«Нұрбанк» АҚ-та операциялар жүргізудің жалпы шарттары туралы Ереже


§ 1. Корреспонденттік шоттарды ашу және жүргізу



бет3/4
Дата26.02.2016
өлшемі482.06 Kb.
#27674
1   2   3   4
§ 1. Корреспонденттік шоттарды ашу және жүргізу

  1. Банктер мен банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу бойынша операциялар корреспонденттің қатынастар жасау жөнінде жасаған келісімшарттардың/келісімдердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасы мен Банктің нормативтік құжаттарында қарастырылған құжаттардың толық топтамасының негізінде жүзеге асырылады.


§ 2. Аударым операциялары

  1. Клиенттің теңгемен жасалатын төлемдері мен ақша аударымдары резиденттер мен бейрезиденттер арасында немесе бейрезиденттер арасында жүзеге асырылатын, сондай-ақ шетел валютасында жасалатын барлық төлемдер мен ақша аударымдары Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасы белгілеген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

  2. Операциялық күн ішінде Клиенттердің/үшінші тұлғалардың банктік шоттардан ақша аудару туралы нұсқаулары келесі жағдайларда қабылданады:

  1. аударым жасауға қажетті ақша сомасы мен осы Ереженің 1-5 қосымшаларында көрсетілген Банктің тарифтеріне сәйкес аударым комиссиясының сомасын Клиент қамтамасыз еткенде;

  2. Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жағдайларды қоспағанда, Клиенттің теңгеде ақша аудару операциялар үшін кемінде 2 (Екі) дана; шетел валютасында ақша аудару операциялары үшін кемінде 3 (Үш) дана, қағаз түрінде орындалған төлем құжаттарын тапсырғанда;

  3. Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған электронды үлгідегі төлем және басқа да құжаттарды тапсыру жағдайларын қоспағанда, Банкке қағаз түрінде орындалған кемінде 2 (Екі) дана инкрссолық өкім мен талап-тапсырма өткізгенде;

  4. Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған электронды үлгідегі төлем және басқа да құжаттарды тапсыру жағдайларын қоспағанда, қағаз түрінде орындалған кемінде 2 (Екі) дана төлем құжатын кері қайтару немесе уақытша тоқтату туралы өкімді тапсырғанда.

  1. Қазақстан Республикасының банктік шот ашпастан, төлем мен акша аудару істерін жүргізу саласындағы заңнамасына сәйкес Банк Клиенттен қолма қол емес төлем жүргізу және бюджет пен коммуналдық және басқа төлемдерге ақша аудару, заңды және жеке тұлғалардың пайдасына ақша аудару үшін қолма қол ақшаны қабылдап алады.

  2. Валюталық операцияларға жататын төлемдер жасау мен ақша аудару кезінде, Клиент Қазақстан Республикасы валюталық заңнамасы мен Банктің ішкі нормативтік құжатары талаптарына сәйкес келетін құжаттарды тапсыруға міндетті.


§ 3. Төлем карточкаларын пайдаланып жасалатын операциялар

  1. Банк Клиенттер-заңды және жеке тұлғаларға халықаралық төлем жүйелерінің төлем карточкаларын шығарады және оларға қызмет көрсетеді. Төлем карточкаларын пайдалану арқылы қол жеткізуге болатын банктік шоттар (бұдан былай-төлем карточкасының шоты) АҚШ долларында және еврода ашылады.

  2. Төлем карточкаларымен операция жасау үшін Клиенттер-заңды тұлғаларға келесі қызметтер ұсынылады:

  1. заңды тұлғаның уәкілетті жұмыскерлері ұстайтын корпоративтік төлем карточкаларын шығару;

  2. заңды тұлғаның жұмыскерлерінің еңбекақыларын заңды тұлғаның жұмыскерлерінің дебеттік-кредиттік төлем карточкаларының банктік шоттарына аудару болжалданған жалақылық жобаларға қатысу;

  3. сауда және сервис кәсіпорындарына халықаралық төлем жүйелерінің төлем карточкаларын пайдаланушыларға қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін эквайринг қызметі.

  1. Төлем карточкаларымен операция жасау үшін Клиенттер-жеке тұлғаларға төлем карточкаларының келесі түрлері ұсынылады:

  1. Клиенттің төлем карточкасы шотындағы қалдық шегіндегі ақшаны жұмсауға мүмкіндік беретін дебеттік төлем карточкалары;

  2. карточка ұстаушы Банк пен келісімшарт белгілеп берген тәртіпте өтейтін, Банк берген қарыз есебінен төлем карточкасын ұстаушы операция жүргізетін кредиттік карточкалар;

  3. Клиенттің төлем карточкасының банктік шотындағы қалдық шегінде өз қаражатын, сондай-ақ банктік төлем карточкасының шотында белгіленген кредиттік лимит шегіндегі қарыз қаражатын жұмсауға мүмкіндік беретін дебеттік-кредиттік төлем карточкалары.

  1. Бір клиентке шығарылатын төлем карточкаларының саны мен түрлеріне шектеу қойылмайды. Бір банктік шотқа төлем карточкаларының бірнеше түрін Клиент ала алады (шот валютасындағы).

  2. Егер банктік өнімнің шарттарында басқа ережелер қарастырылмаса, төлем карточкаларын пайдаланушы-жеке тұлғалар басқа жеке тұлғаларға қосымша карточкалар шығару арқылы, ақшаны жұмсауға лимит қойып немесе лимит қоймастан, өздерінің төлем карточкаларын басқаларға қол жетімді етуге құқылы.


§ 4. Кассалық операциялар

  1. Банк филиалдар мен Банк филиалдарының Банктік қызмет көрсету орталықтарындағы кассалар арқылы, сонымен қатар Банктің банкоматтары жүйесінде кассалық операцияларды жүзеге асырады.

  2. Банк филиалдардың/банктік қызмет көрсету орталықтарының/ Банк филиалдары банкоматтарының орналасуы мен жұмыс режимі туралы ақпаратты өзінің корпоративтік веб-сайтына енгізеді.

  3. Банк филиалдар мен Банк филиалдарының Банктік қызмет көрсету орталықтарындағы кассаларындағы қарыз өтеуге бағытталған қолма қол ақшаны қабылдау операциялары Банктің операциялық күні ішінде жүзеге асады, ағымдағы және жинақ шоттарына қолма қол ақшаны қабылдау, сонымен қатар банктік шот ашпастан, төлем операциялары, филиал мен Банк филиалының Банктік қызмет көрсету орталықтарына арнайы Банк белгілеген бүкіл жұмыс күнінде жасалады, қолма қол ақша жарнасындағы операциялар санына шек қойылмайды.

  4. Лайықты толтырылған кассаның шығыс құжаты және ақшаны алушының тұлғасын растайтын құжаты болған жағдайда, банктік шоттағы қалдық шегінде, операция санына шектеу қоймастан, операциялық күні ішінде Банк кассалары қолма қол ақша беруді жүзеге асырады. Жеке тұлғалар үшін 500 000 (бес жүз мың) теңге сомасындағы, заңды тұлғалар үшін 1 000 000 (Миллион) теңге сомасындағы қолма қол ақша беру (осы Ереженің 1-қосымшасы), шетел валютасындағы балама сомасы, сағ. 14-00-ден кешіктірілмей берілген алдын ала өтініш бойынша, қолма қол ақша берілетін күнге дейінгі банктік күн ішінде жасалады.

  5. Банктің банкоматтар жүйесінде төлем карточкаларын қолдана отырып, операциялық күн ішінде орындалатын шығыс операцияларының санын Банктің ішкі нормативтік құжаттары және/немесе жасалған келісімшарттар реттейді.

  6. Шетел валютасындағы қолма қол ақшаны қабылдау және беру Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасының нормаларын сақтай отырып, жүзеге асырады.


§ 5. Шетел валютасымен ақша айырбастау операциялары

  1. Уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясының негізінде Банк қолма-қол шетел валютасын сату/сатып алу және қолма қол емес шетел валютасын айырбастау операцияларын операция жасалған күнгі Банк белгілеген және айырбас орнының ақпараттық стендындағы бағам бойынша жүзеге асырады.

  2. Банктің айырбастау орындарындағы қолма қол шетел валютасын сатып алу мен сатудың әртүрлі бағамдарын белгілеуге рұқсат етіледі.

  3. Обменные операции с наличной иностранной валютой на сумму, превышающую эквивалент 10 (десяти) тысяч долларов США, рассчитанный с использованием рыночного курса обмена валют осуществляются Банком при условии предоставления Клиентом документа, удостоверяющего личность Клиента и других дополнительных сведений о Клиенте в соответствии с законодательством Қазақстан Республикасының и внутренними нормативными документами Банка.

  4. Қолма қол емес шетел валютасын сату/сатып алу Банктің операция жасау күніне белгілеген бағамы бойынша, кейін айырбасталған валюта сомасын Клиенттің банктік шотына аудару арқылы жүзеге асады. Бұл орайда қолма қол емес шетел валютасын айырбастау кезінде алынатын комиссия мөлшері осы Ереженің 1-3 қосымшаларына сәйкес белгіленеді.

  5. Банктің валюта сату/сатып алу күніне белгілеген қолданыстағы бағамдары туралы нақты ақпараттарды Банктің филиалына немесе банктік қызмет көрсету орталығына, болмаса байланыс орталығының телефондарына жүгінген кезде алуға болады.


§ 6. Инкассация қызметтері


  1. Банктің инкассация қызметі Банк пен Клиент арасында жасалған сәйкесті келісімшарттарда белгіленген шарттарда, қолма қол ақшаны/құнды заттарды Клиенттен Банкке және Банктен Клиенттің кассасына жеткізу, сонымен қатар қолма ақшасы/қнды заттары бар Клиентті сүйемелдеу жұмыстарымен айналысады. Банк инкассация қызметтерін осы Ереженің 2-қосымшасында қарастырылған тарифтерге сәйкес заңды және жеке тұлғаларға көрсетеді.

§ 7. Сейфтік операциялар

  1. Банк жеке және заңды тұлғаларға осы Ереженің 1-2 қосымшаларында қарастырылған түрлі көлемдегі жеке сейфтерді (ұяшықтарды) әртүрлі мерзімге береді:

  1. құнды заттарды, бағалы қағаздарды, құжатар мен басқа да құндылықтарды (қару, зиянды және жарылғыш затар, азаматтық айналымнан шығарылып тасталған басқа мүліктер қосылмайды) Клиент белгілеген мерзім ішінде сақтауға. Құндылықтарды сақтаған кезде, Клиентке жалға берілген Банк сейфтеріне (ұяшықтар) салынатын заттарды бағалауға, қайта санауға Банк жұмыскеріне заттардың тізімін жасауына рұқсат берілмейді. Сейфтегі (ұяшықтағы) заттармен жасалатын операцияларды Клиент банк жұмыскерінің қатысуынсыз немесе Банк жұмыскерінің қатысуымен жүзеге асырады;

  2. Клиенттер арасында сатып алу-сату операцияларын жасау кезінде қолма қол ақшаны сақтау үшін. Жалға алынған сейфке (ұяшыққа) қолма ақшаны салу мен алу кезінде Сатушы мен Банктің уәкілетті жұмыскерлерінің қатысуымен жүзеге асады. Аталған тұлғалардың қатысуымен ақшаны салу мен алу кезінде Банк жұмыскері ақшаны қайтара санайды, бұл орайды, Клиенттің қалауымен, Банк Клиентке ақшаны өзінің қайта санауына және банкноттардың түпнұсқалығын тексеруіне қажетті техникамен қамтамасыз етеді.


§ 8. Құжаттамалық операциялар

  1. Клиенттердің сыртқы сауда операциялары бойынша және экспорттау-импорттау өзарашарттары бойынша мәмілелерді іске асыру мақсатында Банк құжаттамлық аккредитив және банк кепілдігі, оның ішінде тендерлік кепілдік секілді құжаттамалық операция құралдарын пайдаланып, есеп айырысуды жүзеге асыруға байланысты қызметтерді ұсынады.

  2. Құжаттамалық операцияларды шығару және сүйемелдеуге қатысты қызмет көрсету Банктің талаптарына және осы Ереженің 2-қосымшасында қарастырылған тарифтеріне сәйкес жүзеге асырылады.


§ 9. Қашықтан банк қызметін көрсету

  1. Өзінің банктік шоттарын қадағалап отыруға және кез келген уақытта қолма қол емес ақшада есеп айырысу операцияларын жүргізуге қол жеткізу үшін Банк Клиенттерге қашықтан банк қызметін көрсетуді ұсынады. Бұл орайда қызмет көрсету шарттары мен қашықтан көрсетілетін банктік қызметтерді пайдалану кезіндегі қол жетімді операциялардың тізбесі сәйкесті келісімшартта және осы Ереженің 1-2-Қосымшаларында қарастырылған тарифтермен реттеледі.


7-Бөлім. Банк қызметтерін көрсету барысында туындайтын мәселелер бойынша клиенттердің хатарын қарастыру тәртібі

  1. Клиенті банктік қызметтерін алу барысында туындаған мәселелерге қатысты Банктің қызметіне байланысты арыздармен және ұсыныстармен Банкке жүгінуге құқылы:

  1. жазбаша түрде қолма қол тапсыру арқылы пошта байланысы немесе электронды пошта арқылы (www.nurbank.kz/ service@nurbank.kz/cc@nurbank.kz) жіберуге. Жазбаша хатты қолма қол тапсырған кезде Банк хаттың көшірмесіне, оның қабылданғаны туралы белгі қояды.

  2. Байланыс орталығының телефондары немесе Банкке тікелей келуі арқылы ауызша түрде. Банкке ауызша түрде түскен жүгінулер шұғыл қарастырылады және мүмкіндік болса, Клиентке жауар бірден беріледі. Егер ауызша жүгінген Клиентке бірден жауап беру мүмкіндігі болмаса, Клиент арызын жазбаша түрде береді, соған орай жазбаша жүгіну ретінде қарастырылады. Клиентке жауап алуына қажетті жорықтар жолы мен ондай жүгінудің қарастыру мерзімі хабарланады. Бұл орайда, мұндай жүгінулерді қарастыру мерзімі осы Ереженің 104 және 105-тармақтарына сәйкес белгіленеді.

  1. Банктің уәкілетті тұлғалары жеке және заңды тұлғаларды, сондай-ақ олардың өкілдерін Банк Басқармасының Төрағасы/Банк филиалының директоры (филиалда) белгілеген қабылдау кестесіне сәйкес айына бір рет жеке қабылдайды.

  2. Қабылдау жұмыс орнында, белгіленген және жеке, заңды тұлғаларға жеткізілген күн мен уақытта өткізіледі.

  3. Егер жүгіну мәселесін банктің өкілетті тұлғасы қабылдау кезінде шешіп бере алмаса, онда Клиент жазбаша түрде баяндап береді, соған орай жазбаша жүгіну ретінде жұмыс атқарылады.

  4. Клиенттердің жазбаша/ауызша жүнгінулерін Байланыс Орталығы/Кеңсе міндетті түрде қабылдау және тіркеуі тиіс, сондай-ақ Банк/филиал басшылығы, уәкілетті тұлғалар мен Банктің/филиалдың жауапты жұмыскері (-лері) міндетті түрде оны қарастыруы тиіс.

  5. Қосымша ақпарат пен басқа да субьектілер мен лауазымды тұлғалар туралы мәліметтер алуды немесе орынға шығып, тексеру жүргізуді талап етпейтін Клиенттің жазбаша/ауызша жүгінулері, сол жүгіну тіркелген күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде қарастырылады.

  6. Басқа да субьектілер, лауазымды тұлғалар туралы мәліметтер алуды немесе орынға шығып, тексеру жүргізуді талап ететін Клиенттің жазбаша/ауызша жүгінулері Банкке түскен күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде қарастырылады және шешім қабылданады.

  7. Жазбаша жүгінуді қосымша зерттеу немесе тексеру қажет болғанда, оны қарастыру мерзімі Клиентке жауап берілуге тиіс алғашқы мерзім аяқталған сәттен бастап 30 (Отыз) күнтізбелік күннен аспайды. бұл орайда, жүгінуді қарастыруға жауапты Банк жұмыскері Клиенттің мекенжайына жүгінуді қарастыру мерзімінің ұзарғаны жөнінде жазбаша түрде немесе электронды байланыс желісі арқылы (факс, жауап жіберілген деректі растауымен, электронды пошта) хабарлама жібереді. Қарастыру мерзімінің ұзарғаны жөніндегі хабарлама Клиентке жүгіну қарастыру мерзімін ұзартқан сәттен бастап 3 (Үш) күнтізбелік күн ішінде жіберіледі.

  8. Клиенттің жүгінуін қарастыруда Банк мәселені әділ, жан-жақты және уақтылы қарастыруды, сондай-ақ қарастыру нәтижесі мен қолданылатын шаралар жөнінде хабарлауды қамтамасыз етеді. Клиенттің жүгінуі негізді және заңды болса, Банк қателіктерді жою, Клиенттің құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру туралы шешім қабылдайды.

  9. Клиентке қарастырылған мәселенің нәтижесі туралы жазбаша жауап мемлекеттік тілде немесе жүгіну тілінде рәсімделеді, Банктің уәкілетті тұлғасы қол қояды және Клиентке пошта арқылы хабарламасы салынған тапсырыс хат жіберіледі немесе Клиент Банкке келген кезінде, жазбаша жүгінулер журналына тиісті белгі қойылып, тікелей өзіне қол қойдырылып, қолына тапсырылады. Банкке электронды пошта арқылы хабарласқан Клиентке жазбаша жауап оның сол жүгінуінде көрсетілген электронды мекенжайына электронды пошта арқылы жіберіледі.

  10. Бұл орайда, жазбаша жауапта Клиент жазған әрбір өтінішке/ талапқа/қолдаухатқа/ұсынысқа/сауалға басқа да сұрақтарға негізді және дәлеледі шешім көрсетіледі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сәйкесті нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына, Банктің ішкі нормативтік құжаттарына, келісімшарттарға және басқа да құжаттар мен қарастырылып жатқан мәселеге қатысты нақты жағдайларға сілтеме жасалады.

  11. Жүгінуді талдау мен оның қарастырылуын бақылау міндеттері Банктің ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады және ол төмендегілерді қамтиды:

  1. сәйкесті жүгінуге негіз болған себептерді анықтау және жою үшін Банк Клиенттерінің жүгінулерін талдайды және қорытындылайды;

  2. жүгінулермен жұмысты ұйымдастыруды жетілдіруге қатысты ұсыныстар дайындайды;

  3. Банк Клиенттерінің жүгінулерін қарастыру нәтижелеріне қарай, сол қаржы қызметін тұтынушылардың барлығына қатысты анықталған бұзылымдарды жоюға қажетті шаралар мен банктік қызметте сондай бұзылымдардың алдын алу шаралары жөнінде Банк басшылығына ұсыныс жасайды.


8-Бөлім. Клиент пен Банктің құқықтары, міндеттері және жауапкершіліктері

  1. Банк пен Клиенттің құқытары мен міндеттері, жауапкершіліктері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен, Қазақстан Республикасының басқа нормативтік құқықтық актілерімен, Банктің ішкі нормативтік құжаттарымен, сондай-ақ тиісті банктік қызмет келісімшарттарымен, Банктің Клиентпен жасаған басқа да келісімшарттармен белгіленеді.

  2. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында және/немесе Банктің ішкі нормативтік құжаттарында басқа шарттар қарастырылмаған болса, Банк пен Клиент арасындағы келісімшарттар Банктің уәкілетті органы әзірлеген және бекіткен типтік үлгіге сәйкес жасалады.

  3. Банк пен Клиент арасындағы қолданыстағы келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар, егер келісімшарттың шарттарында басқа шарттар қарастырылмаса, тараптардың келісімі бойынша жасалады.

  4. Банк пен Клиенттер келісімшарттың шарттарын сақтауға, келісімшарттың шарттары жүктеген міндеттерді орындауы тиіс.

  5. Келісімшарттарда қарастырылған міндеттерін орындамағаны немесе лайықты орындамағаны үшін Банк пен Клиенттер Қазақстан Республикасының заңнамасы мен сәйкесті келісімшарттарда қарастырылған жауапкершіліктерге тартылады.

  6. Клиент Банкпен жасаған келісімшарттың шарттарын бұзған жағдайда, Банк Клиентке Қазақстан Республикасының заңнамасында және/немесе келісімшартта белгіленген шараларды қолдануға құқылы.

  7. Келісімшарттарда тараптардың жауапкершілігін алып тастайтын немесе шектейтін шарттар, мысалы еңсерілмейтін күштер (форс-мажор) жағдайы, келісімшарттың қарсы тарабының лайықсыз әрекеттері мен тағы басқалары қарастырылған.


9-Бөлім. Қорытынды ережелер

  1. Банктің банктік операцияларды жүргізу (ұсыну) шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Банктің ішкі құжаттарымен және Банк пен Клиент арасында жасалатын келісімшарттармен белгіленеді: бұл орайда Банк:

  1. Клиенттерге ұсынылатын қызметтер тізімін бір уақытта Клиенттерге көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру арқылы кеңейтуге, банктік операцияларды жүргізу кезінде туындайтын тәукелдерді Банк ресурстарын тиімдірек пайдалану арқылы төмендетуге және бір мезгілде Банк тарифтерін төмендетуге;

  2. банктік операцияларды жүргізуде қолданылатын технологияларды жетілдіруге;

  3. Қазақстан Республикасының қаржы секторында және әлемдік қаржы рынокторында болып жатқан өзгерістерді адекватты елеуге;

  4. бизнес жүргізу мен халықаралық қаржы рынокторына шығудың әлемдік стандарттарын енгізуге

тырысады.

  1. Осы Ережелер қолданысқа енгізілген күннен бастап 2012 жылдың 24 шілдесінде Банктің Директорлар кеңесі бекіткен «Нұрбанк» АҚ-та операциялар жүргізудің жалпы шарттары туралы ереженің күші жойылған деп танылсын.



Мазмұны


Бөлім, параграф нөмірі

Бөлімнің атауы

Беттің нөмірі

1-Бөлім

Жалпы ережелер

1

2-Бөлім

Ережеде қолданылатын негізгі түсініктер, терминдер мен қысқартулар

2

3-Бөлім

Клиенттермен жұмыс жүргізу тәртібі

5

4-Бөлім

Банктік шоттарды ашу мен жүргізудің жалпы шарттары

6

§ 1

Клиенттерге ағымдағы шот ашу және жүргізу ерекшеліктері

8

§ 2

Салымдар/депозиттер қабылдаудың жалпы шарттары мен ерекшеліктері

9

5-Бөлім

Банк қабылдайтын қамтаманы ескере отырып, қарыз беру операцияларын жүргізудің жалпы шарттары мен қарызын төлеуге қабілетсіз Клиенттермен жұмыс жүргізу шарттары


11

§ 1

Қарыз беру операцияларын жүргізу шарттары

12

§ 2

Банк қабылдайтын қамтамаға қойылатын талаптар

15

§ 3

Қарызын төлеуге қабілетсіз Клиенттермен жұмыс істеудің жалпы шарттары

16

Бөлім 6

Банктік және басқа операцияларды жүргізудің жалпы шарттары

17

§ 1

Корреспонденттік шоттарды ашу және жүргізу

19

§ 2

Аударым операциялары

19

§ 3

Төлем карточкаларын қолданып жүргізетін операциялар

20

§ 4

Кассалық операциялар

21

§ 5

Шетел валютасын айырбастау операциялары

22

§ 6

Инкассация қызметі

22

§ 7

Сейфтік операциялар

22

§ 8

Құжаттамалық операциялар

23

§ 9

Қашықтан банктік қызмет көрсету

23

7-Бөлім

Банктік қызмет көрсету барысында туындайтын мәселелер бойынша клиенттердің хаттарын қарастыру тәртібі

23

8-Бөлім

Клиент пен Банктің құықтары мен міндеттері және жауапкершілгі

26

9-Бөлім

Қорытынды ережелер

26

1-Қосымша

Жеке тұлғаларға қызмет көрсету тарифтері




2-Қосымша

Заңды тұлғаларға, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілеттіктеріне, жеке кәсіпкерлерге, шаруа қожалықтарына, жеке сот орындаушыларға, жеке нотариустар мен қорғаушыларға қызмет көрсету тарифтері




3-Қосымша


Банктер мен қаржылық институттарға қызмет көрсету тарифтері




4-Қосымша

Бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызмет көрсету тарифтері




5-Қосымша

«Нұрбанк» АҚ Клиенттерінің проблемалы қарыздары бойынша тарифтер






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет