Өлкетану бөлімі Ө Ө л л к


Саяқ – ҚТП және темір жол стансасы, әуелде төбенің аты. Қырғыз халының Саяқ  тайпасымен қатысы жоқ. «Саяқтөбе» ұғымындағы атау.  Тарғыл



Pdf көрінісі
бет10/51
Дата23.01.2023
өлшемі0.79 Mb.
#468619
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   51
toponimkaz

Саяқ – ҚТП және темір жол стансасы, әуелде төбенің аты. Қырғыз халының Саяқ 
тайпасымен қатысы жоқ. «Саяқтөбе» ұғымындағы атау. 
Тарғыл – Балқаш көлінің солтүстік жағалауындағы мекен (сай, тау) аты. Осы 
аймақта өсетін өсімдікке байланысты қойылған атау. Кейіннен этникалық топ атына 
айналған. 
Тарғылата – Тарғыл тауының ең биік шоқысы. «Береке басы» ұғымына тән сиындық 
мәнді жер. 
Тентек – өзен. Өзеннің Тентек аталуы оның құтырына аққан, қатты ағысына 
байланысты қойылса керек. Таудан төмен қарай аққан көп өзен Тентек өзеніне қосылып, 
су көлемі көбейіп, арнасы толған соң екпіндей, сарқырап-күркіреп, қатты ағуы табиғи 
құбылыс. 
Шахтинск – бұрынғы төбе, жайлау, қазіргі қала. Бұл атау сырына Ғ.Қонқашбаев, 
А.Әбдірахмановтар тоқтала келіп, Шаған монғолдың цагаан /ақ/ деген сөзінен 
бұрмаланған атау дейді. Монғолша-қазақша сөздікте цагаан сөзі ақ деп аударылған. 
Монғол тіліндегі ц дыбысының қазақ тілінде ш дыбысымен берілуі заңды құбылыс 
 
 
 
Абай ауданы 
Ақбастау – ауыл, Сарыарқадағы тау және мекен аттары. Этим.: 1) «Ақбас» руының 
тауы; 2) «тұнық бастау» мәндес атаулар. 
Жартас – мекен аты. Көне түр. чарташ түрлерінде келеді. Атау «тасты жар» деген 
мағынаны білдіреді. 
Көксу – ауыл. «көк өзен» мәніндегі атау. 
Қарабас – поселке. Атаудың тура мағынасы «қара бас» 
Қоңыртөбе – төбелер атауы. Атау «қоңыр өсімдігі қалың төбе» деген мағынаны 
білдіреді. 
Құмадыр – тау. Атаудың тура мағынасы «құмды адыр» 
Тектұрмас – тау. Бурында өткен-кеткендерді торитындардың бұқпа жері. 
Топар – өзен, көне атау. Қарағанды облысының Абай ауданындағы жұмысшы кент 
атауы. Бұл өзен аты оның ағысы мен табиғатына байланысты қойылған. Шығу төркіні 
жағынан түркі үндіеуропа тілдеріне тарататындай. Өйткені тіліміздегі тапыр-тапыр 


13
(қатты, асығыс жүріспен байланысты еліктеу мәніндегі сөз), сондай-ақ апыл-тапыл, 
апыр-топыр тәрізді қос сөздердің «тапыр», «топыр» сөздері және топан су («ағыны 
қатты сел, су») топ сөздерінің синкретикалық түбірі – то//тап//топ. Ал атаудың екінші 
құрамындағы ар тұлғасын о бастағы жеке мағыналы сөз деп танудың орны бар. Демек, 
«Топар» «жылдам, тез, ағыны қатты өзен» деген мәнге лайық. 
Шерубай-Нұра – Қарағанды облысының Абай ауданында Шерубай-Нұра деп 
аталатын өзен және аттас бөген бар. Атау дара мағыналы екі сөзден жасалған, бірінші 
Шерубай сыңары кісі есімінен жасалған. Ол көне түркі тіліндегі шери, алтай тіліндегі черу 
– «әскер», «армия» дегенді білдіретін сөз, ал ұйғыр, өзбек тілінде шериқ деп аталып, 
«әскер, қолбасшы» деген мағына береді. Бұл сөзге қазақ тіліндегі бай сөзі қосылып кісі 
есімі жасалған. Ал гидронимнің екінші Нұра сыңарын зерттеушілер монғолдың жыры 
дегенді білдіретін сөзі деп түсіндіреді. 
Ялта – елді мекен. Бақсақ бұл өңірдің байырғы атауы «Алты үй» екен. Жуан сіңір 
байлардан зәбір көрген алты кедей осы бір жалаңаш бұйратты сағалап отырса керек. Содан 
«Алты үй» атанған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет