ОҢТҮстік қазақстан облысында бөдене шаруашылығын дамыту андатпа



Дата20.06.2016
өлшемі91.39 Kb.
#148748
Сембиева Н.Б., Тукибаева Б.А.

М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент, Қазақстан


ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА БӨДЕНЕ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ
Андатпа: Бөдене өсіруді алғаш қолға алған жапондықтар. Қазіргі таңда жапон бөденесі, мрамор бөденесі, ағылшын бөденесі, фараон бөденесі атты төрт түрі өсіріледі. Бөдененің жұмыртқасы көптеген сырқаттарға шипа. Әсіресе, адам организміндегі темір қалдықтары мен шлактарды тазартады. Бронхалық астма, асқазан аурулары, туберкулез, хроникалық холецистика, жүйке, жүрек ауруларына пайдалы. Құрамында – фосфор, темір, калий, радионуклидтің пайдалы қоспалары бар. Қазаққа таңсық құс емес. Қазақ ертегілерінде де жиі айтылады. Бірақ осы жұдырықтай құстың еті мен жұмыртқасында осыншама емдік дәрумен бар деп кім ойлаған? Еті холестеринсіз, жұмыртқасы дәрумендігі жағынан тауықтан үш есе құнарлы, амин қышқылы, микроэлементтерге бай. Басқасын айтпағанда, адам ағзасының ауру-сырқауға қарсы қабілетін күшейтеді, ағзадағы темір радионуклидтерді шығарады екен. Бөдене асырау өте жақсы, қызықты, денсаулыққа пайдалы іс. қанша ауруға ем.
Кілттік сөздер: 1.Тауықтәрізділер (лат. Galliformes), Бөдене құсы-бөдене (лат. Coturnix coturnix), Бөдене жұмыртқасы, Ергежейлі бөдене, Гоациндер (Opіsthocomі)
Тауықтәрізділер (лат. Galliformes) – құстардың қырғауылдар тұқымдастарына жататын құс. Сурет-1 Систематикасы:


Дүниесі:

Хордалылар

Тобы:

Құстар

туысы:

Тауықтәрізділер

Тұқымдасы:

Қырғауылдар

Тегі:

Coturnix

Түрі:

C. coturnix

Қазба қалдықтары төменгі эоцен қабатынан белгілі. Жер шарында кең тараған, Антарктика мен кейбір Мұхит аралдарынан басқа жерлердің барлығында кездеседі. Қазіргі кезде 280-нен астам түрі бар, олар морфологиялық және экологиялық ерекшеліктеріне қарай 2 отряд тармағына: тауықтар (Gallі) және гоациндерге (Opіsthocomі) бөлінеді. Тауықтардың 6 тұқымдасы бар (қоқыс тауықтар/тауықтары, кракстар, құрлар, цесарлар, қырғауылдар және күркетауық). Қазақстанда тауықтәрізділердің 13 түрі мекендейді. Тауықтәрізділердің тұрқы 12 см-ден (ергежейлі бөдене) 235 см-ге дейін (айдарлы аргус), салмағы 45 г-нан (ергежейлі бөдене) 11,5 кг-ға (жабайы күркетауық, асыранды күркетауық – 22,5 кг) дейін жетеді. Қораздары мекиеніне қарағанда ірі. Кейбіреулерінде етті сырға, қасы, айдары болады. Тұмсығы қысқа, дөңес. Үстіңгі тұмсығының ұшы имек. Аяқтары күшті, кішкентай артқы саусағы бар, қораздарында тепкі (басқы) жақсы жетілген, топырақ қопсытуға бейім. Қанаттары қысқа, жалпақ, әдетте жерден тез көтерілуге ғана жарайды, ұзақ ұша алмайды. Қауырсыны тығыз, мамығы аз, көпшілік түрі отырықшы құс-тар. Полигамиялы, жылына 1 рет көбейеді, жерге ұялайды, (гоацин мен гокко ағашында), 3 – 26 жұмыртқа салады, мекиені 14 – 30 күн жұмыртқа басып, балапанына қамқорлық жасайды. Балапандары жұмыртқадан шыға сала мекиеніне еріп кетеді. тауықтәрізділердің қорегі – өсімдіктердің вегетативті бөлімдері, жемістері мен тұқымдары, кейде жәндіктер, құрттар. Көпшілік түрінің кәсіптік маңызы бар, әуесқойлық мақсатта ауланады. Банкив әтеші, цесарлар, күркетауықтар ертеден қолға үйретілген, көптеген түрі үй құстарының арғы тегі болып саналады. Тауыс және қырғауыл кейде қолда өсіріледі. Тауықтәрізділердің 26 түрі мен 11 түр тармағы Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына”, алтай ұлары  , далалық  ергежейлі бөдене, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.

Бөдене құсы-бөдене (лат. Coturnix coturnix) — тауықтәрізділер отряды, қырғауылдар тұқымдастарына жататын құс (сурет-1). Қазақстанда шөл дала мен биіктігі 3000 метрден жоғары таулардан басқа жерлердің бәрінде ұялайды, бірқатары республикамыздың қиыр оңтүстігінде қыстап та қалады. Дене тұрқы 20 см-дей, салмағы 80 — 150 г шамасында. Ақшыл жолақты кішкене сұр құс. Мекиенінің тамағы ақ, жемсауы мен көкірегі теңбіл болады. Бөдене — жыл құсы, соның ішінде түнде қоныс аударатын жалғыз түр. Бөдене ұялайтын жеріне көктемде ұшып келеді де, қыстау үшін Оңтүстік Азия мен Африкаға ұшып кетеді. Далада, шабындықта, егістікте жерді шұңқырлап, құрғақ шөп төсейді де, 7 — 20 шұбар жұмыртқа салады, оны мекиені 15 — 17 күн басады. Бөдене өсімдік тұқымымен және өркенімен, кейде жәндіктермен қоректенеді. Бөдене әуесқой аңшылық мақсатта көп ауланады, сондай-ақ, үйде де ұсталады.  Біздін, бөдене Индияда, Африкада, ал бір азғанасы оңтүстік Европада және Закавказьеде қыстап шығады. Олар көбінесе ашық жерде, далада, тоғайлықта мекендейді. 12—15 кейде 20-ға дейін жұмыртка туады. Жұмыртқасынан шамамен 21 күннен кейін балапан шығады. Олар түрлі ұсақ омыртқасыздармен, өсімдіктермен, олардың жемістерімен және дәндерімен қоректенеді. Күзге қарай өте қатты семіреді, Қырым, Кавказ жерлеріне қайта ұшқан уақытта оларды көп аулап ұстайды.

Балапандар инкубатордан 17 күнде шығады екен және ширақ болады. Бірден жем-су беруге болады. Бөдене жылына 300 жұмыртқа туады. Қызық дерек: Бөдененің қалыпты дене қызуы 42 гра­дус­ болғандықтан, оның сальмонелез, құстұмауы сияқты жұқпалы дерттерге қарсы тұру қабілеті күшті. Егер сіз бөдене өсіруді жаңа туған кезінен бастағыңыз келсе, онда ең бірінші инкубатор қажет. Бөдененің жұмыртқасын инкубациялау үшін кіші көлемді тұрмыстық инкубаторды пайдаланыңыз, оны кез-келген базардан немесе арнайы дүкеннен сатып алуға болады. Бөдене жұмыртқалары үшін инкубация мерзімі 17,5 тәулік (тауық жұмыртқалар үшін 21 тәулік). Бөденелердің балапан шығаруы белсенді түрде жүріп, 4-6 сағатта аяқталады. Жұмыртқаны жаңадан жарып шыққан балапан жүндері үлпілдеп тұрады. Әрине, олардың тауық балапандарына қарағанда көлемі әлдеқайда кішкентай (дүниеге келген балапанның салмағы 6-8гр.) Дені сау бөденелерді арнайы дайындалған жәшіктерде немесе торларда, яғни, брудерларда өсіреді. Брудерді дайындау үшін фанера, пластик немесе картон пайдаланылады. Тағамдық жұмыртқа алу мақсатында үй бөденелерін асыраған кезде әдетте биіктігі 20 см-ге дейінгі торлар пайдаланылады. Оның көлемі торға салынатын бөденелердің санына байланысты, шамамен 180-200 см². жерге бір балапан орналасады деген есеппен жасалады. Егер Сізге диеталық тағамдық (ұрықтандырылмаған) жұмыртқа қажет болса, онда торда тек қана ұрғашы бөденелерді ұстауға болады.



Бөденелерді Оңтүстік Қазақстан облысында өсіру техникасы. Бөдене өсіретін орында, әсіресе, алғашқы үш аптада жоғары температураны сақтау қажет, өйткені бұл кезеңде бөдене балапандарының жылуды реттеу мүмкіндіктері өте әлсіз болады. Алғашқы үш аптада балапандар орналасқан орын күндіз-түні жарықтандырылады. Бұдан әрі  күндізгі жарықтың берілуі күн сайын 2 сағатқа қысқарып отырады. Торда немесе жәшікте 3 апталық балапандарды ұстаған кезде, әр басқа –  50 см² орын келетіндей болуы керек, 3-6 апта аралығында жәшіктің ауданы әр бөденеге 90 см² болуы тиіс. Жас бөденелерге су беру үшін вакуумдық суғарғыштар (төңкерілген шыны құтылар) қажет. Торларға кішкентай ыдыс суғарғыштар орнатуға болады. Ал екінші аптадан бастап ниппельдер орнатылады. Оларды кез келген бөдене балапаны жете алатындай биіктікке орнатады. Алғашқы аптада бөдене балапандарын 2 сағат сайын тамақтандырады. Бұдан кейін біртіндеп тамақтандыру саны қысқарып отырады. Бөдене балапандарын өсірудің алғашқы аптасында қатты пісірілген, майдалап ұнтақталған тауық немесе бөдене жұмыртқаларын, қатық, манный жармасын, одан кейін балапандарға арналған зауыт жемдерін беріп, біртіндеп ересек құстардың ережесіне көшіреді. Үшінші күннен бастап кәдімгі жемдерді де беруге болады. Алғашқы аптада бір бөдене балапаны  күніне 4 гр., екінші аптада 7 гр., бұдан әрі 13-17 гр.-ға дейінгі мөлшерде жемді қажет етеді. Жетінші аптадан асқан кезде 25 гр. жем жейтін болады.  Жемді мөлшері 20х20 см болатын төртбұрышты ыдысқа шашады. Құрғақ жемнің үстіне міндетті түрде жем шашылып кетпеуі үшін темір тор (10х10 мм.) қойылады.

Бөдене жұмыртқасының пайдасы. Бөдене жұмыртқасы өте бағалы диетикалық өнім. Әрдайым 4-5 жұмыртқа жеп отырсаңыз: бұлшық ет жүйесі мен сүйектер қатаяды; қан қысымы төмендейді; жүрек, бүйрек, өкпе, асқазан ауруларын емдеуге көмектеседі; ағзадағы радионуклейдті тұздар мен ауыр металдарды шығарады. Бөдененің бес жұмыртқасы тауықтың бір жұмыртқасының салмағымен тең болса, оның құрамындағы калий мен фосфор тауық жұмыртқасындағыдан бес есе көп, ал темір 4,5 есе, В және В12 витаминдері 6 есе көп (1-кесте). Сондай-ақ олардың құрамындағы кальций, мыс, кобальт және түрлі амин қышқылдары тауық жұмыртқасындағыдан гөрі әлдеқайда жоғары. Құрамы осындай азықпен жүйелі қоректенген адамның әртүрлі ауру-сырқауға қарсы тұрар дәрмені артып, жүрек-қан тамырлар жүйесі мен ас қорыту мүшелерінің жұмысы жақсарады. Бөдене жұмыртқасынан дайындалған тағамды тұтынатын адамдарда радиациялық аурулар жеңіл түрде болатыны дәлелденген. Бөдене жұмыртқаларының емдік қасиеттері ертеден белгілі. Оларды демікпе, созылмалы өкпе ауруын, туберкулезді, созылмалы гастрит, асқазан ауруын, өт іріктелетін қалта ауруы мен өт жолдарын, жүрек-қан тамырларының жетіспеушілігін, рахит, қаназдық, сәуле ауруларын емдеуде қолданады. Бөдене жұмыртқасының құрамына кіретін тирозин амин қышқылы косметика саласында таптырмайды және адам бетінің түсін жақсартады. Ал жұ­мыртқа құ­рамындағы лейцитин қан­дағы холесте­ринді төмен­де­тетін көрінеді. Егер тәулігіне бөдененің 4-5 жұмыртқасын тұ­рақ­ты тұтынса, ер адамның жыныстық қуаты ар­тады.

Шетелдік биоөндіріс саласында бөдене жұмыртқасының негізінде әртүрлі маскалар мен кремдер шығарылады. Бөденелердің басты артықшылығы – олардың кішігірім шұбар ала (түрлі-түсті) жұмыртқалары (сурет-2). Олар витаминдермен амин қышқылдарына өте бай, гипоаллергенді. Бөдене жұмыртқаларын жүйелі пайдалану ағзаның әртүрлі ауруларға, оның ішінде туберкулезге қарсы күресуін жоғарылатады. Оларды шикі күйінде пайдалану – кезінде Чернобыль апатынан сәулелі ауруға ұшыраған балаларға көмектескен. Тарихи деректерде бөдене жайында талай қызықтар жазылған. Бөдене еті патшалар мен ақсүйектердің жеңсік асы болған және дастарқанынан үзілмеген. Баланың иммундық жүйесін нығайтуға да септігі зор. Бөдене жұмыртқасынан 37,8 градус жылылықта 17 күн ішінде балапан өріп шығады. Бұл балапандар 45 күннен кейін әр 16 сағат сайын жұмыртқалайды. Айтпақшы, бұдан бөлек етін де іске асырасыз. Бір жылдан кейін жұмыртқалауы сирейтіндіктен, сойып, етін кәдеге жаратқан жөн. 18-23°С градустан аспайтын жағдайда жұмыртқаны сақтаса 30 күнге, ал 3-7°С температурада 60 күнге дейін сақтауға болады.

Сурет-2












Оңтүстік Қазақстан облысында бөдене шаруашылығын дамытудың барлық жағдай жасалған. Сондықтан бөдене шаруашылығын қолға алған жөн. Бөдене жоғарыда баяндалғандай көптеген пайда алып келеді. Оның жұмыртқасы да еті де адамзат үшін өте пайдалы.

1-кесте


100 граммдағы азықтық құндылығы










ақуыз, гр

май, гр

су, гр

көмірсу, гр

Калорий, кКал

11,9

13,1

73,2

0,6

168











Қорытындылай келе, бөдене өсіруді алғаш қолға алған жапондықтар. Қазіргі таңда жапон бөденесі, мрамор бөденесі, ағылшын бөденесі, фараон бөденесі атты төрт түрі өсіріледі. Бөдененің жұмыртқасы көптеген сырқаттарға шипа. Әсіресе, адам организміндегі темір қалдықтары мен шлактарды тазартады. Бронхалық астма, асқазан аурулары, туберкулез, хроникалық холецистика, жүйке, жүрек ауруларына пайдалы. Құрамында – фосфор, темір, калий, радионуклидтің пайдалы қоспалары бар. қазаққа таңсық құс емес. Қазақ ертегілерінде де жиі айтылады. Бірақ осы жұдырықтай құстың еті мен жұмыртқасында осыншама емдік дәрумен бар деп кім ойлаған? Еті холестеринсіз, жұмыртқасы дәрумендігі жағынан тауықтан үш есе құнарлы, амин қышқылы, микроэлементтерге бай. Басқасын айтпағанда, адам ағзасының ауру-сырқауға қарсы қабілетін күшейтеді, ағзадағы темір радионуклидтерді шығарады екен. Бөдене асырау өте жақсы, қызықты, денсаулыққа пайдалы іс. қанша ауруға ем.  Ал Оңтүстік Қазақстан облысында бөдене шаруашылығы қарқынды дамыса қазақстанның болашағы  келешек денсаулығы мықты,  өсіп келе жатқан бүлдіршіндердің қолында деп есептейміз.
Әдебиеттер

  1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 — 1028 б.

  2. Методика учета основных охотничье-промысловых и редких видов животных Казахстана. - Алматы, 2003. - 203

  3. Мырзабеков Ж.М. Особо охраняемые природные территорий Казахстана.- Алматы 2000-172С.

  4. Птицы Казахстана (под ред. И.А.Долгушина, М.Н.Корелова, А.Ф.Ковшара) Алма- Ата. «Наука» Т. I-V1960-1974 гг. lma-Ata. "Science" T. I-V1960-1974 years.




Резюме

В целях разведения домашних пород перепелов во многих странах с середины XX в. созданы специализированные перепеловодческие хозяйства (фермы), рентабельность которых довольно высока. Выведены даже специализированные породы японского перепела разного направления - яйценоские и бройлерные (мясные). Перепела бройлерного направления быстро достигают массы до 200 - 250 г, тогда как масса птиц яйценоской формы редко бывает более 150 - 180 г. Яйца перепелов по многим питательным веществам превосходят куриные.

Summary

For the purposes of the breeding of domestic breeds quail in many countries since the mid XX century. perepelovodcheskie created specialized farms (farms), the profitability of which is quite high. We derive even specialized breed of Japanese quail different direction - egg production and broiler (meat). Quail broiler directions quickly reach the weight of up to 200 - 250 grams, whereas the weight of egg-laying birds form is rarely more than 150 - 180, the quail eggs for many nutrients superior chicken.









Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет