Нұр-сұлтан 2019 Әдістемелік құрал



бет100/223
Дата15.12.2023
өлшемі4.43 Mb.
#486678
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   223
Китап касипкерлик

Келіссөздер негіздері
Келіссөздер – адам өмірінің күнделікті ажырамасбөлігі. Күн сайын біз оқу бойынша әріптестерімізбен, оқытушылармен, сатушылармен, сатып алушылармен, достарымызбен, отбасы мүшелерімен және т.б. келіссөздер жүргіземіз.
Тұрмыстық және іскерлік келіссөздер– келісімге қол жеткізу мақсатындағы кездесу. Келіссөз тараптары (қатысушылары) келісімге бағдарланады,олардың өз мақсаттары, себептері, қажеттіліктері, басқаның табысына шегінулері, мүмкіндіктері бар.

Ең қарапайым түрде келіссөздер алгоритмі келесідей:


  1. Келіссөздер тараптары ұмтылатын мақсаттар қою.

  2. Оппонентті, сіздің ұсыныстарыңыз туралы оның болжамдарын бағалау

  3. Өз мүмкіндіктеріңізді бағалау, талаптар мен шегінулердің жоғарғы және төменгі шектерінің нақтылығы.

  4. Келіссөздер жүргізу, нәтижеге жету.

Дұшпандық көзқарастағы оппоненттер дәлосы жерде және дәл қазір табыс табуға тырысады, кәсіпкерлікті соғыс ретінде, ал оппонентті жау ретінде, ал келіссөздердің өзін – қарсыласпен есеп айырысу ретінде қабылдайды.Мұндай жағдайда ұсталған автокөліктер салонының сатушылары көліктің кемшіліктерін жасырып, жедел табысқа жетуге ұмтылады. Мұндай көлікті сатып алған соң ешкімбұл салонды достарына ұсынбайды,керісінше, ол жерден сатып алма деп үгіттейді. Нәтижесінде, қысқа мерзімді перспективада салон табыс түсіреді, ұзақ мерзімді перспективада-шығынға ұшырайды.Мысалы, сізге азық-түлік дүкенінен төмен бағамен өнім жеткізуді ұсынды. Бірақ екінші жеткізілім кезінде өнімдердің сапасы күрт төмендеді. Сіздің қарсылығыңызға өнім беруші былай деп жауап береді: «Мұндай қаражатқа сіздің не алғыңыз келіп еді?!» Нәтижесінде сіз жаңа өнім жеткізушілерді іздеуге уақыт жоғалтасыз. Төмен бағаға қызығу түсініспеушілікке, алдаушылыққа әкеп соғады.
Деструктивті келіссөздерге қарағанда, конструктивті ұзақ мерзімді перспективаға: екі тараптың мүдделерін сақтауға және оңтайлы шешім іздеуге бағытталған.
Бірақ мұндай келіссөздердің финалы да әрқашан балансболып табылмайды. Егер келіссөз жүргізуші мақсатына жетсе – бұл оның ұтысы, бірақ келіссөздер нәтижесі әрбір тарап үшін финал сомасымен анықталады.
Жеңіс-жеңіліс

  • жеңіс өте үлкен бағаға ие болуы және басқа мәселелерде өзара қарым-қатынастың нашарлауына әкелуі мүмкін;

  • жеңіс жеңілген тараппен қарым-қатынастың үзілуіне әкеп соғуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   223




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет