Қазақ мемлекетінің қалыптасып,даму кезеңі (ХV-ХVІІғғ.)
Керей хан 1458/65-1472 жж.
Жәнібек хан 1472-1474 жж.
Бұрындық хан 1474 (1480)-1511 жж.
Қасым хан 1511-1518/23 жж.
Хақназар хан 1538-1580 жж.
Шығай хан 1580-1582 жж.
Тәуекел хан 1583-1598 жж.
Есім хан 1598-1628 жж.
Жәңгір хан 1629-1652 жж.
Тәуке хан 1680-1715/18 жж.
Ғұн империясы ыдырағаннан кейін Орталық Азия аумағында ғұндардың мұрагерлері- түркі тайпаларының мұрагерлігі басталды. Олардың І мыңжылдықтың ортасында шоғырлануы Ұлы Далада көшпелілер империяларының- Түрік қағанаттарының пайда болуына әкелді:
Бірінші Түрік қағандығы (552-603жж.);
Батыс Түрік қағандығы (603-704 жж.);
Шығыс Түрік (екінші Түрік) қағандығы (682-744 жж.).
Бірінші Түрік қағандығы мен Батыс Түрік қағандығы тек түркі тайпаларын ғана емес, басқа да тайпалар мен отырықшы халықтарды біріктірген көшпелілер империялары болды.
Түрік қағандықтары мен мемлекеттері көшпелілер мемлекетінің классикалық үлгілерін жасай отырып, сақтар, қаңлылар, үйсіндер мен ғұндар бастаған көшпелілер мемлекеттілігінің дәстүрлерін жалғастырды.
Түркі империялары тайпалардың оқшаулануына қарсы жалпыимпериялық құрылымды, идеологияны, ортақ жазу мен ортақ тілді қойып, олардың басын біріктіруге ұмтылды.