«Көрінбейтін» және өздігінен өрбитін вирустар
Өзін жай көзге сездірмес үшін кейбір вирустар жасырынудың қилы-қилы тәсілдерін пайдаланып жүр. Осындайлардың екі түрін - «көрінбейтін» және өздігінен өрбитін вирустарды қарастырайық. «Көрінбейтін» вирустар
Көптеген резиденттік вирустар былай жасырынуды әдетке айналдырған, олар DOS жүйесінің вирус жұққан файлдарды шақыруын өзгертпей дұрыс күйінде қалдырады. Бірақ бұл эффект тек вирус жұққан компьютерлерде файлдар мен дискілерді жүктеуіш аймақтарының өзгеруін байқау киын емес.
Өздігінен өрбитін вирустар.
Вирустардың жасырыну жолының екінші тәсілі - өзін-өзі аздап өзгертіп, өрбіп толықтырып алып отыруы. Көптеген вирустар жасайтын кері әсерін байқатпас үшін өз көлемінің бірсыпырасын шарттаңбаланған жасырын күйде сақтайды. Бірте-бірте өрби отырып, олар таңбалану тәсілін де, таңбаланған алғашқы бөлігін де аздап өзгертіп отырады. Осының арқасында вирусты іздеп табатын тұрақты байттар тізбегі болмай, оларды ұстайтын детектор-программалар жұмысы қиындайды.
Лабораториялық жұмыс №7.
Тақырыбы: «Жоғары сапалы Dr. Web программасының көмегiмен вирусқа қарсы тексеру жүргiзу»
Тапсырма:
-
Жоғары сапалы Dr. Web программасының көмегiмен.
-
doc-кеңейтiлуiмен берiлген [С:] локальдық дискiде вирусқа қарсы тексеру жүргiзу.
Жұмыстың орындалу әдiстемесi
1. Dr.Web (Iске қосу — Программалар — Dr. Web) бағдарламасын жүктеңiз.
2. Дискiлер ағаша(Дерево дисков) басып отырып С:\ дискiсiн таңдаңыз.
3. Орнату (устанока) түймешiгiн басыңыз жәнеТексеру(проверка) қосымшасында Жадты тексеру, Жүктемелiк секторларды тексеру -жалаушаларын орнатыңыз, Типтер қосымшасында *.doc кеңейтiлуiмен берiлген файлдарды көрсетiңiз.
4. Жалпылық (общие) қосымшасында жоғары сапалы Dr. Web программасын орнатыңыз.
5. Статистика түймешiгiн басып отырып, программа жұмысының қорытынды нәтижесiн көрiңiздер.
6. Есеп беруде, Статистика терезесi бейнесiнен тұратын экранның суретiнiң бейнесi түрiнде бейнелеңiздер.
Тапсырма №2. Жоғары сапалы Dr. Web программасының көмегiмен [С:] дискiдегi барлық файлдарды вирусқа қарсы тексеру жүргiзу. Белгiсiз вирустарды ұстап алған режимде архивтiк файлдарды тексеру.
Жұмыстың орындалу әдiстемесi
1. Dr.Web (Iске қосу — Программалар — Dr. Web) бағдарламасын жүктеңiз.
2. Дискiлер ағаша(Дерево дисков) басып отырып С:\ дискiсiн таңдаңыз.
3. Орнату (устанока) түймешiгiн басыңыз жәнеТексеру(проверка) қосымшасында эвристикалық анализ-жалаушаларын орнатыңыз. 4. Типтер қосымшасында Орнату түймешiгiн басып отырып, Барлық файлдар, архивтiк файлдар жалаушаларын орнатыңыз.
5. Есеп беру тiзiмi түймешiгiн басып отырып, программа жұмысының қорытынды нәтижесiн көрiңiздер.
6. Есеп беру тiзiмi терезесi бейнесiнен тұратын экранның суретiнiң бейнесi түрiнде бейнелегенiңiз жөнiнде есеп берiңiздер.
Лабораториялық жұмыс №8.
Тақырыбы: «Қолданбалы программалық құралдармен жұмыс істеу»
-
Мәтіннің көшірмесін алу және жылжыту.
-
Word редакторы терезесінің стандартты элементтері
-
Кесте құру. Word-тың графикалық мүмкіндіктері.
-
Құжатты баспаға шығару
Мақсаты:
- Word мәтіндік редакторын іске қосу;
- Оның терезесінің стандартты элементтерімен жұмыс жасау;
2.3.1. Word редакторын іске қосу және онымен жұмыс істеуді аяқтау. Орнатылған Word редакторын іске қосу бірнеше жолмен орындалады:
• Басты менюдің Іске қосу-Программалар-Windows Word (Стандартты
тобының ішінде де болуы мүмкін) қатарында тышқанды шерту арқылы.
• Windows жүйесінің Менің компьютерім немесе Сілтеуіш (Проводник) терезелерінің бірін пайдалану арқылы (Program Files – Microsoft Office – Winword бумасы Winword.exe файлы).
• Жұмыс үстіндегі Word редакторының жарлығында тышқанды екі рет шерту арқылы (жарлық болмаса, басқа тәсілді қолдану керек) т.б.
Редактормен жұмысты аяқтау (доғару) кез-келген стандартты тәсілдермен жүргізіле береді, мысалы:
- Файл-Шығу (Выход) меню командаларын таңдау арқылы;
- Редактор терезесінің тақырып жолынан оң жақ жоғарғы бұрышындағы Жабу батырмасын (X) басу арқылы;
- Тікелей Аlt+Ғ4 пернелерін басу арқылы т.б.
Егер программамен жұмысты аяқтау барысында мұның алдында өзгертіліп, бірақ дискіге жазылмаған құжат бар болса, онда редактор экранға қосымша сұхбаттасу терезесін шығарып өзгертілген құжатты дискіге жазу (Иә-Да) керектігін, ал жазбасаңыз (Жоқ-Нет) оны да растап беруіңізді өтінеді. Қалауыңыз бойынша, редакторда ары қарай жұмыс істей беруіңізге де (Болдырмау-Отмена) болады.
2.3.2. Word редакторының терезесімен танысу
Word редакторының негізгі терезесінде Windows жүйесіндегі стандартты көптеген элементтер бар. Солардың ішіндегі Word редакторына тән қосымша элементтерді қарастырып өтейік.
Қалып-күй қатары.
Қалып-күй немесе қалып катары негізгі терезенің төменгі жағында орналасқан, онда теріліп жатқан құжат жөнінде бірсыпыра мәліметтер бар. Қалып қатары көрінбей тұрса, Сервис-Параметрлер командасын орындап, оның Сыртқы түр (Вид) астарлы бетіндегі Терезе тобының Қалып қатары (Строка состояния) атты жалаушасын көтеріп қою қажет. Енді оның элементтерін қарастырып өтейік.
Элемент
|
Нені көрсетеді
|
Стр1
|
Теріліп немесе түзетіліп жатқан терезедегі бет нөмірі (1-бет)
|
Разд.1
|
Терезедегі мәтін бөлігі нөмірін көрсетеді, бұл элемент бөліктерден тұратын Басты құжат (Главный документ) үшін ғана қажет;
|
На 17,1 см
|
Курсор тұрған ағымдағы жолдан сол беттің жоғарғы шетіне дейінгі қашықтык, курсор экранда көрініп тұрғанда ғана көрсетіледі;
|
Ст21
|
Осы беттің жоғарғы шетінен курсорға дейінгі қатарлар саны, курсор көрініп тұрғанда ғана көрсетіледі;
|
КолЗЗ
|
Осы беттің жоғарғы шетінен курсорға дейінгі қатарлар саны, курсор көрініп тұрғанда ғана көрсетіледі;
|
ЗАП
|
Макрокомандаларды жазу (запись) режимі іске қосылған екпінді күйде екенін көрсетеді, бұл режимді іске қосу тышқанмен ЗАП батырмасын көрсетіп тұрып, оны екі рет шерту арқылы орындалады;
|
ИСПР
|
Түзетулерді (исправления) белгілеу режимі екпінді күйде, олар құжаттық соңғы нұсқасына қандай өзгерістер енгізілгенін білдіреді, бұл режимді де іске қосу немесе алып тастау тышканды екі шерту жолымен жүргізіледі;
|
вдл
|
Белгілеулерді кеңейтетін (Расширить выделения) ±8 арқылы кеңейтуге болатынын (бір символға, сөзге, сөйлемге т.б.) көрсетіп тұрады. Белгіленген көлемді кішірейту -Shift+Ғ8 арқылы, ал белгілеуді тоқтату - ЕSС арқылы орындалады;
|
ЗАМ
|
Символдарды ауыстыру (заменить) режимі екпінді күйде тұрғанын көрсетеді, символдарды сыналап енгізу тәртібі (вставка) орындалса, ол солғын түске боялады. Бір тәртіптен екіншісіне ауысу ЗАМ батырмасында тышқанды екі рет шерту арқылы жүргізіледі.
|
Сағат
(Windows NT 3.51)
|
Windows NT 3.51жүйесінде үстіміздегі уақыт көрсеткіші,
Windows 95 немесе Windows NT 4,0 жүйесінде уақыт
бұдан төменірек тапсырмалар тақтасында көрініп тұрады.
|
Қалып қатарында мұнан басқа қара түске боялып белгілі бір режимнің іске қосылып тұрғанын, ал солғын түсті болса - іске қосылмағанын білдіріп тұратын жұмыс тәртібі индикаторлары бар (2-сурет), олар:
2-сурет.
Цифрлық таңбалары бар көлденең және тік жылжыту белдеулері мәтін ішіндегі курсор тұрған орынды бағдарлау мүмкіндігін береді. Бірақ бұл жылжу белдеулері Word редакторында бұрынғыдан маңыздырақ қосымша функциялар атқарады.
Көру режимдерінің батырмалары қалып-күй қатары маңындағы көлденең жылжу алабының сол жақ шетінде орналасады да, олар мыналардан тұрады:
- Кәдімгі режим (обычный режим) батырмасы;
- Электрондық құжат режимі;
- Беттерді белгілеу (структура) режимі;
Саммандар тақтасы
Саймандар (инструменттер) тақтасы командалар мен іс-әрекеттерді жылдам орындау үшін ең ыңғайлы жағдай жасайды. Оны пайдалану тышқан қол тетігінің немесе соған ұқсас басқа аспаптың көмегімен жүргізіледі. Саймандар тақтасының белгілі бір командасын орындау сол командаға сәйкес батырманы тышқанмен шерту аркылы орындалады.
Төменгі кестеде меню қатарының төменгі жағында Стандартты әрекеттерді ғана атқаруға арналған Саймандар тақтасы орналасқан. Бұл тақтадан басқа Word редакторында бірсыпыра әрекеттерді атқаратын тақталар (Форматтау, Сурет салу, Көмек алу, т.б.) бар. Нақты тақталар мен олардың әртүрлі батырмаларының атқаратын қызметін жұмыс барысында курсорды сол батырма белгісінің оң жақ төменгі бұрышына алып барып тексеру кажет немесе көмек алу арқылы да білуге болады.
2.3.3. Word редакторында құжат ашу
Word ортасында бұрын дискіге жазылған құжатты ашу үшін Құжатты ашу (Открытие документа) сұхбат терезесі қолданылады. Бұл терезе Файл ашу (Файл открыть) командасын орындағанда немесе батырмасын шерткенде экранға шығады. Сұхбат терезесіндегі диск немесе бума таңдау мүмкіндігін беретін батырманы шерткенде диск немесе бумалардың тізімі шығады. Керекті буманы не дискіні таңдап алған соң, ашылуға тиіс құжатты тізімнен іздейміз. Соны таңдап алып тышқанды екі рет шертеміз - немесе Ашу батырмасын шертеміз.
Саймандар тақтасының "Стандартты" тобының батырмалары
1. - Жаңа кұжат құру.
2. - Құжатты ашу.
3. - Құжатты сақтау.
4. - Жабу.
5. - Баспаға шығару.
6. - Алдын-ала қарау
7. - Қатесін тексеру.
8. - Қиьшалу.
9. - Көшірмесін алу.
10. - Буферден қою.
11. - Форматтық қылқалам
12. - Болдырмау
13. - Қайтару.
14. - Гилерсілтеме қосу.
15. - Веб тақтасы.
16. - Кесте. жояе шеқара.
17. - Кестені қосу.
18. - Ехсеl кестесін қосу.
19. - Бағаналар.
20. - Сурет салу.
21. - Құжаттың схемасы.
22. - Басылмайтын белгілер.
23. - Масштаб
24. - Көмекші
Тапсырмалар:
1. Word мәтіндік редакторын іске қосыңыз да, меню қатарының көмегімен
бұрын сақтаулы тұрған құжатты ашыңыз (ол кұжаттың алдында белгісі немесе файл атынын типі doc. болуы керек).
1.1. Терезенің стандартты элементтерімен танысыңыз және ашылған құжатгың неше беттен тұратынын, басқа да осы құжатқа байланысты мәліметтерді қалып-күй қатарынан анықтаңыз. Дәл осы мәліметтерді Сервис-Статистика командаларының көмегімен орындауға болатынына көз жеткізіңіз.
1.2. Мәтін соңына екі жол сөз қосып, файлды Файл - Қалай сақтау керек... командасы көмегімен МЕН деген атпен сақтаңыз.
1.3. Мәтіні Кәдімгі режимінен Электрондыц құжат, Құрылым, Бетті белгілеу режимдеріне ауыстырыңыз, қандай өзгерістер болғанын түсіндіріңіз.
1.4. Саймандар панелінің барлық батырмаларын алып тастаңыз, сонан кейін Стандартты және Форматтау тобының батырмаларын іске қосыңыз, қандай өзгерістер болғанын айтып беріңіз.
1.5. Терезедегі көлденең және тік белдеулерді алып тастаңыз және қайта экранға шығарыңыз.
1.6. Он жақ жоғарғы бұрыштағы басқару батырмалары арқылы мәтінді кішірейтіңіз, үлкейтіңіз, жасырып қойыңыз, қайта қалпына келтіріңіз. Болған өзгерістерді түсіндіріңіз.
1.7. Ашылып тұрған құжат терезесін жабыңыз, сонан кейін программадан шығыңыз.
2. Word мәтіндік редакторын іске қосыңыз да, Абай Құнанбаевтың бір өлеңінің үш шумағын жазып шығыңыз:
Болмасаң да ұқсап бақ
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз.
2.1. Сол мәтінді АБАЙ деген атпен дискіге жазып сақтап қойыңыз.
2.2- Көлденең белдеу арқылы бірінші шумақтың алдынан 2 см, екінші шумақтың алдынан 3 см, ал ұшіншісінің алдынан 2 см бос орын қалатындай етіп өзгертіңіз.
2.3. Мәтіннің көрсетілу масштабын Тур-Масштаб командасы арқылы 75%, сонан кейін 100% етіп өзгертіңіз. Сол команданы орындау барысында Произвольный деген өрісті тышқанмен шертіп, оған 110 санын енгізіңіз. Қандай өзгерістер болғанын түсіндіріңіз.
2.4. Мәтінді тағы да дискет бейнесі тұрған батырма арқылы қайталап дискіге жазыңыз.
2.5. Файл - Құру командасы арқылы терезедегі Обычный сөзін, онан кейін ОК батырмаларын таңдап, жаңа терезе ашыңыз да Мұқағали Мақатаевтың мынандай шумақ өлеңін жазып шығыңыз:
Көзің ңайда көшеден мені іздеген,
Сөзің қайда екеуміз егіз деген?
Терезеңнің алдында келіп тұрмын
Кептердей қысты күні жем іздеген.
Бұл мәтінді Менің құжаттарым бумасынан тысқары С: дискісінің түбіріне Махаббат деген атпен сақтаңыз.
Бұл терезеден бұрынғы Абай терезесіне Терезе командасы аркылы көшірініз де, Word редакторынан
Лабораториялықжұмыс №9.
Тақырыбы: «MS Excel кестелік процесорда математикалық функциялар көмегімен есептеу жүргізу.»
-
Кестелік процессордың негізгі түсініктері.
-
Мәліметтерді енгізу және редакциялау. Мәліметтер форматы. Абсолюттік және салыстырмалы адрестер.
-
ЕхсеІ-дің графикалық мүмкіндіктсрі.
-
Диаграммалар құру, өзгерту, түзету, Диаграммаға атауларды кірістіру
Максаты:
- Электрондық кестенің негізгі түсініктерімен танысу;
- Кесте құру:
Windows жүйесінде «Іске қосу» - Прогриммалар – MS ЕХСЕL командасын орындаса, экранда ЕХСЕL электрондық кестесінің терезесі пайда болады.
Ескерту: Мәзір жүйесінің командасына өтуді сипаттау үшін - символы қолданған.
ЕХСЕL терезесі төмендегі қатарлардан тұрады:
Бірінші қатар - ЕХСЕL - дің мәзірі орналасқан қатар.
Екінші және үшінші қатарлар - Стандартты және Форматтау саймандарының панельдері.
Төртінші қатар - енгізу-түзету қатары немесе формулалар қатары. Бесінші қатардан терезе соңына дейін электрондық кестенін жұмыс аймағы орналасады. Жұмыс аймағындағы жолдар мен бағандар белгілі бір тәртіппен белгіленеді.
Терезенің ең төменгі қатары - қалып-күи қатары. Төменгі қатардың сол жак шетінде ЕХСЕL жұмыс режимінің сілтемесі орналасқан. ЕХСЕL кестесі берілгендердің енгізілуін күтіп тұрған жағдайда дайын режимінде тұрады да, индикатор Дайын деген сөзді көрсетіп турады.
1-Тапсырма. ЕХСЕL программасын іске қосыңыз.
2- Тапсырма. Экранмен жұмыс.
Көрініс - Саймандар панельдері командасын орыңдаңыз. Тышқан курсорын басу арқылы экран бетіне шығарылып қойылуы қажетті саймандар панелдерін орнатыңыз.
Сервис - Параметрлер ... терезесін ашып, оның Көрініс кондырмасында Формула қатары, Қалып-күй қатары, Көлденең айналдыру жолағы, Тік айналдыру жолағы, Парақтар тізімін жалаушалармен активтендіріңіз.
3-Тапсырма. Электрондық кестенің негізгі түсініктерімен танысу.
Электрондық кестенің жұмыс аймағы жолдар мен бағандардан тұрады. Жолдардың саны - 65536, ал бағандар саны - 256. Баған мен жолдың қиылысқан жерінде орналасқан тор ұяшық деп аталады.
Жол нөмірі - көлденен орналасқан қатарлардың сол жақ шетінде жазылған нөмірімен белгіленеді.
Ұяшық көрсеткіші - жұмыс істеуге дайын ағымдық ұяшықты көрсетіп тұрған тік төртбұрышты таңба.
ЕХСЕL электрондық кестесі беттерден (255 бет) тұратын кітап тәрізді. Экранда кітаптың ең үстіңгі ашық тұрған беті көрініп турады. Беттің төменгі шетінде қалған беттердің нөмірлері бейнеленеді. Кітап бетін тышқан курсорымен ашу мумкіндгі бар.
4- Тапсырма. Электрондық кесшеге берілгендерді енгізу және түзету,
Кез-келген ұяшыққа мәтін, сан, формула енгізуге болады. Жолдар мен бағаналардың өлшемдерін өзгертуге болады:
1-тәсіл. Тышқан курсорын өзгертілетін баған атауының (қатар нөмірінің) бөлу сызығының үстіне алып барып, курсор - түріне енген кезде, сол жақ пернені басып, қажет өлшемге дейін кеңейтеміз де, пернені қоя береміз.
2-тәсіл. Формат – Жол - Мөлшер (размер) және Формат – Баған - Мөлшер командаларын орындау керек.
Егер енгізілетін мәтін цифрдан басталатын болса, онда оны ' таңбасымен бастау қажет. Сандарды енгізу =, +, - таңбаларынан немесе бірден цифрді енгізуден басталады. Ондық бөлшек сандардың бүтін бөлігімен, бөлшек бөлігі үтір арқылы ажыратылып жазылады. Егер ұяшыққа формула енгізілетін болса, формуланы = таңбасынан бастап енгізу қажет.
А1 ұяшығына «Менің аты - жөнім» деген мәтінді енгізіңіз;
81 ұяшығына аты - жөніңізді енгізіңіз;
А2 ұяшығына «Туылған жылым» деген мәтінді енгізіңіз;
В2 ұяшығына туылған жылыңызды енгізіңіз;
В3 ұяшығына ағымдық жылды енгізіңіз;
А4 үяшығына «Менің жасым» деген мэтінді енгізіңіз;
В4 ұяшығына «=ВЗ-В2» формуласын енгізіңіз;
2030 - шы жылы қай жаста болатыныңызды есептеңіз;
Бос ұяшыққа ағымдық күн мен уакытты енгізіңіз.
Тапсырманы орындау нәтижесінде кесте пайда болады.
5-тапсырма. Сақтау, Жабу, Құру, Ашу командаларын пайдалану, Электрондық кестемен іс-әрекет орындау барысында Файл менюінің төмендегідей командалары колданылады:
Сақтау (Сохранить) - жұмыс кітабын файл түрінде ағымдық дискіге жазып сактау;
Жабу (Закрыть) -жұмыс кітабын экраннан алып, оны жауып тастау;
Құру (Создать) - жаңа жұмыс кітабын ашу;
Ашу (Открыть) - дискіде жазылған жұмыс кітабын ашып, экранға шыгарады.
Құру, Ашу, Сақтау командалары Стандартты саймандар панелінін сәйкес батырмаларымен де орыидалады.
1. Файл - Сақтау командасы арқылы дайындалған кестені «ЛЖ1» деген атаумен сақтаңыз.
2. Кестені экраннан алып тастаңыз.
3. Экранға «ЛЖ1» файлын қайтадан шақырыңыз.
6- тапсырма. ЕХСЕL-мен жұмысты аяқтау.
ЕХСЕL-мен жұмысты аяқтап, одан шығу үшін төмендегі келтірілген тәсілдердің бірін пайдалану керек:
1-тәсіл: Файл - Шығу командасын беру.
2-тәсіл: ЕХСЕL терезесінің Терезені жабу түймесін басу;
3-тәсіл: АLТ+Ғ4 пернелерін басу.
1. Жаңа файл құрып, одан 1-тәсілмен шығыңыз.
2. «ЛЖ1» файлын жауып, ЕХСЕL -ден 2-тәсілмен шығыңыз.
Лабораториялық жұмыс №10.
Тақырыбы: «Сан форматтары. Стандартты функциялар. Электрондық кестедегі берілгендерді баспаға шығару»
-
Берілгендерді қорғау;
-
Стандартты функцияларды пайдалану;
-
Жұмыс кітабын қағаз бетіне басып шығару.
1-тапсырма. "ЗЖЗ" файлын экранга шығарыңыз.
2-тапсырма. Берілгендерді корғау.
Ұяшықтардағы берілгендерді, жұмыс кітабының бетіндегі берілгендерді, жұмыс кітабындағы берілгендерді өзгертуден қорғау үшін сәйкес түрде:
Формат - ұяшық -Қорғау,
Сервис - Қорғау - Парақты қорғау,
Сервис - Қорғау - Жұмыс кітабын қорғау командаларын орындау керек.
Берілгендерден қорғауды алып тастау үшін, осы командаларды Қорғауды алып тастау деп өзгертіп, орындау керек.
1. "ЗЖЗ" файлының берілгендерін өзгерістен толық қорғаңыз және берілгендердің толық қорғалғанын тексеріңіз, сосын берілгендерден қорғауды алып тастаңыз.
2. Жұмыс кітабының 1-бетіндегі берілгендерді толық қорғаңыз, қорғалғанын тексеріңіз, қорғауды алып тастаңыз.
3. Жұмыс кітабын өзгеріс енгізуден толық қорғаңыз, қорғалғанын тексеріңіз, қорғауды алып тастаңыз.
4. Ұяшықтардағы берілгендерді жеке-жеке қорғаңыз, тексеріңіз, қорғауды алып тастаңыз.
3-тапсырма. Сан форматтары. Стандартты функциялар.
Сан форматтары ұяшықтағы сандарды әртүрлі форматта бейнелеуге болады.
Мысалы 100 саны:
- 100.00р - ақша түріндегі форматта;
- 10000% - проценттік форматта;
- 1.00Е+02 - ғылыми форматта (экспоненциал түрде)
Форматтау саймандар панелінің сәйкес батырмалары арқылы немесе Формат ұяшық Сан... командасы арқылы сандарды әртүрлі формата бейнелеуге болады. Алдымен форматы өзгеріске ұшырайтын ұяшықты ағымдық ету керек. Экранға шыққан сұхбат терезесінен керекті сандық форматты таңдау керек. (9-сурет). Жаңа форматты енгізу кезінде ұяшықтағы санның тек бейнелеу тәсілі өзгереді, ал сан мәнІ езгермейді.
Егер ұяшыққа сан #### түрінде жазылса, онда оның цифрлар саны баған еніне сыймағандығынан деп білу керек.
9-сурет.
Стандартты функциялар.
Ехсеl-дің стандартты функциялары у=f(х) түрінде жазылады, мұндағы х-аргумент, f -функщи. Аргумент - сан, ұяшық адресі т.б. бола алады.
Ехсеl-дің кейбір стандартты функциялары:
SQRT(х) - х санынан квадрат түбір табу функциясы;
МАХ(тізім) - тізімде берілген сандардың ішінен ең үлкен санды тауып беру функциясы, мысалы:
мах(45, 25, 58, 76, 47, 13)=76;
SUM(тізім) - тізімде берілген сандарды сандарға қосып беру функциясы; т.б.
Осы сияқты жиі пайдаланатын функциялар жадқа арнайы жазылып койылған және олар үшін саймандар панелінде арнайы батырма - функция шебері бар. Функция шеберін шақыру арқылы ЕХСЕL стандартты функциялар тізімін оқуға және қолдануға мүмкіндік бар.
Достарыңызбен бөлісу: |