ОҢТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасы ТӘжірибелік сабақтардың Әдістемелік өҢдеулері


Шет елден, жапон теңізінен портқа кеме келген



бет4/6
Дата26.06.2016
өлшемі0.59 Mb.
#159058
1   2   3   4   5   6

Шет елден, жапон теңізінен портқа кеме келген.

Кемеден «кемеде тырысқаққа ұқсас 3 ауру анықталды» - деген радио хабарландыру келіп түскен. Кеме жолда бір портқа кірген, онда су алған.


Кемеде 48 команда қызметкері, 38 жолаушы бар.

Кемеде дәрігер, изолятор, антибиотиктер, дезинфекциялық заттар бар.


Аурудың себебін анықтау. Алдын алу шараларын жоспарлау.




Жағдайлық есеп №2

Ауруханаға тырысқаққа күдікті науқас жеткізілген: іші жиі өткен, құсқан,

дене қызуы–37,1°. Науқас адам ауырардан 3 күн бұрын ауылға тойға барған.

Тойда барлығы 150-200 адам болған, оның ішінде 12 адам басқа жақтан келген. Ауылда 1200 адам тұрады. Ауыл өзен бойында, шекараға жақын жерде орналасқан. Ауыл тұрғындары суды өзеннен алады, су дұрыс хлорланбайды. Соңғы 2 ай ішінде ауылда 95 асқазан-ішек аурулары тіркелген, аурулар ауруханаға жатқызылмаған, 5 адам қайтыс болған.

Аурудың себебін анықтау. Алдын алу шараларын жоспарлау.

1. Тақырыбы №15: Энтеровирусты инфекциялардың және ротавирусты инфекциялардың этиологиясы, эпидемиялық процестің сипаттамасы, алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру қағидалары. Эпидемиологиялық қадағалау.

2. Мақсаты: студенттердің энтеровирусты инфекциялардың және ротавирусты инфекциялардың этиологиясы, эпидемиялық процестің сипаттамасы, алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру қағидалары, эпидемиологиялық қадағалау туралы негізгі теориялық білімін жетілдіру.

3. Оқыту мақсаты:


  • Студенттерге энтеровирусты және ротавирусты инфекцияларының этиологиясы, топтары туралы білімін жетілдіру

  • Эпидемиялық процестің сипаттамасы туралы үйрету

  • Инфекцияның қоздырғыш көзі, берілудің басты механизмі туралы үйрету

  • Берілу факторлары, клиникалық байқалуы, патогенезі, диагностикасы, емі

  • Эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру қағидалары

  • Эпидемиологиялық қадағалау

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  • Энтеровирусты және ротавирусты инфекциялардың этиологиясы, топтары

  • Эпидемиялық процестің сипаттамасы

  • Инфекцияның қоздырғыш көзі, берілудің басты механизмі, қабылдағыштығы

  • Берілу факторлары, клиникалық байқалу, патогенезі, диагностикасы, емі

  • Эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру қағидалары

  • Эпидемиологиялық қадағалау

  • Алдын алу жолдары


5. Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, сабақта жүргізілетін есептер, науқастарға курация, жағдайларды модельдеу).

6. Әдебиет:

негізгі:

1. Әміреев С.Ә., Темірбеков Ж.Т. – Эпидемиология. Т.1. – Жалпы

эпидемиология. – Алматы: Ғылым, 2000. -551 б.

2. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –

Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын

шаралар алгоритмдері. 1, 2 т. Алматы, 2009.



қосымша:

1. Жалпы дезинфекция негіздері. Оқу-әдістемелік құрал. Нәбенов Қ.Н.,2006.

2. Әміреев С.Ә., Ирсимбетова Н.А. – Жұқпалы ауруларды иммунды әдіспен алдын

алу. Әдістемелік оқу құралы. Алматы, 2001.



7. Бақылау (тесттер, есептер):

1. Ротавирусты гастроэнтеритке қатысты дұрыс бекітуді атаңыз:

а) қоздырғыш қоршаған ортада қалыпсыз

б) ауру тропикалық елдерде тараған

в) көбінесе кішкентай балалар ауырады

г) негізгі берілу жолы ауа-тамшы

д) инфекция қоздырғыш көзі ауру адамдар және жануарлар болып табылады

2. Дұрыс емес бекітуді атаңыз: Ротавирусты гастроэнтериттің клиникалық көрінісіне тән:

а) эпигастрий және іштің ортаңғы аймағындағы ауырсыну

б) қайта құсу

в) аз уақыт ішіндегі қызба

г) ұсақ нүкте бөртпесі

д) сулы диарея

3. Дұрыс емес бекітуді атаңыз: ротавирусты гастроэнтерит диагнозы ... дәлелденеді.

а) нәжісте вирустың болуымен

б) биопробамен

в) комплементтерді байланыстыру реакцясы

г) гемаглютинация реакциясы

д) иммунды ферментті анализ

4. Дұрыс емес бекітуді атаңыз: Ротавирусты гастроэнтеритің ажырату диагностикасын ... ауруымен жасайды.

а) тырысқақ

б) сальмонеллез

в) тағамдық токсикоинфекця

г) дизентерия

д) ботулизм

5. Дұрыс емес бекітуді атаңыз: ротавирусты гастроэнтерит кезіндегі негізгі емдеу тәсілі:

а) вирусқа қарсы дәрілер

б) клиникалық көрсеткіштерге байланысты ауруханаға жатқызу

в) диета

г) пероральді регидратация

д) көрсеткіштерге байланысты тамырішілік регидратация

6. Ротавирусты гастроэнтериттің берілу механизімі:

а) су, тағам

б) парентеральді

в) вертикальді

г) трансмиссивті

7. Ротавирусты гастроэнтеритпен ауру-сырқаулықтың көп тіркелуі ... болады.

а) 2 жасқа дейін

б) мектеп жастағыларда

в) ересектерде

г) әйелдерде

8. Дұрыс емес бекітуді атаңыз: Герпангина:

а) 1 типті жай герпес вирусымен шақырылады

б) жұмсақ және қатты таңдайда папулалардың пайда болуы тән

в) қызбамен қоса жүреді

г) герпетикалық стоматитпен ажыратылады

д) симптоматикалық дәрілік заттармен емделеді.

9. ЭВИ-ны шақырады.

а) пикорновирустар

б) коксаки және Echo вирустар

в) бактериялар

г) риккетсиялар

д) қарапайымдылар

10.Герпангинаны шақырады.

а) жәй герпес вирусы

б) коксаки вирусы

в) Эпштейн-Барр вирусы

г) гепадновирустар

д) ретровирустар

11. ЭВИ-ға тән.

а) дене қызуының жоғарлауы, миалгия

б) буындардың ауырсынуы, жөтел

в) некроздық ангина, дене қызуының жоғарлауы

г) миопия, кереңдік

12. ЭВИ-ның клиникалық көрінісіне жатады.

а) склерит

б) пигментация

в) геморрагиялық бөртпе

г) кератоконъюктивит
Жағдайлық есеп №1

2 жасар бала, қыс мезгілінде жұқпалы ауруханаға мына шағымдармен түсті: құсу, сұйық, сулы, көпіршікті, қоспасыз 3-4 рет іш өту, мазасыз, шаалы жөтеледі. Емхана дірігері ротавирусты инфекцияға күдіктенді.



  • Эпидемияға қарсы шараларды жазыңыз?

Жағдайлық есеп №2

2 жасар бала, қыс мезгілінде жұқпалы ауруханаға мына шағымдармен түсті: құсу, сұйық, сулы, көпіршікті, қоспасыз 3-4 рет іш өту, мазасыз, шаалы жөтеледі. Емхана дірігері ротавирусты инфекцияға күдіктеніп, ауруханаға жіберілді. Отбасында балабақшаға баратын тағы 2 бала бар.



  • Байланыста болғандарға қатысты қандай алдын алу шаралары жүргізілу керек еді.

Жағдайлық есеп №3

17 жастағы балаға стационарда бактериологиялық анализден тырысқақ анықталды. Баланың анамнезінде: шомылуға барғаны анықталды.



  • Ошақта қандай іс-шаралар жүргізу керек.

Жағдайлық есеп №4

5 жастағы науқасқа: жедел ішек инфекциясы, жедел гастроэнтерит диагнозы қойылды. Отбасында: анасы үй шаруасында, әпкесі екінші сынып оқушысы, інісі 2 жаста. Жанұядағыларға қандай бақылау жүргізіледі?



1. Тақырыбы №16: Кене энцефалитінің этиологиясы, эпидемиялық процестің сипаттамасы, алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру. Эпидемиологиялық қадағалау қағидалары.

2. Мақсаты: Студенттерге кенелік энцефалиттердің алдын алу шаралары мен эпидемияға қарсы қағидаларды, эпидемиялық процестердің сипаттамасын, негізгі теориялық этиологиясын қалыптастыру.

3. Оқыту мақсаты:

  • Студенттердің кенелік энцефалит жайында эпидемиялық процесс туралы сипаттамасы, этиологиясы жайында негізгі білімдерін қалыптастыру

  • Эпидемияға қарсы шаралардың ұйымдастыру қағидаларын меңгеру

  • Эпидемиялық жиынтық және алдын алу шараларының қағидаларын меңгеру

  • Алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды жүргізуде дағдыларды қалыптастыру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  • Кенелік энцефалиттің қоздырғышының сипаттамасы

  • Эпидемиялық жиынтықтың сипаттамасы, аурудың маусымдылығы

  • Кенелеік энцефалиттің қоздырғышының берілу механизмі

  • Кенелік энцефалиттің клиникасы, патогенезі

  • Ошақтағы эпидемиялық жиынтық

  • Кенелік энцефалиттегі шұғыл алдын алу шаралары

5. Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, қарау, ауызша сұрау, жағдайлық есептердің шешімі, 1-2 клиникалық жағдайларды талқылау.

6. Әдебиеттер:

негізгі:

1. Әміреев С.Ә., Темірбеков Ж.Т. – Эпидемиология. Т.1. – Жалпы

эпидемиология. – Алматы: Ғылым, 2000. -551 б.

2. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –

Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын

шаралар алгоритмдері. 1 т. Алматы, 2009.


қосымша:

1. Жалпы дезинфекция негіздері. Оқу-әдістемелік құрал. Нәбенов Қ.Н.

2006.

2. Әміреев С.Ә., Жаханов А., Құдайбергенұлы Қ. – Медициналық



паразитология Алматы: «Кітап» баспасы, 2005. -422 б.

7. Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер):

Сұрақтар:

1.Кенелік энцефалиттердің қоздырғыштарының сипаттамасы

2.Эпидемиялық процестің сипаттамасы, кенелік энцефалиттің қоздырғышының берілу механизмі

3.Кенелік энцефалиттің патогенезі, клиникасы

4.Кенелік энцефалит кезіндегі эпидемиялық процесс және эпизоотиясының заманауи ерекшелігі

5.Кенелік энцефалит кезіндегі эпидемиялық процесті басқарудың әдістері

6.Кенелік энцефалит кезіндегі эпидемиялық қадағалаудың жалпы қағидалары.

7.Кене энцефалитімен күресудегі және алдын алу үшін жүргізілетін шараларды негіздейтін құжаттар



Тесттер:

1. Кенелік энцефалиттің табиғи ошағын анықтайтын өзекті мәселелер:

а) аурушаңдықтың деңгейі

б) табиғи ошақта болу жиілігі

в) тасымалдаушылардың саны

г) тасымалдаушылардың залалдануы

2. Кенелік энцефалиттің табиғи ошағындағы маңызды көрсеткіштер:

а) кенелердің саны

б) құрамында әртүрлі вирустары бар кенелердің саны

в) кенелердің вируспен залалдануры

г) кенедегі вирус саны

3. Эпидемиологиялық маңызы бар:

а) табиғи ошақ

б) антропургиялық ошақ

4. Кенелік энцефалиттің вирусы ... туыстыққа жатады:

а) Togaviridae

б) Flaviridae

в) Bynyaviridae

г) Filoviridae

5. Кенелік энцефалиттің вирусы типті емес ... байланысты:

а) генотипіне

б) антигендік құрылымына

в) органиотропты

г) ультракүлгін сәулесіне сезімталдығы

6. Кене энцефалитінің негізгі тасымалдаушылары:

а) Ixodes persucatus

б) Ixodes pavlovskyi

в) Ixodes ricinus

г) Ixodes dammini

7. Кенелік энцефалит кезіндегі профилактикалық шаралар:

а) үй шаруаларын өңдеу

б) арнайы киімдерді пайдалану және реппелент

в) дератизация

г) эпидемиялық көрсеткіштері бойынша адамдарды вакцинациялау

8. Қазіргі уақытта кенелік энцефалитінің алдын алу шараларына қарапайым және ыңғайлы әдістер:

а) вакцинация

б) жедел спецификалық иммуноглобулиндік шаралар

в) заманауи және жеке сақтау шаралары

9. Антропургиялық ошақтағы кенелік энцефалитінің ққалыптасуы:

а) орманды жерлерде табиғи ошақтың тасымалдауы

б) табиғи ошақта акарицидті өңдеулердің жүргізілмеуі

в) ешкілердің бас-басының көбеюі

г) халықтың антигенмен үнемі қайталамалы қатынасының болмауы

10. Кене энцефалитінің табиғи ошақтағы белсенділігін анықтайды:

а) аурушаңдықтың деңгейі

б) табиғи ошақта болу жиілігі

в) тасымалдаушылардың саны

г) тасымалдаушылардың залалдануы


Жағдайлық есеп

Науқас К 20 жаста, инфекциялық стационарға мынадай шағымдармен түскен: қатты бас ауыруы, бұлшықет ауырсынуы, құсу, жарықтан үрейлену, қозғыштық, дене қызуының жоғарылауы (39-40ºС). Қарағанда: ш.йде бұлшықетінің тартылуы, Керминг, Брудзинский симптомы оң мәнді, пульс – 124 мин., АД – 140/85 мм.с.б. Жұлын ми сұйықтығының қорытындысы: Панди реакциясы +++, цитоз 36 жасуша, оларды, 28 лимфациттер, ақуыз – 1,3 г/л, қант – 2,7 ммоль/л. Эпиданамнез: аурудан 2 апта бұрын орманда болған, басының шаш бөлігінде 2 сорғыш кене ұстаған.

Науқасқа мынадай диагноз қойылды: «Кенелік энцефалит, менингиальді формасы, орташа ауырлық дәрежесі».

Есепті бағалап және кенелік энцефалит себептерін атап көрсетіңіз. Эпидемиялық ошақтағы алдын алу шараларын бағалаңыз және жүргізілу шараларын негіздеңіз.



1. Тақырыбы №17: Обаның және туляремияның этиологиясы, эпдемиялық процестің сипаттамасы, алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру. Эпидемиологиялық қадағалау қағидалары.

2. Мақсаты: Оба мен туляремияның алдын алу шараларын және эпидемияға қарсы қағидаларын, эпидемиялық процестің сипаттамасын, негізгі этиологиясын студенттердің теориялық білімін қалыптастыру.

3. Оқыту мақсаты:

  • Оба ауруы кезіндегі эпидемиологиялық процестің сипаттамасын, этиологиясын студенттерге қалыптастыру

  • Обадағы эпидемияға қарсы шаралардың ұйымдастыру принциптерін меңгеру

  • Оба кезіндегі эпидемиялық жиынтық және алдын алу шараларының қағидаларын меңгерту

  • Алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды жүргізуде дағдыларды қалыптастыру

  • Туляремия кезіндегі эпидемиологиялық процестің сипатта масын, этиологиясын студенттерге қалыптастыру

  • Туляремиядағы эпидемияға қарсы шаралардың ұйымдастыру қағидаларын меңгеру

  • Туляремия кезіндегі эпидемиялық жиынтық және алдын алу шараларының қағидаларын меңгеру

  • Алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды жүргзуде дағдыларды қалыптастыру

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

    • Оба қоздырғышының сипаттамасы

    • Эпидемиялық процестің сипаттамасы, аурушаңдық, обаның маусымдылығы

    • Оба қоздырғышының берілу механизмі

    • Оба кезіндегі ошақтағы эпидемиялық жиынтық

    • Оба ауыруындағы шұғыл немесе алдын алу шаралары

    • Туляремия қоздырғышының сипаттамасы

    • Туляремия қоздырғышының сипаттамасы

    • Эпидемиялық процестің сипаттатмасы, аурушаңдық, туляремияның маусымдылығы

    • Туляремия қоздырғышының берілу механизмі

    • Туляремияның клиникасы, патогенезі

    • Туляремия ошағындағы эпидемияға қарсы шаралар

    • Туляремия ошағындағы эпидемиялық жиынтық

    • Туляремия кезінде шұғыл немесе алдын алу шаралары

5. Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, қарау, ауызша сұрау, жағдайлық есептердің шешімі, 1-2 клиникалық жағдайларды талқылау.

6. Әдебиет:

негізгі:

1. Әміреев С.Ә., Темірбеков Ж.Т. – Эпидемиология. Т.1. – Жалпы

эпидемиология. – Алматы: Ғылым, 2000. -551 б.

2. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –

Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын

шаралар алгоритмдері. 1 т. Алматы, 2009.



қосымша:

1. Жалпы дезинфекция негіздері. Оқу-әдістемелік құрал. Нәбенов Қ.Н.

2006.

2. Әміреев С.Ә., Жаханов А., Құдайбергенұлы Қ. – Медициналық



паразитология Алматы: «Кітап» баспасы, 2005. -422 б.

7. Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер):



Сұрақтары:

1.Оба және туляремияның қоздырғышына сипаттама

2.Эпидемиялық сипаттама, оба және туляремия қоздырғышының берілу механизмі

3.Оба және тулярумия патогенезі, клиникасы

4.Оба және туляремия кезіндегі эпидемиялық процесс және эпизотиясының заманауи ерекшелігі

5. Оба және туляремия кезіндегі аурудың уақытта, территорияда халық топтарының арасында таралу ерекщелігі

6.Оба және туляремия кезіндегі эпидемиялық процесті басқарудың әдістері

7.Оба және туляремия кезіндегі эпидемиялық қадағалаудың жалпы қағидалары.

8.Оба және туляремиямен күресудегі және алдын алу үшін жүргізілетін шараларды негіздейтін құжаттар

Тесттер:

1. Табиғи-ошақтық ауруды көрсетіңіз:

а) оба

б) тырысқақ



в) туляремия

г) кенелік бөртпе сүзегі

2. Табиғи-ошақтың қалыптасуына әсер ететін факторлар:

а) ландшафтты-климатикалық

б) ауру қоздырғышын тасымалдаушылар және кейбір жануарлар түрлері

в) синантропты кеміргіштер

г) адамның шаруышылық өнімі

3. Трансмиссивті механизм берілуімен іске асырады:

а) маса

б) кене


в) шіркейлер

г) үй және бөлмелік шыбындар

4. Табиғи ошақтағы обаның қалыптасуы:

а) сарышұнақ

б) сурки

в) дала тышқандары

г) су тышқандары

5. Оба қоздырғышының көзі болуы мүмкін:

а) жабайы кеміргіштер

б) үй тышқандары

в) атжалман

г) құстар

6. Оба қоздырғышының заңды тасымалдаушысы:

а) кене


б) бүрге

в) бит


г) шыбын

7. Туляремияның адамға жұғу түрі:

а) қансорғыш жәндіктер мен кенелер арқылы

б) тері жамылғысының бұзылуы арқылы

в) су және тағамдық өнімдер арқылы

г) туляремиямен ауырған науқастың пәтеріндегі тұрмыстық заттар арқылы

8. Тірі туляремия екпесін егеді:

а) туляремия бойынша эпизоотикалық территориясындағы қауіп топтары

б) туляремия бойынша эпизоотикалық аудандарға шығатын топтар

в) туляремиямен ауырған науқаспен қатынаста болған топтар

г) туляремиямен ауырғандар

9. Обаға қарсы егеді:

а) обаның кеміргіштер арасында эпизоотиясының болмауы обаның табиғи

ошақтық обаның территориясында тұратын халық

б) табиғи ошақтық обарның территориясында кеміргіштердің арасында

эпизоотияның бар болуы

в) обаның сәтсіз аудандарда шығарылатын топтар

г) жұқпалы аурумен ауырған адамның халықтың административті кіруі

10. Табиғи ошақта обаның табылуы:

а) Европада

б) Австралияда

в) Африкада

г) Азияда
Жағдайлық есеп

Ер кісі 35 жаста, ауру жедел басталды. 3 күн бұрын дене қызуының жоғарылауы, оң жақ шет аймағының ісініп ауырсынуы байқалады. Қарағанда: жағдайы ауыр, температура 40ºС, тілі ақ жабындымен жабылған, ерні құрғақ, беті және көз қарашығы қызарған, қозулы. Лимфа т.йңндері ұлғайған, тері асты қабатына жабысқан, қозғалмалы емес, терісі сезімтал және асты қызарған, пальпацияда ауырсынулы. Эпиданамнез: түйенің сойысына қатысқан. Ауқасқа мынадай диагнз қойылған: «Оба, бубонды формасы, ағымы».

Оба ауруын шақыратын себептерге патогенезі айту және есепті бағалау. Керекті жағдайда жүргізіп негіздеу, және эпидемиялық ошақтағы шараларды бағалау.

1.Тақырыбы №18: Түйнеменің этиологиясы, эпидемиялық процестің сипаттамасы, алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру. Эпидемиологиялық қадағалау қағидалары. Бруцеллездің этиологиясы, эпидемиялық процестің сипаттамасы, алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру. Эпидемиологиялық қадағалау принциптері.

2. Мақсаты: Бруцеллез бен түйнеменің алдын алу шараларын және эпидемияға қарсы қағидаларын, эпидемиялық процестің сипаттамасын, негізгі этиологиясын студенттердің теориялық білімін қалыптастыру.

3. Оқыту мақсаты:


  • Түйнеме кезіндегі эпидемиологиялық процестің сипаттамасын, этиологиясын студенттерге қалыптастыру

  • Түйнемесінің эпидемияға қарсы шаралардың ұйымдастыру қағидаларын меңгеру

  • Түйнеме кезіндегі эпидемиялық жиынтық және алдын алу шараларының принциптерін меңгерту

  • Алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды жүргізуде дағдыларды қалыптастыру

  • Бруцеллез ауруы кезіндегі эпидемиологиялық процестің сипаттамасын, этиологиясын студенттерге қалыптастыру

  • Бруцеллездің эпидемияға қарсы шаралардың ұйымдастыру қағидаларын меңгеру

  • Бруцеллез кезіндегі эпидемиялық жиынтық және алдын алу шараларының қағидаларын меңгерту

  • Алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды жүргізуде дағдыларды қалыптастыру

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

    • Түйнеменің сипаттамасы

    • Эпидемиялық процестің сипаттамасы, аурушаңдық, түйнеменің маусымдылығы

    • Түйнеменің патогенезі, клиникасы

    • Түйнеме кезіндегі ошақтағы эпидемиологиялық қадағалау

    • Түйнемемен ауыруындағы шұғыл немесе алдын алу шаралары

    • Бруцеллез қоздырғышының сипаттамасы

    • Эпидемиялық процестің сипаттамасы, аурушаңдық, бруцеллездің маусымдылығы

    • Бруцеллез қоздырғышының берілу механизмі

    • Бруцеллез кезіндегі ошақтағы эпидемиологиялық қадағалау

    • Бруцеллез ауруындағы шұғыл немесе алдын алу шаралары

5. Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, қарау, ауызша сұрау, жағдайлық есептердің шешімі, 1-2 клиникалық жағдайларды талқылау.

6. Әдебиет:

негізгі:

1. Әміреев С.Ә., Темірбеков Ж.Т. – Эпидемиология. Т.1. – Жалпы

эпидемиология. – Алматы: Ғылым, 2000. -551 б.

2. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –

Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын

шаралар алгоритмдері. 1 т. Алматы, 2009.



қосымша:

1. Жалпы дезинфекция негіздері. Оқу-әдістемелік құрал. Нәбенов Қ.Н.

2006.

2. Әміреев С.Ә., Жаханов А., Құдайбергенұлы Қ. – Медициналық



паразитология Алматы: «Кітап» баспасы, 2005. -422 б.

7. Бақылау (тесттер, есептер):



Тесттер:

1. Түйнеменің жұғу қауіпінің жоғарғы тобы:



  1. зоотехниктер және ветеринарлы жұмысшылар

б) қасапшылар

в) ет өнімдерін дайындайтын, сақтайтын, тасымалдайтын топтар

г) жергілікті тазарту органдарындағы жұмысшылар

2. Түйнеменің қоздырғышы:



  1. грамм (+) таяқшалар

б) грамм (-) таяқшалар

в) вирус


г) рикетсия

3. Түйнеменің жасырын кезеңі ... ұзартылады:



  1. 2-8 күн

б) 14 күн

в) 8-21 күн

г) 1 ай

4. Түйнеменің инфекциялық көзі:



  1. ауру жауарлар

б) өлген жануарлар

в) ауру адам

г) реконвалесцинтенттер

5. Түйнеме:

а) антропоноз

б) зооноз

в) сапроноз

г) зоосапроноз

6. Бруцеллездің патогенді табылуы:


  1. Br.suis

б) Br.mlitensis

в) Br.bovis

г) Br.canis

7. Бруцеллез ауруымен жиі ... ауырады:



  1. аңшылар

б) балық аулаушылар

в) жер қазатындар

г) сауыншылар, ветеринарлар, малшылар

8. Бруцеллездің жұғу механизмі:



  1. алиментарлы

б) ауа-тамшылы

в) қарым-қатынас

г) трансмисситі

9. Бруцеллездің инфекция көзі болып ... табылады:



  1. майда және ірі шаруашылықтар

б) ауру адам

в) жануар, су шаруашылығындағы жұмысшылар

г) ветеринарлар

12.


10. Бруцеллездің эпизоотиясының айқын көрітнісі:

а) жануарлардың жаппай қырылуы

б) жануарлардың жүнінің түсуі

в) жануарлардың түсік тастауы

г) жануарлардың салмақ қоспауы

11. Қазақстандағы бруцеллез ауруына шалдығудың басым көпшілігі:

а) қой, ешкіге байланысты

б) мүйізді ірі қараға байланысты

в) шошқаға байланысты

г) итке байланысты



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет