Қоршаған ортаны қорғау» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің Оқылым
түрлері Жазылым
Оқу мақсаты 4.3.4.1* Мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (неліктен? не үшін?) құрастыру және оған жауап беру
4.3.2.1 Бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну
4.5.1.5* Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап, жай және құрмалас сөйлем құрастыру
Бағалау критерийі Білім алушы
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
1-тапсырма
Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.
Қызыл кітап
Қызыл түс – қауіптілікті білдіреді. Сондықтан, кітапты осы түсте шығаруға шешім қабылданды.
Қазақстанда бұл кітап 3 басылымнан тұрады. Соңғысы 1999 жылы шықты. Кітапта жануардың 120 түрі туралы жазылған. Олардың ішінде ақбөкен, гепард, бүркіт, арқар, барыс т.б. бар. Біздің елімізде Қызыл кітапқа енген жануар немесе өсімдікке зиян тигізілсе, ол адам айыппұлмен қатар, бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қызыл кітапта жойылу қаупі бар түрлердің тізімі ғана емес, сондай-ақ қоршаған ортаны сақтауға арналған пайдалы кеңестер жазылған.
1.Мәтін бойынша сұраққа жауап бер.
Кітапты неге қызыл түсте шығаруға шешім қабылданған?
2.Мәтін бойынша сөйлемдерді дұрыс сәйкестендір.
жануарлардың 120 түрі жазылған.
Қызыл кітапта ақбөкен туралы жазылмаған.
жойылу қаупі бар түрлердің тізімі бар.
3.Мәтін бойынша сөйлемдерді толықтыр.
Қоршаған ортаны сақтауға арналған кеңестер .... .... жазылған.
Қызыл кітапқа енген .... .... зиян тигізілсе, айыппұл төлейді, бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
4.Берілген суреттер негізінде шағын мәтін құрастырып жаз (6-8 сөйлем).
Тірек сөздер: Жас ағаш, сындырды, су құйды, сотқар, сынған ағашты, күтіп-баптады, байлады, зиян келтірмеу, қорғау, аяулау, табиғатты.
Бағалау критерийі
|
Тапсырма №
|
Дескриптор
|
Балл
|
Білім алушы
|
Мәтіннің мазмұнына қатысты сұрақтарға
жауап береді
Мәтіннің негізгі ойын анықтайды
|
1
|
мәтін бойынша сұраққа жауап береді;
|
1
|
бірінші сөйлемді дұрыс сәйкестендіреді;
|
1
|
екінші сөйлемді дұрыс сәйкестендіреді;
|
1
|
бірінші сөйлемді сәйкес ақпаратпен толықтырады;
|
1
|
екінші сөйлемді сәйкес ақпаратпен толықтырады.
|
1
|
Сюжетті суреттер бойынша сөйлемдер
құрастырады
|
2
|
Сөйлем құрауда тірек сөздерді қолданады;
|
1
|
суреттің мазмұнына сәйкес әңгіме құрастырады;
|
1
|
мәтіннің құрылымын сақтайды;
|
1
|
сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды;
|
1
|
сөйлемдердің тыныс белгілерін дұрыс қояды;
|
1
|
сөздерді лексика-грамматикалық нормаға сай жазады.
|
1
|
Барлығы
|
|
|
11
|
Достарыңызбен бөлісу: |