Орындаған: Торежанова Г. Д. Тобы: 3-018 жм тескерген


Зәрдегі эритроциттер (гематурия)



бет3/5
Дата29.10.2022
өлшемі63.88 Kb.
#463592
1   2   3   4   5
Зар шыгару патфиз

Зәрдегі эритроциттер (гематурия). Дені сау балада аздаған мөлшерде гематурия анықталады. ол әдеттегі жалпы талдамаларда байқалады. Патологиялық гематурия гломерулонефритте, бүйрек тас ауруларында, туберкулезде, бүйрек полипозында, бүйрек және қуық ісігінде, коллагеноздық ауруларда, қан аурруларында және тағы басқалар да анықталады. Макрогематурияда зәр қызыл түсті (гломерулонефрит, зәр-тас аурулары, гемолитикалық анемия), ал микрогематурия микроскоппен зерттеу арқылы анықталады, (пиелонефрит, интоксикация және т.б.). Қан ағу көлемін анықтау қажет, шумақшалардың жедел бұзылысында (гломерулонефрит) эритроциттердің әртүрлі түрлерінде гемоглобин болмайды, зәрде эритроцитарлық цилиндрлерді анықтауға болады. Егер гематурия, бүйрек қосалқыларында зәр-жолдарында болса, зәрде ұйындылар байқалады және лейкоциттер, қымыздық-сірке қышқылдық қальций кристалы және зәр қышқылы анықталады. Зәр түтігінен қан ақса, фибриндік жабыспалар пайда болады. Қуық гематуриясында, әсіресе, кейінгі порциясында эритроцит құрамында гемоглобин болады. «Таза» гематурия, зәр тасы ауруымен ауыратын науқастарда кездеседі. Көрсетілген ерекшеліктер қан ағу жерін және ауру табиғатын сипаттай алмайды. Гематурияның негізгі себептері: гломерулонефрит кезіндегі шумақша капиллярының (қылтүтіктер) жоғарғы өткізгіштігі, уланулар, тамырлардың құммен немесе таспен зақымдануы (зәр қышқыл диатездері, зәр-тас аурулары).
Зәрдегі цилиндрлер (цилиндрурия). Цилиндрлер тек бүйректе түзіледі. Олар гиалиндік, эпителиальдық, қандық түйіршіктер сияқты болады. Дені сау балаларда олар анықталмайды. Бүйрек тіндерінің ауыр зақымдануында арнашықтар аппараттарында балауыз тәрізді (бүйректе дегенерализациялық үрдіс көбіне арнашықтарда) цилиндрлер болады. Зәрде құрамында цилиндрлер бүйрек патологиясында, қант диабетінде, сары ауруда, іш өту т.б кезінде болуы мүмкін.

Зәр зерттеудің сандық әдісі
Балалар нефрологиясында Зимницкий сынамасы және кең таралған сынама – сау балаларда сандық және зәрдің салыстырмалы тығыздығы, құрамында хлоридтер кең көлемде болуы. Патологиялық жағдайларда бұл көрсеткіштер бір сарынды және никтурия, концентрациялық және бүйрек функциясының бұзылысы.
Пішінді (формалық) элементтерді анықтау Каковский-Аддис, Амбурже, Нечипоренко зерттеу әдісімен анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет