Оқытудағы жаңА Әдіс-тәсілдер қоржынынан есбосын нағиша қожақҚызы №10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация»


Оқылым бойынша ширату жаттығулары



Pdf көрінісі
бет64/108
Дата26.01.2023
өлшемі1.99 Mb.
#468776
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   108
Жаңа әдіс тәсілдер кітап

Оқылым бойынша ширату жаттығулары 
 
Соңғы сөз – сөйлемнің басы 
Оқушылар шеңбер бойымен тұрады. Олардың бірі қозғалып жүре бастайды 
да, кездейсоқ бір оқушының алдына тұрып, оған бір пікірді айтады, мысалы, 
«Сенбі – менің аптадағы ең жақсы көретін күнім». Біріншінің артында 
тұрған оқушы шеңберді айналып жүріп, басқа баланың алдына барып тұрып, 
жаңа бір пікірді айтады, жаңа пікір осының алдындағы пікірдің соңғы сөзінен 
басталуы тиіс, «Күн артынан күн өткенімен, жаңбыр толастар емес». Бұл 
тапсырма барлық оқушылар қатысып болғанға дейін жалғасады. 
Анықтамасын табу 
Тірек сөздер мен олардың анықтамалары жазылып, қиылған жинақ 
араластырылған күйінде оқушыларға беріледі. Олар әр сөздің анықтамасын 
табу керек. Мысалы: Салыстыру. Жансыз затқа адамға тән сипаттар берілуі. 
Метафора. Екі элементтің арасын салыстыру, мысалы «А Ә-ға ұқсайды» 
немесе «А дәл Ә сияқты». Кейіптеу. 
Құбылыстар мен заттардың ұқсастық 
белгілері
негізінде астарлы мағынада қолданылуы.
 
Сөйлемнен алынып тасталған сөздердің орнын толтыру 
Оқушылар мәтіндегі қалдырылып кеткен сөздердің орнын толтырады. 
Тапсырмада қалдырып кеткен сөздер беттің төменгі бөлігінде 
орналастырылуы (қате тәртіпте) мүмкін. 
Мысалы: 
Бұл ________ түн болатын. _______ қиылысқан _________ секілді жап-жарық 
қылып сәулелендіріп тұрды. _________ бұрын ешқашан _________ сияқты 
болған жоқ. 
 
A – 
Я 
Оқушылар тақырыппен байланысты тірек сөздерді әліпби әріптерімен 
сәйкестікте жазады, олар қанша әріп жаза алса, сонша жазады. Мысалы, егер 
тақырып поэзия болса, онда оқушылар былай істей алады: 
A – 
Абай 
Ә – Әсірелеу 
Б – Байғанин Нұрпейіс 
76 


Оқылым дағдысын дамытуға арналған жұмыс түрлері 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет