Өлкетану бөлімі Ө Ө л л к


«Ұлытау» атауы пайда болған.  49 Шет ауданы



Pdf көрінісі
бет48/51
Дата23.01.2023
өлшемі0.79 Mb.
#468619
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
toponimkaz

«Ұлытау» атауы пайда болған. 


49
Шет ауданы 
Абылқайыр – Қарағанды облысы, Шет ауданындағы өзен аты. Абылқайыр – кісі 
есімі. Атау арабтың екі сөзінен Әбіл+хаир құралып, «мырза, жомарт, қайырымды» дегенді, 
яки «жомарттықтың, қайырымдылықтың атасы» деген мағына береді. 
Айса – Қарағанды облысы, Шет ауданындағы өзен. Атау қазақ тіліне арабтардан 
ауысқан. Айса<Иса атауының арғы шығу тегі (Иссус) көне еврей сөзімен байланысты. 
Ақадыр – елді мекен аты. Этим.: бұл атаудағы ақ сөзінің түспен байланысы жоқ; ақ – 
өсімдіктің түрін көрсетеді. «Ақ отты адыр» мәніндегі атау. 
Ақсеңгір – Қарағанды облысы, Шет ауданындағы село; тау – биік. 671,9 м. Атаудың 
бірінші құрамындағы «ақ» сөзі тау, төбе, жота басындағы бор, кварц, мәрмәр сияқты ұсақ 
тас жыныстарының алыстан жылтылдап, жарқ-жұрқ етіп жатқан түсін білдірсе, екінші 
құрамдағы «сеңгір» сөзі иран, түркі тілдерінде зеңгір // заңғар тұлғаларының варианты 
ретінде қолданылады да, «биік, қыр, жота» мәнін білдіреді. Тәжік тілдеріндегі сингистон – 
«жарысты тау, таулар» сөзіндегі санг – «тас» болса, азерб. сенг – «тас», «жартас», сенгяр – 
«құз, қия жартас». Демек, Ақсеңгір «ағарып көрінген биік төбе, тау» деген мағынаны 
білдіреді. 
Ақсу-Аюлы – елді мекен аты. Шет ауданының орталығы. Қос тұлғалы атау: Ақсу 
және Аюлы тауларының қосарланған түрі. 
Ақшатау – поселке аты. Ақшатау – қаз. этникалық тобына тән атау. 
Ақши – қыстау. «Ақотты, шилі» жер мәніндегі атау. 
Байшегір – өзен. Бұл этногидроним, яғни ру атынан қойылған өзен. 
Дария – Қарағанды облысы, Шет ауданындағы өзен, елді мекен аты. Атау иран 
тілінде «өзен» дегенді білдіреді. Бұл географиялық атау әдетте қазақ тілінде «үлкен, сулы 
өзен» деген ұғым береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет