Сабақтың тақырыбы: О. Бөкей «Тортай мінер ақбоз ат» Оқу мақсаты



бет1/3
Дата12.04.2024
өлшемі39.73 Kb.
#498461
түріСабақ
  1   2   3
14-сабақ. О.Бөкей. Тортай мінер ақ боз ат




Мұғалімнің аты-жөні:

№77 МГ. Кайыргалиев Берик Сатыбалдиевич

Пән/Сынып:

қазақ әдебиеті, 6-сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

3-тоқсан, 7-апта №14-сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

3-бөлім: «Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...»

Сабақтың тақырыбы:

О. Бөкей «Тортай мінер ақбоз ат»

Оқу мақсаты:

Б/С3 Шығармадағы кейіпкерлер қарым-қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу



Сабақ мақсаты:

 Кейіпкерлер қарым-қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазады.

Бағалау критериі:


Саралап оқыту тапсырмалары

Жаңа тақырыптың түсіндірілуі






Уақыты

Кезеңдері

Сабақтың мазмұны



Оқушы іс-әрекеті

Ресурстар

1-3 минут



Ұйымдастыру

Сәлеметсіздер ме,оқушылар!
6-сыныптың қазақ әдебиеті пәніне қош келдіңіздер!
Қызығушылықты ояту.


Зымыран сұрақтар
1. «Әңгіменің кейіпкерлерін атаңыз»
2. «Әңгімеде қандай кітап айтылады?»
3. «Ауыл қайда орналасқан?»
4. «Тортай ақ боз атқа міне алды ма?»
5. «Басқа балалардан Тортай несімен ерекшеленеді?»
6. «Тортайдың арманы қандай?».
7. «Әңгімеде қай жылғы оқиға баяндалады?»
8. Тортайдың түсіндегі арғымаққа айналған қандай мал?
9. Ораш оқуға кетерде Тортай оған не сыйлады?
Өзіңді тексер!
1. Әңгіменің кейіпкерлерін атаңыз (Ораз, Тортай)
2. Әңгімеде қандай кітап айтылады? («Аласталған Алитет»)
3. Ауыл қайда орналасқан? (Салықсалғанның иығында)
4. Тортай ақ боз атқа міне алды ма? (жоқ)
5. Басқа балалардан Тортай несімен ерекшеленеді? (Таңертеңнен кешке дейін бас алмай кітап оқи беретін. Қолына не тисе, соны талғамсыз оқитын) 
6. Тортайдың арманы қандай? (кітап жазып, жазушы болу)
7. Әңгімеде қай жылғы оқиға баяндалады? (соғыстан кейінгі)
8. Тортайдың түсіндегі арғымаққа айналған қандай мал? (көк өгіз)
9. Ораш оқуға кетерде Тортай оған не сыйлады? (кітап)


Ой қозғау.
-«Қарым-қатынас қандай болу керек?»

  • Ораш пен Тортайдың қарым-қатынасы қандай болды?

  • Бір-бірін қадірлей алды ма?

  • Неліктен Ораш Тортайдан алыстап кетті?





Дескриптор:
Әңгіме мазмұны бойынша сұрақтарға шапшаң жауап береді.

Оқушылар кезекпен-кезек бір сөзбен өз ойын айтады. Сұрақтарға жауап береді



4-слайд

5-слайд



6-слайд



3-5 минут

Мағынаны тану кезеңі

Әдеби эссе
Әдеби эссе басқа эссе түрлеріне ұқсамайды. Біріншіден, ол әдеби шығармаларға негізделген. Екіншіден, автордың айтқысы келген идеяларын болжап түсінуге негізделген, яғни түсіндірмені қажет ететін пікірталас немесе жұмбақты табуды қажет етеді. Ол үшін тәжірибе керек. Таңдаған шығармаңызға басқа көзбен қарасаңыз, ерекше қолданылған әдеби жанрлар, күтпеген сюжеттер мен оқиғаларға, тіл ерекшеліктеріне толы болады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет