Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 24 желтоқсандағы №433 қаулысымен бекітілген



бет1/5
Дата27.02.2016
өлшемі0.58 Mb.
#29126
  1   2   3   4   5



Іске асыру туралы есепті жасаудың нысандары мен тәртібін қамтитын стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына мониторинг жүргізу жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтарына 2-қосымша


Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің

2010 жылғы 24 желтоқсандағы №433 қаулысымен бекітілген

«Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының

2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын»

2013 жылы іске асыру туралы есеп
      Есепті кезең: 2013 жыл
Мақсаттарға, міндеттерге, нысаналы индикаторларға, іс-шаралар мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу
I-стратегиялық бағыт. Облыс әкімі аппараты тиімді қызметін қамтамасыз ету

1.1-мақсат. Облыс әкімі аппараты жұмысының тиімділігін арттыру

Осы мақсатқа қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарламалардың коды 001, 004




Түпкілікті қол жеткізу мерзімін (кезеңің) көрсетумен нысаналы индикатордың, тікелей нәтижелер көрсеткіштері мен міндеттерінің атауы

Ақпарат көздері

Өлшем бірлігі

Есепті кезең

Қол жеткізбеу себептері

Жоспар

Нақты

1

2

3

4

5

6

Нысаналы индикаторлар
















1. Алдыңғы жылмен салыстырғанда азаматтардың шағымдары мен өтініштерінің қысқару үлесі

Есеп.мәлімет

%

2

3




2. Облыс әкімі мен әкімдігінің қабылдаған нормативтік - құқықтық актілерінің орындалуын бақылау

Есеп.мәлімет

%


100

100




1.1.1-міндет. Облыс әкімі аппаратының қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету

Тікелей нәтижелердің көрсеткіштері
















1. Қаралған шағымдар мен өтініштердің саны

Есеп.мәлімет

бірлік

3735

3799




2. Азаматтарды жеке қабылдау

Есеп.мәлімет

бірлік

300

516




Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар




  1. Азаматтардың барлық өтініштері бойынша тапсырмалардың уақтылы орындалуына бақылау

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері

Өтініштердің көпшілігі мына мәселелер бойынша түсті: тұрғын үймен қамтамасыз ету – 342 (15%), ауыл шаруашылығы - 407 (10%), тұрғын үй - коммуналдық мәселелеріне қатысты – 341 (9%), білім беру – 85 (3,8%), денсаулық сақтау – 90 (4%), тұрғындарды әлеуметтік қамтамасыз ету – 212 (9,5%), жол және көлік мәселелері бойынша – 182 (4,8%), кәсіпкерлікке – 615 (16%). Барлық өтініштер бойынша тиісті түсіндірмелер берілген.



Азаматтарды жеке қабылдау

2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыс әкімінің, облыс әкімінің орынбасарларында, облыс әкімі аппаратының басшысында жеке қабылдауында болған азаматтардың жалпы саны – 516 азамат, олар тұрғын үй, несие, жер телімдерін беру, тұрғын үйді жекешелендіру, ауыл шаруашылығын, коммуналдық шаруашылығының жұмысын дамыту, нысандардың құрылысы, өндірістің дамуы, жұмысқа орналастыру, материалдық және демеушілік көмек көрсету, әлеуметтік қызметкер бөлу, білім, мәдениет, спорт, денсаулық сақтау және т.б. мәселелерінің шешімін табу үшін өтініш білдірген.

Өтініш білдірген барлық азаматтарға тиісті түсініктеме беріліп, көтеріліп отырған мәселелердің мәні бойынша көпшілігі аудандық және қалалық әкімдіктерге, облыстық департаменттер мен басқармаларға жолданды.

Барлық өтініштер бойынша тиісті құрылымдарға тапсырма беріліп, олардың орындалуына бақылау жүргізілді.






1.1.2-міндет. Облыс әкімі аппаратының қызметін құқықтық қамтамасыз ету

Тікелей нәтижелердің көрсеткіштері
















1. Облыс әкімдігі мен әкім қабылдаған қаулылардың, өкімдер мен шешімдердің саны

Есеп.мәлімет

бірлік

595

906




Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар




1. Облыс әкімі мен әкімдігінің нормативтік - құқықтық актілері мен құқықтық актілеріне мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету

Бөліммен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің және әкімінің НҚА-не тұрақты мониторинг жүргізілді. Мониторинг 71 нормативтік құқықтық актілер бойынша жүргізілді. Жүргізілген мониторинг нәтижесі бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы әділет департаментіне жарты жылдықта 1 рет есеп және талдамалы анықтама беріледі, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарының нормаларына сәйкес 5 акт сәйкестендірілді. Облыс әкімі аппараты басшысының 2013 жылғы 20 желтоқсандағы бұйрығымен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің және әкімінің нормативтік құқықтық актілерінің мониторинг жүргізу кестесі бекітілді.






2. Облыс әкімі мен әкімдігінің нормативтік-құқықтық актілері мен құқықтық актілері жобаларына сапалы құқықтық сараптама жүргізу және келісу

Бөліммен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің және әкімінің, облыс әкімі аппараты басшысының 1000-нан астам актілеріне құқықтық сараптама жүргізілді, олардың ішінде: облыс әкімдігінің қаулылары - 378, әкімінің шешімдері – 133, өкімдері - 395, облыс әкімі аппараты басшысының бұйрықтары – 472 қабылданды. 2013 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы әділет департаментінде 11 нормативтік құқықтық акт тіркелген, олар бойынша міндетті түрде ғылыми сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманың оң қорытындылары алынған, ал жеке кәсіпкерлердің мүдделерін және құқықтарына қатысты актілерге кәсіпкерлік мәселелер және Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бойынша сараптамалық кеңестің оң қорытындылары алынған.






1.1.3-міндет. Облыс әкімі аппаратының қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету

Тікелей нәтижелердің көрсеткіштері
















1. Машиналарды, құралдарды, өндірістік және шаруашылық құрал-сайманды сатып алу

Тоқсандық, жылдық есептер

бірлік

199

278




2. Басқада негізгі құрал-жабдықтарды сатып алу

Тоқсандық, жылдық есептер

бірлік

340

371




Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар




1. Компьютерлік және ұйымдық техниканы, жабдықтарды ҚР заңнамасына сәйкес толық көлемде сатып алуды қамтамасыз ету

2013 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету мақсатында 649 бірлік материалдық-техникалық қорлар сатып алынды.






1.1.4-міндет. БАҚ-пен өзара іс-қимылдардың тиімділігін арттыру

Тікелей нәтижелердің көрсеткіштері
















1. БАҚ-тарда ақпараттық қолдауға ие болған үйымдастырылған ақпараттық іс-шаралардың (баспасөз конференциялардың, сөз сөйлеулер мен өтініштердің, тұсаукесерлердің және т.б.) саны

Баспасөз қызметінің мәліметі

бірлік

200

200




Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар




1. Өңірде жұмыс істейтін БАҚ-тар үшін облыс әкімі мен әкімдігінің қызметі мәселелері бойынша баспасөз хабарламаларын дайындау

2013 жылы ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметі арқылы облыс әкімі мен облыс әкімдігі тарапынан атқарылып жатқан іс-шараларға ақпараттық қолдау көрсету мақсатында 200 баспасөз хабарламасы дайындалып, облыстық, республикалық БАҚ өкілдеріне таратылды.






2. БАҚ-тарда жариялау үшін ақпараттық шараларды (баспасөз конференцияларын, сөз сөйлеулер мен өтініштерді, тұсаукесерлерді және т.б.) ұйымдастыру

ҚР Президентінің Жолдауына орай сәуірде облыс әкімінің қатысуымен интернет-конференция, наурыз, тамыз айларында «тікелей эфир» өтті. Облыс әкімі мен орынбасарларының аудан, қалаларға жұмыс сапарлары БАҚ-тарда жарияланды. Жыл басында «Қазақстан-Шымкент» телеарнасында 20 басқарма басшысы 11 аудан, 4 қала әкімдерінің қатысуымен «тікелей эфир» ұйымдастырылды. I жартыжылдықтың қорытындысы бойынша өткен мәжілістерден кейін аудан, қала әкімдерінің қатысуымен брифингтер өткізілді. Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде облыстық басқармалардың басшылары, аудан және қала әкімдері БАҚ-та сөз алды. Қазан-желтоқсан айлары аралығында облыс әкімінің орынбасарлары брифингтер өткізді. БАҚ өкілдері үшін 15 аудан және қала әкімдері, 23 басқарма басшылары атқарған жұмыстары туралы брифинг берді. Соңынан «тікелей эфирге» қатысып, тұрғындардың сауалдарына жауап берді. Облыстағы білім беру және денсаулық сақтау салаларында 113 жаңа нысанның ашылуы мен елді мекендерге газ бен таза ауызсудың берілуі БАҚ-та кеңінен жарияланды. Облыс әкімі мен орынбасарларының төрағалығымен өткен мәжілістерге, әкімдік отырыстарына тілшілердің қатысуы қамтамасыз етілді, БАҚ-та индустрияландыру картасы бойынша іске асырылған жобалар кеңінен жарияланды.






3. Өңірде жұмыс істейтін БАҚ-тарда орналастырылатын облыс әкімі мен әкімдігінің қызметі туралы жарияланымдарға, теле- және радиохабарларға мониторинг жүргізу

Өңіріміздгі республикалық 8 телеарна, 1 радио, 20 басылымға және түрлі сипаттағы ақпараттық сайттарға, облыс аумағында тіркелген 236 бұқаралық ақпарат құралына соның ішінде қоғамдық-саяси бағыттағыларына облыс әкімі мен әкімдігі туралы жарық көрген ақпараттық жарияланымдарға тұрақты мониторинг жүргізілді. Бұдан өзге күнделікті дайджест әзірленіп, облыс басшылығына ұсынылды.






1.1.5-міндет. Мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара тиімді іс-қимылын қамтамасыз ету

Тікелей нәтижелердің көрсеткіштері
















1. Өткізілген дөңгелек үстелдердің, ұлттық іс-шаралардың (оның ішінде конкурстардың, фестивальдардың, спорттық іс-шаралардың), облыстағы ұлтаралық және конфессияаралық ахуалына социологиялық және саясаттану зерттеулердің саны

Есеп.мәлімет

бірлік

42

67





Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар




1. Ұлттық мерекелер, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру және өткізу

Есеп беру кезеңі ішінде облыстық ассамблея хатшылығының жұмыс жоспарына сәйкес этномәдени бірлестіктермен бірлесе отырып бірқатар іс-шаралар өткізілді. Атап айтқанда, «Рождество», «Солнал» - Шығыс күнтізбесі бойынша Жаңа жыл, «Масленица», «Наурыз мейрамы», «Сабантуй», этнос күндері, Қазақстан халқы Ассамблеясының 18-жылдығына арналған «Этносаралық келісім – Қазақстанның тұрақтылығы мен көркеюінің кепілі» атты өңірлік форумы өткізілді.

Көпэтносты Қазақстан халқының тарихын, мәдениеті мен дәстүрлерін насихаттауға, этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық моделінің – «бірлік әр алуандылықта» қағидасын жүзеге асыруға бағытталған шараларды өткізу мақсатында, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мега-жобасы аясында ағымдағы жылғы 2 сәуірде өңірде іс-шаралар ұйымдастырылды: облыс жастарымен кездесу, облыс әкімінің делегация өкілдерімен кездесуі, Шымкент қаласының көрікті жерлеріне экскурсия, Дендросаябақта ағаштар отырғызу, Қызылорда облысы шығармашылық ұжымдарының концерті. Ал 6 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысының делегациясы Жамбыл облысында болып, эстафетаны тапсырып қайтты.

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған басты іс-шара Шымкент қаласындағы Әл-Фараби алаңында өтті. Оның аясында «Бір ел - бір тағдыр» атты этномәдени орталықтары өкілдерінің шеруі, «Достық» сюитасы, «Бірлігі бекем ел» театрландырылған көрініс, «Бірлігіміз жарасқан» атты вокалды хореографиялық композиция, өнер ұжымдарының концерті, облыстық этномәдени орталықтарының күшімен дайындалған қолөнер бұйымдары мен ұлттық тағамдар көрмесі ұйымдастырылды.

Шара барысында бірқатар азаматтарға Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін, ел бірлігін нығайтуға, мәдениетаралық диалогты және қазақстандық патриотизмді дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бiрлiк» алтын медалi» қоғамдық наградасы тапсырылды. Сонымен қатар, облыстың қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысқаны, достық пен ұлтаралық келісімді нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін этномәдени орталықтарға Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің Гранты табыс етілді.

6 мамыр күні «Жаңа қазақстандық патриотизм – еліміздің жарқын болашағының тірегі» тақырыбында «Ырыс алды – ынтымақ» VIII қоғамдық форумы өтті.

Ағымдағы жылғы ІІ тоқсанда Славян жазбасы және мәдениеті күні, татар-башқұрт мәдени орталығының «Сабантуй» мерекесі өткізілді. Мемлекеттік тілді насихаттау және дамыту мақсатында облыстық өзбек мәдени орталығы жылсайынғы «Тілге құрмет – елге құрмет», «Офарин» конкурстарын өткізді, славян мәдени орталығы - «Русская песня – русская душа» конкурсы аясында облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Оспанов конкурстың төрайымы, Ресейдің халық артисі Н.Крыгинамен кездесті. Сондай-ақ этномәдени орталықтарының өкілдері Мемлекеттік рәміздер күніне арналған Патриоттар форумына, «Бірлігіміз жарасқан» атты жазғы жастар лагеріне қатысты.

Астана күні мерекесіне арналған іс-шаралардың бірі - М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде өткен «Астана – ұлттық тарихтың жаңа белесі» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияға этномәдени орталықтардың өкілдері белсене қатысып, облыстық өзбек мәдени орталығының төрағасы баяндама жасады.

Сонымен қатар этномәдени орталықтардың өкілдері Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған іс-шараға, Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» атты облыстық форумына, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев жұмыс сапарымен өңірде болып, оның шеңберінде өткен Елбасының облыс жұршылығымен кездесуіне де қатысты.

Облыстық армян этномәдени орталығының 10 жылдығына орай «Этнос күні» іс-шарасына өңірлік этномәдени орталықтарының басшылары қатысты.

Өзбекстан Республикасындағы қазақ мәдени орталығының өкілдері және ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы Комиссардың өкілідері «Өзбек этносының тілі, мәдениеті және салт-дәстүрлері күніне» арналған мерекеге қатысты.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары делегациясы мүшелерінің өкілдері облыс әкімінің бірінші орынбасарының қабылдаунда болып, Сайрам ауданындағы көптілді білім беру пилоттық жобасы жүзеге асырылып отырылған Ю.Сареми атындағы №1 мектеп-гимназиясына барды.

Есеп беру кезеңі ішінде өңірде жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының Төтенше және Өкілетті Елшісі М.Бочарников, Алматы қаласындағы Ресей Федерациясының Бас Консулы В.Завьялов пен Консулы И.Переверзева, Корея Республикасы Елшілігінің арнайы елшісі Сунг Гым Ёнг және Қазақстандағы Украинаның Бас Консулы М.Колядин ынтымақтастық мәселелері бойынша іссапармен келді. Іссапар кезінде облыста мекендейтін орыс, украин, кәріс этностарының өкілдерімен кездесулер өткізілді.

Қарттар күніне орай облыстық ассамблея хатшылығ қоғамдық бірлестіктерімен бірлесе отырып, қайырымдылық акциялар, концерттер, ас берілді.

Отбасы құндылықтары мен дәстүрлерін насихаттау және дамыту, отбасы мәртебесін арттыру мақсатында «Аналар күніне» арналған «Шаңырақ шаттығы» фестивалін, Жас отбасылар конкурсы өткізілді.

2013 жылғы 27 желтоқсанда «Қазақстан халқы Ассамблеясы – жалпыазаматтық, саясаттан биік және жалпыхалықтық институт» күн тәртібімен Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ХVІ сессиясы өткізілді.

Сессия жұмысына Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары-Хатшылық меңгерушісі Е.Тоғжанов, облыстың қала және аудан әкімдері, мәслихат хатшылары, облыстық басқарма басшылары, этномәдени орталықтардың, діни бірлестіктердің, саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, облыстық жоғары және арнаулы орта оқу орындарының басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Сессияда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін, ел бірлігін нығайтуға, мәдениетаралық диалогты және қазақстандық патриотизмді дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бiрлiк» алтын медалi» қоғамдық наградасы және бейбітшілікті, рухани келісімді, түрлі этнос өкілдері арасындағы этностық қарым-қатынастар мен достықты нығайтудағы ерекше еңбегі ұшін облыс әкімінің «Бауырмал» сыйлығы тапсырылды.






1.1.6-міндет. Әйелдердің экономикалық алға жылжуын қамтамасыз ету

Тікелей нәтижелердің көрсеткіштері
















1. Өткізілген дөңгелек үстелдердің, семинар-кеңестер мен конференциялардың саны

Есеп.мәлімет

бірлік

80

84




Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар




1. Әйелдердің экономикалық және саяси көшбасшылығы мектебін ұйымдастыру және өткізу:

  1. Саяси көшбасшылығы мектебі, облыстық аудан және қалаларға сапарлар ұйымдастырылды

  2. Әйелдердің экономикалық белсенділігін арттыру мектебі

  3. Әйелдердің экономикалық форумы

  4. «Іскер әйелдер – мемлекет тірегі» тақырыбында республикалық форумы

  5. «Замандасымыздың саясатқа араласуы қажет пе, әлде қажет емес пе?» семинар-кеңес

  6. «Шағын кәсіпкерлік - мемлекеттің көркеюінің негізі» конференциясы

  7. «Гендерлік саясаттың стратегиясы. Аймақтық аспекті» конференциясы

  8. Облыстың аудан және қалаларда тұратын әйелдерге арналған құқықтық оқыту

  9. Облыстың 5 ауданында жас көсбасшыларға оқыту мен тренингтер

  10. Жастарға арналған «Достар» атты конференция

  11. «Іскер әйел -мәртебесі» конференциясы

  12. «2013-жазғы көшбасшылық мектебі»

  13. «Ресми және бейресми білім жүйесіне гендер білімінің өрлеуі» конференциясы

  14. «Ерлер мен әйел­дер­дің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігі» тақырыбында библиографиялық шолу облыстық жасөспірімдер кітапханасында өткізілді.

  15. «Әйел және бизнес» дөңгелек үстелі

  16. А.С.Пушкин атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Гендерлік саясат – отбасы мен әйелдердің құқықтарын қорғау» тақырыбында семинар өткізілді




2. Халықаралық әйелдер күнін, Отбасы фестивалін ұйымдастыру және өткізу:

  1. «Көктем аруы - 2013» тақырыбында жастардың конкурсы

  2. «Ана – Нур – Көктем!» облыстық іс-шара

  3. Облыс әкімінің облыстық БАҚ-ның әйел өкілдерімен кездесуі

  4. «Шаңырақ шаттығы» отбасы фестивалі»

  5. «Мөлдір бұлақтан...» отбасы фестивалі»

  6. «Қазақстанда отбасы институтының дамыуның болашақтары және жағдайы» әлеуметтік зерттеу

  7. « Отбасындағы бейбітшілік – зорлық-зомбылықсыз қоғам» дөнгелек үстел

  8. «Әйелдің рөлі - отбасының және қоғамның маңызды ұйлесімі» семинар-кеңес

  9. «Демографиялық өзгерістің контекстінде отбасылық саясат: негізгі тұжырымдама және халықаралық үрдістер» семинар-кеңес

  10. «АИТВ -пен күрестін кәзіргі мәселелері, репродуктівтік денсаулық, отбасының жоспарлау» дөнгелек үстел

  11. «Қыздың және әйелдің құқықтарын бұзатын әлеуметтік-мәдени таптаурын жеңуінің жолдары» дөнгелек үстел

  12. «Әйелдің әлеуметтік қауіпсіздігі, әлеуметтік саясатының негізі» әлеуметтік зерттеу

13) «Өнегелі отбасы: тіл, дәстүрлер және бүгінгі заман» семинар-кеңес




3. «Женская страничка» журналистер конкурсын ұйымдастыру және өткізу

Конкурс дайындалып, өткізілді, 2013 жылда «Оңтүстік Қазақстан» , «Южный Казахстан» облыстық гәзеттерде осындай беттер ашылған. БАҚ-ның әйел өкілдерімен облыс әкімінің кездесуі ұйымдастырылып, өткізілді.








Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет