Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік фармацевтика академиясы Морфологиялық пәндер кафедрасы ДӘріс комплекстері пән: Патологиялық анатомия Пән коды: pa 2208 Мамандығы: 5В110400 – «Медициналық – профилактикалық ісі»



бет2/4
Дата04.07.2016
өлшемі337.5 Kb.
#177295
1   2   3   4

Альтерация тіндердің зақымдалуы, қабынудың бастапқы (инициалдық) фазасы; оның морфологиялық бейнесі әр түрлі дистрофиялық үдерістер мен некроз. Қабынудың осы фазасында биологиялық белсенді заттар –медиаторлар бөлінеді. Қабынуды бастайтын бұл механизм – қабынулық жауаптың кенетикалық негізі.

Экссудация - альтерация дамып, медиаторлар бөлінгеннен кейін дамитын фаза. Ол бірқатар даму кезеңдерінен өтеді: микроциркуляциялық арнаның жауабы басталып, қанның реологиялық қасиеті өзгереді; қан плазмасының құрамындағы заттар шығады (экссудация); қанның жасушалары шығандайды (эмиграция); фагоцитоз жүзеге асады; экссудат пен жасушалардан қабынулық инфильтрат (сіңбе) қалыптасады.

Пролиферация (көбею) – қабынудың зақымды тіндерді қалпына келтіруге бағытталған соңғы фазасы. Көбінесе мезенхиманың камбийлік жасушалары мен В – және Т – лимфоциттер, моноциттер көбейеді. Қабыну ошағындағы жасушалар көбейе келе, толысып (диференцировка), басқа жасушаға айналады (трансформация): мезенхиманың камбийлік жасушалары фибробластыларға; В – лимфоциттер плазмалы жасушаларға, Т – лимфоциттер басқа жасуша түріне ауыспайтын сияқты. Моноциттер гистиоциттер мен макрофагтарға бастау болады. Макрофагтардан эпителиоид және «алып» жасушалар (бөгде денелік пен Пирогов –Лангханс жасушалары) туындайды.

Экссудациялы қабыну кезінде экссудациялы фаза басым болып, тіндер мен дене қуыстарына экссудат (жалқық) жиналады. Экссудаттың құрамы мен қабынудың дамыған жеріне қарай, экссудациялы қабыну: 1) ұйымалы; 2) фибринді; 3) ірінді; 4) шіритін; 5) геморрагиялы; 6) катарлы және 7) аралас түрлерге жіктеледі.

Іріңді қабыну. Қабынудың бұл түріне тән экссудатты негізінен нейтрофильдер құрайды. Ірің денешіктері деп аталатын өлі нейтрофильдер экссудаттың сұйық бөліміне араласып, ірің түзеді. Сонымен іріңнің негізі – нейтрофильдер. Іріңнің құрамында лимфоциттер, макрофагтар, өлі тін мен микробтар да болады. Ірің – түсі сарғыш жасылдау, қоймалжыңдау сұйықтық. Лейкоцитте протеолиздік ферменттер көп, сондықтан іріңді қабынудың негізгі ерекшілігі – гистолиз, яғни тінді жидіту. Іріңді қабыну дамымайтын тін де, мүше де жоқ.

Шіритін қабыну. (гангреналы, ихорозды; грекше ichor- қанды сарысу) қабыну ошағына шіріткіш бактериялар әсер еткенде дамиды. Бактериялар тінді шіріткенде, өте сасық газ түзіледі.

Геморрагиялы (қанды) қабыну кезіндегі экссудат негізінен эритроциттерден түзіледі. Қанды қабынудың барысына қан тамырларының өткізгіштігі артуының әсері зор және кері хемотаксистің де айтарлықтай рөлі бар. Қанды қабыну ауыр ағымды инфекцияларға (күйдіргі, оба, грипп, т.б.) тән. Кейде эритроциттер тым көп болып, экссудат құйылған қан сияқты болады (мыс.: күйдіргілік менингэнцефалит). Көбіне геморрагиялы қабыну экссудаты қабынудың басқа түрлеріне қосарланады.

Ақыры. Геморрагиялық қабынудың даму себебіне байланысты.

Катарлы қабыну (грекше: katarrhto - ағамын), яғни катар тек кілегейлі қабықшаларда ғана дамиды және шырыш тым көп бөлінеді. Экссудат ұйымалы да, шырышты да, геморрагиялы да болып, оның құрамына сыдырылған жамылғылық эпителий араласады. Катарлы қабыну жедел немесе созылмалы болады. Жедел катар бірқатар инфекцияларға тән (мыс.: жоғарғы тыныс жолдарының респирациялық жедел инфекциялары кезіндегі жедел катар) шырыштыға, шырышты қатар іріңдігі немесе іріңді – геморрагиялыға ұласып отырады.

Аралас қабыну кезінде экссудаттың бір түріне екінші бір түрі қосарланады. Сөйтіп, қабынудың ұйымалы – іріңді, ұйымалы- фибринді, ұйымалы –геморрагиялы немесе фибринді – геморрагиялы деп аталатын түрлері дамиды. Көбіне экссудатты қабыну түрінің өзгеруіне қосымша инфекция немесе организм реактивтілігінің өзгеруі себеп болады.

Пролиферациялы (өнімдік) қабыну кезінде жасушалар. мен тіндік элементтердің көбеюі басым. Қабынудың бұл түрінде альтерациялық және экссудациялық өзгерістер онша айқын болмай, пролиферацияның тасасынды қаладі. Көбею барысында ошақты немесе шашырай жайғасқан (диффузды) жасушалық инфильтрат (сіңбе) қалыптасаді Оның кұрамы негізінен полиморф-жасушалы, лимфомоноцитті, макрофагты, эпителиоид немесе «алып» жасушалы, т.с.с. болуы мүмкін. Өнімдік қабыну кез келген мүше мен тінде дами алады. Ппролиферациялы қабынудың 1) аралық (интерстицийлік); 2) гранулемалы және 3) полип (бүртік) немесе істікүшты кондилома түзетін түрлері бар.

IV. Иллюстрациялық материалдар: Кестелер: Патологиялық анатомияның зерттеу әдістері.

V. Әдебиет:

Қазақ тілінде

Негізгі:

1. А.И. Струков, В.В. Серов, Патологиялық анатомия қазақшаға аударған және

жауапты редакторы М.Т. Айтқұлов оқулық . - 5-бас., стереотип. –

М. : ГЭОТАР- Медиа, 2013. - 984 бет.


  1. Струков В.И., Серов В.В.Патологиялық анатомия: медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық. Орысшадан аударған доцент М.Т.Айтқұлов // Алматы: «Орталық Қазақстан» БПК, «Қазақстан».-1993.

  2. Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия // Алматы,-2004.

  3. Струков А.И.Струков В.И. Патологиялық анатомия (Жеке аурулар бөлімі. І бөлім. 1-кітап): оқулық/ Қаз.ауд. М. Т. Айтқұлов - 2-басылым. – Ақтөбе, 2010.

  4. Струков А.И. Струков В.И. Патологиялық анатомия (Жеке аурулар бөлімі. ІІ бөлім. 2-кітап): оқулық/ Қаз.ауд. М. Т. Айтқұлов - 2-басылым. – Ақтөбе, 2010.



Қосымша:

    1. М.М. Түсіпбекова, М.С. Усеева «Перинатустық кезең патологиялық анатомиясының өзекті мәселелері» // Медицина и экология№ - N3. -2000.

    2. Ахметқалиев С.Е., Қамбаров Ж.А. Клиникалық патоморфологияға кіріспе: Оқу құралы.// Ақтөбе медициналық академиясы.-1999.

    3. Ішкі аурулар // Т.З. Сейсембеков, А.Е. Тәменов, М.Т. Айтқұлов М.Т. // Алматы. – 1995.

    4. М.А. Пальцев, А.Б. Пономарев, А.В. Берестова Атлас по патологической анатомии-3-е изд., стереотипное.-М.: Медицина, 2007.-432с.:ил.

    5. Серов В.В., Ярыгин Н.Е., Пауков В.С. Патологическая анатомия: Атлас.-М.:Медицина, 1986.-305с.

6. Робин А. Кук6 Брайн Стеварт. Цветной атлас патологической анатомии/ Под ред. В.П. Сапрыкина. Пер. с англ. И.А. Поповой. В.П. Сапрыкина -М.: Логосефера, 2005.-282 стр.

Электронды ресурстар.
1. А.И. Струков, В.В. Серов, Патологиялық анатомия қазақшаға аударған және

жауапты редакторы М.Т. Айтқұлов оқулық . - 5-бас., стереотип. –

М. : ГЭОТАР- Медиа, 2013. - 984 бет. эл. опт. диск (CD-ROM) .
2. Струков, А. И. Патологическая анатомия [Электронный ресурс] : учебник . - 5-е изд. стер. - Электрон.

текстовые дан. (51,9 МБ). - М. : Изд. группа "ГЭОТАР-Медиа", 2011. - . эл. опт. диск (CD-ROM).


3. Патологическая анатомия [Электронный ресурс] : атлас: учеб. пособие / О. В. Зайратьянц [и др.] ; под

общ. ред. О. В. Зайратьянца. - Электрон. текстовые дан. ( 144 Мб). - М. : Изд. группа "ГЭОТАР-Медиа", 2010. - 472 с. эл. опт. диск (CD-ROM) .

4. Пауков, В. С. Патологическая анатомия и патологическая физиология [Электронный ресурс] : учеб. для

колледжей. - Электрон. текстовые дан. ( 44,7 Мб). - М. : Изд. группа "ГЭОТАР-Медиа", 2010. - 256 с. эл.

опт. диск (CD-ROM) .- 2 экз.
5.Медицина. 3 курс [Электронный ресурс]: лекции для студентов.– М., 2005. - 1 эл. опт. диск (CD-ROM).
6. Диагностика заболеваний и патологическая анатомия желудка, тонкой и толстой кишки [Электронный

ресурс] : более 600 ил. - Электрон. текстовые дан. (48,6 Мб). - М. ., 2005. - эл. опт. диск (CD-ROM). .


7. Кудачков Ю. А. Патология человека [Электронный ресурс] : электронный слов.-справ. - М., 2002. - 1 эл. опт. диск (CD-ROM). –Всего 2экз.
VI. Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):

1. Қабыну дегеніміз не?

2. Қабыну себептерінің атаңыз?

3. Қабынудың түрлерінің атаңыз?

4. Іріңді қабынудың түрлерінің атаңыз?

5. Фибринді қабынудың түрлерінің атаңыз?

6. Жіті және созылмалы абсцестің патологиялық анатомиясың атаңыз?

7. Фибринді қабынудың дифтериттік қабынудан айырмашылығың атаңыз?


Кредит 1 № 4

I. Тақырыбы: Бейімделу үрдістері.

II. Мақсаты: Патологиялық анатомияға анықтама беру. Патологиялық анатомияның зерттеу әдістерін білу.

III. Дәріс тезистері: Организмнің фило – және онтогензеде қалыптасқан, сыртқы ортадағы өзгерістерге бейімделу қабілеті.

Бейімделу – организімнің сыртқы ортамен арақатынасын жүзеге асырып, бүкіл тіршілік үдерістерін қамтитын, мәндік ауқымы мен биологиялық ұғым. Ол биологиялық түрдің сақталуын қамтамасыз етеді; деннің сау кезеңіне де, ауру кезіндегі жағдайға қатысты. Компенсация – организімінің аурулық зақымдарын түзетіп, өзін өзі сақтауға арналған қысылтаяндағы бейімделулік үдерістің бірі. Сондықтан компенсациялық жауап жекебастық (индивидуал) және әржағдайлық (ситуациялық) болады.

Бейімделу патологияда әр түрлі әрекеттік жағдайлардың бейнесі болып, тіннің (мүшенің) әрекеті тым қарқынды, төмен немесе бұрмалануы мүмкін. Сондықтан оған қатысты патологиялық үдерістердің бейнесі: 1) атрофия; 2) гипертрофия (гиперплазия); 3) организация; 4) тіндік құрылымының өзгеруі; 5) метаплазия немесе 6) дисплазия болуы ықтимал.



Атрофия (грекше: а – жоқ; trophe -қорек; қазақша – сему, солу.-Ауд.) тіршілікте мүшенің тіннің, жасушаның көлемі кішірейіп, қызметі нашарлайтын үдеріс.

Атрофияның физиологиялық және патологиялық түрлері бар.



Физиологиялық атрофия өмір бойы, туғаннан әбден қартайғанға дейін байқалады. Мысалы, туғаннан кейін кіндіктік артерия мен артериялық (Боталл) өзек семіп, бітелсе, егде тартқандардың жыныс бездері, қарттардың сүйектері мен омыртқааралық шеміршектері, т.б. семеді.

Патологиялық атрофия түрлі себептерден дамиды. Олардың ішінде жеткіліксіз тамақтану, қан – және лимфа айналымының, ішкі секреция бездері мен орталық және шеткі жүйкелік жүйелердің қызметі бұзылуының, уланудың маңызы зор. Патологиялық атрофия – қайтымды үдеріс. Ол тым асқынып кетпей тұрғанда, дамытқан себептің әсері тоқтаса, мүшенің құрылымы мен қызметі толық қалпына келе алады. Патологиялық атрофия жалпы немесе жергілікті болады.

Жалпы атрофияның, яғни жүдеуліктің мынадай. Алиментарлық (аштықтан дамитын немесе ас сіңбегендегі); рак жүдеулігі, яғни рактың кахексия (грекше: kakos - жаман; hexis - жағдай); гапофиздік кахексия (Симондс ауруы), милық кахексия (гипоталамус зақымдалса) және басқа да қатты жүдететін аурулардан (туберкулез, бруцеллез, созылмалы дизентерия) дамитын түрлері бар.

Жергілікті атрофия түрлі себептерден дамиды; оның дисфункциялық; қан жеткіліксіздік; қысымдық; жүйкелік, физикалық және химиялық факторлардан дамитын түрлері бар.

Гипертрофия (гиперплазия). Гипертрофия (грекше: hyper - тым; trophe - қоректену) адаптациялық мәні бар үдеріс. Оның даму барысында жасушаның, тіннің, мүшенің көлемі құрамындағы жасушалар немесе ішіндегі ультрақұрылымдардың көбеюі арқылы ұлғаяды. Гипертрофияның мәні адаптациялық екі түрі бар: жүйке- гормональдық гипертрофия (гиперплазия) және гипертрофиялы өсу.

Организация (беріштену) деп некроз ошағының, тін ақауының немесе тромбының орнына дәнекер тін өсетін немесе қабық қалыптасатын (инкапсуляция) адаптациялық үдерістері атайды. Организация кезінде ыдырап тарай бастаған өлі тін ошағын немесе тромбыны өндірішін дәнекер тін жайлап, ақырында олардың орнын тыртықтық тін басып, беріштенеді (нағыз организация).

Тіндік құрылымының өзгеруі. Тіндік құрылымының адаптациялық өзгерісі гиперплазия, регенерация және аккомодация үдерістеріне негізделеді. Мысалы, қанның магистрал тамырлар арқылы жүруі қыйындаса, қан тамырларының қалыпты сабақтасығы өзгеріп, коллатеральдық қанайналым қалыптасады.



Метаплазия (грекше: metaplasso - өзгерту) – тіннің бір түрінің өзімен тектес басқа түрге айналуы. Метаплазия эпителийде немесе дәнекер тінде жиі, ал басқа тіндерде сиректеу кездеседі. Бір тннің екініші тінге өзгеруі ұрықтық бастаманың оларға ортақтығымен қатаң шектеліп, жас жасушалардың пролиферациясы арқылы жүзеге асады (мысалы: регенерация, ісік). Метаплазия толыспаған жасушалардың пролиферациясынан басталып, жанама жолмен жүзеге асатын үдеріс. Құрсақта даму кезінде тін өзіне жат жерде қалып қоятын гетеротопия мен гетероплазия үдерісін метаплазияға жатқызуға болмайды.

Дисплазия. Бұл ерекше адаптациялық үдерістің атауы онкоморфологияда қабылданған. Дисплазия кезінде эпителийдің пролиферациясы мен толысуы дұрыс жүрмей, жасушалық атипия қалыптасып, гистоархитектоникасы өзгереді. Жасушалық атипия қалыптасқан жасушының көлемі мен пішіні әр түрлі, ұлайған ядросы гиперхромды, митоздық саны көп, атипиялы митозы болады. Гистоархитектоникалық өзгеріс кезінде эпителийдің полярлығы мен осы тінге немесе осы мүшеге тән нышандары (эпителийдің гисто- және органспецификалылығы) жойылады. Сонымен, дисплазия – жасушаға емес, тінге қатысты ұғым.

Компенсация – аурудан өзгерген қызметі қалпына келтіруге арналған үдеріс. Компенсациялық үдеріс кезеңді дамып, қалыптасу, беку және қажу деп аталатын үш фазадан өтеді.

Компенсацияның морфологиялық мәні – көбіне гипертрофия. Оның даму барысында мүше ұлғайғанмен, өзіне тән пішінің сақтап қалады. Қуысы кеңиді (эксцентрлі гипертрофия) немесе, керісінше, тарылады (концентрлі гипертрофия).

Компенсациялық гипертрофияның қызметтік (компенсациялық) және викарлық (толтырулық) түрлері бар.

Қызметтік (компенсациялық) гипертрофия кезінде күш түскен мүшенің арнаулы қызмет атқаратын жасушаларының көлемі (саны) ұлғаяды. Қызметтік гипертрофия үнемі күш түскен жерлерде физиологиялық жағдайда да дамуы мүмкін (мысалы, спортшылар мен дене еңбегімен айналысатындардың жүрегі мен қаңқалық бұлшықеттің гипертрофиясы). Сырқаттанған кезде зақымдалған мүшенің қызметі, оның зақымдалған бөлімдерінің құрылым мен қызметінің үдеуі арқылы қажетті деңгейге жеткізіледі.

Қызметтік гипертрофия жүректе, асқазан-ішек, зәршығару жолдарында, т,б, мүшелерде дамиды.

Викарлық (толтырулық) гипертрофия жұп мүшенің бірін (өкпені, бүйректі т.б.) ауру жойғанда немесе операция жасап, алып тастағанда байқалады; бірінің жеткіліксіз қызметін екіншісі ұлғайып барып, қалпына келтіреді. Викарлық гипертрофияның патогенздік мәні мен организмге әсері регенерациялық гипертрофияның мәні мен маңызына жуық.

IV. Иллюстрациялық материалдар: Кестелер: Патологиялық анатомияның зерттеу әдістері.

V. Әдебиет:

Қазақ тілінде

Негізгі:

1. А.И. Струков, В.В. Серов, Патологиялық анатомия қазақшаға аударған және

жауапты редакторы М.Т. Айтқұлов оқулық . - 5-бас., стереотип. –

М. : ГЭОТАР- Медиа, 2013. - 984 бет.


  1. Струков В.И., Серов В.В.Патологиялық анатомия: медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық. Орысшадан аударған доцент М.Т.Айтқұлов // Алматы: «Орталық Қазақстан» БПК, «Қазақстан».-1993.

  2. Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия // Алматы,-2004.

  3. Струков А.И.Струков В.И. Патологиялық анатомия (Жеке аурулар бөлімі. І бөлім. 1-кітап): оқулық/ Қаз.ауд. М. Т. Айтқұлов - 2-басылым. – Ақтөбе, 2010.

  4. Струков А.И. Струков В.И. Патологиялық анатомия (Жеке аурулар бөлімі. ІІ бөлім. 2-кітап): оқулық/ Қаз.ауд. М. Т. Айтқұлов - 2-басылым. – Ақтөбе, 2010.



Қосымша:

  1. М.М. Түсіпбекова, М.С. Усеева «Перинатустық кезең патологиялық анатомиясының өзекті мәселелері» // Медицина и экология№ - N3. -2000.

  2. Ахметқалиев С.Е., Қамбаров Ж.А. Клиникалық патоморфологияға кіріспе: Оқу құралы.// Ақтөбе медициналық академиясы.-1999.

  3. Ішкі аурулар // Т.З. Сейсембеков, А.Е. Тәменов, М.Т. Айтқұлов М.Т. // Алматы. – 1995.

  4. М.А. Пальцев, А.Б. Пономарев, А.В. Берестова Атлас по патологической анатомии-3-е изд., стереотипное.-М.: Медицина, 2007.-432с.:ил.

  5. Серов В.В., Ярыгин Н.Е., Пауков В.С. Патологическая анатомия: Атлас.-М.:Медицина, 1986.-305с.

6. Робин А. Кук6 Брайн Стеварт. Цветной атлас патологической анатомии/ Под ред. В.П. Сапрыкина. Пер. с англ. И.А. Поповой. В.П. Сапрыкина -М.: Логосефера, 2005.-282 стр.

Электронды ресурстар.
1. А.И. Струков, В.В. Серов, Патологиялық анатомия қазақшаға аударған және

жауапты редакторы М.Т. Айтқұлов оқулық . - 5-бас., стереотип. –

М. : ГЭОТАР- Медиа, 2013. - 984 бет. эл. опт. диск (CD-ROM) .
2. Струков, А. И. Патологическая анатомия [Электронный ресурс] : учебник . - 5-е изд. стер. - Электрон.

текстовые дан. (51,9 МБ). - М. : Изд. группа "ГЭОТАР-Медиа", 2011. - . эл. опт. диск (CD-ROM).


3. Патологическая анатомия [Электронный ресурс] : атлас: учеб. пособие / О. В. Зайратьянц [и др.] ; под

общ. ред. О. В. Зайратьянца. - Электрон. текстовые дан. ( 144 Мб). - М. : Изд. группа "ГЭОТАР-Медиа", 2010. - 472 с. эл. опт. диск (CD-ROM) .

4. Пауков, В. С. Патологическая анатомия и патологическая физиология [Электронный ресурс] : учеб. для

колледжей. - Электрон. текстовые дан. ( 44,7 Мб). - М. : Изд. группа "ГЭОТАР-Медиа", 2010. - 256 с. эл.

опт. диск (CD-ROM) .- 2 экз.
5.Медицина. 3 курс [Электронный ресурс]: лекции для студентов.– М., 2005. - 1 эл. опт. диск (CD-ROM).
6. Диагностика заболеваний и патологическая анатомия желудка, тонкой и толстой кишки [Электронный

ресурс] : более 600 ил. - Электрон. текстовые дан. (48,6 Мб). - М. ., 2005. - эл. опт. диск (CD-ROM). .


7. Кудачков Ю. А. Патология человека [Электронный ресурс] : электронный слов.-справ. - М., 2002. - 1 эл. опт. диск (CD-ROM). –Всего 2экз.
VI. Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):

  1. Адаптация дегеніміз не?

  2. Компенсацияның анықтамасың айтып беріңыз?

  3. Адаптацияның түрлерің атаңыз?

  4. Гипертрофия дегеніміз не?

  5. Гипертрофия мен гиперплазияның айырмашылығың атаңыз?.

  6. Жергілікті және жалпы атрофияға сипаттама беріңыз?.

  7. Дисплазия дегеніміз не?

  8. Метаплазия дегеніміз не?


Кредит 1 № 5

I. Тақырыбы: Ісктер. Морфо - және гистогенез.

II. Мақсаты: Патологиялық анатомияға анықтама беру. Патологиялық анатомияның зерттеу әдістерін білу.

III. Дәріс тезистері: Ісік, яғни жаңа өскін, бластома (грекше:blasto- бүршік, ескін) - жасушалар тоқтаусыз көбейтін патологиялық үдеріс. Ісікке айналған жасушаның өсуі мен толысуының (дифференцировка) бұзылуы гендік өзгерістермен байланысты.

Ісіктік жасушаның организмнің реттеу әсеріне бағынбай, автономды, яғни ретсіз өсуі – ісіктің негізгі қасиетінің бірі. Ісіктік жасушада қалыпты жасушада болмайтын ерекше қаситтер пайда болады. Ол жсаушаға, оның құрылысына, зат алмасуы, қызметі, көбеюі мен толысуына қатысты қасиеттер – жасушалық атипизм тән.

Тіндік атипизм орын алса, белгілі бір мүшеге тән тіндердің арақатынасы өзгеріп, яғни органотиптік және гистотиптік толысу бұзылады. Сөйтіп, ол эпителийлік, әсіресе безді ісіктің паренхимасы мен стромасының арақатынасының бұзылғанып, мезенхимадан дамыған ісіктегі талшықты құрылымдардың (дәнекер тін біріңғай салалы бұлшықет, т.б.) әртүрлілігін, олардың ретсіз, орналасқандығын бейнелейді. Тіндік атипизм қатерсіз, яғни жетілген ісікке тән.

Ісіктің толысу дәрежесіне қарай үш өсу түрі (жолы бар: экспансиялы, аппозициялы, инфильтрацияль (инфазиялы).



Экспансиялы жолмен ісік төңірегіндегі тіндерді ығыстырып, «өзі-өзінен» өседі. Ісіктің айналасындағы паренхималық элементтер семіп, мүшенің стромасы қабысып, ісікті қоршап, қабық тәрізденіп, қоршайды (псевдокапсула – жалған қабық). Экспансиялы жолмен баяу дамитын, жетілген, қатерсіз ісіктер өседі. Кейбір қатерлі ісіктер де экспансиялы жолмен өсе алады (бүйрек рагы, қалқанша бездің рагы, фибросаркома, т.б.)

Аппозияциялы жолмен өскен кезде ісіктік жасушаға айналады.

Инфильтрациялы, яғни инвазиялы, жолмен ісіктік жасушалар қоршаған тіндерді зақымдап (диструкциялы), арасында жайыла (инвазиялы) өседі. Ісік, әдетте кдергі аздау бағытта, тінаралық саңылауларды, жүйкелік талшықтарды, қан және лимфа тамырларының бойын қуалай жайылады.

Ісіктің қуысты мүшенің саңылауымен арақатынасына қарай, эндофиті және экзофитті өсу түрлері орын алуы мүмкін. Эндофитті өскенде ісік мүшенің қабырғасына терең, инфильтрациялы жайлады. Өсудің бұл түрінде ісік кілегейлі қабықшаның үстіңгі бетінен көрінбейді (мысалы, асқазанның, қуықтың, бронхының, ішектің); қабырғасын кескенде ғана көрінеді.

Эгзофитті өсу – ісіктің мүшенің қуысына қарай, бағытталып, экспансиялы өсуі (мысалы, асқазанның, қуықтың, бронхының, ішектің). Ісік мүшенің қабырғасымен жіңішке сабақ арқылы ғана жалғасып, оның қуысын түгел жайлап кетуі де мүмкін.

Алғашқы қалыптасқан ошақтар санына қарай, ісіктердің уницентрлі (жалғыз ошақты) және мультицентрлі (көп ошақты) түрлері болады.



IV. Иллюстрациялық материалдар: Кестелер: Патологиялық анатомияның зерттеу әдістері.

V. Әдебиет:

Қазақ тілінде

Негізгі:

1. А.И. Струков, В.В. Серов, Патологиялық анатомия қазақшаға аударған және

жауапты редакторы М.Т. Айтқұлов оқулық . - 5-бас., стереотип. –

М. : ГЭОТАР- Медиа, 2013. - 984 бет.


  1. Струков В.И., Серов В.В.Патологиялық анатомия: медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық. Орысшадан аударған доцент М.Т.Айтқұлов // Алматы: «Орталық Қазақстан» БПК, «Қазақстан».-1993.

  2. Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия // Алматы,-2004.

  3. Струков А.И.Струков В.И. Патологиялық анатомия (Жеке аурулар бөлімі. І бөлім. 1-кітап): оқулық/ Қаз.ауд. М. Т. Айтқұлов - 2-басылым. – Ақтөбе, 2010.

  4. Струков А.И. Струков В.И. Патологиялық анатомия (Жеке аурулар бөлімі. ІІ бөлім. 2-кітап): оқулық/ Қаз.ауд. М. Т. Айтқұлов - 2-басылым. – Ақтөбе, 2010.



Қосымша:

1. М.М. Түсіпбекова, М.С. Усеева «Перинатустық кезең патологиялық анатомиясының өзекті мәселелері» // Медицина и экология№ - N3. -2000.

  1. Ахметқалиев С.Е., Қамбаров Ж.А. Клиникалық патоморфологияға кіріспе: Оқу құралы.// Ақтөбе медициналық академиясы.-1999.

  2. Ішкі аурулар // Т.З. Сейсембеков, А.Е. Тәменов, М.Т. Айтқұлов М.Т. // Алматы. – 1995.

  3. М.А. Пальцев, А.Б. Пономарев, А.В. Берестова Атлас по патологической анатомии-3-е изд., стереотипное.-М.: Медицина, 2007.-432с.:ил.

  4. Серов В.В., Ярыгин Н.Е., Пауков В.С. Патологическая анатомия: Атлас.-М.:Медицина, 1986.-305с.

6. Робин А. Кук6 Брайн Стеварт. Цветной атлас патологической анатомии/ Под ред. В.П. Сапрыкина. Пер. с англ. И.А. Поповой. В.П. Сапрыкина -М.: Логосефера, 2005.-282 стр.

Электронды ресурстар.
1. А.И. Струков, В.В. Серов, Патологиялық анатомия қазақшаға аударған және

жауапты редакторы М.Т. Айтқұлов оқулық . - 5-бас., стереотип. –

М. : ГЭОТАР- Медиа, 2013. - 984 бет. эл. опт. диск (CD-ROM) .
2. Струков, А. И. Патологическая анатомия [Электронный ресурс] : учебник . - 5-е изд. стер. - Электрон.

текстовые дан. (51,9 МБ). - М. : Изд. группа "ГЭОТАР-Медиа", 2011. - . эл. опт. диск (CD-ROM).


3. Патологическая анатомия [Электронный ресурс] : атлас: учеб. пособие / О. В. Зайратьянц [и др.] ; под

общ. ред. О. В. Зайратьянца. - Электрон. текстовые дан. ( 144 Мб). - М. : Изд. группа "ГЭОТАР-Медиа", 2010. - 472 с. эл. опт. диск (CD-ROM) .

4. Пауков, В. С. Патологическая анатомия и патологическая физиология [Электронный ресурс] : учеб. для

колледжей. - Электрон. текстовые дан. ( 44,7 Мб). - М. : Изд. группа "ГЭОТАР-Медиа", 2010. - 256 с. эл.

опт. диск (CD-ROM) .- 2 экз.
5.Медицина. 3 курс [Электронный ресурс]: лекции для студентов.– М., 2005. - 1 эл. опт. диск (CD-ROM).
6. Диагностика заболеваний и патологическая анатомия желудка, тонкой и толстой кишки [Электронный

ресурс] : более 600 ил. - Электрон. текстовые дан. (48,6 Мб). - М. ., 2005. - эл. опт. диск (CD-ROM). .


7. Кудачков Ю. А. Патология человека [Электронный ресурс] : электронный слов.-справ. - М., 2002. - 1 эл. опт. диск (CD-ROM). –Всего 2экз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет