38.Эндоназальдық, экстроназальдық гайморотомия жайлы не білесің?
39.Фронтит.Клиникалық белгілері. Трепонопункциялық және фронтомиялық ем.
40.Тамақ аурулары. Созылмалы тонзиллит.Клиникалық белгілері.Операциялық көрсетілім.
41.Паратонзиллярлық абцесс.Клиникасы.Емі.
Паратонзиллярлық абцесс – бұл инфекция көзі болып табылатын микроб антигендеріне бадамшалардың сезімталдығы фонында пайда болатын бадамша жанындағы шелмайдың жіті қабынуы.Бадамша бездер тінінің жедел іріңді қабынуы - паратонзиллярлық абсцесс, паратонзиллиттің соңғы және ең ауыр кезеңі.
Аурудың қоздырғыштары - стрептококктар, стафилококктар, пневмококктар, эхшиерия және Candida тектес саңырауқұлақтар Klebsiella. Созылмалы тонзиллитте бадамша бездердің ойықтары (крипттер) іріңді бөлініске толады. Олар бадамша бездердің жоғарғы бөлігінде - ең айқын қабыну орнында ең терең.
Жіктемесі
Бадамша жанындағы шелмайда патологиялық процестің орналасуына байланысты абсцестің мына түрлері ажыратылады: [1, 3, 5 ]
- алдыңғы жоғарғы (67,3%-75%);
- артқы жоғарғы (12,1%);
- артқы (8,6%);
- сыртқы немесе бүйірлік (4,8%);
- алдыңғы (1,1%);
- төменгі (0,6%);
- екі жақтық (3,6%).
Клиникалық ағымы бойынша:
- жіті (97,1 %);
- жітілеу (2,1%);
- жиі қайталанатын (0,6%);
- созылмалы (0,2 %).
Аурудың даму кезеңі бойынша:
- экссудативтік-инфильтративтік;
- абсцесс кезеңі;
- кері даму кезеңі.
Ісіну кезеңі – бадамша бездердің айналасындағы тіндер ісінеді, қабыну болмайды, сонымен қатар аурудың клиникалық белгілері.
Инфильтрация сатысы – зақымдалған бадамша безі гиперемияланған, ауырсыну, қызба бар.
Абсцессия кезеңі – инфильтрат пайда болғаннан кейін 4-7 күннен кейін үлкен көлемдегі ауытқулы шығыңқы түзіледі.
Орналасқан жері бойынша жіктелуі:
Алдыңғы немесе алдыңғы-жоғарғы абсцесс – 75% жағдайда диагноз қойылған, бадамша безінің үстінде қалыптасқан;
Артқы абсцесс – 10-15% жағдайда артқы доғада немесе бадамша бездің шеті мен доғаның жиегі арасында диагноз қойылады.
Төменгі абсцесс – 5% жағдайда бадамша бездің төменгі жиегі мен жұтқыншақтың бүйір қабырғасы арасында диагноз қойылады.
Бүйірлік немесе сыртқы абсцесс – 5% жағдайда фарингальды қабырға мен бадамша бездің бүйір жиегі арасында диагноз қойылады, бұл өте қиын.
Диагностика критерилері:Шағымдары жəне анамнезі: жұтқыншақтың ауыруы, көбіне бір жағы, жəне ангинамен ауырғаннан кейін байқалады. Ауырсыну сезімінің күштілігі сонша, науқас тамақ пен сұйықтық ішуден ғана емес, дəрі ішуден де бас тартады. Басы ауырады, дел-салдық сезіледі. Дене температурасы 38-40°С-қа жетеді. [4] А
Қарап тексергенде: паратонзиллярлық абсцестің классикалық үштігі (триада) пайда болады - көп мөлшерде сілекей ағу, шайнау бұлшықеттерінің қарысуы (тризм) жəне ашық маңқалық.
Лабораторлық зерттеулер: клиникалық анализдерде жіті инфекциялық-іріңді процеске тəн көрініс байқалады - қанда лейкоциттер деңгейінің жоғарылауы, ЭТЖ жоғарылауы. Жалпы несеп анализінде айқын қалыптан ауытқу байқалмайды.
Инструменталдық зерттеу: фарингоскопияда бадамша жанындағы тіннің жіті ісінуінен жəне қызаруынан аңқа ассиметриясы көрінеді (тілшік, жұмсақ таңдай, доғалары), таңдай бадамшасының орнынан шығып ортаңғы сызыққа қарай жылжуы.
Негізгі диагностикалық шаралар:
1. Жалпы қан анализі (6 параметрі) - операция алдында.
2. Жалпы несеп анализі - операция алдында.
3. Глюкозаны анықтау - операция алдында.
4. ЭКГ - операция алдында.
5. Флюорография - операция алдында.
6. Микрореакция - операция алдында.
7. Ауыз-жұтқыншақтан алынған сілекейді бактериологиялық зерттеу - операция алдында.
Емдеу мақсаты: 1-кезеңде антибактериялық, қабынуға қарсы, дезинтоксикациялық. Іріңдеу кезеңінде - абсцесті ашу.
Дəрісіз емдеу: төсектік режим, аялаушы диета, жылы сұйықтық ішу.
Дəрі-дəрмекпен емдеу
Антибиотиктер - амоксициллин + клавулан қышқылы таблеткалар, қапталған 250 мг/125 мг, 500 мг/125 мг, 875 мг/125 мг, вена ішіне енгізу үшін сұйықтық дайындауға арналған ұнтақ флаконда 500 мг/100 мг, ровамицин 6 млн ЕД 2рет/күніне, гемодез 400,0 №3, метронидазол 100 мл №3, метамизол натрий 50% 2,0 №5, дифенгидрамин 1% 1,0 №.5. Абсцесті ашқанда жансыздандыру мақсатында - новокаин 1%-10,0 мл, фурациллин 1:5000 400,0 - жараны өңдеу үшін. Ұзақ уақыт массивті антибиотикотерапиядан кейін микоз пайда болуының алдын алу жəне емдеу үшін: итраконазол 200 мг 2 рет күніне, 7 күн бойы.
Емдеу тактикасы
Аурудың І-кезеңінде емдеу консервативті, ал абсцесс кезеңінде хирургиялық ем - іріңдікті ашу жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |