Сюиталар, кантаталар, ораториялар
Хор сюиталары. Сюита деген жанр хор музыкасына аспаптық музыкадан енді. Сюита (француздың suite – қатар, тізбек деген ұғымды білдіреді) жалпы-көркемдік ой-желісімен біріккен, бірнеше жеке бір – біріне қарама-қарсы бөлімдерден тұратын цикликалық музыкалық форма. Хор музыкасында бұл жанр советтік дәуір кезінде пайда болды.
1926 жылы А. Пащенконың аралас хорға сүйемелдеусіз жазған «Төрт орыс-әндерінен құралған сюитасы» жарық көрді. Д. Васильев-Бугайдың «Стенька Разин», А. Давиденконың «Чечен сюитасы», М. Ковальдың «Халақтар семьясы» атты хор сюиталары шықты.
А. Новиков хор сюитасының жаңа бір «әндік» түрін ашты. 1938 жылы ол Хасан көліндегі жағдайларға байланысты «Хасан сюитасын» жазды. Сюита 5 бөлімнен тұрады: «Пала темная ночь», «Расскажи ты, ночь сырая», «Лейтенант Галимов», «Граната», «Стрелковая заозерная». Новиковтың соғыс жылдарында жазған екі хорға арналған сюитасы да ән үлгісіне жатады. Олар – «Солдатские напевы» және «Волжские напевы».
Солдаттың ерлігі, партизандардың айбынына арналған шығармалар соғыс жылдарында көп туындады. Мысалы: Д. Кабалевскийдің «Народные мстители», В. Беловтың «Славянская сюита» фашизмге қарсы балкан партизандарының күресіне арналады.
Бейбіт өмірі мен еңбектерін қамтитын хор сюиталары шықты. Солдаттың Отанына оралуы, соғыстан бұзылған үйлерді қайта тұрғызу, колхоздардағы той салтанаты – осы мазмұнда В. Макаровтың «Солнечные плесы» хор сюитасы кіреді.
XIX және XX ғасырдың басында революциялық ақындардың сөзіне жазған Д. Шостаковичтің «Десять поэм» циклі хор сюитасы жанрына жақындайды (сүйемелдеусіз аралас хорға арналған).
«Десять поэм» түрі бойынша жазылған хор сюиталарының көпшілігінде революциялық тақырып орын алады. Олардың ішінде сюиталар: Ф. Маслотың «1917 жыл». Бұлардың барлығы а’сapeIIa хорларынын тұрады.
Кантата (итальянша - петь, ән салу) – хорға, солистке, оркестрге арналған бірнеше номерлердің басын құрайтын, лирикало-эпикалық немесе салтанатты характердегі шығарма (вокалдық).
Кантата XVII ғасырда вокалдық музыка формасы түрінде Италияда пайда болды, бәрінен бұрын бұл лирикалық характердегі жеке шығармалар болды, кейде екі немесе үш дауыста әншілерге жазылды, кейіннен кантатаға хор енгізілді, оның сюжеттерінің және бейнелерінің ортасы кең ауқымды алды. XVIII ғасырда Европалық музыкада жеке кантаталармен қатар оның ақсүйектік және хорлық жанрлары пайда болды. Ю. Шапориннің «На поле Куликовом», С. Прокофьевтің «Александр Невский» кантаталары үлкен шығармалар қатарына жатады.
С. Прокофьевтің «Александр Невский» кантатасы 1938 жылы жазылған.
Кантата жеті бөлімнен тұрады: «Русь под игом монгольским», «Песня об Александре Невском», «Крестоносцы во Пскове», «Вставайте люди русские», «Ледовое побоище», «Мертвое поле», «Вьезд Александра во Псков».
Орыс халқының бейнесін суреттей келе, композитор тұпнасқалы халық әуендерін сол қалпынды қайталаған жоқ, біріақ оны музыкасы ұлы ертедегі эпикалық батырлар жырын, созылмалы әндерді еске асалады. «Песня об Александре Невском» бөлімінде халықтық әуен айрықша шыққан:әуендер фразаны аяғында октавалық және квинталық жүрістермен төмен қарай қозғалыс жасайды. Хор үш бөлімді формада жазылған.
Ю. Шапориннің «На поле Куликовом» симфония- кантатасы да орыс халқының тарихының батырлық кезеңдеріне арналады. «Александр Невскийдегі» сияқты мұнда да екі түрлі әлемнің – орыс адамдары менмонғол-татар шапқыншылығының бейнелерін қарама-қарсы қояды.
Соғыс жылдарында сол кездегі адамдардың батырлығы жайлы, жауынгер тақырыбына көптеген кантаталар жазылды. Олардың ішінде мыналарды айтуға болады: «Киров с нами» В. Маяковскийдікі, «Родина великая» Д. Кабалевскийдікі, «О Балтике и Ленинграде» М. Юдиндікі, «Красной Армии слава» А. Новиковтікі.
Соғыс жылдарынан кейін де батырларға, жеңіске арналған патриоттық мазмұндағы кантаталар шықты. «Победосная кантата» А. Новиковтікі, «Утро Отчизны» және «Сады цветут» В. Сорокиндікі, «Зоя» В. Юровскийдікі және тағы басқа. Бейбітшілік үшін күрес тақырыбына да кантаталар шықты. «Голос мира» Пашенконікі, «За мир» А. Маневичтікі, «Песнь труда и борьбы» В. Чистяковтікі.
А. Арутюнянның «Отан туралы кантатасы» аралас хорға, оркестр және солистер-баритон және меццо-сопранаға арналып жазылған, сөзі Сармен мен А. Граштікі. Бұл 1948 жылы жазылған және бұған бірінші дәрежедегі мемелекеттік сыйлық берілді.
50-ші жылдары совет композиторларының шығармашылығында вокальдық және хор шығармалары үлкен орын алды. Кантата жанрына Г. Свиридовтың «Поэма Сергея Есенина» атты вокальды-симфониясы жатады. Бұл Есениннің әртүрлі өлеңдеріне жазылған, және бұл ақын мен революциясының, ақын мен халықтың ара байланысының тақырыбын ашады. Б. Пастернактың сөзіне Г. Свиридов «Снег идет» және «Курские песни» деген кантаталары жазылды.
Оратория (латынша oratoria - шешендік) – хорға, жеке әншілер мен симфониялық оркестрге, драмалық мазмұндағы концерттік орындаушыға арналған ірі шығармалардың бірі. Кантататадан ораторияның айырмашылығы - өлшемінің үлкенділігінде, мазмұның кең көлеміндігінде.
1927 жылы совет мемелекетінің 10 жылдығына арнап, жас композитор оратория жазуға алғашқы қадам жасады. Композиторлар В. Белый,А. Давиденко, М. Коваль, З. Левин, Б. Шахтер, Н. Чемберджи және басқалары Давиденконың басқаруымен «Путь Октября» ораториясын жазды. Оратрия үш бөлімнен тұрады: біріншісі – 1905 жыл, екіншісі – 1917 жылғы февраль революциясының салтатанатына арналып жазылған.
30-шы жылдардың аяғында оратриялық жанр қанатын кең жая бастады. Сол жылдары Е. Голубевтің «Возвращение солнца», А. Пащенконың «Ленин», М. Ковальдың «Емельян Пугачев».
Г. Свиридовтың «Патетикалық ораториясы» Маяковскийдің революция туралы жазған поэмаларынан үзінділер және өлеңдер қолданылған.
«Здесь будет город-сад» - «Патетикалық оратрияның» бесінші бөлімі – бұл Маяковскийдің «Рассказ о Кузнецкстрое и о людях Кузнецка» өлеңіне жазылған. Свиридов бұл бөлімді де әңгімелесу формасында жазған, мұнда автор болып жеке әнші (меццо-сопрано) орындайды. Хордың негізгі мазмұны – социалистік құрылыстың бірінші жылдарындағы адамдардың ашықты, жаланыштықты білмей жаңа өмір құруды батырлықпен еткен дағдылы жұмыс күндері туралы.
Георгий Васильевич Свиридов – творчестволық жолының басынан бастап вокальды және хор музыкасына көп көңіл аударған. Оның А. Пушкиннің, М. Лермонтовтың, А. Исаакянның, А. Прокофьевтің сөзіне жазылған романстары әншілік өнердің алтын хорына енді. Композитордың алғашқы хор шығармаларына – «Казачьи песни», «Вечерний звон», «Песня о Кирове», «Слава море, священный байкал» жатады.
1954 жылдан бастап композитор хор шығармашылығымен толық айналысты, сол жылдары өзінің бірінші «Декабристер» ораториясын жазды. (Өлеңі ақын-декабристердікі және А, Пушкиндікі). Халықтың тарихи тағдыры, еркіндік жолындағы күрес берілген, бірақ бұл оратория аяқталмай қалды. 1955 жылы Свиридов «Сергей Есениннің естеліктері» деген поэмасын жазды, мұнда сондай назік және ақындықпен тамаша орыс халқының ақынының лирикасын және драматизмның көрсете білген, оның адамдарға деген сүйіспеншілігін, өмірін «Поэмалар» деген хоры арқылы береді, анық және қарама-қарсылықты, қыстың белгілерін білдіретін «Поет зима» хоры және шаруаларың еңбегін жыр ететін «Молотьба» хоры, одан кейін»Ночь под Ивано Купала» мен деревнядағы соғыстан кейінгі өте ауыр жағдаиды суреттейтін «1919жыл», шаруалардың балаларын, олардың партизандармен қыдырғанын «Небо – как колокол» хорлары салтанатты, жігерлі орындайды.
Свиридовтың хор жазбаларының щеберлігі оның сүйемелдеусіз айтылатын хорларында айқын ерекшеленеді. 1958 жылы әртүрлі ақындардың сөзіне жазылған бұл хорлар адамадардың тағдыры, Отан туралы терең лирикалы ойлармен, орыстың жазба өнерімен байланыстырылады.
«Об утраченной юности», «Вечером синим», азамат соғысының бір эпизодтары жайлы айтылатын «Повстречался сын с отцом» хоры тіпті де басқаша складта жазылған. Хор бес эпизодтан тұратын, олардың өзіндік музыкалық бейне берілген еркін формада жазылған.
П. И. Чайковскийдің хор шығармашылығы.
1865 жылы Петербург консерваториясын бітірер кезінде дипломдық жұмысына «К радости» кантатасын ұсынды. Кантата алты бөлімнен құралған. 1872 жылы Чайковский Москвадағы Политехникалық көрменің ашылу құрметіне кантатасын жазды, оның екінші аты – «В память двухсотой годовщины со дня рождения Петра I». Я. Полонскийдің текстіне жазылған. Бұл кантата хор фугеттасы бар.
А. Майковтың сөзіне жазалған «Москва» (1833ж.) кантатасы – Чайковскийдің ірі хор формаларының жанрындағы шығармасы.Ондағы «С мала ключика» хор бірінші бөлімі, «Час ударил жданный» хоры – үшінші бөлім және финал «Так живи вовек» деп аталатын бөлімдерінде дауыс жүргізу, хор партияларының мәнерлеп айту мүмкіндіктерін қолдану, алдыңғы кантаталарға қарағанда аңызды берілген.
Композитордың аралас хор құрамына жазған шығармалары: «На сон грядущий» Н. Огаревтің сөзіне, «Ночевала тучка золотая» М. Лермановтың сөзіне, «Привет А. Г. Рубенштейну» Я. Полонскийдікі, «Соловушка» П. Чайковскийдің сөзіне, «Не кукушечка во сыром бору» Н. Цыгановтің т.б.
2.6 Ресейдегі XX ғасырдағы хор мәдениеті
1862 жылы алғашқы тегін музыкалық мектептер ашылды. Бұл мектептің негізгі қалаушылар М. А. Балакирев пен Г. Я. Ломакин және олар орыс ән өнерінің орнығуына үлкен үлес қосты.
XX ғасырдың 80- жылдарында Мәскеудің үлкен театрының хоры мен Петербордағы Морийск театраның хоры өздерінің шығармашылық өрлеуіне жетті.
Ал 1900жылы Мәскеуде И. И. Юховтың тек жұмысшылардан тұратын хоры пайда болды. Хор өзінің шеберлігімен көпке танымал болды.
1902 жылы В. А. Булычев Мәскеу симфониялық капелласын ұйымдастырды. Хор жартылай кәсіби әншілерден, жұмысшылардан құралды. Хорда музыкалық – теоретикалық пәндермен қатар аспаптарда ойнау, латын тілі оқытылды.
1878 жылы алғаш Мәскеуде орыс хорының қоғамы құрылды. Ал 1904 жылы Псков, Томбов, Вологда, Петерборда хор қоғамдары пайда бола бастады.
Ұлы Октябрь революциясынан кейін хор мәдениетінде үлкен өзгерістер болды.
Революциядан кейін 1905 жылы және бірінші дүниежүзілік соғыстансоң барлық хорлар мен хор бірлестіктері өз жұмыстарын тоқтатты. Синадаль хоры Петербург капелласы бірігіп халықтың хор академиясы А. Д. Кастальский жетекшілігімен құрылды.
1982 жылы Ұлы Отан соғысы жылдарында СССРдің Мемлекттік Академиялық орыс хоры А. В. Свешников жетекшілігімен дүниеге келді. Хордың бас реперуары Д. Шостаковичтің «Десять поэм», Г. Свиридов. Патетикалық ораториясы болып табылды.
Александров атындағы қызылжұлдұзды ән би ансаблінің құрылуы хор әндерінде жаңа өзгеріс болды. Орындаушылық өте жоғары ритм, шеберлік, көңілді баса көрсете білді.
1928 жылы Бүкілодақтық радио мен телевидение академиялық хоры дүниеге келді. Хордың негізін салушы А. В. Свешников жетекшілері И. И. Кувыкин, К. Б. Птица, А. С. Степанов, А.А. Юрлов. 1942 жылдан бастап Республикалық орыс хор капелласы болып табылды. Хордың орындаушылығы техникалы үйлесімі, темп динамикасы, эмоцияға толы болды.
1957 жылы В. Г. Соколов жетекшілігімен Мемлекеттік Мәскеу хоры құрылды. Хордың орындаушылық өнері жастарға бағытталды.
1910 жылы М. Е. Пятницкий халықтық хор құрып кейіннен 1936 жылдан бастап кәсіби ұжымдарда өнер көрсетті. 1930 жылдан бастап Пятницкий хорына бишілер тобы мен оркестрді қоса өнер көрсетті.
1925 жылы Мәскеу консерваториясының студенттерінен «Прокол» творчествалық шығармашылық тобы құрылды.
Ұлы Отан соғысынан кейінен орыс хор мәдениеті биік жетістектерге жетті. 1959 жылы РСФСРда 60 мың хор 1,5 миллион әншілер жұмыс жасады. 1959 жылы жалпы Рессей хор қауымдастығы құрылды. Хор қауымдастығының міндеттері: жаңа хор ансамбльдерді құру, бұрынғы хор коллективтерге көмек көрсету, әр түрлі хор конкурстарын ұйымдастыру, хор туралы шығармаларды насихаттау, жоғары оқу орындарын музыкаллық білім жетілдіру, дирижерлар шеберліктерін көтеру болып табылады.
3 Қазақ хор музыкасы
3. 1 Кәсіби ән шығармашылығының тууы және қалыптасуы (1935 - 1950)
Жаңа төлтұрмыс жанрының пайда болуы – жаңа әлеументтік экономикамен, халықтың өмірі мен байланысты – ол «көпшілік ән» жанры. Ән мазмұны жұмысшылардың еңбегі мен тұрмысына, бесжылдық еңбек ерлеріне, арналып жазылды. Сонымен қатар Отан, Қызыл әскер, Конституция тақырыптары да көптеген әндер мазмұнына айналды. Соның ішінде лирикалық әндер тобының орны да ерекше болды.
Көптеген әндерді зерттей келе оларды үш үлкен топқа жіктейді:
1 – топ
Бұл топқа ұлттық нақыш негізгі болған әуезді әндер жатады. Бұған мысал: Рамазан Елебаевтың «Жолдастар», «Құттықтау», М. Ержановтың «Жасасын», Е. Брусиловскийдің «Конституция туралы ән», А. Жұбановтың «Қарлығаш» әндерін атауға болады.
2 – топ
Бұл топқа жалпысоветтік, революциялық, марш, патриоттық рухтағы ән, әнұрандар жатады. Мысалы: Л. Хамидидың «Қызыл қыран», «Бесжылдықтың ерлері». Ал 30 – жылдары «Отан». Қазақстан тақырыбына арналған ұранды әндер пайда болды. Бұған Л. Хамидидің «Отан», «Қазақтстан», А. Жұбановтың «Партия әнін» жатқызуға болады.
3 – топ
Бұл топқа совет вокалының әсерінен туған лирикалық әндер жатады. Осы жанрдың тікелей әсерінен қазақ вокал музыкасында вальс пен романс түрлері жақсы дамыды. Қазақ төл музыкасының вальс жанрын дамытуда Л. Хамиди еңбегі өте үлкен. Бұл жанрдағы тұңғыш туындылар Л. Хамидидің «Қазақ вальсі» мен «Бұлбұл» әні. Бұл екі ән қазақстан композиторларының ең үздік вокал музыкасының үлгілеріне жатады.
Бұл лирикалық жанрдың келесі әні «Бақыт вальсі» болып табылды. 30- ші жылдардағы лирикалық әндермен бірге романстар да ерекше орын алады. Бұл романстар ішінде халық әндері «Алтыбасар», «Гаухар тас», «Ақбақай», «Жиырма бес», әндерін атап айтуға болады.
М. Төлебаевтың «Қамар», «Көп жүрдім» романстары. Романс жанрында бірнеше музыкалық туындылар жазған композиторлар: Ғ. Жұбанова, С. Мұхамеджанов, Е. Рахмадиев болды.
С. Мұхамеджановтың романстарының көпшілігі Абай поэзиясынан болды.
С. Мұхамеджановтың Абай поэзиясынан алған «Ғашықтың тілі – тілсіз тіл», «Жарқ етпес, ақ күмістей кең маңдайлы» қазақ музыкасының алтын қорынан орын алған романстар болып саналады.
Соғыс жылдарында туған әндер
Соғыс жылдарындағы әндер тақырыбы біреу ол – патриоттық, Отан тақырыбы болды. Бұл жылдардағы әндерді 2 стилистік топтарға бөлуге болады:
1 – патриоттық;
2 лирикалық топтар;
Патриоттық әндерге: Е. Брусиловскийдің «Серт», «Құтырған қасқыр», М. Толебаевтың «Семсер», «Жорық», «Соқ барабан», «Аттан қазақ», «Комсомол» әндерін жатқызуға болады.
Лирикалық әндер тобын: М. Толебаевтың «Кестелі орамал», «Таня туралы ән», «Тос мені тос» әндері құрайды.
Батырлар туралы жырлар әндер қатарынан ең үздік ән болып Ж. Елебаевтың «Жас қазақ» әнін айтуға болады. Бұл әнді халық батырының өшпес ерлігін баяндап берген ән деуге болады. Бұл әннің авторы Р. Елебаев Төлеген Тоқтаров сында қазақ батырымен бір дивизияда болған еді.
Соғыстан кейінгі әндер әр түрлі жанрымен, мазмұндылығымен ерекшеленеді. Бұл әндер қатарында бейбітшілік тақырыбы басты орында болды. Осы жылдардағы ең үлкен оқиға – ол М. Толебаев, Л. Хамиди, Е. Брусиловскийдің авторлық бірлестігінде жазылған 1945 жылғы Қазақ ССРнің Мемлекеттік әнұранын айтуға болады.
Оған мысал ретінде Е. Брусиловскийдің «Бейбітшілік туы берік болсын», «Бейбітшілік жыры», А. Жұбановтың «Ақ көгершін», Қ. Қожамьяровтың «Бейбітшілік үні» әндерін айтуға болады.
Тың игеру тақырыбы да біздің композиторлардың назарынан тыс қалған жоқ, Бұл тақырыпқа ән жазған композиторлар қатарында: Л. Хамиди, Е. Брусиловский, Н. Тілендиев, Е. Рахмадиев т. б. Б. Байқадамовтың «Ақ бидай», «Су тасушы қыз» әндері сол кездегі ең көп таралған әндер қатарында болды. Ал С. Мұхамеджановтың «Тербеледі тың дала» әні өзінің лирикалық характері тартымды таралды. Тың тақырыбына арналған әндермен қатар кезде 30 – 60ші жылдар ән – романс жанры өзінің өркендеуін аяқтайды.
3.2 Қазақ композиторларының шығармаларындағы хор жанрының қалыптасуы
Хор жанрын дамыту мақсатында Қазақстан композиторларының алдында тұрған міндет сол алғашқы онжылдықта орыс хор мәдениетінің озық үлгілерінен техникалық құралдар үйреніп халық әуендерге көңіл бөлу болды. Бұл ретте орыс музыканттарының И. В. Коцык, Д. И. Ковалев, Б. Г. Ерзаковичтің еңбектері орасан зор болды.
Қазақтың халық әндері хор мен капеллаға - фортепиананың сүйемелдеуімен қайта жазылды.
Петропавлдағы педтехникумда көпдауысты қазақ хорының тұңғыш жетекшісі И. В. Коцык болды. Бұл хор қазақ әндерін жариялаушы ретінде ең алғаш 1928 жылы Мәскеуде Қазақстан өнерінің 10 күндік өнерлерін көрсетті.
И. Коцыктың дирижерлауымен халық әндері «Ағажай», «Сырымбет», «Елім - ай» әндері орындалды.
Семей, Верный, Қызылорда қалаларының театрларында хор мәдениетінің өрендеуін қойылып жатқан спектаклдерде байқауға болады. Олар спектакль қойылымында халық жанрын топпен айта отырып, хор жанрын дамыта білді.
Қызылорда қаласында алғашқы хор тобын Д. И. Ковалев басқарды, олар халық әндерінің 50 дей шамасындағы әндерді хорға өңдеді. Д. И. Ковалев өңдеген әндер әр түрлі жанрда, жеке дауысқа, көп дауысқа және оның өңдеуіндегі шығармалар орыс хор стиліне жақындау екенін байқатты. Сондықтан Е. Брусиловский өңдеуіндегі «Ақтамақ», «Баянжан» әндері өз тыңдармандарын таба алмады. Стилі жағынан орыс хор жанрына жақын болып қазақтың дәстүрлі нақыштары сақталмады.
«Хорлан», «Ақ тамақ», «Баянжан» әндері Республикалық Радиокомитеті хорына арналып өңделіп жазылды. Хор жетекшісі композитор Б. Г: Ерзакович болды. Б. Г. Ерзаковичтің өңдеуінде «Япурай», «Гаухартас», «Гүлдерай» халық әндері кеңінен танымал болды. Ал «Қамажай» әні фортепиано мен домбыра сүйемелдеуінде орындалды.
Радиокомитет хорының репертуары 30ші жылдары 3 – 4 дауысқа арналған В. Коцыктың «Бипыл»; С. И: Шабельскийдің «Сәулемай» әндерімен толықты.
1938 жылы Қарағанды Радио хоры Б. Орлов жетекшілігімен құрылды. Оның репертуарында Республикалық Радио хорының бүкіл шығармалары енді.
Д. Мацуцин хорына өңдеулер
1935 жылы А. Жұбановтың қолдауымен қазақ хоры құрылды.
Оның ең бірінші жетекшісі болып Д. Д. Мацуцин бекітілді. Композитор Мацуцин өңдеуіндегі Абайдың «Айттым сәлем Қаламқас» 1939 жылы үлкен сұраныс қолдау тапты.
Л. Хамидидің хорына өңдеулер
Сол кездегі қазақ филормониясының бас дирижері Л. Хамиди еңбегі өте күшті болды. Оның өңдеуінде жасалған «Ахау керім», «Ақсаусақ», «Айкенай» әндері қазақ хорының ең үздік шығармалары. 1934 – 1935 жылдары Л. Хамиди халық әндерін жинап, өңдеп хорға дайындады. Екі дауысты қарапайым әндерді, көп дауысқа арнап жазды.
Л. Хамидидің өңдеуіндегі «Сәулем –ай» әні өзінің пентатоникалық әуенімен, барлық партиялардың ыңғайлығымен және қарапайым регистрімен ерекшеленеді.
Л. Хамидидің ең үздік өңдеуіндегі халық әні «Жайдарман». Бұл әнде халық әуезі, халық нақышы жақсы сақталған.
30ші жылдардың аяғында хор өнері өзінің биік шыңына кейін, кеңінен байқаймыз. Енді композиторлар күй жанрын қолға ала бастады, көбінесе Құрманғазы күйінің шығармаларына көп көңіл бөлінді. Алғаш хорға арналып Д. Коцыктың - Құрманғазының «Көбік шашқан» күйінің өңделу болды. Келесі Л. Хамиди өңдеуіндегі Құрманғазының «Қайран шешем» күйі болды.
50 – 60 жылдардағы өңдеулер
50ші – 60ші жылдардағы хор әдебиеті әрі қарай дамып толығып, жетіле түседі.
Бұл кезде хор жанрының түгелі қамтылып дамып а капелланың өсіп жетілуі байқалады. Қазақстан композиторлары орыс, украин, грузин өнер мектептерінен, үздік үлгілерін қабылдап халық әуезін сақтай отырып, жаңа шығармалар жазады.
Б. Байқадамов қазақ хор өнеріне үлкен үлес қосқандардың бірі. Оның өңдеген әндері «Он алты қыз», «Тойбастар» әндері қазақ хорынан ең үздік шығармалары болып табылады.
«Он алты қыз» қазақтың әзіл әні бұл тенор – солоға арналып өңделген ән Б. Байкадамовтың бұл әні көптеген хор коллективтерінің репертуарындағы басты әндерінің бірі болып саналады.
М. Төлебаевтың өңдеуіндегі халық әндері де біршама. «Көзімнің қарасы» әнін хор мен солиске арнап өңдеді. 1ші бөлімде – солист, 2ші – бөлімді хор, 3ші – бөлімді хор орындап, бірін - бірі алмастырады. Е. Брусиловскийдің өңдеуіндегі «Ақ тамақ» әні халық әндеріне өте жақын лирикалық шығарма.
А. Молодов
А. Молодов қазақ хор өнерінің дамуына үлкен үлес қосқан композиторлардың бірі. Ол 1960 жылы Мәдидің «Қаракесек» әнін өңдеп хорға арнап қайта жазып шығып, бұл ән өзінің әуезділігімен, кең диапазонымен ерекшеленді.
70 жылдары хорға жазылған әндерді өңдеудің кейбір әдіс – тәсілдері қалыптаса басталды.
Көпдауысты өңдеуді қалыптастырған композиторлар Қ. Қожамьяров, Ғ. Жұбанова.
Е. Рахмадиевтің «Япурай» әні аралас хор мен солоға арналып өңделген. Шумақты вариациялық форма. Бір немесе 3 тактіден кейін ауысып отырады.
С. Мухамеджанов 1972 жылы «Балқадиша» әнін өңдеді. Формасы шумақты– вариацилық, үш бөлімді, темпі өзгермейді.
С. Мухамеджанов «Желсіз түнде жарық ай» әнін, төрт дауысқа арналған хорға өңдеді.
Д. Ботбаевтың өңдеуіндегі «Алтынбасар» әні төртжолды поэтикалық ән.
Сонымен бір дауыста орындалатын қазақ әндері қайта өңделіп көп дауыста орындалатын хордың басты репертуарына айналды.
50 – 60шы жылдардағы Қазақстан композиторларының хор шығармалары
Қазақ хор музыкасында 50ші жылдары алға ілгерушілік байқалды. Профессионалдық хор музыкасының дамуымен шығармаларда жаңа гармоникалық көп дауыстар, халық күйлерінің ұлттық колоритті сақталып, хор шығармаларында түрлі әдістер қолданылды.
Бұл жылдары көптеген композиторлар халық әуені үлгісінде өз шығармаларын жазды.
Соның бірі Ғ. Жұбанованың «Жалғыз емен», «Жеңеше», «Дауыл» әндері. «Жалғыз емен» әні үш формадан тұрады, полифониялық бөлімі – бас пен сопранадан тұрады.
«Дауыл» әні шектеусіз көп дауысты хорға арналып жазылған шығарма. Ал «Жеңеше» әні жақсылыққа ұмтылған қазақ әйелінің тұрмысын бейнелейді. Үш күрделі бөлімді рондо элементі сақталған.
50ші жылдары Қазақстан композиторлары хорға арналған циклді шығармалар жазады. Осындай ең алғашқы шығарма Б. Байкадамовтың «Біз отанды сүйеміз» әні. Бұл ән 3 бөлімді құрайды. 1ші – бөлімі – марш темпінде марш, 2ші – бөлімі – жайлау атты көрініс, 3ші – бөлімі – толғау – соғысқа жол бермейміз атты, ал финалы – терме стилиіне жақын. Екінші бөлімде «Жайлау» - көрінісінде ән мен би характері үлкен орын алған.
Б. Байкадамовтың екінші сюитасы «Ахау Семей» әнінде ішкі қарама – қайшылықтар болсада, мәтіні мен музыкалық өңдеуі бір – біріне сай жазылған шығарма.
«Шопан ойы» - хор поэмасы. 3 бөлімнен тұратын философиялық толғау.
Толғау – домбыра мен сүйемелдеп орындалатын өмір жайлы философиялық ой толғаныс. 60шы жылдарда ең алғашқы хор музыкалық сюита – М. Төлебаевтың «Жастық шақ» шығармасы. Бұл ән балаларға арналған, балардың жазғы демалысына, табиғатқа арналып жазылған шығарма.
Ғ. Жұбанованың «Менің Республикам» атты хор поэмасы, 3 бөлімнен құралып, солист пен хордың үндесіп орындауына көп мән берген. 50 – 60 ші жылдары қазақ хор музыкасы жан – жақты дамуының арқасында алғашқы сюиталар және хор поэмасының тууына себеп болды.
Хор шығармалары толғау, терме, желдірме стильдерінде жазылды. Хор поэмасы әрбір композиторлардың ішкі толғанысының ойы мен сезімшіл нақ көрінісі болды.
Хор поэмасының дамуына Б. Жұманиязов, М. Сағатов, М. Маңғытаев сияқты композиторлар зор үлес қосты.
Бұған мысал: М. Маңғытаевтың «Жайлауда», М. Сағатовтың «Дала мен гүл», Б. Жұманиязовтың «Менің елім» әндерін айтуға болады. М. Маңғытаев күй – поэма жанрының негізін қалаушы. Бұл жанрды әрі қарай дамытқан композитор Ғ. Жұбанова өзінің «Кісен ашқан» күй поэмасын жазды.
А капеллалық хорлар опера сахнасының құрамдас бөлігі ретінде қолданылады мысалы: Е. Брусиловскийдің «Айман – Шолпан», Е. Рахмадиевтің «Қамар сұлу» операсында а капелла хорлары үлкен орын алды.
Бұл жылдары Қазақстан композиторлары хор миниатюрасы жанрында шығармалар жазады. Тақырыбы әр алуан - ерлік, отан, лирикалық жанр т.б.
Оған мысал: А. Бычковтың «Революция әні», М. Маңғытаевтың «Қаратау басында», М. Сағатовтың «Той бастар» әндері.
Қазақстан композиторларының хор өнері әр алуан кең ауқымды, тақырыбы жағынан да мазмұны жағынанан да. Соңғы жылдары хор жазуының озық үлгілері мен әдіс тәсілдерін меңгере отырып, ұттық нақыштағы туындылар туғызды.
Достарыңызбен бөлісу: |