Рухани мәдениеті. Бұл елдерде қоғамдық құрылыс әр түрлі. Түркия, Ливан, Сирия, Израииль, капиталистіа жолмен дамыса, Сауд Арабиясында феодалдық қатынас басым кееледі. Израильде кейінгі жылдары капитализм күшті дамыған. Ауылда «кибуц» деген кооператив құрылып оны қуатты шаруалар билей бастады. Көшпелі, жартылай көшпелі қауым үнемі бір – біріне көмектесіп отырды. Қанға – қан, кегін қалау тайпаның ақсақалға бағыну салттары түгел қамтыған.
Бұл елдерде ауыз әдебиеті, өлең - жыр, шежіре айту аса кең тараған. Музыка өнері жақсы дамып, шекті, барабан, даңғыра сияқты аспаптар пайдаланылды. Ертектер және күллі шығармалар жиі айтылды. Ауғанстанда халық өнері үрмелі аспаптар, ұлт театрлары жықсы дамыған Таяу Шығыста кең тараған бірден – бір дін – 7 ғ Мұхаммед негізін салған ислам діні. Ислам дініңнің өзге діндерге қарағанда ел басқарушының адал, таза жүруіне уағыздайтын көптеген шариғаттары бар. Оны діни басшылар жақсы пайдалана білді.
Таяу Шығыс – дүние жүзіндегі үш діннің: идуаизм, христиан және ислам дінің кең тарағн ортасы. Осы құрлық тұрғындарының көпшілігі ислам дінің қолдады. Араб тілінде «ислам» деген сөз «құдайға сенгіш, көнгіш» деген мағына берді. Бұл дін 6 ғ соңы мен 7 басында аборогендердің алғашқы қауымы ыдырап, феодалдық қауымға өте бастаған кезде шықты. Оның негізін салушы Мұхаммед 622 жылы Меккеден Мединаға барғаннан кеійін жаңадан пайда болған дінді халыққа кең көлемде таратқан. Ислам дінінің негізгі догмасы – «Құдайдан басқа еш билеуші жоқ, Мұхаммед оның жердегі өкілі» болып келді. Құранның зажуы бойынша мұсылман деген адам 5 түрлі міндетті атқаруы керек: құдайдың жалғыз екенін мойындау, бес уақыт намаз, 30 күн ораза ұстау, малдан зекет төлеу, қажыға бару. Ислам екі ағынға бөлінеді: суннизм және шиизм.
2.Оңтүстік Азия халықтары.
Оңтүстік Азия – шетел Азиясының бір бөлігі. Оның жерінің көлемі – 4,5 млн шаршы шақырым. Бұл жерде Үндістан, Пәкістан, Непал, Цейлон, Бангладеш мемлекеттері кіреді. Физико – географиялықұ жақтан бұл аймақтың жерін 3 бөлуге болады. Гималай Гиндукеш таулы өңірлері, Декан таулы жотасы, Инда, Ганга өзендерінің алқаптарындағы ойпаттар.
Оңтүстік Азия халықтары көптеген тілде сөйлейді. Құрлықтың халқы, жалпы алғанда, ірі – ірі 20 – дан астам, ірі кішігірім тілге бөлінеді. Олар үндіеуропалық, тибет – бермилық, мон – кхермалық тіл семьяларына жатады. Олардың ішінен үнді, ирандық тіл, екеуінің ортасынан шыққан дардтық тілді атап көрсетуге болады.
Оңтүстік Азия халықтарының арасынан негр – австрлоидттық, еуропойдтық, монғолойдық көптеген антропологиялық ұқсас тілдерді көруге болады. Индияның оңтүстігінде ируда, ченчу, шолага, курумба, нәсілдері өмір сүреді. Оңтүстік Индияны дарвид тұқымына негр – австрполойдтық пен еуропойдтықтардың аралығынан шыққан халық мекендейді. Монғолойдық нәсілдің өкілдері Гималай және Ассам тауларының тұрғындары болып келеді.
Оңтүстік Азия халықтарының этнткалық зерттелуі өте қиын мәселелердің бірі. Себебі. Бұл нәсілдер бір – бірімен мидай араласып кеткен. Жергілікті нәсілдің шығуы және олардың даму тарихы жөнінде Оңтүстік Азия халықтарының арасында көптеген аңыздар, шежірелер бар.
Сол дерекетерге қарағанда, б.д.д. 2мыңыншы жылдарды еуропойдтық кейбір өкілдері солтүстік – батыс жақтан Оңтүстік Азия құрлығына ауып келген. Бұл келушілер жартылай көшпелі болған. Алғашқы қауымның ыдырап, таптық қоғамға өте бастаған кезі кезі боуы керек. Әлі келімсектердің қолбасшысы қауымдық қоғамның ыдырап, таптық қоғамға өте бастаған кезі.
Оңтүстік Азияның халықтары ерте заманнан бері Таяу Шығыс арқылы Еуропа елдерімен ал еуропалықтар Орта және Оңтүстік Азия арқылы Шығыс елдерімен тығыз байланыс жасаған. Б.д.д 3-2 ғ Ескендірдің бұл елдерге жасаған жорығынан кейін жергілікті тұрғындарға эллиндік мәдениет өз ықпалын тигізген.
Уақыттың бұдан кейінгі кезеңдерінде Оңтүстік Азиныңаборигендері басқа этникалық халықпен араласып жатты. 5 ғ аяғында Орта Азиядан гун мен хунна тайпалары Үндістан жеріне барған. Олар Пенджабтан Виндхьяға дейінгі жерлерді басып, Эфталит мемлекетінің негізін салды. Олар 8 ғ Синд жерін жаулап алса, парсылар мен ауғандар Батыс Үнджістанның жерін иемденді. 13 ғ орта шенінде Солтүстік Үндістанға Орта Азиядан тәжіктер мен монғолдар келіп кірді. 14ғ Виндьхя тауы арқылы Үндістанның оңтүстігіне дравид тілінде сөйлеуші тайпалар келіп қоныстанды. Осындай дан – жақтан келген тайпалар халықтар Оңтүстік Азияның этникалық құрамына айтарлықтай өзгерім енген.
Ұлы географиялық ашылудан кейін Оңтүстік Азияның байлықтары тек қана азиялықтарды емес, еуропалықтарды да қызықтырған. 16 – 17 ғ португалдықтар кейін голландықтар, француздар, ағылшындар, бірінен бірі Үндістанға келіп қоныстанды. Олар Оңтүстік Азияға кіріп, жаңа желрді отарға айналдырып, жергілікті қалықты билеп – төстеп, сансыз қайғы – қасірет әкелді. Жақсы қаруланған ортаршылдар жергілікті халықтарды өздерінің мекендерінен қуып шығып шұрайлы жерлрі мен асыл дүниелерін тартып алды. Осындай елдің отаршылдық саясатының негізінде аборигендердің экономикасы , тұрмысы, әл ауқаты және мәдениеті төмендеп кетті. Оның үстіне келген отаршылдар Үндістанды иелену үшін бір - бірімен соғысты. Нәтижесінде сол кездегі күшті мемлекеттердің бірі болған, Англия басқаларын қуып шығып, Үндістанда жеке – дара билеп төстеді. Бірақ бұл құрлықтың халықтары өз тәуелсіздігі үшін отаршылдармен жиі – жиі соғысып тұрды.
Әсіресі Үндістан халқының ұлт – азаттық күресі екінші дүниежүзілік соғыстан кейін 1947 ж көп жыл елге үстемдік еткен ағылшындарды қуып шығып, жеңіске жетті. 1950ж Үндістан Республикасы ұйымдастырылды. Өз тағдырына ие болған, үнді халқы артта қалған, экономикасын, мәдениетін дамытып, жылдан – жылға іргелі озық мемлекеттің біріне айналып келеді. Ұлт – азаттық күресітің нәтижесінде Пәкістан мен Цейлон халықтары бас бостандығын алды. 1948 ж. Шри Ланка, 1956 ж. Пәкістан өз алдфна жеке мелкет болып, отаршылдардың бұғауынан азат етілді. Қазіргі кезде Оңтүстік Азияның халықтары өз алдына жеке – жеке дербес мемлекет болып отыр.
Бұл құрлық халықтарының көбі ауылдық жерлерде орналысқан. Сондықтан Үндістан, Пәксітан, Шри Ланка, бангладеш және Непал аграрлық елдер болып саналды. Қала тұрғындары сан жағыанан онша көп емес. Бұрын ауыр өндіріс жоқ кезінде қалаларда , селоларды қолөнер кәсібі кең тараған.
Шаруашылығы. Оңтүстік Азия аборигендері ерте заманнан бері отырықшы болып, егіншілік кәсібімен айналысқан. Сондықтан бұл елдердің басты шаруышылығы - егіншілік. Дәнді егістьерден күріш, тары, бидай, арпа, жүгері. Бұршақ егілді. Май алынатын өқсімдіктен кендір, арахис, каучук өндірілсе, какос пальмасы мен бау – бақша өндіреді.
Бұл егістердің көпшілігі қолдан суарылды. Жергілікті тұрғындар ерте заманнан бері көлдердің, бұлақтардың суын құбыр , арық арқылы пайдаланып, егінді әрқашан бітік өсірген. Отырықшы жылдарында мыңдаған, миллиондаған диқандар жиналып, үлкенді – кішілі канал арықтар қазып, егістік жерлерді суарған. Ал биік жердегі егіске Орта Азиядағыдай шығыр, атпа, төппе, басқа құралдырдың көмегімен су шығарып өнім ала білді. Егістік жерлерді кейде қолдан су тасыпта суарған. Оңтүстік Азия халықтары отырықшылдықтан азат болғаннан кейін жерді суландыруға айрықша көқңіл бөлді. Ауыл шаруашылығында қолданылатын көп құралдыр тұрпайы, ортағасырлық дәрежеде қалып қойған еді. Күш көлігіне өгіз, түйе, жылқы, есек сияқты малдар пайдаланды. Күш көлік жетіспеген 4 – 5 диқанға орта есеппен бір ғана көлік сәйкес келді. Жергілікті халықтаң арасында жерсіз диқандарда аз борлмады. Бұл мәселені шешуде Үндістан мемлекеті біршама шаралар қолданды. Помещиктердің жері бөлініп берілді. Аз ғана жерге себетін тыңайтқыш жетпеді. Сондқтан қазіргі Үндістан , Шри Ланка және басқа елдер ерекше тыңайтқыштар салуға көңіл бөлді. Ауыл шарушылығы жұмыстарының басым көпшылыігі қол күшімен атқарылған. Бұл жұмысты жеңілдеті үшін, біраз елдер қазіргі заман техникасына шұғыл бет бра бастады.
Оңтүстік Азияда мал шаруашылығы да жақсы дамыған. Әсіресе Үндістанның таулы және шөлейтті жерлерінде 4 түлік мал өсіріледі. Үндістер діни сенімдерге байланысты сиыр малын соймайды, етін жемейді тек сүтін және күшін пайдаланады. Сондықтан үндістерде сиыр малы көп. Олар ірі қалалардың ішінде емін еркін көшіп жүре береді. Шөлді-шөлейтті жерлерінде қой мен түйе өсіріледі. Үндістер пілдің күшін үй шаруасына пайдаланады. Кейде пілді ірі құрылыс жұсымтарына жегеді.
Алғашқа уақыттардан бері Оңтүстік Азиы қолөнер кәсібі жақсы дамыған. Олардың саны, түрі, шығарған заттары өте көп. Отырықшылық кезінде бұл заттардың шығарылуы өте азайып кетті. Олар ұзақ ғасырлар бойы дамыған кәсіпті өркендету үшін артельдерді, кооперативтерді ұйымдастыруда. Қолөнер кшығатын заттар қазіргі кезде Үндістанның ұлттық табысының белгілі бөлімін құрайды. Темірден жасалған бұйымдар ағашқа ою салу, сүйектен бұйым істеу, тоқымашылық қатты дамыды. Жерасты байлықтары біртунде ғана пайдалана бастады, соған орай, өндіріс орындары өсіп келеді. Металлургиялық зауыттар электр станциясы, темір жол өндіріс орындары күрт дамыды. Достас елдердің жәрдемімен Үндістанда ірі – ірі өндіріс орындары салынап, іске қосылы, бұл күнде шаруашылықтың әр саласына қажетті машиналарды өз кұштерімен шығңғаратын халге жетті.
5. Орталық Азия халықтары.
Орталық Азия барлық түркітілдес, қандас халықтардың ежелгі Отаны. Оның бастысы Еуропа құрылығымен шектесіп жатыр. Осы ұлан байтақ Азияның бөлімінде: қазақтар, қырғыздар, монғолдар, түркімендер, өзбектер, қарақалпақтар т.б. ұлт өкілдері тұрады. Этникалық тұрғыдан қарағанда Батыс Сібірдегі түркітілдес халықтардың жерлері де осы Азия бөлігінің бір ажырамас бөлігі деп қараған жөн.
Орталық Азияның табиғи – жағрапиялық жағдайы біркелкі болмағанымен, ертеден адамдардың мекендеуіне қолайлығымен танылған. Үлкенді – кішілі өзендердің бойларында көлемді отырықшылықтың ертеден шоғырланған ойпаттар мен тау бөктері бар. Құрғақ және белдеуге байланысты бұл аймақтарда қолдан суаратын егістік көне заманнан бері дамыған. Ойпаттармен қатаршөлдік – шөлейттік жерлерде аз емес. Барлық Орталық Азия құрылығындағы жердің бәін адам өз қажетіне пайдаланып, көп салалы шаруашылық негізін салған және оны ұрпақтан – ұрпаққа жалғастырып отырған. Сондықтан да Орталық Азия дүниедегі өркениетті мәдениеттің бірі болып ертеден саналған.
Жер шарын мекендеген халықтардың тарихын жазғанда, олардың ежелден өрбіген жері мен жасаған жағрафиялық орталығын негізге алу басты мәселелердің бірі. Қазақстан тарихын жазғанда да бұл екі мәселені есте сақтап отырған жөн. Түрік әлемінің ежелгі отанының автахтондық екеніне тоқталайық.
Барлық өмірін түркілердің өмірін зерттеуге жұмсаған, белгілі шығыстанушы Л.Н. Гумилевтің сөзін сол күйінде еске түсірейік: «Хош, сонымен, көне түріктердің адамзат тарихындағы маңызы орасан зор, бірақ бұл халықтың тарихы әлі күнге дейін жазылмаған. Ло жол – жөнекей, үстірт баяндалып келген, бұл бастаутану, ономастикалық, этнонимдік, топонимикалық сипаттағы қиындықтарды айналып өтуге жағдай жасады. Бұл қиындықтың көптігі сондай, осынау жұмыс жасаған оған тіл ғалымы тұрғысынан түсінік беруден именеді.»
Ғұламаның бұл пікірін қолдамауға болмайды. Себебі, осы күнге дейін түріктердің тарихы туралы кездесетін ғылыми еңбектер бұрмаланып жазылған. Сол себепті, шынайы түрік халықтардың тарихы әлі жазылмағандығына толық қосылуға болады. Түріктердің тарихымен айналысқан тарихшылардың көпшілігі сурапталық орайласқан пікірге сүйеніп, барлық түсініктерді көшпенді деген тұжырымға әкеліп, кездескен деркетерді соған бұрмалап пайдаланып, бұл халықтардың тарихын бөлшектеп, бұзып жазып келген. Керек десеңіз, түріктерді Орталық Азияға басқа жақтан келген келімсек етіп жазған. Нәтижеде, Орталық Азия түріктердің Отаны екеніне күмән келтірген. Олай болса, алдымен түріктердің өрбіген ежелгі отанын анықтап алу керек.
Ертеден келе жатқан түріктердің жалпы отаны, жайлаған жері, жасаған жағрафиялық орталығы туралы мәліметтерді жалпы көптеген тарихи шығармалардан кездестіреміз. Алайда олардың көпшілігі үстіртін айтылғандықтан олардан дұрыс тұжырым жасау қиын. Тіпті олардың ертеде қайда туып – өскені туралы пікір жоқ.
ХІХ ғасырдағы және ХХ ғасырдағы этнологтар Орталық Азияны мекендеген халықтардың шаруашылығын үш түрге бөлген: егіншілікпен айналысқан отырықшылар, егіншілік пен және мал шаруашылығымен қоса айналысқан жарлылай отырықшылар және тек мал өсіу кәсібімен өмір сүрген көшпенділер. Жалры алғанда, осы шаруашылықтың үш түріде бұл құрылықты мекендеушілердің арасында бірдей болмаған. Тәжік, өзбектердің арасында егіншілік басым болғанымен бұлардың арасында мал шаруашылығымен айналысатындарда аз болмаған. Өйткені, бұд халықтар жерлерінде шөлдк- шөлейттік және таулы аймақтар бар. Ондай жерлерді үндемей пайдаланып, оның байлығын керегіне жаратқан.
Орталық Азияда қолмен суаратын егістік ертеден – ақ белгілі. Б.з.б. 5 мың жылдарда Түрменияның оңтүстігінде егіншіліктің болғанын Жейтүн, Чопан – тепе, ескерткіштері дәлелдейді. Осындай ертедегі егіншілік іздері Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстан жерлеріненже табылған. Жаңатас және энеолит дәуірлерінде Орталық Азияда егіншілік кең өріс алған.Оған Ақша – Дәрия, Өзбай, Жебел, Өснарым археологиялық ескерткіштері дәлел. Бұл кезеңде осы мекендердің тұрғындары қосалқы шаруашылық ретінде балық, аң аулаумен, қолөнер кәсібімен айналысқан. Ортағасырда қолдан суару жолымен өсірілетін егіншіліктің түрлері барлық Орталық Азия жерінде оның оңтүстік және шығыс аймақтарында кең тараған. Суармалы егіншілік үлкен дене еңбегін талап еткен. Рулар, тайпалар араласып үлкенді – кішілі су жүйелерін қазған. Көпшілікке ортақ бос каналдар тайпалардың бірлескен күші негізінде қазылса, кішігірім су жүйелерін әрбір ру өзі қазып суды бас каналдан тартып ала берген. Сондықтан болар көп канал аттары ру немесе тайпа аттарымен ұқсас. Әрбір диқан егістігіне су жеткізу де оңай болмаған. Орталық Азияның тұрғындары егінге жаңбыр суында пайдаланған. Ондай егістіктер еліміздің орталық, солтүстік және шығыстағы таулы аймақтарда болған. Оған дәлел сол жерлерден табылған архелогиялық деректер. Бұл өңірлерде дінді дақылды өсімдіктер басым болған. Орталық Азия тұрғындарының егіншілігінің қарқынды дамуына көп жылдарға созылған жоңғарбасқыншылғы мен Ресей отаршылығы үлкен тзиян келтірген. Ертеден егіншілік ең жайған аймақтар тұрғындарына соғыстар барысында жартылай көшпенді және көшпенді жағдайда өмір сүруіне тура келген. Нәтижеде, олардың генішіоік шаруашылығы құлдырап кеткен. Егіншіліктен басқа Орталық Азия тұрғындары мал шаруашылығымен айналысқан. Төрт түлік малды үлкенді – кішілі халықтардың барлығы өсірген. Тек айырмасы сол, отырықшыларда мал қосалқы қызмет атқарса, жартылай және көшпенділерде мал өсіру тіршілік көзі болған. Олар өздерін қоршаған табиғатты, аймақтарды ысырапсыз үнемдеп пайдаланған. Малдың жағдайы мен ыңғайына қарай жайылым жерледі үнемдеуге байланысты көшудің же неше түрі болған. Меридиандық көшу, тіке көшу және айналып құдықтар төңірегіне көшу.
Орталық Азия тұрғындары төрт түлік малды түгелдей өсірген. Ол өсіресе, көшпенді айматарда негізгі кәсіпке айналған. Көшпенділер өздері жайласқан жерге икемделіп, мүмкін болғанша малдарының саны мен сапасын арттырумен үздіксіз айналысқан. Алайда географиялық жағдайларға байланысты Орталық Азияда төрт түлік малдың таралуы әркелкә болған. Шөлдік – шөлейттік жерлерде түйе мен қой көптеп өсірілсе, осы құрылықтың Орталық Арқа және батыс аймақтарында сиыр мен жылқы малы өсірілген. Сарыарқада, Ұлытау атыраптарында, Торғай тегісінде жылқы малы кең таралған. Өйткені, бұл аймақтардың жерлері тегіс, ауасы таза, жазы онша ыстық емес, көкорай шалғыны мол, қоңыржай болған. Бұның бәрі жылқы малының өсірілуіне өте қолайлы жағдайлар. Өзендер мен көлдердің молығы сиыр малына қолайлы. Орталық Азия халықтарының отырған жерлерінде жайылым жер аз болғандықтан олардың кейбіреу тек қажетті болатын мал түрін ұстауға тырысқан. Малдың етін, сүтін көптеп пайдаланған. Олардың сапасы жайылым жердің құнарлылығымен байланысты болған.
Орталық Азия тұрғындары тек егін және мал шаруашылығымен айналысып қана қоймай, қолөнер кәсібінде майда өндірісті де кең таратқан. Көшпенді мал шаруашылғымен айналысатындар қажетті құрал – саймандарды, заттарды өздерінің ұқыпты шеберлерінен алған болса, өздерінде жоқ бұйымдарды отырықшы қандастарының базарларынан сатып алып немесе айыпбастап алған. Орталық Азияда үлкенді – кішілі қалалар мен тұрақты мекендер көп болған. Отырықшылар мен көшпенділер үздіксіз қатынаста болып, бірінің өндіргенін екіншісі пайдаланған. Бұл құрылықтағы отырықшы мекендер мен қалалар антика заманынан басталғандықтан, олардың тарихы екі мың жылдай уақыттан асады. Олардың ежелгі түрк өркениетін құрайтынына күмән келтірмеген жөн. Бұл қалаларда қолдарынан өнер тамған небір хас ұсталар, зергерлер, шеберлер тұрған.
Орталық Азия табиғи – жағрафиялық жағдайларына байланысты оның тұрғындары көне замандардан бері түрлі байлықтар мен мұраларды өндірген. Жүргізілген археологиялық зерттеулер барысында б.з.б.3 мыңжылдық шамасында яғни қола дәуірінде бұл құрылықтың оңтүстігінде егіншілкпен айналысатындардың арасында таптық қатынастардың борлғаны анықталды. Ортағасырлардың бас кезінде қала тұрғындары арасында феодалдық қатынастар орнаған. Кеңес үкіметі кезіне жататын тарихнамалардасол кездегі қоғамды патриархалды феодалды деп жазып келген. Бұл мәселе әлдеде зерттеулерді қажет етеді. Себебі, біріншіден антикалық ортағасырда Орталық Азияның отырықшы аймақтарында ірі – ірі жер иелер і болғандықтан олардың төңірегніде қарапайым диқандар шоғырланған. Қоғамдағы езушілер мен езушілер табы Ұлы Қазан төңкерісіне дейін сақталды. Жер иелері мен байлар өздерінің қарауындағы қандастарына қамқорлық жасаған. Егіншіліктен діне мал шаруашылығанан мол өнім алу үшін қарапайым шаруалардыңда жағдайы болуы тиіс еді. Сонымен бірге өз күшімен күн көрген орта шаруалардың да саны аз болмаған. Отырықшы аймақтарда өмір сүрген орта шаруаларда өздеріне қажетті малы болған, соның өнімімен өмір сүрген.
Азияның осы бөлігін мекендеген тұрғындардың арасында ауылдық және рулық қауым болған. Отырықшылардың арасында рулық принципті мықта ұстамаған. Олардың арасында руға бөлінушілік нашарлап олар өздері тұрған жерлердің атауымен аталған. Орталық Азия түрктері арасында тап қатынастар ежелден жоғары дәрежеде дамыған. Бұл құрлық таптық қоғам өзінің тарихын антикалық замман алады. Оның оңтүстігінде Амудариы мен Сырдария аймақтарын қамтыған Бактерия, Парфия, Согдина тәрізді құлшылық дәуірді басынан өткерген мемлекеттер болған. Осы құлдық қоғам Орталық Азияның оңтүстігін мекендегн түріктерге үлкен әсерін тигізген. Жергілікті түрктер дүниеге аты әйгілі Афрасиаб патшасының қоластында, Алдыңғы Азиядан келген жаулармен күресіп Афрасиаб атағын дүниеге паш еткен. Оны шығыстың ұлы ғұламасы Фердауси.
Ертедегі орта ғасырда орталық Азия көптеген феодалдық мемлекеттер, империялар болған. Гундердің тарихы кейінгі кезеңдерде шығыстанушы лардың еңбектерінде жарық көрген. Б.з.5 - 7 ғ Гундердің империясына кірген түрктер ыдырап, өзіндік енші алып, үлкенді - кішілі империялар құрған. Ортағасырда бұл халықтар өз алдына халыө болып қалыптасып, өз мемлекеттерін құрған. Орталық Азияны мекендеген халықтардың заттай мәдениеті олардың жайлаған мекендерін, руашылыұ түрлерін, этникалық құрамын сәулелендіреді. Осындай ерекшеліктер жер бетіне таралып қоныстануынан және баспаналар салуынан айқын байқалады. Жергілікті тұрғындар палеолит дәуірінде дайын жердерді паналаса, қола дәуірінде тұрақта баспаналар салып. бөлек-бөлек жайласқанын дәлелдейтін археологиялық деректер сол топталған. Антикалық дәуірде Амудария және Сырдария алқаптарындағы құлдардың күшімен салынған бекіністенр, сарайлар және қалалар өскен. Осылайша осы құрылықта қалалық өркениет кең дамығын. Қазіргі біздің заманымызда археологиялық ескерткіш ретінде үлкен ұала ретінде жеткен көптеген қалалардың тарихя екі мың жылдан асып жығылады. Бұлардың көпшілігі Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан. Ерте заманнан бері мұндай қалалар саяси,экономикалық және мәдени орталықтар болып саналған. Барлық қалаларда базарлар, қолөнер орталықтары болған. Қолөенр кәсібінің кең жайғаны соншалық үлкенді - кішілі қышлақтарында, ауылдары шағын болсада қолөнер орталықтары болған. Сондықтан болар, қала мен ауыл арасындағы байланыс үзіліссіз болған. Қалалардың, қышлақтардың көлемі біркелкі болмаған. Ертедегі қышлақтар өздерінің ішкі орналасуына қарай "махалляларға" бөлінген. Көшпенді мал шаруашылығымен айналысқан аймақтарда киіз үй кең тарап, ру - ру болып ауылдар құраған. Малдың ыңғайына ұарай оларға жиі - жиі қоны аударып тұруға тура келген. Орталық Азияна мекендеген түркі текетс халықтардың киімдері де біркелкі болмаған. Киімдердің пішілуі - туника тәрізді және өздерінің тұрмысы мен шаруашылығына ыңғайластырып тіккен. Егіншілік мал бағуға, қолөнер кәсібімен шұғылдануға ыңғайлы болған. Барлық киімдер ішкі және сыртқы болып бөлінген. Ішкі киім дамбал мен көйлектен тұрса, сыртқы киімнің түрлері сан алуан болған: бешпент, шапан, ішік, тон күпі және т.б. Бай - қуатты адамдардың киімдерін қолынан қнер тамған адамдар асыл маталардан тігіп, түрлі өрнектермен безендірсе, жарлы - жақыбайларыдң киімдері жай өрнектеліп тігілген. Ерте заманнан бері гундердің кейіннен түрктердің ханзадалары үлде мен бүдеге оранып отырған. Қытай Жібек жолымен жүріп өтетін керуендерден Қытайда жаулағанда түрктер мол көлемде жібек матарларын игілігін көрген. Әйел балаларының киімдерін асыл заттардан, безендіруді мақұл көрген. Ұлттық киімдер сол халықтың ерекшелігін , тұрмысын, болмысын сәулелендіреді. Орталық Азияның тағамдарыда көп түрлі. Сүттен, діннен, еттен дайындаоып жасалатын тағамдар басым. болғанымен, тағамдар жасауда пайдаланылатын заттар бір болғанымен жалпы алғанда өзіндік ерешеліктері бар. Отырықшы аудандарда дәнді дақылдардан тағам түрлері мол болса, көшпенді аймақтарда мал өнімдерін көбірек пайдаланады. Әр аймақтың ауа - райы, жер жағдайына байланыста алатын тағам құнарлылықтары әр түрлі. Мысалы, өзбектер палауды Сырдария бойында өсірілген күріштен басұанды ұнатса қазақтар Сарыарқаны жайлаған жылқының сүті менен етін ардақтайды. Орталық Азия халықтарының жақын және шет елдермен байланысы күшейген сайын, олардың тағамдарыда елімізде кең таралып, кеткен. Ендігі жерде ұлттық болмыс пен салт - сананы ардақтаумен бірге ұлттық тағамдарымыздың асыл шипаларын құрметтегеніміз жөн.
Әр халықтың өзіне тін қайталанбас рухани пәдениеті, дүниесі болатыны анық. Орта Азияны мекендеген түркі халықтарының мәдениеті бір бірімен біте қайнасқан. Ол өзінің сағасын ерте заманна алады. Батырлар жыры, ертегілер, қисса - дастандар және т.б. Керек десеңіз бір батыр жыры бірнеше халықта сол атпен жырланады. Мысалы, "Алпамыс" жыры қазақтарды, өзбектерде, қарақалпақтарда бар. Ноғайлы халқының "Қырық батыры" жырын қазақ халқы да жыр еткен. ХІХ ғасырда Мұрын жыраудың баласы Мұрат жырау ноғайлының осы дастанын алты ай бойы жырлапты деген әңгіме бар. Халық жырларындағы Қобыланды, Едіге, Ертарған, Алпамыс сияқты батырлардың бейнесі арқылы патриоттық сезім, тәрбие берілген. Жалпы түркі халықтарында бұл сезім айрықша күшті. Әйтпесе сонша уақыт бойы олар Отаны Орталық Азияны сақтап ұрапққа қалдырмас еді. Мақал - мәтелдердің де қолдану аясы кеі. Ауыз екі сөйлегенде мақалды қоысп айтпаған адам кемде - кем болған шығар. Ол айтұан сөзге ерекше мән беріп, мағыналы еткен. Олардың жазуыда ертеден - ақ пайда болған. Кейбір ғалымдардың пікірінше, шумерлердің жазуы түрктердің жазуы негізінде пайда болған деген тұжырым бар. Түркі бабаларымыздың бізге өалдырған асыл мұраларының бірі- Орхон - Енесей жазуы, яғни Күлтегін жазуы. Ортағасырда түрктердің рухани мәденеиеті жаңа сатыға көтерілді,. Олардың жазуы араб жазуымен алмасты. Осы кезеңде өмір сүрген ұлы дана - ғұламалар ғалымдар өз шығармаларын түрк, араб, парсы тілдерінде жазған. Орталық Азияның туды - пітті тұрғындары түрктер өз мәдениеті мен өркениеттің ірге тасын қалап, дүгие жүзі өркениеттің дамуына өз үлестерін қосқан. Солл кезде Испиджаб, Тараз, Түркістан, Фараб, Мерке қалаларында 50 астам ғұлама өмірге келгені анықталды.
Орта ғасырда дамыған мәдениет, ғылым тарихтың жаңа кезеңінеде өз жалғасын тапты. Алайда қарақандар тұсындағы мәдениет дәрежесі анағұрлым төмендеді. Себебі, Орталық Азия халықтары өзара еншісін алып бөлініп кеткен. Солай болғанада үлкен мәдениет ықпалы жойылды деуге болмайды. Жаңа кезеңдеде көптеген ғұламалар келді. Ұлықбек, Науай, Мақтұмқұлұлы, Рудаки, Абай және т.б. Жергілікті тұрғындардың балалары сауат ашып, кейіннен оқуын жоғары діни оқу орнында жалғасытырған. Нәтижесінде арабша хат таныған адамдар көп болған. Араб жазуында жазушылар өз еңбектерін жазған. ХІХ ғ аяғында Орталық Азия мектебі және молдасы болмаған ауыл болмаған. Ресей отаршылдығын жүргізу мақсатымен жергілікте жердерде кадр дайцындау мақсатымен оқу орыс тілінде жүргізілегн. Ресей үкіметі Ислам дінімен күрес жүргізнеімен, оны жоя алмады. ХХ ғасырдың бас кезінде жаңадан орнаған Кеңес Үкіметі ішкі - сыртқы саясатын 70 жылдан астам уақыт бойы жүргізіп келді. Бұл өкімет мақсаты социолистікқоғам құрып, коммунистік идеяға негізделіп жаңа ғылым негізінде құрук керек деген мақсат болды. 1991 жылы кеңес Одағы құлап нәтижесінде Орталық Азияның елдері тәуессіздігін алып, дамушы елдердің қатарында.
Достарыңызбен бөлісу: |