Оқу жылы І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы. Негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары


Ә.Кекілбаевтың «Ханшадария хикаясы», «Шыңырау» повестерінің рухани тағылымдары



бет7/78
Дата26.01.2024
өлшемі1.63 Mb.
#489959
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   78
аширов ответ

Ә.Кекілбаевтың «Ханшадария хикаясы», «Шыңырау» повестерінің рухани тағылымдары

Əбіш Кекілбаев – ұлттық əдебиетіміздің белді жанрларының барлығында да белсенді қызмет істеген қарымды қаламгер. «Үркер» мен «Елең-алаң», «Аңыздың ақыры», «Шыңырау», «Бəйгеторы», «Ханша-дария хикаясы», «Күй» сияқты прозалық туындылары арқылы ел өмірінің зəру мəселелерін көтерген халықтың сүйікті жазушысы.


«Ханша-дария хикаясы» (1968) повесінің идеясы – жауыздықты, қанішерлікті, тойымсыздықты əшкерелеп, адалдықты, пəктікті, адамдықты ардақтау. «Ханша-дария хикаясы» — жарты әлемді жаулап алып, талай жұртты қан қақсатқан Шыңғыс ханның өмірінің соңы немен біткені жайлы аңыздардың бірі өзек болған шығарма.
«Бұл өзі әлде шындық, әлде өтірік, Ақиқатын білетін адамдарды Жіберген уақыт өзі көрге тығып.
Еркін Ібітанов.
... Шығыс Азиядағы бір өзенді қытайлар Хуанхэ -Сары өзен, тибеттіктер Мачу - Қызыл өзен, маңғұлдар Хара-Мұрэн - Қара өзен деп атайды. Ал енді оны Хатын-Гол - Ханша-дария десеңіз бәрі де түсіне қояды.»
Шығармада Шыңғыс хан таңғұт тайпасы қолбасшысының ұлы Шидүргенің сүйгені Гүрбелжің сынды айдай аруға есі кетіп, ақырында сол бір текті әйелдің қолынан мерт болады. Повесте бұл жайды Шыңғыс хан түсінде көреді.
«- Таңғұттардың дейсің бе...
Шыңғыс хан ойланып қалды.
Маңғұлдар Орта Азиядағы мұсылман халықтарын осылай атапты.»
Күллі әлемді моңғол қылышының астында қайқаңдатқан, барша елді дегеніне жүргізген ұлы әміршінің өзі — сезім алдында дәрменсіз. Жазушы кейіпкерінің жан дүниесіндегі астан-кестен әлемді әдемі жеткізе біледі. Адамның ішінде болып жататын неше түрлі ағыстарды шебер бейнелеу арқылы ол тіпті ұлы тұлғаның да іштей қарапайым пендеге айналатындығына иландырады.
"Ханша – дария хикаясы" повесін оқып отырып, жарты әлемді қылыштың жүзі, найзаның ұшы, аттың тұяғы, білектің күшімен бағындырған, көшпелілердің қуатты ұлы империясын құрған Шыңғыс хан өміріне қатысты бір аңыздың суреткер призмасы арқылы қалай өткенін, тарағанын көреміз.
Көп уақыт бойы қаһарлы да қатыгез ұлы әмірші бейнесі әдебиеттерде бұрмалана кескінделіп, адамнан гөрі, құбыжыққа ұқсаңқырап келгені белгілі. Ұлы Әміршіден адамды көру, адам бейнесін жасауға ұмтылу, сол арқылы шығарманың көркемдік тұтастығын біражола бекіту – аталмыш повестің басты мұраты.

"Шығарма" – ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамында қалыптасқан әлеуметтік проблемаларды қозғайды. Шыңырау повесі арқылы автор Еңсеп есімді құдықшының өмірін, сондай-ақ күнделікті өмірде жиі кездесетін қиындықтар туралы, атап айтсақ, бақталастық, менмендік, махаббат, достық пен сатқындық туралы баяндайды.


Жартылай отырықшы және көшпелі тұрмыс кешетін қазақтардың арасын жалғастырып жүрген басты кейіпкер Еңсеп шыңыраудан құдық қазып, Үстіртте аты шығады. Еңсеп бай, ауқатты адамдардың құдығын қазып, кедей кепшіктердің тапсырыстарына ат үсті қарайды. Осы тәкаппарлығы өзіне кесір болып, ол ақыры жұмыссыз қалады. Ауылға Бұхара жақтан көшіп келген қалпақ деген біреу, Еңсептің орнын басып, Үстіртте ең терең құдық қазады. Бұл Еңсептің қызғанышын оятады. Ол одан да терең құдық қазам деп, ақыры бәсеке түбіне жетеді.
2017 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы “Қазақфильм” АҚ "Шыңырау" повесі бойынша фильм түсірді. Режиссері – Жаңабек Жетіруов.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет