Нұр-сұлтан 2019 Әдістемелік құрал


Канва бизнес-моделінің үлгісі



бет36/223
Дата15.12.2023
өлшемі4.43 Mb.
#486678
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   223
Китап касипкерлик

Канва бизнес-моделінің үлгісі
Ал енді Канва бизнес-моделін оқыту бағдарламалары/ойындары және әлеуметтік құрамдастары бар білім беру платформасы мысалында тәжірибеде қалай қолдануға болатынын көрейік. Онлайн курстар көбінесе қызықсыз әрі тиімсіз болады. Бұл біз шешкіміз келетін мәселе, біздің сервиске арналған идеяға келу үшін біз оны негізге аламыз.
Интерактивті білім алу– болашақтың ісі екенін біз білеміз.Бұған ойын және әлеуметтік құрамдас бөлікті, сондай-ақ әзіл-сықақ қосып, онлайн-білімнің келесі деңгейін аламыз. Адамдар оқудан ләззат алуы, ол пайдалы әрі ұнамды болуы тиіс. Білім беру қосымшалары мен ойын механиктерімен пайдаланушының көңілін көтеретін әр түрлі тақырыптағы ойындары бар платформа пайдаланушыны оқу үдерісіне тартады, осы арқылы оның тиімділігі артады.Бұл біздің шешімімізді бірегей ететін компоненттер.
Негізгі ресурстардың бірі – команда. Біздің басты әріптестеріміз – оқытушылар мен жоғары оқу орындары. Өз студенттерінің қажеттіліктерін солар ғана дәл айтып бере алады. Платформа көптеген қосымшаларды білдіргендіктен, біздің әріптестеріміз оқыту бағдарламалары мен ойындарды әзірлеушілер болады.
Стартаптың бірінші кезеңінде шығыстар өнімнің құрылуына және жұмыс істеуіне тікелей байланысты: оларға хакатондарға бару, бірлескен жұмыс құралдары, сайт хостингі, тестілеу үшін құрылғыларды сатып алу және т.б. жатады.
Монетизацияның танымал нұсқаларының бірі – белгілі бір уақыт ішінде тегін қол жеткізу (мысалы, 30 күн) – мұндай қағидат бойынша Yandex Music жұмыс істейді, ал содан кейін айлық немесе жылдық мерзімге ақылы жазылу.
Балалар, жасөспірімдер, студенттер, жастар және орта және егде жастағы адамдар – осы топтардың арасында жаңалықтарды білгісі келетін, бір нәрсені үйренгісі келетін білімқұмар адамдар аз емес. Ол – өз қызметкерлерін оқытуға мүдделі компаниялар болуы мүмкін. Мүмкін біздің платформамыз бірден бірнеше мақсатты аудиторияға арналады?
Канва бизнес-моделініңқарапайым тоғыз қадамы сізге бизнес-модель құруға көмектеседі. Кестені әр түрлі толтыра аласыз. Бір адам оны басып шығарады және деректерді қолмен жазады. Келесідей стикерлерді қолдануға болады: әрқайсысында бір негізгі параметр көрсетіледі және осы стикер тиісті секторға желімделеді (түрлі-түсті стикерлерді қолдануғаболады).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   223




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет