136
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
4. Жұмыстың сипаты мен мазмұны және оны орындауға қажетті
біліктілік дәрежесі:
Мұнда жұмыстың сипаты мен мазмұны, оны атқаруға қажетті білік-
тілік дәрежесі атап көрсетіледі. Жұмысшының мекеменің қай бөлімінде,
кім болып істейтіндігі анық жазылады. Мысалы:
Жұмысшы Бердібеков Азамат Оспанұлы қазіргі теориялық механика
кафедрасына доцент болып қабылданады.
5. Келісім типі:
Мұнда жұмысшының негізгі жұмыс
орны ретінде істейтіндігі, я
болмаса басқа жердегі негізгі жұмыс
орнына қосымша істелетін
жұмыс
орны ретінде кіріп, келісім жасап отырғаны анық жазылады.
Мысалы:
«Бұл еңбек келісімі, негізгі жұмыс келісімі, қосымша істейтін жұмыс
келісімі» (керектісінің асты сызылады).
6. Келісім түрі:
Мұнда жұмысшы уақытша әлде тұрақты жұмысқа қабылданғаны жө-
нінде жазылады.
Келісім уақытша жасалса, себебі көрсетіледі. Мысалы:
«Жұмысшы уақытша бос тұрған орынға қабылданып отырған-
дықтан, келісім шектеулі мерзімге жасалады».
Достарыңызбен бөлісу: