Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогика Университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Тілдік дағдылардың ерекшеліктерін сипаттау
Орындаған: Абирова К.О
Тексерген: Салгараева Г.И
Алматы 2023
Айтылым тілдік төрт дағдының бірі және ол жазылым сияқты продуктивті дағдылар қатарына жатады. Яғни тілді қабылдап үйренуден гөрі оны қолдану, сөйлеу көрініс тауып отырады. Қарапайым тілмен айтқанда, айтылым дегеніміз – өзге адамдармен қарымқатынасқа түсу барысында ойымызды жеткізу үшін тілдік бірліктерді қолдану. Сөйлесу барысында кейбір біз әрекеттерді жиі қолданамыз және олардың тізімі төмендегідей:
1. Сөздерді дыбыстау
2. Сұрақтарға жауап беру
3. Интонацияны қолдану
4. Бірнәрсені түсінбеген жағдайда түсіндіріп беруді өтіну
5. Сөйлеген сөзін бақылау және өзін-өзі түзетіп отыру
6. Пікірталасқа қатысу
7. Сөйлеу барысында қажетті стильді қолдану
8. Дилогқа қатысу (әңгімеге араласу)
9. Адамдармен сәлемдесу
10. Сөйлеу сөзін жоспарлау (презентация жасау барысында)
11. Жест, мимиканы қолдану
12. Ақпаратты сұрау немесе айту
13. Грамматикалық тұлғаларды қолдану
14. Сөз және сөйлем екпінін қолдану
15. Сөйлеуші сөзін аяқтаған кезде, кезек алып сөз бастау
16. Оқиғаларды баяндап беру 17. Тілді сауатты қолдану
18. Сөйлемді қайта құрастыру (перифраза), яғни бірнәрсені айтып берудің басқа жолын қарастыру. 19. Сөйлеушінің сөзін бөлу
20. Сөйлеу барысында кідіріс жасап отыру Жоғарыда айтылған тізімнен шығатын айтылымның ішкі дағдылары мынадай:
• Грамматиканы, сөздерді және қарым-қатынасқа түсу функцияларын (қарымқатынасқа түсу себебі мен мақсаты, мысалы: сәлемдесу, кеңес беру, кешірім сұрау, т.б.) қолдана білу;
• Сөйлеу барысында қажетті стильді қолдана білу;
• Сөздерді дыбыс үндестігінің ерекшелігіне сай айта білу;
• Вербальді емес тілді қолдана білу (ым-ишара, мимика);
• Мәтін түрлерін (жаранама, хат, мақала) жаза білу;
• Ауызша флуенттілік (нормаға сай жылдамдықта, аздаған кідіріспен, қайталаулармен өзін-өзі түзете отырып сөйлесе білу және дыбыс үндестігін табиғи түрде қолдана білу);
• Интерактивті стратегияларды ( сөйлесу барысында адамдарды қызықтырып, тілдесуге тартудың жолдарын білу) пайдалана білу. Айтылымның ерекшелігін білу мұғалімге оны терең дамытуға, әртүрлі әдістәсілдерді қолдана отырып сабақты жоспарлауға мүмкіндік береді. Айтылымды сыныпта қолдану
• Айтылым әртүрлі ішкі дағдыларды қамтиды. Оқушылардың айтылымдағы жетістігі олардың әрқайсысын практикалық жаттығулар арқылы дамыту арқылы көрініс табады. Яғни айтылымның белгілі бір аспектісіне назар аударып, практикалық 6 жұмыстарды жүйелі жүргізу арқылы оқушыларға көмектесуге болады. Мысалы: интонация, флуенттілік, сөздерді қолдана білу, т.б.
• Бастапқы уақыттарда айтылым дағдыларының көп бөлігін жаттықтыру барысында бақылауға алынған практика әдісі қолданылады. Ол жаттығуларға сөздерді дауыстап айту, қайталау және сөздерді жаттап айту (есте сақтау) сияқты әдістер жатады. Бұл оқушыларға сөздерді, олардың дыбысталуын, грамматиканы айтылым барысында сауатты қолдануға көмегін тигізеді. Сонымен қатар қолданып тұрған сөздерінің дұрыс екенін білу оларға сенім ұялатады. Бұл әдістен басқа жартылай бақылауға алынған практика және еркін практика сияқты әдістер бар.
Айтылымға арналған сабақ құрылымы төмендегідей:
1. Кіріспе: сабақ тақырыбын таныстыру және сол сабаққа қажетті жаңа сөздерді немесе тілдік форманы үйрету.
2. Негізгі бөлім: Жаңадан үйренген сөздерді немесе тілдік форманы жаттықтыруға арналған тапсырмалар. Бұл жаттығулар бақылауға алынған практикалық жұмыстардан бастап, жартылай бақылауға алынған практикалық жаттығуларды қамтуы мүмкін. Оның барлығы сынып деңгейі мен сабақ мазмұнына байланысты.
3. Бекіту бөлімі: оқушыларға тақырып аясында еркін сөйлеуге және үйренгендерін қолдануға мүмкіндік беретін тапсырмалардан тұрады.
Жазылым продуктивті дағдылар қатарына жатады. Яғни продуктивті дағды дегеніміз тілді қолданып сөйлеу немесе жазу. Қарапайым тілмен айтқанда, жазылым хабарды қағаз бетіне түсіруді қамтамасыз етеді. Жазу арқылы коммуникацияға түсу үшін біз әріптер мен сөздерді пайдалана отырып, сөйлем құрай алуымыз керек, ал сөйлемдерді топтастыру арқылы біздер өз ойымызды жеткізе аламыз. Жазылым түрлеріне мыналарды жатқызуға болады: тізім жасау, құттықтау қағазы, электрондық хат, күнделік, хабарлама, әңгімелер, эссе және т.б. Әр жазылымның өзіне сай ерекшелігі болады: жазу стилінің деңгейлері: ресми (ғылыми, іс қағаздар стилі) және бейресми (ауызекі сөйлеу сөздері, хабарламалар); қағаз бетінде орналасу тәртібі; ақпараттарды орналастыру реті; мәтіннің ұйымдастырылуы. Жазылымның ішкі дағдыларын екі топқа бөліп қарастыруға болады. Біріншісі – сауаттылық, ал екінші тобы – идеяны (ойды) жеткізе білуі.
Сауаттылыққа қатысты дағдылар:
1. Орфограяфиялық қатесіз жазу;
2. Әріптерді дұрыс және қосып жаза білу;
3. Пунктуацияны дұрыс қолдану;
4. Қағаз бетіне дұрыс орналастыра білу;
5. Сөздерді дұрыс таңдай білу;
6. Грамматиканы дұрыс қолдану;
7. Сөйлемдерді дұрыс байланыстыра білу;
8. Абзацты (жаңа азат жолдан басталған, бір идеяға ғана негізделген көлемділеу жазылым бөлігі) дұрыс ұйымдастыра білу.
Идеяны жеткізе білуге қатысты дағдылар:
1. Стильді дұрыс таңдай білу;
2. Идеяларды жүйелі ұйымдастыра білу;
3. Мәтін түрлерінің ерекшеліктерін қолдана білу және мағынасын жеткізе білуде қажетті функцияларды пайдалана білу. Функцияларға баяндау, шағымдану, өтініш білдіру, алғыс айту, қысқарту (бірнеше сөздермен негізгі идеяларға тоқталу), қорытындылау жатады Жазылымда қарастырылатын тағы да бір екі аспект- үйлесімділік пен жүйелілік. Үйлесімділік дегеніміз сөйлеу және жазу тілінде грамматикамен сөздердің логикалық үйлесімде болуы. Ал үйлесімділік құралдарына үстеулер (кейін, сосын, келесі); есімдіктер (ол, сол, бұл,); шылаулар (дегенмен, әйткенмен, себебі), т.б. жатқыза аламыз. Жүйелілік дегенге келетін болсақ, ол оқырманға түсінікті болу үшін жазу тіліндегі идеялардың жүйелі және логикалық дұрыс байланыста болуы. Сыныпта белгілі бір жазылым тапсырмасын толық орындау үшін бірнеше қадамдар жасалады:
1. Әуелі жазғың келетін нәрсенің мақсатын анықтап алу (тақырып, идея, оқырман, стиль, жанр).
2. Ойыңды дұрыс жеткізуді жоспарлау.
3. Шимай нұсқасын (өзгертілуі мүмкін жазылым түрі) жазып көру.
4. Түзету ( қателерді түзету және мазмұнын толықтыру).
5. Тексеріп шығу (сауаттылыққа тексеру және түзеу).
6. Дұрыс нұсқаны (екінші немес соңғы нұсқаны жазып шығу) жазу.
Жазылымды үйретудің бірнеше жолдары бар. Солардың ең бастылары продуктивті жазылым және процесті жазылым. Егер үлгі беру арқылы жазылымды үйретсек, мұны продуктивті жазылым деп атаймыз. Яғни оқушыларды жазылым түрлерінің үлгісімен таныстырып, мәтінмен жұмыс жасатуы керек. Белгілі бір жазылым мәтіні, оның мазмұны, лексикасы, стилі және құрлымымен таныстырып, талдау жасату керек. Сонымен қатар үлгілер оқушыға қалай жазуы керек туралы идеяны да береді. Ал егер де мұғалім оқушыларға жазылымның барлық қадамдарымен жұмыс жасауды қамтамасыз етсе, бұл процесті жазылым деп аталады. Толығырақ айтқанда, оқушыларға тақырыпты талқылаудан бастап, жазылымды жоспарлау, алғашқы нұсқасын жаздырту, түзету, тексеруге, соңғы нұсқасына дейін орындата отырып, белгілі бір мәтінді құрастырту. Бұл оқушыларға жазылымның әртүрлі аспектілерін кез келген уақытта жаза білуге дағдыландырады. Мысалы, жоспарлау кезеңінде идеяларды ойлап табады және ұйымдастырады, алғашқы нұсқасын жазу кезеңінде өз ойларын жеткізу үшін қажетті сөздерді, сөйлем құрылымдарын іздейді, түзету және тексеру кезеңінде жазылымның ұйымдастырылуы, сауаттылығы, ондағы идеяларды бағалайды, яғни өз жұмысының артықшылығы мен осал тұстары туралы ойлануға мүмкіндік береді.
Оқылым рецептивті (қабылдаушы) дағдылар қатарына жатады. Яғни оқылым дағдысы мәтінді жазу, айтуда гөрі, оған жауап қайтару немесе мақсатқа сай әрекет етуді білдіреді. Қарапайым тілмен айтқанда жазба тілдегі мәтінді түсіну. Ол үшін біз мәтін тілін сөздер деңгейінде, сөйлем деңгейінде және тұтастай мәтін деңгейінде түсіне алуымыз қажет. Сонымен қатар мәтінде берілген ақпараттарды түсіну үшін ғалам туралы білімімізді қолданамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |