Отбасымен әлеуметтікпедагогикалық коррекциялық технологиялары



бет1/3
Дата29.11.2023
өлшемі27.18 Kb.
#484797
  1   2   3

Отбасымен әлеуметтікпедагогикалық коррекциялық технологиялары
1. Әлеуметтік педагогтың коррекция қызметінің ерекшелігі неде?
Қазіргі таңда психологиялық –педагогикалық әдебиетте коррекциялық–педагогика- лық іс-әрекетті жүйелі зерттеу мәселесі, коррекциялық іс-әрекет пен біртұтас педагогика- лық процестің байланысын қарастыру мәселесі әлі де толықтай шешімін таппаған. Мінез –құлқы мен дамуындағы ауытқушылығы бар балалармен коррекциялық –педагогикалық іс -әрекеттің мәні мен табиғатын айқындау үшін арнайы білім беру мекемелерінің педагогикалық практикасына, дефектология мен арнайы психология мен педагогика саласындағы зерттеулерге сүйенеміз. Педагогикалық энципклопедияда коррекция ұғымы аномалды балалардың психикасының және дене бітіміндегі кемістігін педагогиканың тәсілдері мен іс –шаралардың арнайы жүйесі көмегімен түзету болып айқындалады. Коррекция педагогикалық ықпал ретінде қарастырылып, жеке дефектіні түзетуге бағытталған машықтанушы жаттығулар ғана емес, бала тұлғасына бүтіндей ықпал ету болып ұғынылады. Арнайы анықтамалық әдебиетте «коррекция» аномалды балалардың дамуындағы кемістікті әлсірету немесе жоюға бағытталған, сонымен қатар жеке ауытқушылықты ғана емес аномалды балалардың тұлғасын қалыптастыруға бағытталған арнайы педагогикалық іс –шаралар жүйесі болып табылады. Дамуында ауытқуы бар балалармен коррекциялық жұмыстың мазмұны мен мәнінің сұрақтары – оның негізгі болатын компоненттері мен жетекші бағыттары коррекциялық процестің диагностика мен технологиялық өткізу ерекшеліктеріндегі бұл арнайы психология мен педагогиканың ғылыми салаларының пәні, дефектология ғылымының оның ішкі саласына кіретін нысаны болып табылады. Педагогикалық энциклопедиясында коррекциялық түсінігі арнайы педагогикалық жүйенің қабылдауы мен шаралардың көмегімен аномальды балаларда психологиялық, физиологиялық дамуының кемістіктерін түзету болып анықталады. Коррекциялық әрекетті зерттеумен айналысқандар В.В. Воронкова, И.Г. Еременко, С.Д. Забрашная, В.А. Лапшин, Б.П. Пузанов және т.б. Коррекциялық педагогикалық әрекет – бұл психофизиологиялық және әлеуметтік- педагогикалық күрделі құбылыс, білім беретін (оқыту, тәрбиелеу және дамыта-түзету) процестің бәрін қамтитын, бүтін педагогикалық жүйе ретінде шығады, содан әрекеттің объектісі мен субъектісі кіреді, оның мақсаттының, мазмұнының, операциялық - әрекеттелген және бағаланатын – қорытындысының компоненттері. Сондықтан диагностикалық – коррекция, коррекциялық – дамытушы, коррекциялық – профилактикалық, тәрбиелік- коррекциялық, корекциялық – білім беретін, психокоррекциялық әрекет жәәне т.б.қолданылады [4.35]. Дефектология мен арнайы педагогика жұмысында коррекцияны баланың дамуымен жиі байланыстырады, өйткені біріншіден ол аномальды балалардың дамуы, екіншіден кемістіктерінің түзетілуіне мақсаттандырылғандықтан. Бірақ коррекциялық педагогикалық жұмыс жөнінде сөз айтылса, онда оны оқытуды, тәрбие мен дамуды өзіне қосатын, білім беретін процестен жұлып алуға мүмкін емес. Сондықтан коррекциялық даму арнайы ұйымдастырылған және бағытталған процесс ретінде коррекциялық оқыту мен тәрбиелеуден тыс бола алмайды. Оқушылардың дамуы оқыту мен тәрбие процесі барысында жүзеге асырылатындақтан коррекциялық ықпал ету де бұл әрекеткеде қатысады. Біздің ойымызша коррекциялық әрекеттің психологиялық- педагогикалық мәнін және оның профилактикалық бағытын, ең терең ашқан психологтар мен психотерапевтер (С.А.Бадмаев, Г.В.Бурменская, О.А.Карабанова, А.Г.Лидерс, т.б.) олар коррекцияға ерекше үлгімен ұйымдастырылған, психологиялық ықпал ретінде қарады, ал ол топтардың қатынасы жоғартылған тәуекелге және қайта құруға бағытталған. Арнайы педагогика мен дефектологиядағы оқулық пен оқу құралдарда коррекциялық іс -әрекетің түрлері (дамытушы, білімдік, тәрбиелік) аномалды баланың психикалық және дене бітімінің дамуындағы ауытқушылықты түзету немесе әлсіретуге арналған іс –шаралар жүйесі ретінде, үдеріс ретінде де қарастырылады. (В.В.Воронкова, И.Г.Еременко, С.Д.Заброшная, В.А. Лапшин, Б.П.Пузанов және т.б.). Коррекция оқу тәрбие процесі барысында өмірлік қажетті қасиеттерді қалыптастыру немесе әр түрлі іс -әрекет түрлеріне қосу арқылы психофизикалық кемістіктерді жою немесе әлсірету тәсілі[4.28]. Коррекциялық педагогика өкілдері коррекциялық жұмыстың жеке бағдарламасы болмайды, белгілі бір пәннің мазмұнына сәйкес құрылған оқу материалын меңгерту барысында жүзеге асады, сонымен қатар мінез–құлық пен дамудағы жеке кемістікті түзету үшін арнайы педагогикалық тәсілдер, ағзаның жеке қызметін қайта құру, белгілі бір тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру мәселелері шешімін табады. Коррекциялық–педагогикалық іс-әрекет –білім беру процесін қамтитын күрделі психофизиологиялық және әлеуметтік–педагогикалық құбылыс, ретінде біртұтас (педагогикалық іс -әрекет обьектісі, субъектісі, мақсат, мазмұн, тәсіл, бағалау, нәтиже) айқындалады.

2.Әлеуметтік педагог қандай жеке құзыреттілік қажет ("жұмсақ"- soft skills)?



Көптеген зерттеулер көрсеткендей, мансапта өсу үшін кәсіби білім мен дағдылар ғана емес, сонымен қатар адамның қосымша психологиялық аспектілері де маңызды. Адамдардың осы аспектілері жақсы дамыған болса, кәсіби салада да, жеке салада да табысты болады.
Яғни бұл soft skills туралы. Өмірдегі сәттілік осыған тікелей байланысты. 
Soft skills дегеніміз не?
Soft skills ағылшын тілінен икемді немесе жұмсақ дағдылар деп аударылады. Анықтама бойынша олар кәсіби емес, өмірлік білімге жатқызады. Бұл ұғым қызметтің маманданбаған түрімен және кәсібиден жоғары сапалармен байланысты дағдылар кешені ретінде түсініледі.
Жұмсақ дағдылар адамның жұмыс әрекетімен тікелей байланысты болмаса да, бұл оған өнімділікті жоғарылатуға және берілген тапсырмаларды табысты орындауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жұмыс берушілер икемді дағдылары бар адамдарды жұмысқа алуға дайын. Алайда, ешбір университетте (кем дегенде біздің елде) талқыланатын адамдардың қасиеттерін берілмейді. 
Сондай -ақ жұмсақ дағдыларды өлшеу қиын, бірақ олардың көпшілігі талғампаз адамға бір қарағанда көрінеді. Сізді одан сайын қызықтыру үшін, айталық, көптеген адамдар туғаннан бастап жұмсақ дағдыларға ие және олар үшін мұндай дағдылар өте табиғи болып көрінеді. Ал басқа адамдар соны дамытуға көп күш салады, бірақ табысқа жете бермейді.
Жұмсақ дағдылар (икемді дағдылар) - бұл басқа адамдармен үйлесімді және тиімді қарым -қатынас табуға мүмкіндік беретін адамның жеке қасиеттері.
Табыстың сыры осында екені белгілі болды!
Жұмсақ дағдылардың қандай түрлері бар?
Барлық ептілік дағдылары екі үлкен топқа бөлінеді:
Жеке дағдылар. Жұмсақ дағдылар тізіміне жауапкершілік, адалдық, өзін-өзі реттеу, уақытты басқару, шығармашылық ойлау, оптимизм, этикет, әдептілік, логикалық ойлау, көпшілдік, эмпатия, жеке қаржылық басқару және т.б. жатады.
Тұлғааралық дағдылар. Жұмсақ дағдылар тізіміне мыналар кіреді: топта жұмыс істей білу, басқа адамдарды тыңдау және тыңдай білу, көшбасшылық, басқа адамдарды құрметтеу, сыпайылық, жанашырлық, өз пікірін дәлелдей білу, қарсыласпен кері байланыс орнату және т.б.
3. Әлеуметтік педагогтың қандай кәсіби құзыреттілігі ("нық"- hard skills деп аталады) тұрмысы нашар отбасынан шыққан балалармен, жетімдермен, бала асырап алушылармен және т. б. жұмыс жасауда қажет. 
Адамзат баланың адам ретінде қалыптасуында тәрбиенің негізгі ата-анадан деп есептегенімен, жүрген ортаның, ағайын-туыстың, жора-жолдастың, жанұяның, ең әуелі туған жердің табиғатына дейін әсер тигізетіні рас. Бұлардың бәрін, ержетіп, азамат болуда ықпал етер шартты жағдайлар деп бағаласаң, көгеріп, көркейіп өскен жастың жанына азық, бойына қуат, өнеге беретін аялы алтын дінгегі — әке-шешесі,ұрпағы отбасының аса құнды ықпалы мен әсерін өмірдегі ешнәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Сондықтан да, мұғалім мен отбасының тығыз қарым – қатынаста болуы міндетті және отбасы мәртебесін биіктетуі шарт.
Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда отбасының мынадай төрт түрлі мәртебесі бар: әлеуметтік – экономикалық, әлеуметтік – психологиялық, әлеуметтік – мәдени, және ситуативтік міндеттер.
Мұғалім отбасы мен жұмыс нысаны барысында – балалар, жастар, ересек адамдар, қарттар жалпы отбасының барлық мүшелерімен жұмыстанады.
Отбасымен жұмыс жасай отырып, оларға: білім алуға, оқуға, психологиялық көмек алуға жәрдем береді.
Сондықтан педагог ата – анамен ( отбасы мүшелерімен) мынадай іс – шаралар жүргізеді:
— тәрбиелеуде балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескеруді қаперінде ұстау,
— ата –аналардың тәрбиеде ( бала тәрбиесінде) жіберген қателерінің себеп, салдарымен мәлімет беру және айғақтар мен дәлелдер келтіру арқылы дұрыс тәрбиенің мәнін ашып көрсету және нандыру,
— оқу, еңбек, ойын, демалыс және бос уақытын дұрыс пайдалану бойынша кеңестер беру,
— жастайынан, әуелі санасыз, еліктеу арқылы пайда болатын жаман әдеттер: масайту ішімдігіне әуестену, шылым шегу, нашақорлыққа еліктеудің алдын алу шараларын үйрету.
Мұғалімнің әке – аналарға беретін көмегі, ақыл кеңесі баланы тәрбиелеудегі мақсат пен міндетті түсіну, оның мүддесін қорғап қажеттенуін қанағаттандыру, отбасы мүшелерінің ой санасына, ақыл – кеңесіне ықпал ететін әңгімелер өткізу басқа да іс – шаралар ұйымдастыру осы қызметтің пәрменділігін көрсетеді. Салауатты отбасымен жүргізілетін әлеуметтік педагогикалық көмектің тағы бір аса маңызды құрамды бөлігі – психологиялық көмек. Психологиялық болсын, әлеуметтік – педагогикалық болсын дерлік тәрбиенің дұрыс қалыптасуы ұстаз, бала, ата – ана еңбегімен байланысты. Береке бірлікте жұмыс істеп, бұзылмайтын, айнымайтын тәртіпке бас игенде ғана іс оңға баспақшы. Әр отбасы ата тегінен келе жатқан кәсібін, өнерін, атқарған еңбегін құрметтеп, оны кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге еткен, бірлесіп атқарған пайдалы-қоғамдық еңбек барысындп адамгершілік қағидаларды қатаң сақтап, дамытып отырған, ұрпағына ақыл-кеңес беріп, ата кәсібін құрметтеп, қалыптасқан дәстүрді жетілдірген.
Туыстық, отбасылық (әлеуметтік) қатынастарды бала кезінен қалыптастырғын. Демек, әр отбасында түрлі қарым-қатынастың орнығуынан баланың жеке тұлғалық қасиеті қалыптасады. Салауатты отбасы — өркениетті қоғамның талабы. Қазіргі заманғы отбасы тәрбиесінің жағдайына әлемдік деңгейде мән беріліп отыр. Әрбір отбасы қоғамның кішкентай бір бөлігі болып табылатындықтан, қоғамды өркениеттілікке жеткізу, ең алдымен, әр отбасындағы өмірді дұрыс ұйымдастырудан басталмақ. Отбасында түрлі қарым-қатынас қалыптары көрініс береді.
Кейбір отбасында отбасы мүшелерін бетімен жібереді, мұндай жағдайда ешқандай қарым-қатынас болмайды. Ал кейбір отбасында бедел орын алған қарым-қатынас орнайды. Оның да өзіндік ерекшеліктері бар, онда біреудің басқаларға басымдылық танытуы, бұйыруы баланың тұлғалық қасиетінің дамуына жағымсыз ықпал етеді. Қазіргі кезде заман ағымына қарай, отбасында демократиялық қарым-қатынасқа ұмтылушылық бар, яғни әр отбасы мүшесі тең құқықты қарым-қатынасты орнатуды көздейді. Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ тәрбиесі.
Білімді,денсаулығы мықты азамат өсіру үшін барлық балабақша, мектеп, ата - ана болып ынтымақтасып ат салысуымыз қажет.Тәрбие арқылы ересектердің бойындағы жақсы жаман қасиеттерді ажырата біліп, еңбекке, өнер білімге бой ұрады. Сондықтан да отбасында болып жатқан уақты оқиғалар: ата ананың бір - бірімен қатынасы, баламен сөйлесуі үй шаруасының атқарылуы, ересектердің еңбекте көз қарасы, уақытты өткізуі, туыстарымен жолдастарының ықыласы, қонақ қабылдауы, бәрі балаға тікелей әсер етеді, мінез құлқыда соған қарай қалыптасады.
Отбасылық тәрбие – ата-аналар мен туыстардың күшімен нақты отбасындағы қалыптасқан тәрбие мен білім беру жүйесі.
Отбасының негізгі міндеттері:

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет