Оқу жылында күзгі семестрде «Хирургиялық аурулар негіздері» пәні бойынша



бет1/6
Дата28.05.2023
өлшемі75.96 Kb.
#474398
  1   2   3   4   5   6
ОҚКЕ


2022-2023 оқу жылында күзгі семестрде
«Хирургиялық аурулар негіздері» пәні бойынша
(ОҚКЕ) объективті құрылымды клиникалық емтихан тізімі:





ОҚКЕ-Объективті құрылымды клиникалық дағды

Максималды балл

Уақыты

Хирургиялық аурулар модулі

1.

«Біріншілік хирургиялық өңдеу» дағдысын бағалау

34

5

2.

«Аяқ пен қолдан сыртқы қан кетуді тоқтату» дағдысын бағалау

16

5

3.

«Плевра қуысына пункция жасау» дағдысын бағалау

26

5

Травматология модулі

1.

«Жарақатталған қолға шендеуіш салу» дағдысын бағалау

34

5

2.

«Тізе буынның пункциясы» дағдысын бағалау

36

5

Балалар хирургия модулі

1.

«Сифонды клизма жасау» дағдысын бағалау

38

5

2.

«Тік ішекті саусақпен тексеру» дағдысын бағалау

26

5

3.

«Рентгенограмманы бағалау» дағдысын бағалау

10

5

Урология модулі

1.

«Қуықты катетеризациялау» дағдысын бағалау

24

5

2.

«Простата безін сұқ саусақпен тік ішек арқылы тексеру» дағдысын бағалау

22

5

Оториноларингология модулі

1.

«Мұрын қуысының алдыңғы тампонадасы» дағдысын бағалау

18

5

2.

«Отоскопияны жүргізу техникасы» дағдысын бағалау

22

5

3.

«Риноскопияны жүргізу техникасы» дағдысын бағалау

26




Офтальмология модулі

1.

«Көз жас арнасын жуу» дағдысын бағалау

24

5

2.

«Қасаң қабықтан бөгде денені алып тастау» дағдысын бағалау

24

5

3.

«Қасаң қабықтың күйіп қалуына алғашқы көмек» дағдысын бағалау

18

5

4.

«Жедел глаукомаға алғашқы көмек көрсету» дағдысын бағалау

24

5

Барлығы:

422

80



«ХИРУРГИЯЛЫҚ АУРУЛАР» модулі





Біріншілік хирургиялық өңдеу
Білімгерлерге арналған тапсырма:

Қадамдарды бағалау критерийі

толық

жарты

жоқ

1

Білімгер өзін науқасқа таныстырды

2

1

0

2

Қандай әрекетті жүргізуін қажеттігін атап өтті

2

1

0

3

Мұқият қолын жуды

2

1

0

4

Керекті аспаптарды дұрыс таңдап алды:

  • мақталы шариктер, стерильді салфеткалар, стерильді ішкиім.

  • терімен теріасты май қабатын жансыздандыруға арналған шприцтер, физиологиялық ерітінді, бетадин, спирт.

  • 0,25-0,5% новокаин ерітіндісі (1% лидокаин).

  • тінді кескіш қайшы, скальпель, хирургиялық пинцет, анатомиялық пинцет.

  • ине, ине ұстағыш, тігу материалдары, қандауырша.

2

1

0

5

Стерилдікті қатаң қадағалай отырып, маска мен перчаткажәне хирургиялық қалпақ киіп, қолдарын спиртпен тазалады.

2

1

0

6

Жараны визуальді бағалады, жараның уақытын, көлемін анықтады.

2

1

0

7

Жараны біріншілік тазалады: шприцке стерильді физиологиялық ерітіндісемен терідегі қан ұйындыларын, құмды жуып, түкті қырып тастады.

2

1

0

8

Стерильді шарикпен пинцет көмегімен жарақат айналасын алдымен бетадинмен 3 рет, кейін 1 рет спиртпен өңдеді.

2

1

0

9

Операция алаңын стерильді ішкиіммен жиектеп, новокаин немесе лидокаин ерітендісімен жансыздандырды («лимон қабығы» пайда болғанша). Барлық қабаттарды кезекпен жансыздандырды.

2

1

0

10

Жараның ішкі беті туралы толық мінездеме беру үшін, хирургиялық пинцет көмегімен жиектерін абайлап ашты. Жарақат каналының бағытын, тіндердің зақымдану дәрежесін анықтады.

2

1

0

11

Сұйық қанды, қан ұйындыларын, бөгде заттарды және жыртылған теріні алып тастады. Жараның жиектерін өмірге қабілеттілігін анықтады, жараның түбін тексерді (тесілген не тесілмеген). Өмірге қабілетсіз тіндерді және езілген бөліктерді кесіп алып тастады.

2

1

0

12

Жарақат дәрежесімен орналасуына байланысты бұзылған анатомиялық байланыстар (жүйке жүйесі, сіңірлер, тамырлар және т.б.) қалпына келетіндігін атады.

2

1

0

13

Теріасты май қабатын, бұлшықеттерді бір-біріне жақындастыра отырып, бір немесе екі түйінді тігістермен қабаттарды кезектестіре отырып тікті. Теріні тігу кезінде, тері жиектерін ұқыптап, тегістей отырып, пинцентпен жақындастыра отырып тікті.

2

1

0

14

Жараны тігу ұзақтығын атап өтті:

  • жарақаттан кейін 6 сағаттан 12 сағатқа дейін жараны дренаждай отырып, тартпай тігіс салды;

  • 12 сағаттан 24 сағатқа дейін - жарақат айналасын тіліп, дренаждау арқылы алғашқы тігіс салды;

  • 24 сағаттан астам уақыттан кейін, тек қана жарақат айналасын тіліп, ашық түрде ем жүргізді.

2

1

0

15

Үлкен және терең жарақат кезінде дренажды негізгі тілімнен басқа, қосымша тілімдер арқылы да енгізетіндігі туралы (контрапертура) айтты.

2

1

0

16

Соңынан, тігісті спиртпен өңдеп, құрғақ шарикпен сүртіп, құрғақ стерильді таңу жасалды.

2

1

0

17

Жара аяқ-қолда орналасса, оған иммобилизация жасалды.

2

1

0



Тапсырмаға берілген уақыт – 5 мин
Кезең бойынша ең жоғары балл: 34 (100%)
Жинаған ұпай баллы: ____ ( ____%)

Критерийді бағалаған __________________________________________ _________________


(оқытушының аты-жөні) (қолы)
«ХИРУРГИЯЛЫҚ АУРУЛАР» модулі





Аяқ пен қолдан сыртқы қан кетуді тоқтату
Білімгерлерге арналған тапсырма:

Қадамдарды бағалау критерийі

толық

жарты

жоқ

1

Білімгер өзін науқасқа таныстырды

2

1

0

2

Қандай әрекетті жүргізуін қажеттігін атап өтті

2

1

0

3

Мұқият қолын жуды

2

1

0

4

Керекті аспаптарды дұрыс таңдап алды:

  • құрамдас стерильді төсеу: дәке ынжы, шариктер, стерильді ішкиім, инелер және тері мен теріасты шелмай қабатын жансыздандыруға арналған шприцтер, жгуттар, бинттер.

  • йод – повидон.

  • спирт.

  • 0,25% новокаинерітіндісі (1% лидокаин ерітіндісі).

  • материал жинауға арналған пробирка.

2

1

0

5

Қан кету ошағын анықтады.

2

1

0

6

Ұсақ тамыр зақымдалса қысып тұратын таңғыш салу; ірі артериялар зақымдалса бұрау салу, артерияны саусақпен басу, аяқ қолды буыннан бүгу әдістерін қолдану арқылы қанды тоқтатты

2

1

0

7

Қоршаған орта температурасына байланысты қан тоқтататын байламды немесе таңба салудың уақыт ұзақтығы бойынша критерилерін негіздеп берді.

2

1

0

8

Иммобилизация жасау қажеттілігін негіздеп берді.

2

1

0



Тапсырмаға берілген уақыт – 5 мин
Кезең бойынша ең жоғары балл: 16 (100%)
Жинаған ұпай баллы: ____ ( ____%)

Критерийді бағалаған __________________________________________ _________________


(оқытушының аты-жөні) (қолы)


«ХИРУРГИЯЛЫҚ АУРУЛАР» модулі





Плевра қуысына пункция жасау
Білімгерлерге арналған тапсырма:

Қадамдарды бағалау критерийі

толық

жарты

жоқ

1

Науқаспен өзін таныстырды

2

1

0

2

Манипуляцияның маңыздылығы мен көрсеткіштерін айтты

2

1

0

3

Қолын мұқият жуды

2

1

0

4

Манипуляцияға кірісе отырып, жұмысқа арналған асбаптарды дұрыс таңдады:

  • құрамдас стерильді төсеу: дәке ынжы, шариктер, инелер және шприцтер, ірі байламдардан пункция алуға арналған ине.

  • йод – повидон.

  • қандауырша.

  • хирургиялық пинцет.

  • спирт.

  • 0,25% новокаин ерітіндісі (1% лидокаин ерітіндісі).

  • материал жинауға арналған ыдыс.

2

1

0

5

Алдын ала рентгенсуретте сұйықтықтың жоғарғы шекерасын анықтады.

2

1

0

6

Науқасты қатты орындыққа арқасын өзіне қаратып отырғызды және көкірек клеткасын сау жағына еңкейтті.

2

1

0

7

Артқы қолтық асты сызығы бойынша 7-8 қабырға аралықтарын тесу орнын анықтады.

2

1

0

8

Қолғап киіп, ота аймағын антисепткалық ерітіндімен өңдеді.

2

1

0

9

Новокаин 0,5%-2 мл теріні және тері астыны жансыздандырды.

2

1

0

10

Егу орнын сол қолдың сұқ саусағымен анықтап, төменгі қабырғаның жоғарғы қырымен резиналық түтік кигізілген инені теріге тері асты клечаткаға бұлшық етке және плевралық париетальды жапырақшасына ендірді.

2

1

0

11

Ине түсу сезімінен кейін сыртқы резиналық түтікке шприц жалғады, түтіктегі қысқышты алды және поршенді өзіне қарай ақырын тартты.

2

1

0

12

Шприцті алар алдында түтікті қысқышпен қысты, белгіленген мөлшерде сұйықтық алынды. Сұйықтық сипаттамасы.

2

1

0

13

Процедура аяқталған соң инені тез алып, пункция орнын бетадинмен өңдеді және таңғыш жапсырды.

2

1

0





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет