Араб медицинасы (араби тәвиби) – халифатқа қарасты Шығыс халықтары арасында ең күшті дамыған ғылым саласының бірі. А. Медицинасы жөніндегі әдебиеттер араб тілінде жазылғанымен, онда халифатқа қарасты көптеген Шығыс елдерінң, оның ішінде Орта Азия халықтарының үлесі үлкен . мыс., Араб медицинасының негізін қалаушы, 5 ғасыр бойы Европа дәрігерлерінің ұстазы болған, атақты Әбу Әли ибн Сина (980 ж. т.) өмірінің көбін Хиуада өткізіп, едицина, философия, математика т.б. саладан білімді сол жерде алған. Ол Хиуаның мыңдаған томы бар, әдеби қоры мол кітапханаларда Руми, Юнан жұртынан шыққан ғалымдардың еңбегімен, әсіресе Гипократ, Гален сияқты ерте замандағы мед. ғалымдарының еңбегімен кеңінен танысты. Иран, Орта Азия және Түркістан елдеріндегі мед. туралы жазылған еңбектерді одан әрі дамытып, дұрыс жүйеге келтірді. Сөйтіп, оның «Қанун» атап әйгілі еңбегі Хиуада жарыққа шықты. Ибн Сина бұл кітабында неше алуан емдеу тәсілдерін – науқас адамды күту, аурудың түрін айыру т.б. мәселелерді баяндаумен қатар, 760 дәрі-дәрмек түрлерін сипаттап жазған. А. медицинасының дүние жүзіне тарауына үлкен әсер еткен «әл-Хави» атты энциклопедиялық еңбек жазған Әбу Бакр Закария (Ар-Рази) да Орта Азияның онтүтігінде туған. Бұл екі кеменгердің т.б. дарынды ғалымдардың еңбектеріне қарағанда, ол кезедегі Шығыстың мед. ғылымы жоғары сатында болғаны байқалды. Дәрігерлік мамандық сол кезде-ақ бірнеше салаға бөлініп, оның ішінде: оташылар, көз, тіс дәрігерлері т.б. болған. Бағдад, Хиуа, Бұхара, Отырар сияқты қалаларда дәрігерлер бірлестігі – мед. қоғамдар құралған Әбу Әли ибн Сина дәіріндегі дәрігерлер жарақат емдеудің көп тәсілдерін, оның ішінде келте кесу, сыңықты салу т.б. ем түрлерін жақсы менгерген. Сол кездегі А. медицинасы пайдаланған камфора, гашиш, амбри т.б. емдік заттар және алоэ, тораңғы сияқты дәрігерлік өсімдіктер осы күнде де сырқатты емдеуге қолданылады. А. медицинасында сезімсіздендіру әдістері тұңғыш рет қолданылды. Бұл үшін олар гашиш, көкнәр, апиынды пайдаланған. Европада мұндай әдіс тек 19 ғ-да ғана қолданыла бастады. Шығыс дәрігерлері жараны іріңдетпеу (антисептика) әдістерін де тапқан. А. Медицинасында жұқпалы аурулардың пайда болуы, ел арасына тарауы туралы да біраз мағлұмат болған. Мыс., сүзек, шешек ауруларының жұқпалы екені белгілі болып, оларғаалдын ала шаралар қолданылып отырған.
Достарыңызбен бөлісу: |