«Өскемен қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011–2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны



бет1/12
Дата23.02.2016
өлшемі0.84 Mb.
#8142
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


Қала әкімдігінің

_______________

№ ____________

қаулысымен

бекітілген

«Өскемен қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

2011–2015 жылдарға арналған

стратегиялық жоспары

Мазмұны

1 бөлім. Миссиясы мен пайымдауы


2 бөлім. Білім беруді дамытудың ағымдағы жағдайы мен беталысын талдау
2.1. Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту

2.2. Жалпы орта білім беру

2.3. Әр баланың отбасында өмір сүру және тәрбие алуға деген құқығын жүзеге асыру арқылы әлеуметтік жетімдікті төмендету

2.4. Даму мүмкіншіліктері шектеулі балаларды оқыту


3 бөлім. Стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары, іс-шаралар және нәтиже көрсеткіштері

3.1. Стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары, іс-шаралар және нәтиже көрсеткіштері

3.2. Мемлекеттік орган бағыттары мен мақсаттарының мемлекетіміздің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі
4 бөлім. Функционалдық мүмкіндіктерін дамыту
5 бөлім. Ведомствоаралық өзара іс-әрекет
6 бөлім. Тәуекелдерді басқару
7 бөлім. Бюджеттік бағдарламалар
7.1. Бюджеттік бағдарламалар
7.2. Бюджеттік шығындарды жинақтау

1 бөлім. Миссиясы мен пайымдауы
Миссиясы – «Өмір бойы жаппай білім алу» принципіне сәйкес нәтижеге бағытталған сапалы және бәсекеге қабілетті білім алуға қол жетімділігін қамтамасыз ететін білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

Пайымдауы – жоғары білімді, бәсекеге қабілетті және интеллектуалды тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін сапалы білім беру қызметін беру үшін білім беруді басқарудың тиімді жүйесін құру.


2 бөлім. Білім беруді дамытудың ағымдағы жағдайы мен беталысын талдау
2010 жылы Өскемен қаласының білім беру жүйесі Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік білім беру Бағдарламасына, Шығыс Қазақстан облысының 2005-2010 жылдарға арналған білім беруді дамыту Бағдарламасына сәйкес, Өскемен қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 3776 қаулысымен бекітілген 2009-2010 жылдары Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысының білім беру жүйесін дамыту Бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары негізінде қызмет етті.

2.1. Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту
Мектепке дейінгі білім беру жүйесін сақтау және кеңейту және бес-алты жастағы балалардың мектепалды даярлыққа қол жетімдігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды.

5-6 жастағы балаларды мектепалды даярлықпен қамту 100% құрады.



2009 жылмен салыстырғанда мектепке дейінгі білім беру жүйесі 5 бірлікке өсті және 36 ұйымды құрады, соның ішінде жергілікті атқару органдары ашқан 7 жеке балабақшалар мен 30 мектепке дейінгі шағын орталықтар.
2009-2015 жылдар кезеңінде

Өскемен қаласында мектепке дейінгі ұйымдар жүйесін дамыту динамикасы


2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

Мектепке дейінгі ұйымдардағы жалпы балалар саны

Мектепке дейінгі ұйымдардағы жалпы балалар саны

Жаңа қуаттар ашу (орын)

Жаңа қуаттар ашу(орын)

Жаңа қуаттар ашу (орын)

Жаңа қуаттар ашу(орын)

Жаңа қуаттар ашу(орын)

Жаңа қуаттар ашу (орын)

7539

3500

1290

945

605

1000

1210

16089

Оның ішінде қазақ тілінде

Оның ішінде орыс тілінде

Оның ішінде қазақ тілінде

Оның ішінде орыс тілін-де

Оның ішінде қазақ тілінде

Оның ішінде орыс тілінде

Оның ішінде қазақ тілінде

Оның ішінде орыс тілінде

Оның ішінде қазақ тілінде

Оның ішінде орыс тілінде

Оның ішінде қазақ тілінде

Оның ішінде орыс тілінде

Оның ішінде қазақ тілінде

Оның ішінде орыс тілінде

Оның ішінде қазақ тілінде

Оның ішінде орыс тілінде

1599




1860




700




480




445




600




650




63

34







5940




1640




590




465




160




400




560




97

55

Қалада 2-ден 6 жасқа дейін барлығы 14531 адам тұрады. Қаланың мектепке дейінгі ұйымдарына кезек 2010 жылы 3747 өтінішті құрады.

«Балапан» мектепке дейінгі білім беруді дамыту Бағдарламасы аясында толық қамту мәселесін шешу үшін Өскемен қаласында мектепке дейінгі мекемелер жүйесін дамыту жоспары жасалған, ол келесі бағыттарды қамтуда:

- мемлекеттік мекемелер орналасқан 800 орындық 3 балабақша ғимаратын босату;

- 200 орындық жеке-мемлекеттік негіздегі балабақшаны ашу;

- Шығыс Қазақстан облысының әкімі Б.М. Сапарбаев пен «Қазмырыш» ЖШС және «ҮМЗ» АҚ кәсіпорындары арасында жасалған меморандум негізінде 530 орындық 2 балабақшаның құрылысы;

- 1975 орындық 30 мектепке дейінгі шағын орталықтарды ашу;

- 475 орындық «Лада» және 120 орындық «Арина» жеке балабақшаларында мемлекеттік білім беру тапсырысын белгілеу.

Осылайша, 2010 жылы барлығы 1530 орындық 6 балабақша ғимараттары мен 1975 орындық 30 мектепке дейінгі шағын орталықтар дайындалып, пайдалануға берілді. Нәтижесінде 2010 жылы мектепке дейінгі бағдарламамен қамту 2 ден 6 жасқа дейінгі жалпы балалар санынан (14531 адам) 13513 адамды немесе 93,0 % құрады:

- жалпы үлгідегі балабақшаларда – 6708;

- түзету балабақшаларында – 446;

- жеке балабақшаларда – 1297;

- мемлекеттік тапсырыс бойынша – 595;

- шағын орталықтарда – 4467.

Мектепке дейінгі жастағы балаларды қазақ тілінде тәрбиелеу және оқыту кеңейтілуде. Қалада 1207 бала қамтылған 4 қазақ тілінде оқытатын балабақша, 12 қазақ және орыс тілінде тәрбиелеп оқытатын балабақша (1527 бала қазақ тілінде тәрбиеленуде) қызмет етеді. Барлығы 2734 бала қазақ тілінде тәрбиеленіп білім алуда.

Барлық мектепке дейінгі ұйымдар типтік ғимараттарда орналасқан, барлығы ыстық сумен қамтамасыз етілген. «№ 6 мектеп-балабақша кешені» ММ-де орталық құбыр жүйелері жоқ, қазылған шұңқыр бар.

2007-2010 жылдар аралығында мектепке дейінгі ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға 32,1 млн.теңге бөлінген.

Сонымен бірге қалада бала туудың өсу үрдісі байқалады, 2010 жылғы кезектің өсуіне тура әсерін тигізді. Туғаннан 7 жасқа дейінгі мектепке дейінгі балалар саны 4350 балаға өсті және 28400 құрады (2009 жылы – 24050 бала). Балабақшаларда орын алуға кезектілік 2010 жылы 3099 өтінішті құрады (2009 жылдың 1 қаңтарында – 5912).

Негізгі мәселелерді талдау.

Шалғай шағын аудандарда тұратын мектепке дейінгі жастағы балалардың 23,8 % мектепке дейінгі білім берумен қамтылмаған;

Педагогтардың сапалы деңгейлерінің төмендеуі (жаңа балабақшаларға жұмыс тәжірибелері жоқ жас тәрбиешілер қабылданды);

Мемлекеттік тілде тәрбиелеп оқытатын балабақшаларда тәрбиешілердің және мектепке дейінгі түзету ұйымдарында мамандардың тапшылығы;

Мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін мемлекеттік тілде қамтамасыз ету үшін арнайы мектепке дейінгі білімдері бар кадр әлеуетінің және арнайы түзету балабақшаларында педагогтардың жетіспеушілігі байқалады. Педагогикалық кадрлардың балабақшалардан ағылып кету себебі: төмен еңбекақы, жас педагогтарда баспаналарының болмауы. Қала бойынша пәтер жалдау орташа 25 000 теңгені құрайды, ал тәрбиешінің орташа еңбекақысы – 32 152 теңге; балабақшалардағы топтардың аса толтырылуы себебінен тәрбиешілер тез шаршайды және жұмыстарымен қанағаттанбайды. Бұл мәселелер уақытша. 2011 жылы балабақшалардағы педагогтардың еңбекақылары 30 % өседі, ал топтарды толтыру 2011 жылы 28 балаға дейін жеткізілетін болады, ал 2012 жылы – 26 балаға дейін. Педагогикалық кадрларды қайта даярлау бойынша шаралар қабылданатын болады, бұл педагогикалық жүктемені азайтады.
2.2. Жалпы орта білім беру
Өскемен қаласының ведомствоға қарасты білім беру ұйымдарының жүйесіне 89 ұйым кіреді, олардың 52-сі жалпы білім беретін мекемелер, 8-і қазақ тілінде оқытатын және 15-і аралас мектептер. Мектептердің жалпы санынан:

8 гимназия мен 2 лицейді, 4 ауыл мектептерін қоса алғанда

43 – жалпы орта білім беретін мектептер;

1 – № 96 бастауыш мектеп-балабақша;

1 – Крупская атындағы толық емес орта жалпы білім беретін мектеп-интернаты;

2 – жабық үлгідегі түзету мекемелеріндегі кешкі мектептер (№ 2, 3)

1 – қашықтықтан және бейінді оқыту мектебі – ресурстық орталығы;

1 – Шығыс Қазақстан халықтарының тілдері мен мәдениетін түлету мектебі;

3 – мектеп-балабақша кешені.

3 жеке мектептер қызмет етеді (Исток, Бриг, ҚАЕУ). Одан басқа облыстық дәрежедегі 9 жалпы білім беретін мекеме жұмыс істейді.

Өскемен қаласының қалаға бағынышты жалпы білім беретін мектептерінде, гимназиялары мен лицейлерінде 0 ден 11 сыныпқа дейін 29851 оқушы, облысқа бағынышты 33317 адам білім алуда.

Қазақ тілінде оқытатын мектептер мен сыныптардағы оқушылар құрамы 9437 адамды құрайды.

Интеллектуалды дарынды балаларға арналған 10 лицей мен гимназиялар қызмет етеді, олардың 3 қазақ тілінде оқытатын. 2010 жылдың қыркүйек айында қалада Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің жаратылыс-ғылыми бағытындағы Мектебі ашылды.
Жалпы білім беретін мектептер жүйесі мен құрамының өзгеру динамикасы


Аталуы

2005ж.

2006ж.

2007ж.

2008ж.

2009ж.

2010ж.

Мектептер саны (бірлік)

45

45

45

45

45

45

Құрамы(адам)

34351

32291

30169

28682

28075

27181

Оның ішінде қыздар

17427

16313

15228

14539

14222

13816

Әлеуметтік қорғалмаған және күнкөрісі төмен отбасылары қатарынан шыққан білім алушыларға қаржылық және материалдық көмек көрсету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жалпыға бірдей міндетті білім беру қорына 2010 жылы 79 175,0 мың теңге бөлінген, 2009 жылмен салыстырғанда 20,9 % артық. Жалпыға білім беру қорына аударымдар: 2010 жылы – 2,8 %, 2009 жылы – 2,4 % құрады. Қордың қаражаттары келесі бағыттарға жұмсалды: оқушыларға ыстық тамақ ұйымдастыруға – 62 861,0 мың теңге (3284 адам), киім-кешек пен аяқ киім сатып алуға – 8 794,0 мың теңге (362 адам), балаларды сауықтыру мен демалтуға – 6 366,6 мың теңге. Жалпыға білім беру қоры мектепті ағымдағы ұстауға қарастырылған қаражат шегінде әрбір мемлекеттік жалпы білім беретін мектепте құрылған және мақсатты бағыты бойынша пайдаланылуда.

Өскемен қаласында ауылды жерлер мен қаланың шалғай аудандарында тұратын 346 баланы тасымалдау ұйымдастырылған. № 18 орта мектебіне балаларды жеткізу арнайы рейстермен жүзеге асырылады, № 42 орта мектебіне жекеменшік автобуспен, Ахмер орта мектебіне балаларды «Нанита» ЖШС № 55 маршрутты автобусымен жеткізеді. Осы мақсаттарға 2010 жылы қалалық бюджеттен 6292,0 мың теңге бөлінген, 2009 жылы – 4 813,0 мың теңге. 2011 жылы балаларды Ахмер орта мектебі мен № 18 орта мектебіне жеткізу үшін автобус сатып алу жоспарланған. Осы мақсаттарға бюджеттен 10 000,0 мың теңге бөлінген.

Жалпыға білім беру айлығы аясында күнкөрісі төмен отбасылары қатарынан шыққан оқушыларға қайырымдылық көмек көрсету мақсатында «Қайырымдылық» акциясы өткізілді. Акция барысында 3817 оқушыға киім-кешек, 7915 оқушыға кеңсе тауарлары түрінде материалдық көмек көрсетілді, 713 оқушы аяқ киіммен қамтамасыз етілді. Барлығы 12445 оқушыға жалпы сомасы 1626917 теңгеге көмек көрсетілді.

45 жалпы білім беретін мектептердің асханалары бар 43 мектепте ыстық тамақтандыру ұйымдастырылған. Ыстық тамақпен 27365 оқушы қамтылған, бұл жалпы оқушылар құрамының 90,8 % құрайды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 «Күнкөрісі төмен отбасылары қатарынан шыққан әлеуметтік қорғалмаған білім алушыларға қаржылық және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты жұмсау Ережелерін бекіту туралы» қаулысына сәйкес тегін ыстық тамақпен 3190 адам қамтамасыз етілген (оқушылардың жеке санаттары, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, күнкөрісі төмен отбасылары қатарынан шыққан балалар, даму мүмкіншіліктері шектелген, мүгедек балалар), 2009 жылы – 2739 адам. 2010 жылдың бюджетінде тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етуге 60 217,0 мың теңге, 2009 жылы – 49 076,0 мың теңге қарастырылған.

Қалада 4 түзету мекемесі жұмыс істейді: «№ 14 нашар көретін балаларға арналған мектеп-балабақша кешені» ММ, «№ 61 мектеп-балабақшаның психикалық дамуында бөгелісі бар балаларға арналған мемлекеттік арнайы білім беру – тәрбиелеу мекемесі» ММ, «№ 62 сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп-балабақшасы» ММ, «№ 96 модельді мектеп балабақшасы» ММ, онда 552 бала тәрбиеленіп білім алуда.Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес аталған балалар күніне 250-300 теңге есебінде тегін тамақтанумен қамтылған. Балаларды тамақтандыруға түзету мекемелеріне 2010 жылы 26 142,0 мың теңге бөлінген. Крупская атындағы интернатының 243 тәрбиеленушілері 80 % бюджеттен, 20 % ата-аналар қаражаты есебінен ыстық тамақпен қамтылған.

Қаланың 7 жалпы білім беретін мектептерінде 28 түзету сыныптары бар, онда 180 оқушы бюджеттік қаражат есебінен тамақтанады.

45 жалпы білім беретін мектептерде тамақтандыру жеке кәсіпкерлер жалға алған асханаларда жүзеге асырылады. Аталған мектептердегі үш тамақтан тұратын түскі астың орташа құны 130-150 теңгені құрайды. Білім беру ұйымдарындағы негізгі тамақ өнімдерінің бағасы бақылауда болып табылады. Азық-түлік жеткізушілермен келісімдер жасалған, соған сәйкес азық-түлік бағасы жылдың соңына дейін өзгертілмейтін болады.

2009-2010 оқу жылынан бастап балалар тамақтарының рационына бал қосылатын болды. Қаланың мектептеріне 21,6 тонна, балабақшаларға – 15,1 тонна бал сатып алынды. Бал кондитерлік өнімдер мен сусындарға: шәй, коктейльдерге қосылады. Орташа есеппен бір адамға 5-10 грамм балдан келеді.

Сапалы білім беру жүйесінің ең маңызды құрамдас бөлігі педагогикалық кадрлар және олардың кәсіби біліктіліктері болып табылады. Қаланың білім беру ұйымдары педагогикалық кадрлармен толық көлемде қамтамасыз етілген. Өскемен қаласы бойынша күндізгі жалпы білім беретін мектептердегі педагогтардың жалпы саны 2010 жылы 2734 адамды құрады. Үш жылдың динамикасын төмендегідей байқауға болады: 2008 жылы – 2708 адам, 2009 жылы – 2731 адам, үш жылдың ішінде мұғалімдердің саны 26 педагогқа немесе 0,95 % өсті.

Өткен жылмен салыстырғанда 2010 жылы жоғары білімі бар педагогтар үлесі 89,6 % құрап 0,3 % өсті, бұл орта кәсіптік білімдері бар мұғалімдер үлесін 10 % төмендетті. Жалпы білім беретін мектептердегі жоғары және бірінші біліктілік санаттары бар мұғалімдер үлесі 56,8 % құрайды. Өскемен қаласында 158 адам жұмыс істейді, оларда жоғары марапаттары мен атақтары бар, олардың 18 ордендер және медальдармен, екеуі – Алтынсарин атындағы медальмен марапатталған, 80 білім беру үздіктері және 3 Қазақстан Республикасының Құрметті білім беру қызметкері болып табылады.

Қала мектептеріне 57 жас мамандар (олардың 2 - ауылға) келді, бұл өткен оқу жылымен салыстырғанда 0,3 % артық.

Қазіргі заман жағдайында оқушылардың жалпы орта білім беру сапасын арттыру педагогикалық кадрларды сапалы даярлау мен қайта даярлаусыз мүмкін емес. 2005-2010 жылдар кезеңіндегі алты жылдың ішінде 4432 педагог қайта даярлау курстарынан өтті. 2010 жылы 830 педагог өз мамандықтары бойынша қайта даярлау курстарынан өтті. 13 білім беру ұйымдарының басшылары өздерінің кәсіби деңгейлерін көтерді. 12-жылдық білім беруге көшу міндеттерін жүзеге асыратын база даярлау аясында 2009-2010 оқу жылында 349 мұғалім (курстан өткендердің 66,9 %) қайта даярлаудан өтті.

Білім беру сапасының көрсеткіштері жалпы білім беретін мектептер түлектерінің Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындылары болып табылады. Ұлттық бірыңғай тестілеуге 1898 мектеп бітірушілердің 1638 қатысты, бұл 86,3 % (2009 жылы – 1608 түлек немесе 94,3 %). 198 оқушы емтихандарды дәстүрлі үлгіде тапсырды, өткен жылы – 21 адам. 53 оқушы денсаулықтары бойынша қорытынды аттестаттаудан босатылды, өткен жылы – 76. № 3, 10, 11, 38, 39 мектептерінің 9 түлектері халықаралық олимпиадаға қатысушылар ретінде тестілеуден босатылды.

2010 жылы қала бойынша орташа балл 86,9 құрады (2009 жылы 74,8). Мектеп бітірушілердің 95,5 % межелі деңгейден (50 балл) жоғары білім көрсетті (2009 жылы – 95,3 %). Мектеп бітірушілердің 75 % 70 баллдан алды, бұл «жақсы» деген бағаға сәйкес келеді. Мектеп бітірушілердің 21 % 101 балл және одан жоғары баллдар алды., бұл «өте жақсы» деген бағаға сәйкес (2009 жылы – 10,8 %). 33 мектептің түлектері 100 баллдан жоғары көрсеткіш көрсетті, 2009 жылы бұндай мектептер 28 болған. № 3 мектеп-гимназиясында ең жоғарғы орташа балл 112 (№ 44 мектеп-лицейінде – 111 балл, «Бриг» жеке мектебінде – 102 балл, № 16 мектебінде – 101 балл, № 38 мектеп-гимназиясында – 99,2 балл, № 11 – 98 балл.)

Ең жоғарғы 125 баллдың 124 алғандар: № 3 мектеп-гимназиясының түлегі Мәдина Досымхан және № 11 мектеп-гимназиясының түлегі Татьяна Скрипникова. «Алтын белгі» жалпы орта білімі туралы аттестатты 59 түлек растады (2009 жылы 34). 28 мектеп бітірушілер ең үздік жалпы орта білімі туралы аттестат алды (2009 жылы 18). № 3 мектеп-гимназиясының 13 түлегі «Алтын белгі» иелері, № 44 мектеп-лицейінде – 11 түлек, № 43 мектеп-гимназиясында – 6, № 11 мектеп-гимназиясында – 5, № 16 және № 42 орта мектептерінде 3 түлектен, № 17, 26, 38 мектептері мен ҚАЕУ 2 түлектен, № 1, 4, 9, 20, 23, 24 орта мектептері мен «Исток» жеке мектебінде 1 түлектен.

Оқыту сапасын арттыру жоғары тиімді педагогикалық технологияларды кеңінен тарату негізінде қамтамасыз етіледі. Инновациялық қызметті басқару жүйелі, басымдылық сипатта болады және келесі тығыз байланысқан бағыттар бойынша жүзеге асырылады: педагогикалық кадрлардың әр санаттарымен әдістемелік жұмыс, бірыңғай іздену тақырыбы бойынша тәжірибелік-эксперименталдық жұмыс, білім беру сапасының мониторингін жүргізу және т.б. Инновациялық басқару жолдарының талаптарына жауап беретін осы жүйенің құрамдас бөлігі республикалық және қалалық эксперименталды алаңдар болып табылады. № 1, 2, 16, 19 қала мектептерінің педагогикалық ұжымдары теориялық жағдайды табысты түсінеді және Республиканы 12-жылдық білім беруге көшіруге дайындау бойынша практикалық әдістер мен жұмыс үлгілерін даярлауда.

№ 29 орта мектебі мен № 45 «Болашақ» балабақшасының педагогтары «Өзін-өзі тану» курсын білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие үрдісіне енгізу бойынша жұмыстың мазмұны мен әдісін байқап көрді. 2010-2011 оқу жылында мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартымен «Өзін-өзі тану» пәні мектепке дейінгі ұйымдар мен жалпы білім беретін мектептердің 1-11 сыныптарының оқу жоспарларына енгізілді. № 17 мектебінде үш тілді пәндерді оқыту тәжірибесіне енгізу бойынша тәжірибе табысты жүзеге асырылуда. Қазақстан-Ресей гимназиясында ағылшын тілін ерте оқыту мүмкіндіктері зерттелуде. № 24, 26, 43, 45 мектептерінің пән мұғалімдері профессор Гуля Құмашқызы Нұрғалиеваның басшылығымен электронды оқулықтарды мақұлдауды жүзеге асыруда. Оқу-тәрбие үрдісін технологизациялау бойынша жұмыстар қалалық шығармашылық топтардың қызметі негізінде базалық мектептерді анықтау арқылы жүзеге асырылды: дамыта оқыту технологиясы Д. Эльконина – Б. Давыдова – № 15, 43 мектептері; үш деңгейлі әдістемелік жүйе технологиясы Ж. Караева – Қашықтықтан және бейінді оқыту мектебі – ресурстық орталығы мен № 24, 43 мектептері, RWST технологиясы (сыни тұрғыдан ойлау) – № 3, 42 мектептері, шығармашылық шеберлік мектептері – № 38 гимназиясы.

Бүгінгі күні қалада 19 мемлекеттік мектептен тыс ұйымдар қызмет етуде, олардың қызметі бірінші кезекте күнкөрісі төмен отбасылары қатарынан шыққан балаларға, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға және қиын өмірлік жағдайға тап болған оқушыларға көмек көрсетуге бағытталған. Жас техниктер станциясында күнкөрісі төмен отбасылары қатарынан шыққан 68 бала, балалар өнер мектептерінде – қиын өмірлік жағдайға тап болған 235 бала, балалар аулалық клубтарында кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияның есебінде тұратын 93 жасөспірім шұғылдануда. Одан басқа, мектептерде 198 спорт секциялары жұмыс істеуде, 10 хоккей қорабшалары қысқы мерзімде балаларды қабылдауда, қалада барлығы 25 спорт алаңдары қызмет етеді. 2010 жылы балалар мен жасөспірімдердің пайдалы бос уақыт қызметтерімен қамту 20457 адамды немесе 75 % құрайды.

Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу тәрбие жұмысының басымдылығы болып табылады. Бүгінгі таңда қаланың 13 мектебінде мектеп мұражайлары қызмет етеді, 32 мектепте – Соғыс Даңқы бұрыштары. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 45 құқықтық білім беру мектептері мен наркопостар жұмыс атқаруда.

Жазғы мерзімде балалармен жұмыс балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және қамтылуын, жазғы демалыс кезінде оларды шығармашылық дамытуды ұйымдастыру, сонымен қатар кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, қылмыскерліктің, қараусыздық пен панасыздықтың алдын алу үшін қажетті жағдайлар жасауға бағытталған. Сонымен бірге есепте тұрған балаларды, тұрғындардың әлеуметтік қорғалмаған санаттары қатарынан шыққан балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды және мүмкіншіліктері шектеулі балаларды жұмыспен қамтуға ерекше назар аударылды. Балалар мен жасөспірімдердің демалысына, сауықтырылуына және қамтылуларына 2010 жылы қалалық бюджеттен барлығы 52691,8 мың теңге бөлінді, бұл 2009 жылмен салыстырғанда 19088,2 мың теңгеге артық.

2010 жылы демалыстың жаңа түрі енгізілді – альпілік туристік лагерь, оған бюджеттен 12715,0 мың теңге бөлінген. Демалыс күнінің бағыты, облысымыздың қалалары мен аудандарына кіші туризм бойынша оқушыларды мәдени алмастырулар өз дамуларын тапты. Білім беру бөлімінің «Ардагер жанымызда тұрады», «Тимуршылар қозғалысын жаңғырту», «Денсаулық күні», «Мектеп топтарымен алмасу», «Күн әлемі», «Мейірім», «Құстардың достары», «Гүлденген аула», «Альпілік лагерь» беделді жобалары патриотизм мен азаматтылықты қалыптастыруға, аға буынға, өлкеміздің табиғи байлығына және біздің кіші бауырларымызға қайырымдылық пен назар аударуға бағытталған. 2010 жылы қайырымдылық акцияларына барлығы 32 мың оқушылар мен олардың ата-аналары қатысты.

2010 жылы Өскемен қаласының білім беру бөлімінің жоспары бойынша 5 365 005,0 мың теңге жоспарланған, қаңтар-желтоқсан айларында олардың орындалғаны 5 362 622,3 мың теңге, 2011 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қалдық 2 382,7 мың теңгені немесе 99,9 % құрайды.

001 000 бағдарламасы бойынша қалдық 1,3 мың теңгені құрайды.

003 000 бағдарламасы бойынша қалдық 1 637,4 мың теңгені құрайды, оның ішінде еңбекақы және әлеуметтік аударымдар бойынша қалдық 101,9 мың теңгені құрайды. Шағын орталықтар бойынша қалдық 1 082,2 мың теңгені құрайды. Қызметтер мен жұмыстарды сатып алу бойынша қалдық 96,5 мың теңгені, басқа ағымдағы шығындар бойынша қалдық 305,4 мың теңгені құрады, олардың ішінде: 159 ерекшелігі бойынша мемлекеттік сатып алулар байқауын өткізу бойынша қалыптасқан үнем сомасы 271,3 мың теңге.

004 000 бағдарламасы бойынша ауыспалы қалдық 0,6 мың теңгені құрайды.

005 000 бағдарламасы бойынша қалдық 73,1мың теңгені құрайды.

009 000 бағдарламасы бойынша қалдық «Балапан» балабақшасын қайта ұйымдастыруға байланысты 626,7 мың теңгені құрайды.

2010 жылы аймақтық жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын жүзеге асыру аясында білім беру нысандарын толық, ағымдағы жөндеуге 855 039,0 мың теңге қаражат бөлінді, олардың ішінде республикалық бюджеттің трансферттері есебінен орындалуы 539 348,2 мың теңге немесе 99,9%. Аудан (облыстық дәрежедегі қала) бюджетінің қаражаты есебінен 315 647,2 мың теңге немесе 99,9 % игерілді.

«Жол картасына» енгізілген Өскемен қаласының білім беру нысандарына жүргізілетін жөндеу жұмыстарының көлемі 855 039,0 мың теңгені құрайды, соның ішінде 3 нысанға толық жөндеу жұмыстары және 64 нысанға ағымдағы жөндеу жұмыстары. № 44 мектеп-лицейіне кешенді толық жөндеу жұмыстары және мақсатты қызметіне қайтарылған 2 балабақша ғимараттарына толық жөндеу жұмыстары жүргізілді. 40 мектепке, 20 мектепке дейінгі ұйымға және 4 қосымша білім беру ұйымдарына ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша жұмыстар атқарылды. 34 білім беру ұйымдарының шатырларына, 34 білім беру ұйымдарының жылу жүйелеріне, 41 білім беру ұйымдарының сумен жабдықтау жүйелері мен құбырларына, 24 білім беру ұйымдарына электрмонтаждау жұмыстары, 25 ұйымның есіктері мен терезелеріне, 11 ұйымның қасбеттеріне, 13 ұйымның іргетастары мен бірінші қабаттарына жөндеу жұмыстары және 56 білім беру ұйымдарына жалпы құрылыс жұмыстары жүргізілді.

Орта білім берудің қазіргі заманғы моделін құру және халықаралық стандарттарға көшу үшін білім беру үрдісіне ақпараттық технологиялар белсенді қолданылуда. Қала мектептерінде 135 компьютерлік сыныптар қызмет етеді, онда жаңа үлгідегі 1564 компьютерлер орнатылған. Мектептердің 100% электрондық пошта мен «Интернет» жүйесіне қосылған, 100% оқу теледидарының қызметтерін пайдалану үшін қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Негізгі мәселелерді талдау.

Сапалы білім берумен қамтамасыз ету мақсатында білім беру мазмұнын жаңарту қажет.

Кейбір мектептер базалары мен ғимараттарының материалдық-техникалық жағдайы қазіргі заманның талаптарына сәйкес келмейді.

12-жылдық білім беру жүйесіне көшіру кезінде оқытудың қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникативті технологияларын енгізу қажет.

2015 жылға дейін жалпы білім беретін мектептердің барлық оқушыларын жергілікті бюджет есебінен тегін оқулықтармен қамтамасыз ету қажет.

Жан басын қаржыландыру нормативінің жоқ болуы бюджеттің білім беру ұйымдары бойынша тең бөлінбеуіне әкеледі.



Жастар саясатын жүзеге асырудың жетілдірілмеген инфрақұрылымы: мақсатты жастар топтарының толық қамтылмауы, нәтижеге қол жеткізудегі тиімді бағалау жүйесінің жоқ болуы.

Оңды динамикаға қарамастан, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыскерлік деңгейі жоғары болып қалуда, ағымдағы жылы балалар қылмыскерлігінің үлес салмағы 0,3 % құрады.

Негізгі ішкі және сыртқы факторларды бағалау

Сыртқы факторлар:

Демографиялық және миграциялық үрдістердің әсері;

Ақпаратты-коммуникативті жүйелерінің жеткіліксіз дамуы.

Ішкі факторлар:

Туу деңгейінің өсуі және мектептердегі жүктеме деңгейінің болжалмалы өсуі;

Мектептер мен қосымша білім беру ұйымдарының нашар материалдық-техникалық базасы;

ШЖМ білікті педагогикалық кадрлармен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі;

Электронды контенттердің енгізілуі мен әзірленуіне педагогикалық кадрлардың жеткіліксіз дайындығы.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет