НҰрымбетова кенжекүЛ Қалдыбекқызы тәуелсіз Қазақстандағы репатриация мәселелері мен болашағы: тарихи талдау


«Оралмандардың облыстар бойынша орналасуы»



бет3/4
Дата23.02.2016
өлшемі0.72 Mb.
#5704
түріДиссертация
1   2   3   4

«Оралмандардың облыстар бойынша орналасуы» деп аталатын екінші тармақшада тәуелсіздік жылдарындағы оралмандардың облыстар бойынша орналасулары жан-жақты қарастырылған.

Келіп жатқан отандастарымыз жөніндегі мәліметтерді реттеу Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон көмитетіне және аумақтық басқармаларына жүктелген. Басқармалардың негізгі міндеттері мемлекеттік көші-қон саясатын Қазақстан Республикасындағы заңнамаларға сәйкес жүзеге асыру, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын ескере отырып бағдармалар әзірлеу, іске асыру. Оралмандарға қатысты барлық мәселелерді үйлестіру, олардың қоныс аударуына, атаулы көмек, әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін іс-шараларды жүзеге асыру. Оларды қарсы алу, қоныстандыру, заңнамалық түсініктемелер беу, оралман мәртебесін беру. Және оралмандарды уақытша орналастыру орталығына қабылдап, орналастыру, Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау мәселелеріне бағыт-бағдар беріп, жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып оларға тегін медициналыөқ көмек көрсету, балаларының мектепке баруын, жоғары оқу орнына дайындық курстарына қабылдауын қамтамасыз ететін тікелей жұмыстар атқарады.

Көші-қон және демография агенттігінің мәліметтері бойынша 1991 мен 2004 жылдың сәуір айының аралығында Қазақстанға оралмандардың 83936 отбасы немесе 322432 адам келген. Олардың 70 % ТМД елдерінен келгендер. Өзбекстаннан 173027 адам, Тәжікстаннан 10705 адам, адам, Түркменстаннан 34948 адам, Ресейден 13570 адам келген.Республика бойынша оралмандардың орналасуы біркелкі емес. Оралмандардың үштен бір бөлігі 30,48 % Оңтүстік Қазақстан, 15, 3 % Маңғыстау, 12, 79 % Алматы облыстарында орналасқан.

Ертіс Павлодар өңіріне алғашқы оралмандар 1991 ж. көшіп келе бастаған. Олардың басым көпшілігі Монғолиядан келгендер. 1992 жылдың тамызына дейінгі уақыт аралығында облысқа Монғолиядан барлығы 923 отбасы немесе 5011 адам келген. Аймақта тұратын оралмандардың 85-90 пайызын Монғолиядан келген оралмандар құрайды, қалғандары жақын шетелдерден қоныс аударып келгендер. 1992 ж. 10 тамызға дейінгі уақыт аралығында еңбекке жарамды 1588 адамның 1118-і өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналастырылған. 2002 ж. 1 миллиард 500 миллион тенге жалпы көшіп-қонға арналып бөлінген. Бірақ оралмандар мәселесіне байланысты бірқатар мәселелер әлі шешімін таппауда.

Оңтүстік Қазақстан облысы Көші-қон және демография агенттігінің мәліметі бойынша 1991-2002 жж. аралығында Оңтүстік Қазақстан облысына көшіп келген оралмандар 17653 жанұя (82563 адам). Тәжікстаннан келген алғашқы оралмандардың көбісі Махтаарал, Шардара, Сарыағаш аудандары мен Шымкент қаласында орналасқан. Шымкент қаласының Самал-2 ықшам ауданында Тәжікстаннан келген 14 жанұяға үй салуға жер телімдері беріліп, уақытша тұратын вагондармен қамтамасыз етілді. Сарыағаш ауданының көші-қон және демография бөлімі мәліметі бойынша ауданға 1992-2002 жж. аралығында 5133 жанұя (30188 адам) оралмандар келген. Келген оралман-дардың 80 % – ТМД елдерінен болса, 20 % – Иран ислам Республикасынан, Ауғанстаннан, Пәкістаннан, Монғолиядан, Түркиядан, Түркіменстаннан келгендер. Оралмандарды негізінен бір ауылда орналастыруға тырысқан. Ауғанстан, Пәкістанан келгендер негізінен Сарыағаш қаласында, ал «Дастан» аулында Ираннан келген оралмандар орналасқан.

2003 ж. қаңтар айындағы мәлімет бойынша Қарағанды облысының аумағында қоныстанған оралмандар саны 3736 жанұя (17561 адам). Олардың ішінде 2879 жанұя (14065 адам) Монғолиядан, 822 жанұя (3385 адам) Өзбекстанан, 9 жанұя (38 адам) Қытайдан және 26 жанұя (83 адам) ТДМ-ның басқа елдерінен келгендер. 2004 ж. Қарағанды облысына бөлінген квотаға сәйкес 682 оралман жанұясы қоныстанған, олардың көпшілігі Өзбекстаннан келгендер 532 жанұя, 90 жанұя Монғолиядан келсе, 50 отбасы Қытайдан келгендер, Ресей мен Қырғызстаннан 5 жанұядан келген. Монғолияның Баян-Өльгий мен Хобды аймақтарынан келген оралмандар негізінен орталықтан алыстау Ақсу-Аюлы, Ақой, Батық, Нұраталды және де басқа ауылды аймақтарда орналасқан. Монғолияның ішкі бөлімдерінен келгендер сиректеу.

Қостанай облысы бойынша Көші-қон жөніндегі комитет басқармасының деректерінде 1991 жылдан 2005 жылға дейінгі кезеңде облысқа 5077 оралман отбасылары немесе 19293 адам келген. Келгендердің жалпы санынан 75,8 % (14630 адам) жақын шетелдерден және 24,2 % (4663) алыс шетелдерден келгендер.

Көші-қон және демография агенттігінің мәліметтері бойынша 1991-2006 жж. арасындағы шет елдерден келген оралмандардың жалпы саны 143343 жанұя (565757 адам). 1991-2006 жж. аралығында Өзбекстаннан келген отандастар барлық келген оралмандардың 61,65 % құраған 1991-2006 жж. аралығында келген отандастарымыздың басым көпшілігі 40725 отбасы (138570 адам) Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан.

1991-2007 жж. аралығындағы ТМД елдерінен келген оралмандардың сандық көрсеткіші 75, 8 пайызды құрап, 24,2 пайыз болған алыс шетелден келген оралмандардан көбірек болып отыр. Көріп отырғандай Өзбекстаннан келген отандастарымыздың үлестік көрсеткіші басым болып 61,3 % құраған. 1991-2007 жж. Монғолиядан келген оралмандардардың 57,36 % Ақмола облысына, 54,8 % Павлодар облысына, 45,0 % Қарағанды облысына орналасқан. Жалпы осы жылдар аралығында келген барлық оралмандардың 13,56 % Монғолиядан келген оралмандар үлесіне тиесілі болған. Қытайдан келген оралмандардың 66,1 % Шығыс Қазақстан облысына, 31,8 % Алматы облысында орналасқан. Осы жылдары келген оралмандардың 8,3 % Қытайдан келген оралмандар құраған. 1991-2007 жылы Ресейден келген оралмандардың көпшілігі Батыс Қазақстан облысына 22,7 %, Астана қаласына 17,3 %, Павлодар облысына
16,3 % орналасқан. Ресейден келген оралмандар осы жылдары келген оралмандардың 3,9 % құраған. 1991-2007 жж. Өзбекстаннан келген оралмандардың 95 % Қызылорда облысында, 87,3 % Атырау облысында, 85,9 %, Жамбыл облысында, 85,6 % Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Өзбекстаннан келген оралмандар барлық келген оралмандардың 61,3 % құраған. Түркіменстаннан келген оралмандардың 52,2 % Маңғыстау облысында орналасқан. Осы жылдары келген оралмандардың 8,3 % Түркіменстаннан келген оралмандар құраған.

Алматы облысы Көші-қон департаментінің мәліметі бойынша 2008 жылдың қорытындысы бойынша 1991-2008 жж. аралығында Алматы облысына алыс және жақын шет мемлекеттерден 107003 адамы бар 31904 оралмандар отбасы көшіп келіп қоныстанған. Оралмандардың көпшілігі Қарасай, Іле, Еңбекші Қазақ, Жамбыл, Талғар, Ескелді, Көксі, Аксу аудандары және Талдықорған қаласының аумағына шоғырланған. Қандастарымызды қабылдау жағынан Алматы Облысы Оңтүстік Қазақстан облысынан кейін республика көлемінде екінші орында тұр.

ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің 2008 ж. оныншы айының бірінші жұлдызындағы мәліметі бойынша оралмандардың ең көп орналасқан жері – Алматы мен Оңтүстік Қазақстан облыстары. Алматы облысында тіркел-ген оралмандар – 30049 жанұя (102023 адам), олардың 48,8 % - ерлер, 51,2 % - әйелдер, жұмысқа қарқынды жастан төмендері – 34,4 %, жұмысқа қарқынды жастағылары – 61.3 %, зейнеткерлер – 4,3 % құрайды.

Ішкі көші-қонның да, сол сияқты сыртқы көші-қонның да негізгі себептері экономикалық, әлеуметтік және психологиялық сипаттағы жағдайлар.

Қазақтардың тарихи отанына оралуы халқымыздың сан жағынан өсуіне әсер етіп, демографиялық жағдайды жақсарта түсуде. Егеменді еліне оралып, азаматы атану, ата-жұрт топырағын түлету, елін көркейту оралмандардың басты арманы. Шетелден этникалық қазақтардың иммиграциясы халық санының артуына және жалпы сандағы байырғы халық үлесінің артуына септігін тигізері анық.

«Репатриация процесі барысындағы мәселелер мен жетістіктер» деп аталатын үшінші тармақшада репатриация процесің мәселелері мен жетістіктері сараланды.

Еліміздің нарықтық экономикаға көшу жағдайындағы қиыншылықтар келетін көші-қонға әсерін тигізбей қоймады. Қазақстанның көптеген аумақ-тарындағы қатаң климат жағдайлары, жеке шаруашылық ұйымдастыруда қара-жат тапшылығы, жұмыстың жоқтығынан, оралмандар қалаларға, инфрақұры-лымдары дамыған аудандарға жақын орналасуға тырысуда. Оралмандардың республика ішіндегі де көші-қоны орын ала бастады. Бұл құбылыс оралмандарды тіркеуге алатын көші-қон органдарының қызметін қиындатты.

Түркиядан келгендердің кирилл әліпбиін білмеуінен тіл мәселелері алаңда-тады. Сондай-ақ, Қытай, Иран қазақтарының орыс тілін білмеуі, олардың Қазақстан жерінде тез сіңісіп кетуіне кедергі жасайтын себептердің бірі болды. Көші-қон үрдісінің құрамдас бөлігі болып саналатын репатриация үрдісінің ой-дағыдай жүргізілуі қоғамдық-саяси, экономикалық тұрақтылыққа байланысты.

Білім және ғылым министрлігі шетелдегі қазақ диаспорасы өкілдері мен оралмандар үшін Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында 15 жоғары оқу орнының жанынан дайындық бөлімдерін ашқан. Шеттегі қазақ жастарының оқып білім алуы отандастарымыздың тарихи отаны – Қазақстанға шақыру ғана емес, оларды рухани, әлеуметтік әрі еңбек айналымына қосуды шешуі тиіс. Шеттегі қазақ балаларын оқуға тарту үшін квотаны 4 пайызға дейін өсіру қажеттігі туындап отыр.

Этникалық көшіп келушілерді өңірлер бойынша қоныстандыру, өндірістік күштердің аумақтық орналасуы ескерілмей, әркелкі жүргізілуде, қайталама көші-қон да бар. Оралмандардың басым бөлігі еңбек күші артық өңірлерде – Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Алматы және Жамбыл облыстарында тұрады, ал солтүстік өңірлер керісінше, еңбек ресурстарына тапшылықты сезінуде.

Оралмандарды әлеуметтік қолдау жүйесі қосымша жетілдіруді талап етеді. Әлеуметтік төлемдердің негізгі бөлігі тұрғын үймен қолдауға және көші-қон квотасына енгізілген отбасылардың көшуіне бағытталады. Тұрғын үймен қам-тамасыз ету тетігі де бүгінгі күннің талабына сай емес. Соның салдарынан оралман отбасыларының шамамен жартысының тұрғын үйі жоқ. Көші-қон мәселелерін шешумен айналысатын мемлекеттік басқару органдарының іс-қимылдарын үйлестіру және оны ұйымдастырудың кешенді тәсілі дамытуды талап етеді. Жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша еңбек жасындағы көшіп келген отандастарымыздың үштен бірі еңбек қызметімен қамтылмаған. Оралмандар кәсіптік білім алу, балаларды мектепке дейінгі меке-мелерге орналастыруда да қиындықтарға тап болып отыр. Осы айтылған мәсе-лелердің барлығы көші-қон процестерін өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму мүддесінде пайдалану бөлігінде этникалық көші-қонды реттеудің халық-аралық тәжірибесі пайдаланылған жаңа «Нұрлы көш» Бағдарламасының бары-сында шешімін табуы қажет.

Көші-қон комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің мәліметі бойынша Алматы қаласында 2 мыңға жуық оралман отбасы тұрады, олардың арасында 14 ғылым докторы, 66 ғылым кандидаты бар.

2008 ж. елімізге келген оралмандар саны 179524 отбасы немесе 706041 адам болған. Олардың ішінде ерлер – 46,5 %, әйелдер – 53,5 % болып, келгендердің еліміздің демографиялық ахуалына қосатын үлесінің жоғары болатындығын көрсетіп отыр. 2008 ж. қазан айының басындағы Еңбек және халықты әлеумет-тік қорғау министрлігінің берген мәліметі бойынша барлық келген еңбеккке қарқынды жастан төмендегілердің жалпы саны 287968 адам (40,8 %), ерлер – 134591 адам, әйелдер – 153377 адам, еңбекке қарқынды жастағылардың жалпы саны 386059 адам (54,7 %), ерлер – 179988 адам, әйелдер – 206071 адам, зейнеткер жасындағылар – 32014 адам (4,5 %), ерлері – 13743 адам, әйелдері – 18271 адам. Еңбекке қарқынды жастардың саны басым болып отыр.

Шетелден қоныс аударған отандастарымыз бен олардың отбасы мүшелері-нің елге келу және азаматтық алу рәсімін жеңілдету, олардың жаңа тұрмыс жағдайларына бейімделуіне жағдай жасау, жайғасуға, көлік қызметтері мен жүк тасымалы ақысын төлеуге қоныстандыру аймақтары бойынша сараланған бір-жолғы жәрдемақы төлеу және тағы басқа да әлеуметтік қолдау шаралары жүзеге асырылуда.

2009 ж. өткен Ұлттық санақтың мәліметтері бойынша, елімізде халық саны 16,4 млн. адамға жетті. Бұл тәуелсіз Қазақстандағы алғашқы 1999 ж. өткен халық санағымен салыстырғанда, 1,45 млн адамға көп, яғни халық саны


9 пайызға өскен. Қазақстанның этникалық қазақтарды тарихи Отанына қайтару саясатын белсенді жүргізуі де халық өсіміне айтарлықтай әсер етті. 1999 жылдан 2008 жылға дейін елімізге 150,9 мың оралман отбасы, яғни 597,2 мың адам көшіп келді, бұл республикадағы жалпы халық өсімінің 41 пайызын құрайды. Оралмандардың келуі әлі де жалғасын табуда. 2009 ж. квота 15 мың отбасына бөлінсе, 2010 ж. 20 мыңға көбейтіліп отыр. Сыртқы көші-қон саласында қашан да этникалық көші-қонның маңызы басым болуда.

Тәуелсіздің жылдарындағы репатриация үрдісінің зор жетістігі атамекенге ресми мәліметтер бойынша 706041 отандастарымыз оралған болса, ал өз беттерімен көшіп келіп тіркелмегендер мен олардың өсімдерімен қосқанда


1 млн. отандастарымыздың оралуы болып отыр.

Қорытындыда зерттеудің негізгі тұжырымдамалары берілген. Қазақ ел болып қалыптасқалы басынан небір қасіреттер өткен. Бірақ соның ішіндегі қазақ елін тарихи аренадан жойып жіберуге ұмтылған, Кеңес үкіметінің отаршылдық саясаты заманы. Нақтылап айтсақ, отыз жыл ойран болған 1916-1945 жж. арасында қазақтар өз ата-мекенінен бірнеше дүркін үдере көшуге мәжбүр болған. Репатриация процесі осы үдере көшкен қазақ халқының оның ұрпақтарының тарихи Отанына оралуы. 1930 жылғы келгендерде "Отаным" деген сезімнен гөрі, бала-шағасын, жанын сақтап қалу ойы басымырақ болған. Себебі, Голощекин саясатының озбырлығынан қашқан ел, жол жағдайының немесе көшіп-қонудың шыдамсыз ауыр тіршіліктеріне шыдамай, өз еліне қайтадан келуге мәжбүр болған. Сонымен қатар, Ресей мен Қытайдың келісімімен Қытай шенеуніктері казактарды күшпен қайтарып отырған. Ашаршылық пен індет, әділетсіздік пен қатігездік билеуінде болған қазақ елінің өз ата-жұртына қайта оралуға ниеттері аса болмаған. 1950-1960 жж. Репатриа-ция процесі екі жақ келісімімен бейбіт түрде болған, әрі қазақтардың тарихи Отанына жаппай қоныс аударған, көшіп-қонудың жарқын кезеңі.

Тәуелсіз Қазақстандағы репатриация үрдісінің аса бөліп айтатын ерекшелік-тері – біріншіден еліміздегі демографиялық олқылықты қалпына келтіретін этникалық қазақтардың өз тарихи отанына оралуын Қазақстан Республика-сының көші-қон саясатының негізгі басымдылықтарының бірі деп саналуы; екіншіден қалыптасқан репатриация механизмін орнату, көші-қон шараларын қамтамасыз ететін мемлекеттік қордың болуы, жеңілдіктер мен компенсация-лардың бөлінуі, үшіншіден, репатриация барысындағы барлық шығындарды төлейтін және жартылай қазақстандық қоғамға бейімделу шығындарын көтере-тін жыл сайын белгіленетін репатриация квотасы, төртіншіден, мемлекеттік өкілетті органдары көші-қон және демография Агенттігі, қазіргі кезде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі жанындағы көші-қон комитетінің құрылуы, бесіншіден шетелдерде тұратын отандастарымыздың істері жөніндегі ҚР Үкіметінің қарамағындағы ақпараттық-консультативтік Комиссияның құры-луы, алтыншыдан мемлекеттік емес мекеме Дүниежүзі қазақтарының қауым-дастығының құрылуы және оның қазақ диаспорасымен жұмыста бағдар беріп отыратын президиумының болуы, жетіншіден оралмандарға, қазақ диаспора-сына жеке мемлекет тарапынан қолдау көрсетіп, әлеуметтік жәрдем көрсету. Көші-қон мәселелерінде этностық қазақтардың тарихи отанына оралуының орны ерекше. Өйткені Қазақстандағы демографиялық ахуалды жақсартып, халқымыздың санын көбейтуге үлес қосатын – осы оралмандар көші.

1990 жж. репатриация ерекшелігі оның еңбек шартынан бастау алғандығы болды. Тәуелсіздік жылдары Монғолиядан келген отандастарымыз репатриация процесіне жол ашты. Бұл процесті Қытай Халық Республикасы, Түркия, Иран, Ауғанстан, кейінірек Тәжікстан, Ресей, Өзбекстан, Түркменстандағы отандас-тарымыз жалғастырды. Ең басты ерекшелік тәуелсіз Қазақстандағы репатриа-ция процесі әр түрлі тарихи құбылыстарға байланысты шетелдерде өмір сүріп жатқан отандастарымыздың атамекенге оралу армандарының орындалуы өз еріктерімен ұлтжандылық сезіммен болып жатқан құбылыс. 1990 жж. бас кезінде негізінен алыс шетелден келгендер басым болды. Билік органдары ең алдымен қауіп-қатерлі соғыс зардаптарын шеккен Иран Ислам Республикасын-дағы отандастарды көшіруге амалдарын жасаған. 1991-1993 жж. Монғолиядан оралғандар басымырақ болған. Бірақ еліміздегі жекешелендіру саясатының басталуы салдарынан келгендердің көпшілігінің бұл жағдайлардан тыс қалып, экономикалық ауыртпалықтарға байланысты кері көшулер де орын алған. 1993 жж. бастап көшіп-келі квотасы бөлініп, 1997 ж. «Халықтың көшіп-қону туралы» Заңының қабылдануы отандастарымыздың көшіп келулерін жандан-тып көшіп-келудің жаңа толқыны орын алды. Келгендер еліміздің оңтүстік аймақтарына орналасуға тырысқан.

2000 жж. басында жақын шетелден келушілер легі көбірек болды. Әсіресе көрші елдердегі экологиялық апатты аудандардан өз бетімен келгендер көп болған. Келгендер ауа-райы қолайлы, бірақ жұмыс орындары аз оңтүстік аймақтарға орналасуда. Өзбекстанға квотаның көп бөлінуіне қарамастан, квотадан тыс келушілер легі өсуде. Квотадан тыс келген оралмандарға да алғашқы кезде көрсетілетін бір реттік әлеуметтік көмек көрсетілу қажеттігі, олардың қазақстандық ортаға бейімделілулерін жеңілдетер еді. Сондай-ақ қазақтар жиі орналасқан сырт жерлерге барып, көші-қон жұмыстарын алдын ала дайындайтын, ұйымдастыратын шағын мемлекеттік ұйымдар ашылса. Бүгінде шетелден келген этностық қазақтардың ең көп қиындық көрсеткен мәселесі – тұрақты тіркеу. Тұрақты тіркеуі жоқ адам оралман куәлігін ала алмайды, яғни жұмысқа да орналаса алмайды. Бұл алыстағы отандастарымыз-дың атажұртқа келуіне үлкен кедергі болып отыр. Осындай олқылықтардың шешім табуы шетелдегі отандастарымыздың атажұртқа көптеп келуіне бұрынғыдан да кең жол ашар еді.


ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. ҚР ПА. 5-Н-қ., 1-т., 675-іс. 34-36-пп.

  2. Қазақстан көші-қон туралы Қазақстан Республикасының заңы.
    13 желтоқсан, 1997 ж.

  3. Козыбаев И. О репатриации казахов // Analytic. – 2007. – № 17 – С. 82-88.

  4. Тәтімов М.Б. Қазақ әлемі. Қазақтың саны қанша. – Алматы: Атамұра, 1993. – 105 б.; Елбасы және ел саны. – Алматы: Арыс. – 2009. – 224 б.

  5. Мендикулова Г.М. Исторические судьбы казахской диаспоры. Происхождение и развитие. – Алматы: Ғылым, 1997. – 264 с.; Мендикулова Г.М. Казахская диаспора: История и современность. – Алматы: Реиз, 2006. -343 с.; Мендикулова Г.М., Атантаева Б.Ж. История Миграции между Казахстаном и Китаем в 1860-1960 гг. – Алматы: СаГА, 2008. - С. 213; Қобландин Қ.И., Меңдіқұлова Г.М. Өзбекстандағы қазақтардың тарихы және қазіргі кездегі дамуы. – Алматы: ДҚҚ, 2009. – 296 б.

  6. Меңдікұлова Г.М. Қазақстандағы оралмандардың бейімделуінің кейбір мәселелері // Отан тарихы. №, 2, 2004. – 3-14 бб.; Репатриация казахов из Турции в современный Казахстан // Материалы Международной научной конференции «Взаимоотношения Турция – Центральная Азия в контексте расширяющейся Европы» – Алматы: Дайк-Пресс. – 2006. – С. 257-266; Современные миграционные тренды между Казахстаном и Китаем // Международная конференция «Центральная Азия – Китай: состояние и перспективы сотрудничества». 4-5 июня 2008 г. – Алматы, КИСИ. – 2009. – С. 158-170.

  7. Асылбеков М.Х., Галиев А.Б. Социально-демографические процессы в Казахстане (1917-1980 гг.). – Алма-Ата: Ғылым, 1991. – 252 с.; Асылбеков М.Х., Төлешова Л.Х. Қазақстан тарихи демографиясының даму белестері. – Алматы: Өркениет, 2002. – 144 б.

  8. Қиянатұлы З. Монғолиядағы қазақтар. – Алматы: ДҚҚ, 2001. – 320 б.; Қиянатұлы З. Монғолиядағы қазақтар. – Алматы: ДҚҚ, 2007. 2-кітап. – 256 б.

  9. Асылбеков М.Х., Козина В.В. Демографическое развитие Республики Казахстан в условиях суверенитета. – Алматы: Өркениет, 2001. – 112 с.; Асылбеков М.Х., Козина В.В. Народонаселение Казахстана в условиях суверенитета. – Алматы: Тарих тағылымы, 2010. – 152 б.

  10. Алексеенко Н.В., Алексеенко А.Н. Население Казахстана за 100 лет (1897-1997 гг.). – Усть-Каменогорск: Полиграфия, 1999. – 159 с.

  11. Асылбеков М.Х., Құдайбергенова А.И. Қазақстан халқының әлеуметтік-демографиялық жағдайы (1939-1959 жж.). – Алматы: Өркениет, 2005. – 160 б.

  12. Галиев А.Б. Миграция населения и этническая судьба // Казахстанская правда. – 1995. – 8 июля; Галиев А.Б. В разгаре этнополитические процессы в КZ-е // Заря. – 1991. – № 10. С. 11-12;

  13. Қасымбаев Ж. Қытайға кеткен қазақтардың қайтып оралуы // Қазақ әдебиеті. – 1992 ж. 30 қазан. – 14-б.

  14. ҚР ПА 719-қ., 4-т., 84-іс. 23-25-пп..

  1. ҚР ПА. 708-қ.,. 31-т., 1547-іс. 44-п.

  2. ҚР ПА 141-қ., 1-т., 6610-іс. 327-п.

  3. ҚР ПА 708-қ., 36-т., 1508-іс. 23-25-пп.

  4. ҚРОММ. 2205-қ., -т.,1, 4-5-пп.

  5. Этникалық қазақтардың тарихи отанына оралуы тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі № 900 қаулысы.

  6. ҚР ПА.5-Н-қ., 1-т., 2253-іс. 15-п.

  7. ҚР ПА.5-Н-қ., 1-т., 2259-іс. 19-п.

  8. Итоги переписи населения 1999 года в Республике Казахстан. Стат. Справочник. /Агентство Республики Казахстан по статистике/ Алматы, 2000.– 129 с.

  9. АОММ. 972-қ., 1-т. (жалғасы), 505-іс. 9-п.


ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНҒАН МАҚАЛАЛАР


  1. Социально-экономическое положение оралман репатртиантов в 2002-2003 гг. // Материалы научно-практической конференции «Творчество Ауэзова и диалог культур». – Семипалатинск: Семипалатинский госуниверситет, 2007, т. 2. – С. 7-10;

  2. Расселение оралманов в Карагандинской области // Материалы международной научно-практической конференции «Казахстан в новом мире и проблемы национального образования» – г. Жетысай, университет «Сырдария», 16-18 мая, 2008 г. – С. 380-382.

  3. Тәуелсіз Қазақстандағы оралмандар мәселесі (1991-1998 жж.) // Сборник материалов Международной научно-практической конференции «Современное состояние и перспективы развития исторической науки Казахстана и России». – Алматы, 26 июня 2008 г. – Алматы: Тарих тағылымы, 2008. – 358-363 бб;

  4. Тәуелсіз Қазақстан жағдайындағы оралмандар мәселесі // Отан тарихы. 2009. - № 1. – 107-112-бб.

  5. Тәуелсіз Қазақстан жағдайындағы иммиграциялық үрдістер // Материалы Международной научно-практической конференции «Актуальные проблемы исторической науки Казахстана». – 29-60 мая 2009 года. – Алматы, 2009. – 804-807- бб.

  6. Тәуелсіз Қазақстандағы оралмандардың орналасуы және әлеуметтік-экономикалық жағдайы // Отан тарихы. 2009. – №3. – 132-137-бб.

  7. Иммиграция казахов в современный период // Международеая научно-практическая конференция посвященная 100-летию академика НАН РК
    А.Н. Нусупбекова (15 декабря 2009 г.) «Историческая наука Казахстана: традиции и современность» – Алматы, Арыс баспасы, 2009. – С. 139-142.

8 Алматы облысына орналасқан оралмандар жайында // ҚР ҰҒА Хабар-шысы. Қоғамдық ғылымдар сериясы. – 2010. - № 2. – 150-151- бб.



РЕЗЮМЕ

автореферата диссертации на соискание ученой степени кандидата исторических наук

07.00.02 – Отечественная история (История Республики Казахстан)
НУРУМБЕТОВА КЕНЖЕКУЛЬ КАЛДЫБЕКОВНА
Проблемы и перспективы репатриации в суверенном Казахстане: исторический аспект (1991-2008 гг.)
Актуальность темы исследования. С исторического момента приобрете-ния независимости Республика Казахстан начала важные этнополитические мероприятия, основным приоритетом которых стал процесс репатриации казахов.

Диссертационная работа посвящена проблемам репатриации в суверенном Казахстане, так как данный процесс влияет на культурно-историческое, социальное, политическое, демографическое развитие страны, а также и на ее национальную безопасность.

Возвращение соотечественников на историческую родину началось по инициативе Президента РК Н.А. Назарбаева. В начале 1990-х гг. только три государства в мире проводили репатриационные мероприятия, это Израиль, Германия и Казахстан. В настоящий момент только Казахстан и Израиль продолжают репатриацию соотечественников, а Германия уже их не проводит.

Закон «Об иммиграции», принятый 26 июня 1992 г., стал одним из первых правовых актов, регулирующих юридическое положение соотечественников, возвращающихся на историческую родину.

В 1997 г. был принят закон «О миграции населения», в котором впервые была дано определение «оралман». В 2003 г. после внесения изменений и дополнений в Закон «О миграции населения», согласно 1-статье, оралман – это иностранный гражданин казахской национальности, без гражданства прибывший на постоянное местожительство в Республику Казахстан.

Как известно, репатриация стабилизирует демографическую ситуацию и изменяет этнический баланс, восполняя миграционные потери и этнодемогра-фические диспропорции прошлых десятилетий, а также способствует восста-новлению исторической справедливости части народа, проживавшего за преде-лами нашего госудпрства. Кроме того, некотоорые оралманы имеют большой опыт адаптации и выживания в условиях инонациональной среды и рыночных отношений, и могут внести вклад в модернизацию экономического развития Казахстана. Казахи зарубежья являются носителями знаний самобытной казахской культуры и языка, что является существенным вкладом в духовное развитие народа. Репатриация зачастую преподносится как составная часть национальной идеи. Исследование процесса репатриации, которая направлена на решение этих проблем будет всегда значимой и важной.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет