42
- плазма жарғақшасынан тұратыңдығы анықталды.
Өсімдіктер мен жануарлар жасушалары құрылысы жөнінен ұқсас
болғанымен, айтарлықтай айырмашылықтары да бар.Ол айырмашы-
лықты сыртқы қабықшасының құрылысынан байқауға болады.
Өсімдіктер жасушаларынын қабықшасы таза жасунықтан (клетчат-
кадан) тұрады. Оның қабықшасын қаншалықты бүктесе де, біраздан
соң бұрынғы қалпына қайта келеді, мұны серпімділік қасиеті дейді.
Мысалы, осы талшықтардан жасалған маталарды бүктегенде, үтікте-
генде бұрыңғы қалпына қайта келеді. Ендеше, өсімдіктердің жасуша
қабықшасының физикалық қасиетіне оның серпімділігі, жұмсақтығы,
қаттылығы, майысқақтығы және т.б. жатады. Жануарлар жасушасын
жарықтың көмегімен көрсететін микроскоппен көре алмаймыз.
Электрондық микроскоптың шығуына байланысты жануарлар жасу-
шасы қабықшасының құрылысы толық зерттелді. Осы зерттеулердің
нәтижелерінде жасуша жарғақшасының үш қабаттан тұратындығы
анықталды. Ішкі және сыртқы қабаттары ақуыз молекулаларынан, ал
ортаңғы қабаты екі қатар фосфолипид молекулаларынан тұратын-
дығын көруге болады. Жануарлар жасушаларының сыртқы қабаты
өте жұмсақ, созылғыш келеді,
осы қабатты гликокаликс деп атайды.
Қызметі. Өсімдіктердің жасуша қабықшасымен салыстырғаңда
жануарлар жасуша қабықшасының диаметрі өте жұқа- 1 мкм, сон-
дықтан да тірек қызметін атқара алмайды. Жасушаның қабықшасы
ұсақ («А»-
ангстрем өлшемімен өлшенетін) шұрықтардан (поралар-
дан) тұрады. Осы шұрықтар арқылы жасушамен оны қоршаған айна-
ладағы ортанын арасында үздіксіз зат айналым әрекеті жүреді. Зат ай-
налым әрекетін реттеуде гликокаликс қабатының атқаратын рөлі зор.
Достарыңызбен бөлісу: