13
(қатты, асығыс жүріспен байланысты еліктеу мәніндегі сөз), сондай-ақ
апыл-тапыл,
апыр-топыр тәрізді қос сөздердің
«тапыр», «топыр» сөздері және топан су («ағыны
қатты сел, су») топ сөздерінің синкретикалық түбірі –
то//тап//топ. Ал атаудың екінші
құрамындағы ар тұлғасын о бастағы жеке мағыналы сөз деп танудың орны бар. Демек,
«Топар» «жылдам, тез, ағыны қатты өзен» деген мәнге лайық.
Шерубай-Нұра – Қарағанды облысының Абай
ауданында Шерубай-Нұра деп
аталатын өзен және аттас бөген бар. Атау дара мағыналы екі сөзден жасалған, бірінші
Шерубай сыңары кісі есімінен жасалған. Ол көне түркі тіліндегі
шери, алтай тіліндегі
черу
– «әскер», «армия» дегенді білдіретін сөз, ал
ұйғыр, өзбек тілінде
шериқ деп аталып,
«әскер, қолбасшы» деген мағына береді. Бұл сөзге қазақ тіліндегі
бай сөзі қосылып кісі
есімі жасалған. Ал гидронимнің екінші Нұра сыңарын зерттеушілер монғолдың жыры
дегенді білдіретін сөзі деп түсіндіреді.
Ялта – елді мекен. Бақсақ бұл өңірдің байырғы атауы «Алты үй» екен. Жуан сіңір
байлардан зәбір көрген алты кедей осы бір жалаңаш бұйратты сағалап отырса керек. Содан
«Алты үй» атанған.
Достарыңызбен бөлісу: