Орындаған: Еділ Әділет Серікұлы №1 тапсырма: Қазақ күресінің әдістері



бет1/4
Дата11.03.2023
өлшемі18.31 Kb.
#470644
  1   2   3   4
3 тапсырма


Орындаған: Еділ Әділет Серікұлы
1 тапсырма:
Қазақ күресінің әдістері 
Қазақ күресіндегі басты құрал, ол - әдіс-айла. Осы құрал қаншалықты 
жақсы меңгерілсе, соншалықты спортшының шеберлігі де шыңдала түседі. Өз 
кезегінде қазақ күресінің әдіс-айлалары да түрлі болып келеді. Қазақ күресінің 
оңтайлы әдістері: қырқа шалу, жамбастап тастау, айналдыра лақтыру және т.б. 
Бұлар шабуылдау кезінде қолднаылатындары. Ал енді қарсы шабуылдау 
кезінде қолданылатын әдіс-тәсілдер әдіс ретінде қарастырылады. 
Қазақ күресінің ережелері: 
- екі палуанның белден ұстауға құқы жоқ
- екі палуанның белбеуден ұстауға құқы жоқ; 
- жеңнен ұстауға болмайды
- жағадан ұстауға болмайды; 
- мойыннан қос қолмен ұстауға болмайды. 

Қауіпсіздендіру. Палуан күресу кезінде қалай болса солай емес, өзін-өзі 
қауіпсіздендіруі қажет. Қарсыласын лақтырған кезде өзінің тепе-теңдігін 
жоғалтып алғанын сезінсе, қарсыласының үстіне құламауға тырысуы қажет. 
Қауіпсіздендірудің басты мақсаты – палуанның өзі құлап бара жатқанда 
кездейсоқ соққыға ұшырамай, сақтануы: 
- алға, 
- артқа, 
- қырыңмен, 
- арқамен құлап үйрену. 
Алға құлау әдісі құлап бара жатып, қолмен жерді тіреу кезінде жүзеге 
асырылады. 
Артқа құлау екі жауырынның кілемге тиер-тиместен жайылған қос 
алақанмен кілемге тірей құлау. 
Тік тұрып күресу және қозғалыс: 
- тік тұрып күрескен кезде палуан денесі тура қалыпта болады; 
- тізе аздап бүгіліп, аяқ иық деңгейінде ғана алшақтанады. 
Бетпе-бет тұрыс
- иық пен тізе аздап бүгіледі;
- табандар бірдей қалыпты деңгейде тұрады; 
- өкше ішке бұрылып, дене сәл ғана алға еңкейеді. 
Оң жақ тұрыс
- оң аяқ алда; 
- сол аяқ артта
- дененің салмағы екі аяққа бірдей немесе оң аяққа көбіре түседі; - аяқтар 
аздап бүгілген күйде болады. 
Сол жақ тұрыс: 
- сол аяқ аздап алға таман
- дененің салмағы қос аяққа бірдей немесе сол аяққа көбірек түседі; 
- аяқтар аздап бүгіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет