Оңтүстік Қазақстан облысының 2014 жылдың қаңтар-қазан айларындағы



Дата23.02.2016
өлшемі65.41 Kb.
#5053


Оңтүстік Қазақстан облысының

2014 жылдың қаңтар-қазан айларындағы

әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындысы
Өнеркәсіп. 2014 жылдың қаңтар-қазанында облыста 522,4 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді, нақты көлем индексі 2013 жылдың тиісті кезеңінің деңгейіне – 103,9% құрады.

  • Облыстағы өндірілген өнеркәсіп өнім көлемінің 24,7% үлесін құрайтын тау-кен өндіру саласында өндірілген өнім көлемі – 0,7% кеміп, 129,3 млрд. теңгені құрады.

  • Өңдеу өнеркәсібі (үлесі – 66,2%) өнімінің нақты көлем индексі – 104,6%, өнім көлемі 345,8 млрд. теңгені құрады.

  • Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда – 40,1 млрд. теңгені, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне 114,7% құрады.

  • Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда 7,2 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 102,9% құрады.

Аса маңызды өнімдердің ішінде бензин өндіру – 9,9% (948,5 мың тонна), керосин – 29,3% (241,5 мың тонна), портландцемент – 5,8% (1725,2 мың тонна), электр энергиясы – 18,2% (1157,3 млн. кВт.сағ.), жылу энергиясы – 3,3% (2283,1 мың Гкал), құрылыс кірпіштері – 30,1 (118,3 мың м3), бетон – 16,4% (874,9 мың тонна) өсті.

Сонымен қатар, мақта талшығы – 8,0% (47,2 мың тонна), мақта иірімжібі – 2,8% (3689 тонна), мақта маталары – 14,9% (16,9 млн. шаршы метр), газойли – 2,0% (1155,4 мың тонна) кеміді.



Ауыл шаруашылығы. 2014 жылдың қаңтар-қазанында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 287,8 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,5% – ға артты. Оның ішінде мал шаруашылығы – 116,2 млрд. теңге (103,8%), егін шаруашылығы – 170,5 млрд. теңгені (98,3%) құрады.

Облыстың ауылшаруашылық тауар өндірушілері 152,9 мың тонна - мал және құс етін (тірі салмақта), немесе 2013 жылдың тиісті кезеңіне – 105,0%, сүт – 594,9 мың тонна, немесе 102,5%, жұмыртқа – 234,1 млн. дана, немесе 100,9% өндірді.

2014 жылдың 1 қарашасында облыстағы шаруашылықтардың барлық санаттарындағы ірі қара мал саны – 820,4 мың басты, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне – 93,9%, қой – 3490,5 мың бас, немесе 98,9%, ешкі – 318 мың бас, немесе 89,9%, жылқы – 198,5 мың бас, немесе 100,3%, түйе – 21,6 мың бас, немесе 104,2%, шошқа – 24,3 мың бас, немесе 72,1%, құс саны – 2274,8 мың бас, немесе 98,3% құрады.

Көлік және байланыс. 2014 жылдың қаңтар-қазанында жедел деректер бойынша, темір жол көлігінен басқа, облыста барлық көлік түрлерімен 117,9 млн. тонна жүк және 1844,3 млн. жолаушы тасымалданған, немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне – тиісінше, 109,3% және 100,1% құрады.

Әуе көлігімен жүк тасымалдау – 3,2%-ға кеміді, жолаушылар тасымалдау – 13,5%-ға артты, 796 тонна жүк және 1096,6 мың жолаушы тасымалданды.

2014 жылдың қаңтар-қазанында байланыс кәсіпорындары 8,2 млрд.теңгеге қызмет көрсеткен, бұл 2013 жылдың қаңтар-қазанымен салыстырғанда 6,3% артық. Халыққа көрсетілген қызметтің үлесі 69,5% құрады.

Табыс көлемінде басым үлес – жергілікті телефон байланысына (35,6%), халықаралық және қалааралық телефон байланысына (9,5%), интернет – 39,1% тиесілі.



Шағын кәсіпкерлік. 2014 жылдың 1 қарашасында облыс рыногында белсенді жұмыс істейтін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 122,9 мың бірлікті, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 104,3% құрады.

2014 жылдың қаңтар-маусымында шағын кәсіпкерлік субъектілерінің шығарған өнімі (тауарлары, көрсеткен қызметі) 239,3 млрд. теңгені (100,1%), жұмыспен қамтылғандар саны 281 мың адамды құрады (98,3%).



Инвестиция саласы. 2014 жылдың қаңтар-қазанында облыс экономикасын дамытуға, бағалау есебімен негізгі қорға 326,3 млрд. теңге инвестиция бағытталды, немесе 2013 жылдың тиісті кезеңіне – 106,2% құрады.

Негізгі инвестициялық салымдарды шағын кәсіпорындар жүзеге асырған, олардың көлемі 161,9 млрд. теңгені (49,6%), немесе – 117,9% құрады.

Мемлекеттіқ бюджет қаржыларының үлесі 36,1%, немесе 117,9 млрд. теңге, меншікті қаражаттары – 37,8% немесе 123,5 млрд.теңге, қарыз қаражаты – 26,0%, немесе 85 млрд.теңге.

Инвестиция салымдарының басым салалары өнеркәсіп, көлік және қоймалау болып табылады, инвестициялардың жалпы көлеміндегі олардың үлесі, тиісінше 35,1% және 29,7% құрады.



Тұрғын үй құрылысын дамыту. 2014 жылдың қаңтар-қазанында тұрғын үй құрылысына 22,3 мпрд.теңге инвестиция бағытталған, бұл 2013 жылдың сәйкес кезеңінен 199,1% құрады.

Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 307,2 мың шаршы метрді құрады. 2014 жылдың қаңтар-қазанында пайдалануға берілген тұрғын үйдің нақты көлем индексі өткен жылдың сәйкес кезеңіне 111,7% құрады.



Сыртқы сауда. 2014 жылдың қаңтар-қыркүйегінде облыстың сыртқы сауда айналымының көлемі 3392,4 млн. АҚШ долларын немесе 2013 жылдың сәйкес кезеңіне 98,0%-ды құрады, оның ішінде экспорт, тиісінше – 1720,6 млн. АҚШ доллары немесе 82,9%, импорт – 1671,8 млн. АҚШ доллары немесе 120,5% құрады.

Экспорт Кеден одағы елдерімен 235,6 млн. АҚШ долларын (немесе 99,5%), импорт – 341,6 млн. АҚШ долларын (немесе 114,8%) құрады.



Салықтық-бюджеттік сала. 2014 жылдың 1 қарашасына мемлекеттік бюджетке түскен салықтар мен басқа төлемдердің көлемі 170,2 млрд. теңгені, немесе жоспарға –101,0%, өткен жылдың тиісті кезеңіне – 102,6% құрады.

Республикалық бюджет 107,6 млрд.теңгені (бұл түсімдердің жалпы көлемінің – 63,2%), немесе, жоспарға – 101,2%, өткен жылдың тиісті кезеңіне – 99,8% құрады.

Жергілікті бюджетке 62,5 млрд. теңге түсіп, жоспарға – 100,6% және өткен жылдың тиісті кезеңіне – 107,6% құрады.

Ақша-несие саясаты. 2014 жылғы 1 қазанға екінші деңгейлі банктермен 210,3 млрд. теңге көлемінде несие берілді, бұл 2013 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,0% артты.

Оның ішінде ипотекалық несиелендіруге – 4,8 млрд. теңге, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда – 17,0%-ға төмендеді, шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытуға – 35,7 млрд.теңге несие берілді, немесе 13,7%-ға артты.

Екінші деңгейдегі банктер несиесі негізінен – жеке тұлғаларға тұтыну мақсатында және басқада жеке қызмет түрлеріне – 54,9% өнеркәсіп – 18,5%, сауда – 19,0%, ауыл шаруашылығы – 1,0%, құрылыс – 5,0%, көлік салаларына – 1,6% берілген.

Облыс банктеріндегі халық салымының көлемі 127,0 млрд. теңгені, немесе 2013 жылдың сәйкес кезеңіне 19,1% артқан. Халық салымдарының басым бөлігі (59,0%) ұлттық валютада.



Бағалар. 2014 жылдың қазанына облыста тұтыну бағаларының индексі 2013 жылдың желтоқсанына 106,8% құрады. Азық-түлік тауарлары – 6,4%-ға, азық-түлік емес тауарлары – 7,8%-ға, ақылы қызметтер – 6,2%-ға қымбаттады.

Азық түлік тауарларының нарығында баға өсімі шұжық өнімдеріне 4,9%, балға – 4,6%, кондитер өнімдеріне – 2,8%, пастерленген сүтке – 2,2%, сүзбеге – 2,7% баға байқалды.

Ақылы қызметтерден төлем жүргізу ақысы – 10,1%, тұрғын үйді жалға беру – 8,3%, қоғамдық тамақтану қызметтері – 2,8%-ға қымбаттады.

Халықты әлеуметтік қорғау. Жыл басына аз қамтамасыз етілген азаматтар саны 3622 адамды құраса, 1 қарашаға олардың саны 14,7% кеміп, 3090 адамды немесе облыс халқының 0,1% құрады.

4824 азаматқа атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2483 адамға кеміді.

18 жасқа дейінгі 269,3 мың балаға жәрдемақы төленді, немесе 23,8 мың балаға артты.

Тұрғын үй көмегі 6490 отбасыға көрсетілді, немесе 1155 отбасыға кеміді.



Демография. 2014 жылдың 1 қазанына облыс халқының саны 2775,9 мың адамды құрады (2013 жылдың 1 қазанына – 2721,7мың адам), оның 1093,9 мыңы қала халқы (39,4%), 1682,0 мыңы – ауыл халқы (60,6%).

Жұмыспен қамту. 2014 жылдың ІІІ тоқсанына облыста экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 1260,4 мың адамды, жұмыссыздар саны – 67,3 мың адамды, жалпы жұмыссыздық деңгейі - 5,3% құрады.

Ағымдағы жылғы 1 қарашаға жұмысқа орналастыруға өтініш білдірген 67536 жұмыссыздың – 52008-і, немесе 77,0% жұмыспен қамту органдары арқылы жұмысқа орналастырылды. 22882 жаңа жұмыс орны, оның ішінде 17358 тұрақты жұмыс орны ашылды.



Халықтың табысы. 2014 жылдың қыркүйегіне облыс халқының орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 38081 теңгені құрап, 2013 жылдың қыркүйекпен салыстырғанда 8,5%-ға артты. Нақты ақшалай табысының индексі 101,0% құрады.

Денсаулық сақтау. 68 нысанның құрылысы мен қайта құру жұмыстарына бюджеттен 10694,6 млн.теңге бөлінді.

2014 жылы облыстық бюджеттен 5 денсаулық сақтау нысанының жөндеу жұмыстарына 835,7 млн. теңге және «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы шеңберінде 12 нысанның күрделі жөндеу жұмыстарына 604,5 млн. теңге қарастырылған.

Денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында, республикалық бюджеттен – 681,9 млн. теңге, облыстық бюджеттен – 4664,1 млн. теңге қарастырылған.

Сала желісі 901 мемлекеттік мекемелерден құралады, оның ішінде: 105 – аурухана, 254 – амбулаторлы-емханалық мекеме, 236 – медициналық пункт, 289 – фельдшерлік-амбулаториялық пункт, 17– басқалар.



Білім беру. Облыста 144,7 мың тәрбиеленушісі бар 1363 мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелері жұмыс істейді, оның 815-і балабақша, 548-і шағын орталықтар.

Балалардың мектепке дейінгі біліммен қамту деңгейі (1 жастан 6 жасқа дейін) – 41,7%, «Балапан» бағдарламасы (3 жастан 6 жасқа дейін) бойынша – 72,5% құрады.

2013-2014 оқу жылында жалпы білім беру мектептері мен мектеп-интернаттарының саны – 1041 (о.і. 12 коррекциялық мектеп), ондағы оқушылар саны – 547,4 мың адамды, оның ішінде жекеменшік мектептер саны – 7, ондағы оқушылар саны – 1,9 мыңды құрады.

Жалпы орта білім беретін 1022 мектептің ішінен байланыс жүйелеріне – 1017 қосылған, интернет жүйелеріне - 1016 қосылған. Мектептер 35,3 мың бірлік компьютерлік техникамен жабдықталған, немесе бір компьютерге 16 оқушыдан келеді (2013 жылы - 12 оқушы).

262 мектепке спутниктік оқу телеарналары арқылы қашықтықтан оқыту жүйесі қосылған және 592 мектепке 1390 интерактивті тақталар орнатылған.

Орта білімді мамандар даярлаумен 97 колледж (оның ішінде 42 – мемлекеттік) жұмыс істейді, жалпы контингенті 77,1 мың оқушыны (мемлекеттік – 40,6 мың оқушы) құрады.



Облыста жоғары білікті мамандар даярлаумен 11 жоғарғы оқу орны (оның ішінде 3 – мемлекеттік) айналысады. Оларда 74,6 мың студенттер, оның ішінде 21,8 мың студент – мемлекеттік жоғарғы оқу орындарында оқиды.
Мәдениет. Облыста 753 мәдениет және өнер мекемелері қызмет етеді. Оның ішінде: 432 кiтапхана, 24 – мұражай (оның 11 филиал), 264 – клубтық мекеме, 8 – театр, 11 – демалыс саябағы, 1 - цирк және т.б. халыққа мәдени қызмет көрсетуде.

Спорт. Облыста 4950 – спорт ғимараттары, оның ішінде 22 – стадион, 3624 – жазық-алаңшалық ғимараттар халықтың, оның ішінде оқитын жастардың арасында көпшілік спорттық-сауықтыру жұмыстарын жүргізу мүмкіндігін иеленді. Дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылардың саны 547,5 мың адамды немесе облыс халқының 19,8% құрады.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет