Қазақ тілі /факультатив/ барлығы 34 сағат
№
|
Сабақтың тақырыбы
Сағат
саны
|
Күні
|
Мазмұны
|
Енгізілген өзгерістер
|
I. ФОНЕТИКА
|
1.
|
Фонетика туралы түсінік
|
1
|
|
Фонетика туралы түсінік, мақсат-міндеттері.
А) Фонетка нені зерттейді?
Б)Фонетика нені қарастырады?
|
|
2.
|
Дауысты дыбыстар
|
1
|
|
Дауысты дыбыстардың емлесі.Дауысты дыбыстарының таңбасы.
|
|
3.
|
Дауыссыз дыбыстар
|
1
|
|
Дауыссыз дыбыстардың емлесі.Дауыссыз дыбыстарының таңбасы.
|
|
4.
|
Қазақ тілінің тән дыбыстары
|
1
|
|
Қазақ тілінің тән дыбыстарының ерекшеліктері
|
|
5.
|
Буынның түрлері
|
1
|
|
Буын - сөзді айтқан кездегі дауыс толқыны. Буынның 3 түрі:
1)Ашық буын
2)Тұйық буын
3)Бітеу буын
Буындардың жасалу тәсілдері.
|
|
6.
|
Үндестік заңы
|
1
|
|
Үндестік заңының 2 түрі:
1)Буын үндестігі
2)Дыбыс үндестігі
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар.
Дыбыс үндестігі:
1) Ілгерінді ықпал
2) Кейінді ықпал
|
|
II. ЛЕКСИКА
|
7.
|
Лексика туралы түсінік
|
1
|
|
Лексика туралы түсінік, мақсат-міндеттері.
А) Лексика нені зерттейді?
Б) Лексика нені қарастырады?
|
|
8.
|
Кәсіби сөз, термин сөз, кірме сөз
|
1
|
|
Кәсіби сөздер - кәсіп, шаруашылық, өнер түрлеріне қатысты сөздер(профессиональные слова). Мұрап,қармақ, қоза т.б.
Термин сөздер - ғылым, техника, спорт,мәдениет,саясат т.с.с. салаларға жататын сөз.
Тіл білімі:дыбыс, әріп, фонетика, лексика т.б.
Физика:оптика,энергия,қуат, тартылыс заңы, атом т.б.
|
|
9.
|
Көнерген сөз, жаңа сөз, диалект сөз
|
1
|
|
Көнерген сөз - қазіргі кезде қолданыстан шығып қалған, мағынасы көмескіленген сөз.
Дәстүр: әмеңгер, барымта
Тұрмыс:сәукеле
|
|
10.
|
Сөз мағынасы
|
1
|
|
Сөз мағынасы:
Тура мағыналы сөздер- терең көл, ашық терезе, адамның тілі.
Ауыспалы мағыналы сөздер - терең ой, ашық мінез, ана тілі. Көп мағыналы сөздер: адамның басы - сөздің басы - таудың басы
|
|
11.
|
Синоним, антоним, омоним сөздер
|
1
|
|
Сөз мағынасына қатысты ұғымдар:
Омонимдер - дыбысталуы бір, бірақ мағыналары әр түрлі сөздер: қара (түс),(адамға қара)
Антонимдер - мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер: аласа-биік, ұзын-қысқа, жақын - алыс.
Синонимдер - айтылуы әр түрлі, бірақ мағыналары ұқсас сөздер: сабырлы, төзімді, ұстамды, салмақты
|
|
12.
|
Тұрақты тіркес
|
1
|
|
Тұрақты тіркес - тіркескен сөздің бір түрі.Басты белгілері:сөздердің орны тұрақты, яғни орындарын өзгертуге келмейді; басқа сөзбен де ауыстыруға болмайды;барлығы бір мағынаны білдіреді.
Мысалы:ит өлген жер - алыс
Тілді үйіреді - тәтті.
|
|
13.
|
Мақал-мәтелдер
|
1
|
|
Мақал - өмірлік тәжірибеден туындаған түйінді пікір, тұжырымды сөз өрнегі немесе тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні.
Мәтел - белгілі бір ойға, ұғымға ишара жасайтын, астарлап, жұмбақтап айту, мәні басымддау болатын халық мұрасы.
|
|
|
III. СӨЗЖАСАМ
|
14.
|
Сөзжасам туралы түсінік
|
1
|
|
Cөзжасам туралы түсінік, мақсат-міндеттері.
А) Сөзжасам нені зерттейді?
Б) Сөзжасам қалай жасалады?
|
|
15.
|
Дара сөз (негізгі сөз, туынды түбір сөз)
|
1
|
|
Сөз құрамына қарай: дара, күрделі сөз болып 2-ге бөлінеді.
Дара сөз - бір ғана түбірден тұратыннегізгі және туынды түбір сөздер.
Негізгі түбір сөздер: ой, бас,сан.
Туынды түбір сөздер: ойла, баста,сана.
|
|
16.
|
Күрделі сөз (біріккен сөз, қысқарған сөз)
|
1
|
|
Күрделі сөз - екі немесе көп түбірден құралған сөздер.
Біріккен сөздер - Ақтау, тасбақа
Қықарған сөздер - БҰҰ, ҚазМҰУ,АҚШ
|
|
17.
|
Қосарлама, қайталама сөздер, тіркесті сөз
|
1
|
|
Қайталама қос сөздер - үлкен-үлкен, биік-биік.
Қосарлама қос сөздер - ата-ана, бала-шаға.
Тіркесті сөз - он бір, ақ ала, қара торы.
|
|
|
IV. МОРФОЛОЛГИЯ
|
18.
|
Морфология туралы түсінік
|
1
|
|
Морфология туралы түсінік, мақсат-міндеттері
А) Морфология нені зерттейді?
Б) Морфология нені қарастырады?
|
|
19.
|
Сөз таптары
|
1
|
|
Сөздердің мағынасына, сұрағына, түрленуіне, сөйлемдегі қызметіне қарай топталуын сөз таптары дейді.Қазақ тілінде 9 сөз табы бар:
1. Зат есім.2.Сын есім.3.Сан есім.4.Есімдік.5.Етістік.6.Үстеу.
7.Шылау.8.Еліктеу сөз.9.Одағай
|
|
20.
|
Зат есім, сын есім, сан есім
|
2
|
|
Зат есім - заттың атын білдіретін сөз табы.Тұлғасына қарай:негізгі,туынды.Құрамына қарай:дара, күрделі. Мағынасына қарай:жалқы, жалпы,деректі, дерексіз.
Сын есім - заттың түр-түсін, сый-сипатын, сапасын, салмағын, көлемін, дәмін білдіретін сөз табы. Тұлғасына қарай:негізгі,туынды.Құрамына қарай:дара, күрделі. Мағынасына қарай:сапалық, қатыстық.
Сан есім - заттың санын, ретін және қимылдың мөлшерін білдіреді. Тұлғасына қарай:негізгі,туынды.Құрамына қарай:дара, күрделі. Мағынасына қарай:есептік, реттік,топтау,жинақтық,болжал
дық,бөлшектік.
|
|
21.
|
Есімдік, етістік,үстеу
|
2
|
|
Есімдік - зат есім, сын есім, сан есімдердің орнына қолданылатын сөз табы.
Құрамына қарай:дара, күрделі. Мағынасына қарай:жіктеу,сілтеу,сұрау,өздік,
Белгісіздік, болымсыздық, жалпылау.
Етістік - заттың іс-әрекетін, қимылын білдіреді. Тұлғасына қарай:негізгі,туынды.Құрамына қарай:дара, күрделі. Мағынасына қарай:сабақты, салт.
Үстеу - қимылдың түрлі белгісін(мекенін, мезгілін,себебін,мақсатын, мөлшерін,амалын) білдіретін сөз табы. Тұлғасына қарай:негізгі,туынды.Құрамына қарай:дара, күрделі. Мағынасына қарай:мекен, мезгіл,сын-қимыл,себеп,мақсат, мөлшер,күшейткіш
|
|
22.
|
Шылау, еліктеу сөз, одағай
|
2
|
|
Шылау - сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыратын және өзі тіркескен сөзге қосымша мағына беретін көмекші сөздің бір түрі.Мағынасы мен сөйлемдегі қызметіне қарай 3-ке бөлінеді:
1.Септеулік
2.Жалғаулық
3.Демеулік
Еліктеу сөз - әр түрлі дыбысқа, құбылысқа еліктеуден және олардың бейнесін елестетуден туындаған сөз.
Тұлғасына қарай: негізгі, туынды.
Құрамына қарай: дара, күрделі
Мағынасына қарай: еліктеуіш, бейнелеуіш.
Одағай - дербес мағынасы жоқ, адамның көңіл-күйін білдіретін немесе жануарларға қаратылып айтылатын сөз.
Мағынасына қарай 3 -ке бөлінеді:
1.Көңіл-күй
2.Жекіру
3.Шақыру
|
|
23.
|
Қосымша
Жұрнақ (сөз тудырушы, сөз түрлендіруші)
|
1
|
|
Жұрнақ
Жалғау
Жұрнақ - өзі жалғанған сөзге жаңа мағына беріп, туынды сөз жасайды.
Жұрнақ - сөз тудырушы, сөз түрлендіруші.
|
|
25.
|
Жалғау
Көптік жалғау, тәуелдік жалғау
Септік жалғау, жіктік жалғау
|
2
|
|
Көптік жалғау - сөздер жекеше түрде және көпше түрде қолданылады.Көптік мағынаны білдіру үшін сөздерге көптік жалғау жалғанады.
Тәуелдік жалғау - заттың біреуге не нәрсегетәуелді (меншікті) екенін білдіреді.Тәуелденетін зат 3 жақтың біріне меншікті болып тұрады.Сол себепті тәуелдік жалғаудың 3 жағы және әр жақтың өзіне тән жалңаулары болады.
Септік жалғау - сөздің септік жалғауды қабылдауын септелу дейді.Қазақ тілінде 7 септік бар.Олардың әрқайсысының атауы, сұрағы және жалғаулары бар.
Жіктік жалғау - сөздің жіктік жалғауды қабылдауын жіктелу дейді.Сөздер 3 жақта және жекеше, көпше түрде жіктеледі.
|
|
V. СИНТАКСИС
|
28.
|
Синтаксис туралы түсінік
|
1
|
|
Синтаксис(грек."құрастыру,біріктіру,рет" - сөз тіркесі мен сөйлемнің құрылысын қарастыратын грамматиканың бір саласы.
|
|
30.
|
Жай сөйлем
|
1
|
|
Сөйлем - біршама тиянақты ойды білдіретін сөздер тобы.
Жай сөйлемнің құрылысына қарай түрлері: жақты,жақсыз,жалаң,жайылма,толымды, толымсыз,атаулы.
|
|
31.
|
Құрмалас сөйлем
|
1
|
|
Құрмалас сөйлем - ең кемі екі жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіреді.Құрмалас сөйлем құрылысына қарай 3 түрі бар: салалас, сабақтас, аралас.
|
|
32.
|
Сөйлем мүшелері
|
1
|
|
Сөйлем мүшелері - сөйлем құрауға қатысқан толық мағыналы, белгілі бір сұраққа жауап беретін және сөйлемдегі басқа сөздермен байланысып тұратын сөздер. Сөйлем мүшелері атқаратын қызметіне қарай 2 топқа бөлінеді: тұрлаулы мүше және тұрлаусыз мүше.
Тұрлаулы мүшелер: бастауыш, баяндауыш.
Тұрлаусыз мүшелер: анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш.
|
|
33.
|
Оқшау сөздер
|
1
|
|
Оқшау сөздер - сөйлемнің құрамында тұрса да, басқа мүшелермен грамматикалық байланысқа түспейтін мүше. Оқшау сөздің 3түрі бар: қаратпа, қыстырма және одағай сөз.
Оқшау сөздің тыныс белгісі.
Оқшау сөз - сөйлемнің басында келсе, одан кейін үтір қойылады.
Оқшау сөз - сөйлемнің соңында келсе, оның алдынан үтір қойылады.
Оқшау сөз - сөйлемнің ортасында келсе, оның екі жағынан үтір қойылады.
|
|
34.
|
Қорытынды сабақ
|
1
|
|
Жыл бойы өткенді қайталау (тест)
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |