ОрталығЫ «Физиканың негізгі заңдары» қолданбалы курс



бет1/28
Дата20.02.2024
өлшемі321.75 Kb.
#492509
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
«Физиканың негізгі заңдары» 11 СЫНЫП КОЛДАНБАЛЫ КУРС (1)


БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ


«Физиканың негізгі заңдары» қолданбалы курс

Батыс Қазақстан облысы Білім басқармасының
білім беруді дамыту орталығының сараптама кеңесінде қаралып, облыс педагогтеріне таратуға ұсынылды.
Хаттама №1 28 ақпан 2021 жыл


Құрастырушылар: Шүйнішбаева Нұрби Даниалқызы- А.Оразбаева атындағы ЖОББМ физика пәні мұғалімі
Бектенова Асил Халыбекқызы-Казталовка мектеп-лицейінің физика пәні мұғалімі


Пікір берушілер:


Имангалиева Б.С - М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті-
«Физика» кафедрасының аға оқытушысы
Стамғазиева А.Ж - Г.Молдашев атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің педагог- зерттеуші, физика пәні мұғалімі.

Ұсынылып отырған 11 сыныптарға арналған әдістемелік жинағы жалпы орта білім беретін физика пән мұғалімдеріне арналған. Бұл қолданбалы курс физиканың негізгі заңдылықтарымен кеңінен таныстырып қана қоймай, оларға байланысты тәжірибелерді қарастырып, әрі есептерін шығару жолдарын үйрету. Оқушылардың ой- өрісін, шығармашылық қабілетін, ұлттық бірыңғай тестіге дайындалуға, эксперименттік есептер мен логикалдық есептерді шығаруға және өз бетімен жұмыстануына мүмкіндік береді.


5

Мазмұны:


1.Түсінік хат..............................................................................
2. Қолданбалы курстың мазмұны...........................................1 бет

  1. Күнтізбелік тақырыптық жоспар ..2-3 бет

  2. Сабақ жоспарлары ..4-50 бет

  3. Қорытынды. 51 бет

  4. Пайдаланылған әдебиеттер 52 бет

Түсінік хат


Физикада материяның қасиеттері мен өзгерістерін сипаттайтын, өлшенетін әрі санмен өрнектелетін көптеген физикалық шамалар енгізіледі. Бақылау мен тәжірибе арқылы құбылыстар мен физикалық шамалар арасында тағайындалған тәуелділіктер физикалық заңдылықтар болып табылады. Ұғымдар, заңдар, принциптер физикалық теорияның негізін құрастырып, белгілі бір құбылыстар жөніндегі біздің білімізді жинақтап және жалпылап отырады. Физика-техника негізі; техникалық құрылғылар (қозғалтқыштар, реакторлар, есептеу техникасы т.б.) физикада ашылып, зерттелген табиғат құбылыстары мен заңдарын пайдалануға негізделген. Мектептегі физика курсын игеру – бұл физикалық құбылыстар мен заңдылықтарды түсініп қана қою емес, сонымен бірге оларды бақылау, тәжірибелер мен эксперименттер арқылы қорытынды жасау және оны іс жүзінде қолдана білу.


Курс бағдарламасы мемлекеттік білім беру стандарты бойынша физика курсының 11 сыныпқа арналған бағдарламасының мазмұнына сай аптасына 1- сағаттан барлығы 34 сағатқа арналып құрылған.
Бағдарламада физиканың мектеп курсындағы негізгі бөлімдері бойынша берілген тақырыптарға тереңірек, ауқымды түрде есептер шығару қарастырылған және оқушылардың білімдерін, негізгі физикалық заңдылықтарды, формулаларды қайталауына жол ашады. Бұл оқушылардың білімін, біліктігін арттыруға мұғалімді бағыттайды. Оқушылардың теориялық білімін графиктік, мәтіндік, сапалық есептерге қолдана білуге, оны шешудің әдіс-тәсілдерін үйренуіне, өз бетімен жұмыстануына, ҰБТ есептерін тереңірек меңгеруіне мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет