күрделі бейне, түйсіктің
негізінде пайда болған, заттың жеке қасиетін ғана
емес, олардың жиынтығын, бүтіндігін
бейнелейді; үшіншісі - бұл да
шындықтың толық сезімдік бейнесі,
бірақ ол тікелей қабылдамайды, ес
арқылы қайта көрінеді.
Рационалдық таным (логикалық ойлау, абстрактілік ойлау) - бұл екінші,
танымның жоғарғы сатысы. Ол сезімдік танымның нәтижесіне сүйенеді, бірақ
өзі көрнектілікті қажет етпейді, шындық пен тікелей байланыста болмайды
және синтездік қортылған білім береді, бұларсыз
адам қызметі тиянақты
болмайды. Рационалдық таным да үш түрде болады: ұғым, пікір ой қорыту.
Біріншісі ой түрінде, заттар мен құбылыстардың ең жалпы маңызды
жақтарын, сапасын, байланысы мен қатынасын бейнелейді,
екіншісі ойды
жеткізу үшін түрлі ұғымдар арасындағы қатынасты белгілеп анықтайды,
қандай да болсын бір зат жайында бір нәрсені мақұлдайды немесе теріске
шығарады; үшіншісі, пікірдің ерекше түрі,
оның арқасында бір немесе
бірнеше пікірден (алғышарттан) туатын, біздің білімді қорытындылайтын
жаңа пікір ( ой қорыту) туады.
Достарыңызбен бөлісу: