Қобыланды батыр



бет1/7
Дата03.12.2019
өлшемі388.5 Kb.
#447622
  1   2   3   4   5   6   7
Кобыланды батыр жыры

Қобыланды батыр
Кешегі өткен заманда,

Дін-мұсылман аманда,

Қарақыпшақ Қобыланды,

Атасы мұның Тоқтарбай

Халықтан асқан болды бай.

Байлығында есеп жоқ,

Айдалып бағып жайылды,

Төрт түлік малдың бәрі сай.

Жаз жайлауы Көздікөл

Көздікөлді жайлаған

Қалың Қыпшақ жағалай.

Тоқтарбайдың дәулеті,

Ішкені мас, жеген тоқ,

Бай-кедейдің көңілі жай.

Қыс қыстауы Қараспан,

Қараспан көкке таласқан.

Ат үйірінен адасқан,

Қалың қыпшақ тізіліп,

Қонса қоныс жарасқан.

Әліп таңба Қыпшақтың

Атағы озған алаштан.

Сексенге жасы келгенше

Бір бала көрмей Тоқтарбай,

Қайғыменен қан жұтып,

Ақылынан адасқан.

Шөл иесі сұңқар қиясыз,

«Еш нәрсе көрмей дүниеден,

Өткенім бе – деген – тұяқсыз»

Тоқтарбайдың зарына

Қалың Қыпшақ қайысқан.

Әулие қоймай қыдырып,

Етегін шеңгел сыдырып,

Жеті пірге танысқан.

Әулиеге ат айтып,

Қорасанға қой айтып,

Қабыл болған тілегі,

Жарылғандай жүрегі,

Аналықтай бәйбіше

Қабырғасы майысқан.

Елуге жасы келгенде,

Көзімді ашпай дүниеден

Өтемін бе дегенде,

Сонда көрген арыстан.

Бір ұл, бір қыз атадан,

Қыздың аты – Қарлығаш,

Қобыландыға қарындас.

Алты жасқа келгенде,

Арыстан туған Қобыланды –

Қазынадан қамқа киеді,

Өзімнің еншім болсын деп,

Тобылғы меңді торы атты

Енші қылып мінеді.

Қобыландының тілегін

Бүкіл Қыпшақ тіледі.

Қайыры көп халқына,

Енді түсіп салтына,

Таулар күйіп, тас жанған.

Алты жасар баланың

Елбеңдеген зарпына,*

Өзі алты жасында,

Кәмшат бөркі басында,

Тобылғы торы ат астында,

Қаршығасы қолында,

Тазысы ерткен соңында,

Жеті пірге сыйынып,

Баратұғын жолында,

Тоқтарбайдың жылқыда,

Тоқсан құлы бар еді,

Тоқсанының бастығы

Естеміс деген ер еді.

Естемісті көруге

Жылқыға бала жөнелді.

Жылқыға бала барған соң,

Баурап малын алған соң,

Тоқсан құл мен Естеміс,

Риза тауып қалған соң.

Қолғанат пен құйрыққа

Енді Тоқтар кенелді.

Қобыландыны барған соң,

Естеміс ерің баулиды.

Күнде киік аулайды,

Кездессе жауын жаулайды.

Жылқыда жатып Қобыланды

Екпіні оттай қаулайды,

Қаршығасы қолында,

Құмай тазы соңында,

Көрсе киік заулайды.

Естеміспен екеуі

Қонып жатса бір тауда,

Намазшамнан өткенде,

Құтпан мезгіл жеткенде,

Құлағына батырдың

Бір дауыс кеп шулайды.

Ту сыртынан сол таудың

Бұрқыраған бу шықты,

Шуылдаған шу шықты.

«Бұл не қылған дауыс?» – деп.

Естемістен сұрайды.

Айтпасына қоймайды,

Сонда Естеміс сөйлейді,

Сөйлегенде бүй дейді:

«Арғы астында бұл таудың

Қызылбастың елі бар,

Жасыл байтақ жері бар,

Айдынды шалқар көлі бар,

Көктім аймақ ханы бар,

Неше мың сан жаны бар,

Қанша жиған халқына

Көрсетіп тұрған сәні бар.

Құртқа деген қызы бар,

Жұртына жайған назы бар,

Ай астына аспанға

Құрды бақан қақтырып,

Алтын теңге аттырып,

Теңгені атып түсірген

Құртқаны сұлу сол алар,

Соның даусы бұл дауыс,

Көптен шыққан бұл хабар.

Көңілің ауып, шырағым,

Бұған болма ынтызар.

Шарға салып басыңды,

Бола көрме сен құмар».

Қанша айтса да Естеміс,

Барғысы келіп баланың,

«Түсірем – деп – атып дәл,

Кәміл пірлер болса жар».

Естеміс тағы сөйлейді:

«Қой, шырағым, жассың ғой,

Қабырғаң сенің қатқан жоқ,

Омыртқаң өсіп жеткен жоқ,

Жіберуге қорқамын,

Тілімді алсаң, рұқсат жоқ.

Барғанмен кезек келмес-ті,

Баланы көзге ілмес-ті,

Бағып жатқан Құртқаны,

Қырық бес кез Қызыл ер,

Шырағым, тектен бермес-ті».

Отырып бұлар кеңесті.

Мінген аты ала еді,

Қылшық жүнді қара еді,

Тоқтау салды Естеміс,

Жібергісі келмей баланы.

«Батаңды бер, көке», – деп,

Алдын-артын орады.

Жад* қыламын, Естеке,

Жеті кәміл бабаны.

Барғысы келіп батырдың

Тоқтамайды табаны.

Естемістей еріңнің

Таусылғасын амалы

Батасын беріп қол жайып,

Жад қылады Құданы,*

Үстіне сауыт кигізді,

Жанына байлап болатты,

Беліне садақ ілгізді.

«Тапсырдым,- деп Жалғызға!»

Амандасып жүргізді.

Жүрегі таймай баланың

Ерлігін кәміл білгізді.

Тобылғы меңді торы атпен,

Дөңгелетіп жөнелді,

Атып жатқан жеріне

Іркілместен келеді.

Келгендігін баланың

Көктім аймақ көреді.

Айбатынан сескеніп,

Баланы келген сынады.

Қобыландыдай төрені:

«Қазақтың ері келді», – деп,

Көктім аймақ патшасы

Кезекті бұған береді,

Кәміл пірлер жебеді.

Қолына алып толғанып,

Қозы жауырын жебені

Ат үстінен шіреніп,

Сонда тұрып тартады.

Кәміл пірлер сенгені,

Құрулы бақан басында

Екі бөліп ұшырды

Ай астында теңгені.

Құртқа көріп батырды

Шашу шашып басына,

Бұралып келді қасына.

Нұрына тойып төнгені,–

Көзі көрмей өңгені,

«Іздеген теңім келді»,- деп,

Патшаға салып жеңгені.

Айтқан серттен қайта алмай,

Отыз күн ұдай ойын қып,

Қырық күн ұдай тойын қып,

Көктім аймақ атасы

Қыз Құртқаны бергені.

Жұртын жиып той қылып,

Аққа белін шешіпті,

Пайғамбар құда несіпті,

Құртқа сынды сұлуды

Қобыландыдай батырға

Берейін деп жатқанын

Қырық бес кез Қызыл ер

Хабарын мұның есітті.

«Меніменен күресіп,

Жықса алар», – десіпті.

«Аты-тонын олжалап,

Аман қайтса жарар», – деп,

Өзінше желдей есіпті.

Бетіне жан қаратпай,

Көңілі әбден өсіпті.

Бұл сөзді естіп Қобылан:

«Артымда жау қалдырман,

Берсе Құдай несіпті».

Мініп алып атына

Қызыл ерге келеді,

Келіп те сөйлей береді:

«Қобыланды келді, шықсын»,– деп,

Дауыстап хабар береді.

Шықпағасын Қызыл ер

Жүгіріп үйге енеді.

Төсекте жатып Қызыл ер

Қобыландыны көреді.

«Аяғыммен күрес», – деп,

Бір аяғын береді.

Алпыс құлаш ала арқан

Қызыл ердің ілулі

Босағада тұр еді.

Іліп алып аяққа,

Мініп алып торы атқа,

Дүрілдетіп жөнелді.

Қызыл ерді сүйретті,

Сүйреткі қылып үйретті.

Ішінде шеңгел тікенге

Өкпе-бауырын түйретті.

Тақымға салып сүйретіп,

Қабырғасын күйретті.

Менсінбеген дұшпанды

Ақыл тауып үйретті.

Көкпар қылып дұшпанын,

Тау мен тасты күңірентті.

Қорлықпенен өлсін деп,

Қызыл ерді еңіретті.

Тасқа соғып боршалап,

Кеудесінен жан кетті.

Домаланды жерге бас.

Қобыланды сынды жас бала

Істі орнына келтіріп,

Құртқаға келіп сөйледі,

Көңілі ердің желпініп.

«Сұлтаным не қылды екен», – деп.

Құртқа сұлу жүгіріп,

Алдынан шыққан ентігіп,

Көктімге хабар береді.

Дұшпанынан құтылып,

Көңілдері жайланды.

Жөнелтуге Құртқаны

Көктім аймақ ойланды.

Алтынмен ішін безеген,

Сырты күміс ақ отау

Келістіріп түзеген,

Арттыруға сайланды

Қырық түйе қазына,

Қырық құл мен қырық күң

Қосып берді қызына.

Ел-жұртымен қоштасқан

Құртқа сынды сұлудың

Жұрт таң қалды назына,

Сөйлеген сөз базына.

Көктім аймақ көрісіп,

Ертеңгі Шолпан батқанда,

Сарғайып таң атқанда,

Жөнелтуге Құртқаны

Жүгін артып жатқанда

Қобыланды бала келеді,

Көктімге сәлем береді:

«Еншісін бөліп Құртқаға,

Бәрін де беріп жатырсың,

Бергенің маған не?» – деді.

Көктім аймақ атасы:

«Шырағым, балам, кел! – дейді, –

Бергенім саған біл, – дейді, –

Төбеңде тұрған төрт бұлт.

Еншің, балам, сол, – дейді.

Жаз болса, шығар күн жақтан,

Қыс болса, шығар жел жақтан,

Жау келсе, түсер жау жақтан,

Шырағым, балам, сен, – дейді. –

Тапсырдым сені соған, – деп, –

Енді атыңа мін», – дейді.

Атасымен қоштасып,

Құртқаны алып ұзатып,

Елге қарай жөнелді.

Кәміл пірлер жебеді,

Ісі жөнге келеді,

Мінген аты ала еді,

Қылшық жүнді қара еді,

Қобыландыдай батырың

Көшті тартып барады.

Бірнеше күн жол жүріп,

Аз ғана емес, мол жүріп,

Өткен күнді санады.

Бір күндері болғанда

Қара жолдың үстінен

Қалың жылқы жарылып,

Екі жақта қалады.

Құртқа сынды сұлуың

Күймеден басын шығарып,

Жылқыға көзін салады.

Ортасында жылқының

Көк ала бие жусап тұр,

Құртқаның көзі шалады.

Тоқтатып қойып күймесін,

Ағытып тастап түймесін,

Шақырып алып, сұлтан, деп,

Қобыландыдай баланы,

Биені көріп сынады.

«Мынау жатқан көп жылқы

Кімдікі? – деп сұрады, –

Сонау тұрған биені

Мені берсең де алғын», – деп

Батырға әмір қылады.

Батыр Қобылан күледі,

Әзіл айтып іледі:

«Басымды оққа байлаған,

Сені берсем, қыз Құртқа,

Бір елдің малын алармын», – деп,

Езу тартып күледі.

«Осы жатқан көп жылқы

Немере туған ағамыз

Сәлімбай байдың жылқысы.

Жанындай мені көреді,

Не сұрасам береді».

Тағы Құртқа сөйлейді,

Сөйлегенде бүй дейді:

«Құлақ салып сөзіме

Бері таман кел, – дейді,

Тобылғы меңді торы атың

Жауға мініп шабуға

Жарамайды бұл, – дейді.

Жан серік атың, сұлтаным,

Көк ала бие ішінде,

Көк бурыл құлын бар,

Жан серік атың сол, – дейді.

Бұл сөзімді біл, – дейді.

Құртқаның сөзін сынарсың,

Жылқысы болса ағаңның,

Ала гөр бірақ сен», – дейді.

Құртқаның сөзін есітіп,

Қондырып көшін сол жерге,

Енді атына мінеді.

Ойлау жерден орғытып,

Тегіс жерден сырғытып,

Аяңдамай желеді,

Сәлімбай байдың тоқсан құл,

Қара Көжек бастығы,

Сәлем беріп келеді.

Келіп сөйлей береді:

«Асқар төбе белсің, – деп,

Қатар көшкен елсің, – деп,

Ағамызға сәлем де,

Келінін алып келемін,

Көрімдігін берсін де,

Келінін келіп көрсін де,

Қырық нарға артқан қазына

Бәрін де келіп алсын де,

Бұл сөзіме нансын де,

Көрімдігі Құртқаның

Көк ала бие жылқыда

Інім десе берсін де,

Бұл сөзіме сенсін де».

Қара Көжек ал сонда,

Батырдың сөзін есітіп,

Елге шапты жосылтып,

Бұрқыратып тозаңын,

Желге қарсы есілтіп,

Жылқыға жау тигендей

Елдің шетін шошытып,

Байға жетіп келеді,

Қара ала атты көсілтіп

Келіп сөйлей береді:

«Қобыланды батыр жіберді,

Ағама дұғай сәлем деп,

Келінін алып келемін,

Қырық нарға артқан қазына

Бәрін де соған беремін.

Көрімдігін берсін деп,

Келінін келіп көрсін деп,

Бұл сөзіме сенсін деп,

Көрімдігі Құртқаның

Көк ала бие жылқыда,

Інім десе берсін деп,

Қобыланды мені жіберді,

Береді деп биені

Үзбей отыр күдерді».

Көжектің сөзін есітіп,

Сәлімбай бай сөйледі:

«Бұл жібердім қалаға,

Бұзау, баспақ, танаға,

Арнап едім балаға,

Бір тайдың несін сұрайды

Әкете бермей далада.

Бір тай түгіл Қобыланнан,

Жалғыз жаным садаға,

Қалағанымды алдым деп,

Мақтанып барсын алдына

Тоқтар сынды ағаға».

Байдың сөзін есітіп,

Қара ала атты көсілтіп,

Қайта шапты балаға.

«Қалағаныңды берді», – деп

Шыбын жаным құрбан қып,

Қара Көжек арада.

Баладан болып садаға

Ұстап беріп биені,

Жад қылады иені.

Қарны жерге тиеді,

Құртқа сұлу күймеден

Қарғып түсіп биені

Маңдайынан сүйеді,

Көшіне тіркеп жөнелді

Көк ала бие шұрқырап,

Көбік шашып бұрқырап,

Емшегі бұлақ иеді.

Айы-күні жетіп тұр,

Тууы тұлпар қиын боп

Жүруге халі бітіп тұр,

Ішінде тұлпар тулайды,

Биенің тынысы бітіп тұр,

Қасына адам жолатпай,

Құртқа жалғыз күтіп тұр.

Көк ала бие дөңбекшіп,

Домаланып сұлады.

«Тұншығып тұлпар қалар», – деп,

Құртқаның жаны шығады.

Тонын жарып тұлпардың,

Құлынға тыныс қылады.

Сонда жатып құлындап,

Бурыл тұлпар туады.

Тұяғын жерге тигізбей

Үстіндегі шешініп,

Құртқа сынды сұлуың,

Алтын тонға орады.

Аузын үріп сыпырып,

Маңдайынан иіскеп,

Шүкір ғып Хаққа тұрады.

Аршын басты Бурылы,

Қабырғада қанаты,

Сұлтанымның жан аты.

Күн түсірмей көзіне,

Жел тигізбей өзіне,

Үстіне шатыр тіккізді.

Құртқа сынды сұлуың

Айтса сөзін өткізді.

Көп нөкерін жүгіртіп,

Не керегін жеткізді.

Үйір болып сол жерде,

Қырық күнге шейін Бурылға

Қулықтың* сүтін емізді.

Және қырық күн біткенше,

Қысырдың сүтін емізді.

Сексен күні біткесін,

Тоқсан күні жеткесін,

Арымасын, талмасын деп,

Маңқа, қолқа* болмасын деп,

Жеміне қосып қыз Құртқа,

Қызыл дәрі жегізді.

Бурылға қыз Құртқа

Түндікпенен күн берді,

Түтікпенен су берді,

Дәрілеген жем берді.

Құртқа сынды сұлуың

«Отауды жығып, тиес», – деп,

Қобыландыға дем берді.

Алтыннан жабу оюлап,

Бурылға қыз Құртқа

Құлағын тігіп қиюлап,

Балағына түсірді.

Елі түсіп есіне,

Дүйсенбі күні бесінде,

Отауды жығып көшірді.

Бурылын құндақтап,

Биені тіркеп көшіне.

Асқар төбе бел еді,

Белден көшкен ел еді,

Көшті тартып келеді.

Бірнеше күн дегенде

Тоқтарбайдың жанына

Отауды әкеп тігеді.
Әлқисса, Қобыланды батыр әкесі Тоқтарбайдың жанына отауын тігіп жатып, әкесіне келіп:

– Мен кеткелі жылқыдан біраз айлар болды. Сонан бері тоқсан құл мен малдан хабар бар ма? – деп сұрады.

Жоқ, шырағым, құлдан да, малдан да хабар жоқ, – деді.

Құйған шайдан ішпей, ашытқан балдан ішіп, «Мен малдың хабарын біліп келейін», – деп жүріп кетті.


Базарда бар ақ мата,

Ойнақтайды жас бота,

Бұл сөзімде жоқ қата.

Әкесімен сөйлесіп,

Атқа мінді күн бата.

Отарда жатқан жылқының

Қарасын көрді таң ата.

Барса малы аман-ды,

Құлдар көріп қуанды,

Қобыланды батыр келгесін

Көтеріп қолға ту алды.

Судай тасып жұбанды,

Қыдыр дарып, бақ қонған

Келгеннен соң Қобыланды.

Бөтен сөзді қоялық,

Не қылып жатыр қыз Құртқа,

Енді содан сөз қозғап,

Ақ қағазды боялық.

Естеміске қосылып,

Ит жүгіртіп, құс салып,

Қобыландыдай батырың

Жата берсін балалық

Аз ба, көп пе жатқаны

Қобыландының, қаралық.

Құртқаның баққан Бурылы

Жасқа толып, тай шықты,

Жалтырап маңдай ай шықты,

Тайдан құнан бұл шықты,

Тасқа тиген тұяғы

Көмірдей ойып жаншыпты.

Құнаннан шығып – дөнен-ді,

Күн көрмеген көбен-ді,

Жуандап мойны өссін деп,

Бір байталға жіберді.

Бестісінде үйретті.

Жібек арқан құлаштап,

Таралып мойны өссін деп,

Ұзын байлап сүйретті.

Алты жасқа ақтатты,

Өзіне өлшеп Бурылдың

Алтыннан тұрман қақтатты.

Ат болар деп батырға

Бурылын мақтатты.

Құртқа сұлу батырға

Қарағай найза саптатты.

Алмас қылыш соқтырып,

Күмістен қынын шақтатты.

Бурылының қыз Құртқа

Кекілін, жалын тарайды.

Күніне неше қарайды,

Салдырып оған сарайды,

Баласындай жебеді.

Күніне неше баулыды,

Атқа қылған еңбегі

Күннен-күнге көбейді.

Алты жасқа толғанша

Қобыландыдай батырың

Үйге, сірә, келмеді,

Бар еді Құртқам демеді.
Әлкисса, сол кезде Қызылбастың елінен Қазан деген ер шығып, Ноғайлының жерін, Қырлы қала, Сырлы қала деген екі қаласын тартып алды. Қырлы қалаға бектерін, Сырлы қалаға жендеттерін жатқызып, жатып алды дейді.
Қызылбастың елінен

Қазан деген ер шықты.

Жөн білмеген шер шықты.

Ноғайлының көп елін

Олжалап шауып жаншыпты.

Бағынбаған адамын

Қырып, жойып таусыпты.

Жерін, малын олжалап,

Қатарынан асыпты,

Мал-жанына қарамай

Ноғайлы елі қашыпты.

Олжалап жанын басыпты,

Ноғайлының көп елін

Қаратабан десіпті.

Қырлы қала, Сырлы қаласын

Тартып алып ер Қазан

Гүрілдеп судай тасыпты.

Сырлы қала дейтін қаласы

Қорғансыз сырты ашық-ты,

Қырлы қала дейтін қалаға

Атарман да шабарман,

Бектері басын қосыпты.

Қырлы қала маңынан

Жау жүре алмас десіпті,

Көңілі сондай өсіпті.

Қызылбастың ағасы,

Қырлы қала шаһарының

Бір жағы судың жағасы,

Алты қабат ор қазып,

Тереңдігін мол қазып,

Бекіткенін қарашы.

Қырық жерден құйдырып,

Болаттан соғып қақпаны

Алпыс батыр жапқаны

Жер жүзіне жайылды,

Ноғайлының көп елін

Шауып алып жатқаны.
Әлқисса, Қазанның бұл хабарын төменгі қырық мың үйлі Қиятта Сейілдің баласы Қараман батыр естіп, аттың жалын тартып, атадан ер болып туғасын, Ноғайлының жеріне қызылбастарды қондырып қоюымыз сүйекке таңба емес пе деп, елінен аттанып шықты.
Қырық мың үйлі Қияттан

Қырық мың әскер қол алып,

Ақ қара бас ту алып,

Қызылбасқа жол алып,

Көшірем деп Қазанды,

Бұ да күшті мол алып,

Боз ат шалып Құдайға,

Жұртын жиып қуанып,

Қияттан шыққан бес батыр

Қарақозы, Аққозы –

Қатардан асқан қос батыр,

Қаражан ұлы Қосдәулет –

Топты бұзған бұл батыр

Қара Боқан жауырыншы

Түнде қалың жол тартар,

Ғайыптан болжап сөз айтар.

Қарамандай батырдың

Қабағына қар қатты,

Кірпігіне мұз қатты,

Қазанның естіп хабарын

Ұйқы көрмей түн қатты,

Ноғайлыны алды деп,

Сүйекке таңба салды деп,

Өлейін десе жан тәтті,

Кірейін десе, жер қатты,

Қырық мың әскер қол алып,

Қайырын сұрап сапардың

Қызылбасқа жол тартты

Қостанып шыққан қосынға

Қараман батыр толғапты:

– Тілімді алсаң, азамат,

Жаппарға жан аманат,

Қараспан тауын жайлаған

Қалың Қыпшақ елі бар,

Қобыланды деген ері бар,

Дуа тиген керемет,

Атағы жұртқа мәлім ед,

Баса жүріп қонысын,

Барса ертіп алайық,

Ермесе бата сұрайық,

Жақсыдан тиер шарапат!

Жасы құрдас менімен,

Мұңы мұңдас менімен,

Жылы жылдас менімен,

Мақұл көрсең әлеумет,

Сөз айтамын шынымен,

Жүрейік соның жолымен!»

Ақылдасып көп Қият,

Мақұлдасып сонымен,

Баса жүрді жолымен.

Қараспан таудың етегіне

Келіп қонған Қараман

Ауыр әскер қолымен,

Көп әскерді көргесін,

Жай емесін білгесін,

Қобыландыдай батырың

Енді атына мінеді.

Жақындап қарсы келеді,

Естемісті жіберіп,

Кім екенін біледі.

Естеміс барып қосынға

Достығына сенеді.

Батырға атой* береді,

Қобыланды да келеді.

Қараманмен көрісіп,

Амандық сұрап білісіп,

«Жол болсын, құрдас», – дегенге,

Қараман құрдас не деді:


Әлқисса, Қараман батырдың Қазанды алуға бара жатқандығын айтқан жері:
«Мен Сейілдің ұлы Қараман,

Қазанға кетіп барамын.

Жүрмеймісің, құрдасым.

Қол ағалық* қыламын»

Замандасым, мұңдасым,

Заманың бірге сырласым,

Жылың бірге жылдасым,

Жасың бірге құрдасым,

Қазанның алған шаһарына

Сапар тартып жол шектім.

Жүрмеймісің жолбарысым?

Қобыланды сынды, батырым,

Жасыңнан артық ақылың,

Жұлдызың туған жоғары

Білемін, Қобылан, данасың!

Дұға тиген ер едің,

Кезіңе келген дұшпанның,

Білемін, Қобылан, оңбасын!

Осы қылған сапарға

Кетемін ертіп сені деп,

Әдейі келдім, жолбарысым!»

Сонда Қобылан сөйледі,

Әзіл айтып іледі,

Езу тартып күледі,

«Мінетін атым қолыңда,

Барар-бармас жолымды

Хабар салып алайын

Үйдегі Құртқам біледі

Алты жыл болды баққалы,

Түндікпенен күн беріп,

Түтікпенен су беріп,

Бағымды бастан алмасын.

Алды-артымды шалмасын,

Қияметтік жолдасым,

Жан серік атым қолында,

Үйдегі Құртқам біледі.

Менің де барар-бармасым».

Бұл сөзді айтып Қобыланды

Шатырға қайтып келеді,

Келіп сөйлей береді:

«Мынау келген көп қосын

Сейілдің ұлы Қараман

Қазанға қылған жол, – деді.

Алып келгін Бурылды,

Жүр деп отыр бұл, – дейді.

Барамын бірге мен», – дейді.

Базарда бар ақ мата,

Ойнақтайды жас бота,

Бұл сөзімде жоқ қате,

Қобыландының жанынан

Естеміс шыққан ел жата.

Тоқтарбайдың жанында

Құртқаң тіккен отауға

Естеміс келді таң ата.

Таң сарғайып атқанда,

Шолпан жұлдыз батқанда,

Ақ отаудың ішінде

Құртқажан ұйықтап жатқанда.

Естеміс келіп сөз қатты,

Күн шыққан жоқ, таң атты,

Дауыстап тұстан сөйледі:

«Үйдемісің қыз Құртқа,

Түздемісің қыз Құртқа,

Әйел болдың амал жоқ,

Егер еркек болғанда,

Болар ең жұртқа бір тұтқа.

Мінген атым қызыл-ды,

Іс тағдырға сызылды.

Жол қылмаққа дұшпанға

Батырдың көңілі бұзылды.

Мінуге керек қазанат,

Беліне керек шар болат,

Денеге керек жалаңқат*,

Жаппарға жан аманат,

Жалғыз емес Қобыланды,

Қияттан шықты қолқанат,

Батырың мініп шабуға,

Асыл туған, Құртқажан,

Жарамай ма, жарай ма?

Алты жыл баққан Бурыл ат».

Сонда сұлу қыз Құртқа

Қылаң етіп, қылт етіп,

Сылаң етіп, сылт етіп,

Шекеде шоғы бұлт етіп,

Алтынды тоны жылт етіп,

Сауулы інгендей ыңқылдап,

Күшігендей сыңқылдап,

Сүмбіледей жылтылдап,

Буыны түсіп былқылдап,

Алтын қалпақ дулыға,

Шекесінде жарқылдап,

Мақпал төсек мамықтан,

Алтын иек, ақ тамақ,

Көтеріп басын сөйледі,

Естеміс құлға былқылдап:

«Екі саулық, бір қозы

Берер едім қырқарға.

Дүниедегі адамзат

Жан тоя ма іңкәрға?

Жұмсады ма сіздерді

Үйдегі бурыл тұлпарға

Дұғай сәлем дегейсің,

Тұлпарына жұмсаған,

Жұрт иесі сұңқарға,

Және де сәлем дегейсің

Қарамандай құрдасқа,

Заманы бірге сырласқа,

Жылы бірге жылдасқа,

Жауы бірге мұңдасқа.

Аттың күні толмай тұр,

Зор салмасын жолбарысқа.

Мінемін көшке көк қасқа,

Саламын қамшы жамбасқа,

Бөрі де қастық қылмайды,

Жанындағы жолдасқа!

Бәдік* пенен той басқа

Ешкі менен қой басқа,

Шайтан менен жын басқа,

Бәйбіше мен күң басқа,

Туған ұл мен күң басқа.

Жұмсады ма сіздерді?

Біздей нашар жолдасқа,

Жолдасына жұмсаған

Бас құрмалдық дегейсің,

Қараспан тауды жайлаған

Халық иесі жолбарысқа!

Әуелі Құдай алмасын,

Алды-артымды шалмасын.

Тілімді алса сұлтаным,

Бұл сапарға бармасын,

Бұл олжадан алмасын,



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет