Миньковка – село. Атау Екатеринославский (Днепрпетровский) облысынан келген,
онда Миньково (Маньково) слободасы болған.
Покорное – село. Елібай деп аталатын жерді Покорное («Покоряться должны, их
дело покоряться» - деген сөзден шыққан) деп ақ патшаның жендеттері ат берген.
Эстониядан келген қоныс аударушылар іргетасын қалаған.
Самарқан – село, Ленин ауылының орталық мекені. Теміртау қаласының алғашқы
атауы. Самарқан поселокесіне 1906 жылы адамдар тұра бастады, ал 1909 жылы 10
ақпаннан бастап дербес ауылдық басқару құқығын алды. Поселкеге алғашқы жылдары
Самаркан губерниясынан немістер келген. Атау екі сөздің негізін алған: «Самар» – қоныс
аударушылардың бұрынғы тұрған отаны және «қант» елді мекен деген мағынада. Осымен
тұрғындар өздерін самарқандық екенін айрықтаған.
Сарыадыр – «Қызыл Октябрь» ауылының учаскесі. Атау «борпылдақ тау
жыныстары» деген мағынаны білдіреді.
Сарыкөл – ауданның оңтүстік жағындағы көл. Атау «кең көл» деген мағынада.
Сарытөбе – Жауыр тауының жағасындағы өңір, Свердлов атындағы ауылдың екінші
бөлімшесінің орталығы. Бұл жерде 1902 жылы атақты жазушы Ғабиден Мұстафин туған.
Атау «кең» немесе «мол төбе» деген мағынаны білдіреді.
Саумалкөл – көл аты. Орын алып келген «саумал» (биенің сүті) мәніндегі түснік
дұрыс емес сияқты. Өткен ғасырдағы орыс зерттеушілері саумалсөзін өсімдік атымен
ұштастырады.
Семізбұғы – тау. Атау «семіз бұғы» немесе «шөптің түрі» деген мағынада.
Суықсу – село, Октябрь мамандырылған шаруашылық бірлестігінің орталық мекені.
Атау «суық жылға» деген мағынаны білдіреді.
Тасауыл – «Березняки» ауылының бөлімшесі. Атау «тасты ауыл» деген мағынада.
Тастышоқы – елді мекен, Кузнецк ауылының екінші бөлімшесі. «Тасты үсті үшкір
шоқының» етегінде орналасқан.
Таушық – елді мекен, Буденый атындағы ауылдың бөлімшесі. Түр. тау және шиғ(л) немесе чиг(л) сөздерінен қалыптасқан этнотопонимге жорамалдынылады.