Нұр-сұлтан 2019 Әдістемелік құрал


Тиімді лендингтің негізгі компоненттері



бет70/223
Дата15.12.2023
өлшемі4.43 Mb.
#486678
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   223
Китап касипкерлик

Тиімді лендингтің негізгі компоненттері: 1. Басты тақырып; 2. Қосымша тақырып (тақырыпша); 3. БСҰ (бірегей сауда ұсынысы); 4. Сенім индикаторлары (статистикалық деректер, клиенттердің логотиптері, клиенттердің нақты пікірлері, құпиялылық саясаты); 5. Іс-әрекетке шақырудың негізгі түймесі; 6. Іс-әрекетке екінші дәрежелі шақыру; 7. Навигациялық мәзірдің болмауы; 8. Бейнелер, видео; 9. Қамту түрі, лид-форма.
Лендинг пейдж– бизнес үшін серіппе болып табылады. Лендинг пейдж сатып алушыға сауда ұсынысының мәнін қысқа да нұсқа етіп түсіндіре алатындай және оларды өнімді сатып алуға шабыттандыра алатындай етіп жобаланады:
1. Лендингтер фразалық/жарнамалық сәйкестікке ие болады, яғни сіздің хабарландыруыңыздың тақырыбы қондырма беттің тақырыбына сай болады. Бұл фактор келушілер үшін олардың қажетті бетке кіргенінің айқын дәлелі болып табылады;
2. 1:1 назар аудару коэффициенті. Бұл беттегі шертілген элементтер саны бет мақсаттарының санына тең екенін білдіреді.Мінсіз лендинг тек бір мақсатқа жетуді көздеуі керек. Мақсатты іс-әрекетке қатысы жоқ кез келген элемент келушінің назарын алаңдатушы ретінде танылады.
Іздеуді оңтайландыру(ағылш. search engine optimization, SEO)– пайдаланушылардың белгілі бір сұраулары бойынша іздеу жүйелерін беру нәтижелерінде сайттың ұстанымдарын жоғарылатуға арналғанішкі және сыртқы оңтайландыру бойынша шаралар кешені.
Пайдаланушылар іздегішке белгілі бір сұрау салған кезде, олар әдетте іздеудің бірінші бетін ғана қарайды, көбінесе – алғашқы бес ұстаным. Егер сіздің негізгі онлайн жылжыту арнасы –веб-сайт болса, ол осы бірінші бес ұстанымда болуы керек.
Ол үшін бірнеше құралдар бар.
Олардың бірі –сілтемелік массаны өсіру. Сілтемелік масса–бұл бөгде ресурстарда орналастырылған және сіздің сайтыңызға апаратын барлық белсенді сыртқы сілтемелер жиынтығы.
Іздеу элементі сайтқа сілтемені көбінесе желінің басқа ресурстарынан іздеп табады және оның осы сайтты белгілі бір сұрау бойынша бірінші ұстанымға қоюы мүмкін, себебі бірнеше сайт осы тақырыптағы сіздің ресурсыңызға сілтеме жасағандықтан,ол пайдаланушыларға пайдалы болады деп шешеді. Бұл ретте сілтемелердің саны ғана емес, олардың сапасы да маңызды. Тағы да, егер сіз терезе сатсаңыз және іздеу элементі сіздің сайтқа жөндеу немесе құрылысқа арналған ресурстардағы сілтемелерді анықтайды, мұндай сілтемелер сіздің сайтыңызды пайдаланушылар үшін маңызды деп санайды.Егер сіздің терезе өндіру компаниясына сілтеме онлайн ойындарға немесе кактус өсіруге арналған ресурстарда болса, іздеуші оны теріс қабылдайды және сіздің сайтыңызды ұсынбайды.
Егер сіздің сайтыңызда сапалы және пайдалы ақпарат көп болса, белгілі бір тақырыптағы тиісті каталогтар мен ресурстар уақыт өте келе оған сілтеме жасайтын болады. Бірақ бұл бірден болмайды. Веб-сайтты жылжыту үшін сілтемелерді сатып алуға даболады. Ол үшін Интернетте сілтемелер маркеті бар, ол жерден сіз орналастырылатын өз сілтемелеріңіз бен ресурстарыңыз үшінкілт сөздерді таңдай аласыз (ресурс неғұрлым танымал және сенімді болса және оның тақырыбы сіздің өніміңізге сай келсе – сілтемелер соғұрлым қымбат болады).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   223




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет