қоғам мен мемлекеттің өмірін жақсарта алады.Өкінішке орай, бизнесте Тараптардың бірі (өнім беруші, Тапсырыс беруші, әріптес және т.б.) басқасынан артық алғысы келетін немесе қандай да бір себеп бойынша Шарт талаптарын орындаудан бас тартқан жағдайлар болуы мүмкін. Мұндай қақтығыстарды реттеу үшін бизнес қатысушылары арасында құқықтық қатынастар жүйесі бар, ол тараптардың барлық уағдаластықтарын, олардың құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ өз міндеттерін бұзған кезде, жазаларын заңды түрде ресімдейді. Бұл жүйенің әр түрлі шарттар мен басқа құжаттарда бағдарлану үшін түсіндіру керек өзіндік тілі бар.
Бір қарағанда, бұл жүйе күрделі болып көрінсе де, ол өзінің барлық қатысушылары үшін игілік болып табылады, өйткені шарт жасай отырып, әріптестер өздерінің үміттерін анық жазып, уағдаластықтар орындалатынына, ал шарт бұзылған жағдайда шығындар өтелетініне сенімді болуы мүмкін.
Шарттар әр түрлі болады. Бұл туралы біз төменде айтатын боламыз. Қазір біз осындай түрдегі барлық құжаттар үшін сақталатын Шарттың құрылымына тоқталамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   223




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет