Орта ғасырдағЫ Қазақстан тарихы VІ-ХVІІ ғғ. Орта ғасырдағЫ Қазақстан тарихы VІ-ХVІІ ғғ



бет7/11
Дата24.09.2024
өлшемі3.14 Mb.
#503933
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
№7 Түрік, Батыс Түрік, Шығыс Түрік

САЯСИ ТАРИХЫ
Тардуш (Дато)
  • Алғашқы қағаны. Тардуш қаған кезінде Батыс Түрік қағанаты күшейді.
  • Л.Гумилев «Иштеми қаған өлгеннен кейін билікке баласы Тардуш келді. Оның тұсында Батыс Түрік қағанаты түпкілікті жеке мемлекетке айналды» деп жазды.
  • Батыс Түрік қағанаты VII ғасырдың бірінші жартысында, Шегу мен Тон-ябғу қағандар тұсында өркендеді. Бұл кезеңдегі әскери жорықтар барысында қағанаттың аумағы ұлғайып, экономикасы дами түсті.
  • Тон-ябғу қаған Орта Азиядағы басқару жүйесін қайта құрды, қағанаттың қатаң билігі орнықты. Оның қол астындағы барлық иеліктерге қағанның өкілдері- тұдундар жіберілді.
  • Тон-ябғу билiгi туралы Қытай шежірешісі : «Батыс варварлар ешқашан дәл осындай қуатты болған жоқ» , деп жазған.
  • Тон ябғу өлімінен кейін дулу мен нушебидің арасында өзара соғыс болып, ол қағандықтың ыдырауына әкелді.
  • Орталық биліктің әлсірегенін пайдаланып, Батыс түркілерден Еділ бұлғарлары, хазарлар мен қимақтар бөлінді.

Ешбар Елтеріс
  • 634-659 жылдары билік құрды. Нушеби тайпасының қолдауымен билікке келді.
  • «Он оқ Будун» жүйесін енгізіп, ел басқаруды қайта құрды.Елтерістің әкімшілік реформасы бойынша тайпалық көсемдерді қағанға ғана тәуелді, тағайындалатын басшыға айналдыруға шешім қабылданды.Бақылауды күшейту үшін әрбір тайпаға ақсүйектерімен байланысы жоқ , қағанның туысы- шад жіберілді. Реформа күйреді, дулу тайпасы көтеріліс жасап, өздеріне жіберілген шадты қаған етіп жариялады.
  • Жиырма жылдық өзара соғыс қытайлардың баса-көктеп кіруімен аяқталды. «Он оқ» жасағы жеңіліске ұшырады.
  • 659 жылы Таң империясы Жетісуға басып кіріп, қаған қолға түсіп, қаза тапты.

Елтерістің әкімшілік реформасы
Қағанаттың ыдырауы
  • 659-704 жылдар аралығында қағандық өзінің тәуелсіздігінен айырылады. Қытай басқыншыларына қарсы бірнеше рет күреске шықты.
  • VІІ ғ. аяғы мен VІІІ ғ. басында Батыс Түрік қағанатының сол қанатына енген 5 тайпа дулу құрамындағы түргеш тайпасының қолбасшысы Үшліктің Тан империясына қарсы жүргізген соғыстары нәтижелі бола бастады.
  • 704 жылы Түргеш қағанаты құрылады.
  • Түркі тайпалары Батыс Түрік қағанатының орнына бірнеше мемлекет құрды:
  • Төменгі Еділ бойында және Солтүстік Кавказдың шығысында- Хазар қағанаты;
  • Қазіргі Қазақстан аумағында үш мемлекет:
  • батысында- Оғыз мемлекеті,
  • солтүстік-шығыс және Орталық Қазақстан аймағында- Қимақ қағанаты,
  • Жетісуда- Түркеш мемлекеті қалыптасты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет