Орта ғасыр тіл білімі



Дата05.06.2024
өлшемі48.5 Kb.
#502339
3.Орта ғасыр тіл білімі


Орта ғасыр тіл білімі.
Еуропа лингвистикасы. Салыстырмалы тарихи тіл білімі.
Жоспар.
1. Орта және жаңа ғасырда Европадағы тіл білімінің дамуы.
2. Латын тілі-дұрыс сөйлеу және жазу өнері
3. Ояну дәуіріндегі тіл білімі.
4. М.В.Ломоносовтың тіл білімін дамытуға қосқан үлесі.
5. А.Ф.Бернград және лингвистика.
6. Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің пайда болуы.
7. Натурализм және А.Шлейхердің «Шежіре терегі»
8. Ф.Бопп және Я.Гримлер-салыстырма тарихи грамматика негізін салушылар.
9. А.Х.Востоков және салыстырмалы тарихи грамматика.
Тірек сөздер. Ояну дәуірі, латын тілі, мемлекеттік тіл, брахмандардың қасиетті тілі, философиялық грамматика. Салыстырмалы тарихи грамматика, тіл факттері, сөз тудырушы, сөз түрлендіруші, тілдер туыстығы.

Европа тарихы тұрғысынан алғанда, қайта өркендеу дәуірі XV-XVІ ғасырлар арасын қамтиды. Бұл-қоғам дамуында орта ғасырдың аяқталып, жаңа тарихтың, буржуазиялық қоғамның басталған кезі. XІV ғасырдан бастап, алдымен Италияда қалыптасқан «Қайта өркендеу» деген термин феодальдық қатынастың орнына келген капиталистік қоғамдағы буржуазия мәдениетімен тығыз байланысты. Өйткені, қайта өркендеу дәуірі-озық ойдың еркін дамуына мейлінше кедергі жасаған, догмалық ережелерге сүйенген орта ғасырлық кертартпа дәстүрден, мешеу мәдениеттен шынайылықты, гуманизмді уағыздайтын жаңа діннің қуғынына ұшырап, елеусіз қалған көне мәдени мұраларға ерекше көңіл бөлу, оларды қайта көркейту ұраны көтерілді. Сірә жаңа дәуірдің «Қайта өркендеу» деп аталуы да осыдан болса керек.


Қайта өркендеу дәуірі бүкіл қоғам өмірінің басқа да салалары сияқты лингвистика үшін де жаңа, даму дәуірі болды. Бұл дәуірдің лингвистикалық проблемасы:
а) ұлттық тілдердің қалыптасып, дамуы

  1. бұрын белгісіз, жаңадан ашылған тілдерді үйрену, зерттеу

б) ежелгі дәуірдің лингвистикалық ой-пікірін көркейтіп, қайта дамыту болды.
Жаңа жерлердің, елдердің ашылуы, сауданың дамуы, отаршылдық жорық - Европа тіл білімінің дамуына қолайлы жағдай туғызды, бұрын белгісіз толып жатқан тілдердің барлығы айқындалды. Отарлау мүддесі ол тілдерді үйрену, зерттеу, түрлі сөздіктер жасау, грамматикалық мәліметтер жинау міндетін алға қойды. Азия, Африка, Америка халықтары тілдерінен жиналған орасан мол материалдарды бір-біріне салыстырып қарау, сол арқылы олардың арасындағы ұқсастық, өзгешеліктерді айқындауға алғашқы қадамдар жасалды. Зерттеудің сипаттама, салыстырма түрлері бой көрсете бастады.
Қайта өркендеу дәуірінде ерекше қолға алынған тағы бір мәселе - орта ғасырда жөнді мән берілмеген ежелгі грек, рим жазба нұсқаларын тауып, жариялау оларға филологиялық талдаулар жасау болды. Өз дәуірі үшін бұл саладағы күрделі істер қатарында Ж.Скалигедің 1540-жылы шыққан «Латын тілінің негздері туралы»; Р.Стефанустың 1553-жылы шыққан «Латын тілі қазынасы» және «Грек тілі қазынасы», араб ғалымы П.Алканның «Араб тілі грамматикасы» атты еңбектерін атауға болады. Осылармен қатар XV-парсы, армян, венгер, ағылшын, француз, мексикан тілдерінің грамматикалары шығарылды.
Орта ғасырда болсын, қайта өркендеу дәуірінде болған негізгі назар ежелгі дәуірден келе жатқан филологиялық бағытты дамытуға аударылса, сөз болғалы отырған кезеңде лингвистиканы дамытудың жаңа бағыт-бағдары туып, дамыды. Оған көптеген тарихи себептер болды. Қайта өркендеу дәуірінде ашыла бастаған жаңа жерлер, жаңа елдер, оянған ұлттық сезім, ұлттық бірлікті, оның рухани дамуын қамтамасыз ететін күшті құрал-ұлттық тіл екенін сезіп, жазбаның, баспаның дамуы, осылардың бәр-бәрі тіл зерттеу мәселесіне бұрынғыдан басқаша тұрғыдан келу, бірінші орынға канондық тілдерді емес, әр халықтың, әр ұлттың өзінідік сөйлеу тілін, ана тілін қоюды, соны зерттеп, соның сырын ашуды қойды. Осылардың нәтижесінде жаңа үлгіде жазылған грамматикалық еңбектер әр елде, әр жерде шығып жатты. Айтылғандар тәріздес нормативтік, практикалық грамматикалармен қатар, нормативтік сөздіктер де жарық көре бастады. Ондай сөздіктер қатарына 1612-жылы Италияда шығарылған «Курска Академиясының сөздігі» деп аталатын түсіндірме сөздікті, 1694-жылы Францияда жарияланған «Француз Академиясыны сөздігін» 1726-1739-жылдар ішінде әзірленіп жарияланған «Россия Академиясы сөздігін» т.б. жатқызуға болады.
Әр түрлі халықтар тілдерінен жиналған материалдарды бір-біріне салыстыра қарай, бір тілдегі сөздерді екінші тілге аудару да осы кезеңде кең етек алды. П.С.Палластың басқаруымен 17І6-1791-жылдар арасында жасалған, 272-тілден іріктеп алынған сөздерден құралған «Барлық тілдердің және наречиелердің салыстырма сөздігі» деп аталатын еңбек шығарылды.
Тіл білімі дамуының жаңа дәуірі тілді дамып, өзгеріп отыратын тарихи құбылыс деп танудан, оны зерттеуге салыстырмалы-тарихи әдісті қолданудан басталады. Тіл туралы ғылым тарихында үлкен бет бұрыс болған бұл жайт XІX ғасырдың алғашқы он жылдығында орын таба бастады.
Жаңа әдістің қалыптасуы - ежелгі заманнан басталатын лингвистикалық ой-пікір дамуының заңды, табиғи нәтижесі. XVIII ғасырдың соңғы жартысы мен XIX ғасырдың соңғы жартысы мен XIX ғасырдың алғашқы жылдарында лингвистиканың даму қарқыны, бағыты жаңа зерттеу әдісінің қажеттігін айқын көрсетті.
Өткен ғасырдың бас кезінде әр елде салыстырмалы тарихи әдіс негізінде жазылған бірнеше еңбек жарық көрді.
1716-жылы неміс ғалымы Франц Бопптың санскрит тіліндегі етістіктердің жіктелу жүйесін грек, латын, парсы, герман тілдеріндегі етістіктердің жіктелу жүйесімен салыстыра зерттеген еңбегі шықты. Онда аталған тілдердің туыстығы дәлеленденді. Ол бұл тілдерден жинаған материалдарын, иран, славян, балтық бойы халықтары, армян тілдері фактілерімен толықтыра келіп, 17І3-1749 жылдар арасында «Үнді-европа тілдерінің салыстырмалы грамматикасын» жазды.
Ғалымдардың айтуына қарағанда, Боптың бұл еңбегіне үнді лингвистикасының, әсіресе Панини еңбегінің әсері тиген болуы керек. Панини сияқты Бопп та, негізгі зерттеу объектісі етіп морфологияны алады да, фонетиканы соған тәуелді жағдайда қарайды, синтаксис саласы тіпті сөз болмайды.
Тіл білімі тарихында Бопп салыстырмалы-тарихи тіл блімінің негізін салушы деп саналады. Бопп еңбектері шынында да зерттеу ісіне салыстыру әдісін қолдану арқылы тілдер туыстастығын айқындауға болатындығын көрсетті. Ол үнді-европа семьясына жататын тілдерден жиналған орасан мол фактілерді бір-біріне салыстыра зерттеу арқылы олардың туыстастығын, бастапқы күйін, шыққан төркінін ашпақ болады. Екіншіден, европа тілдері грамматикасына тән флективті құрылыстың тарихи сырын жан-жақты айқындауды көздейді. Ф.Бопп еңбектері салыстырмалы-тарихи тіл білімінің дамуына ықпалын тигізді.
Франц Бопп (1691-1767) Айнц қаласында туған. Гимназияда оқып жүрген кезінде-ақ санскрит, парсы, араб, көне еврей тілдерін оқып үйренген. 1721-жылы Берлин университетінде шығыс әдебиеті және жалпы тіл білімінің профессоры, 1729-жылдан академик. Тілдің табиғаты деген нәрсе-тіл білімінің маңызды мәселелерінің бірі. Неміс ғалымы Франц Бопп тілді биологиялық құбылыс, оны құдай жаратқан,-деп есептеді. Бұл пікірді А.Шлейхер де қолдады. Ол: «Тіл де биологиялық организм сияқты туады, өседі, өледі»,-дейді. Неміс лингвисі Август Шлейхер тілдің дамуының өсімдік пен хайуанаттардың өсіп дамуынан айырмашылығы жоқ, - деп есептейді. Шлейхердің пікірінше, тіл биологиялық организм сияқты туады, өседі, қартаяды, ақырында өледі. Бұл да қате қөзқарас. Тіл биологиялық құбылыс емес, қоғамдық құбылыс. Осылай болғандықтан бұл екеуінің даму жолдары әр басқа. Тілдің дамуының өзіне тән заңдары бар. Демек, бұл екеуін бірдей деп есептеу қәте.
Cұрақтар мен тапсырмалар
1. Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің пайда болуы.
2. Натурализм және А.Шлейхердің «Шежіре терегі»
3. Ф.Бопп және Я.Гримлер-салыстырма тарихи грамматика негізін салушылар.
4. А.Х.Востоков және салыстырмалы тарихи грамматика.
5. Орта және жаңа ғасырда Европадағы тіл білімінің дамуы.
6. Латын тілі - дұрыс сөйлеу және жазу өнері.
7. Ояну дәуірінідегі тіл білімі.
8. М.В.Ломоносовтың тіл білімін дамытуға қосқан үлесі.
9. А.Ф.Бернград және лингвистика.
Пайдаланылған негiзгi әдебиеттер мен оқу қолданбалар тiзiмi
Негiзгi оқулықтар

  1. Хасенов Ә. Тiл бiлiмi. Алматы, 1996

  2. Қордабаев Т. Жалпы тiл бiлiмi. Алматы, 1999

  3. Аханов К. Тiл бiлiмiнiң негiздерi. Алматы, 2002

Көмекшi әдебиеттер:
1. Қордабаев Т. Түркология және қазақ тiл бiлiмi. Алматы, 1998
2. Аханов К. Грамматика теориясының негiздерi. Алматы, 1993.
3. Сыздықова Р. қазақ әдеби тiлiнiң тарихы /XVIII-ХIХ ғасырлар/. А, «Ана тiлi», 1994.
5. Байқабылов Ө. Жалпы тiл бiлiмi. (оқу қолданба).Ташкент, 2008 ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет