Мазмұны
Кіріспе. ............................................................................................................. 3
1. Ас мәзіріне қойылатын талаптар................................................................ 6
2. Глясе................................................................................................................8
3. Арнайы ас мәзірлерінің түрлері....................................................................9
4. Кафенің ас мәзірі...........................................................................................11
Қорытынды......................................................................................................17
Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................................17
КІРІСПЕ
Ас мәзірі түрлері Меню (франц. menu) – белгілі бір күні ұсынылатын жеңіл тамақтардың, тағамдар мен сусындардың бағасы мен мөлшері көрсетілген тізімі.
Менюді (ас мәзірін) кәсіпорынның ассортименттік минимумы мен жұмыс бабына қарай құрастырады. Әрбір кәсіпорын өзінің мамандандырылуына, қолдағы шикізатқа, жыл мезгіліне қарай ассортименттік минимумды өз еркімен анықтайды.
Халықаралық тәжірибедегі меню (ас мәзірінің) түрлері:
а-ля карт (àla carte) – өте қымбат мейрамханаларда болады: онда әрбір порциялық тағамның жеке бағасы көрсетіледі;
табльдот (tabled’hÔte) – әрбір тағамның нұсқаларын бекітілген бағамен таңдап алуға болады, мұндай ас мәзірі әсіресе, қонақүйде тоқтаған адамдар үшін ыңғайлы;
дю жур (dujour) – күндізгі тағамдардың ас мәзірі;
туристік ас мәзірі– бағасы төмендеу болуы шарт болатын туристерге арналған ас мәзірі.
Люкс санатындағы мейрамханаларда ас мәзірі құрамына 15-тен кем емес салқын тамақ, үштен кем емес ыстық жеңіл тамақ, 5 көже, 30 екінші ыстық тамақ, 6 тәтті тағамдардың атаулары кіруі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |