3 курс
5 семестр
Пәннің аталуы
|
Қосалқы тарихи пәндер
|
Қысқартылған атаулар
|
ҚТП
|
Оқу іс – шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ
|
Семестр:
|
3
|
Оқытушының Т.А.Ә.
|
Тулкиева Б.
|
Доцент/ оқытушы:
|
Т.ғ.к. аға оқытушы
|
Жұмыс тілі
|
қазақша
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
Кәсіптік пәндер, міндетті компонент
|
Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны
|
Дәрістер-30, практикалық-15, ОСӨЖ-45, СӨЖ-45
|
Еңбек сыйымдылығы
|
Барлығы - 135
|
Кредиттер / сынақ бірліктері
|
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
Пререквизиттер: Алғашқы қоғам тарихы, Қазақстан тарихы, Жалпы тарих.
|
Білім беру мақсаттары / құзыреттілігі
|
Тарихтағы теориялық мәселелерді қосалқы тарихи пән деректері арқылы тереңдетіп оқыту; Тарихи дерек түрлерінің сыныпталуын меңгеруге үйрету; Тарихи деректерден ақпарат ала білуге, ішкі, сыртқы сыннан өткізуге баулу; Тарихи деректермен жұмыс істеуде қосалқы тарихи пәндер әдістерін кешенді түрде қолдана білуге үйрету; Қосалқы тарихи пәндер салаларының өзара байланысы мен ерекшелігін саралай алуға баулу.
|
Мазмұны
|
Дәрістер: Палеография ғылымы ның дамуы. Қазақстан да палеография ғылы мының зерттелу дәреже сі. Түрік жазуының түп төркіні.Палеографиянын зерттелу әдістері. Махмуд Қашғари еңбегінің маңызы. Қазақ тілінің дамуының негізгі дәуірлері. Генеологияның міндеттері.Генеологияның ғылым ретінде қалыптасуы ның тарихы. Қоғам дамуындағы адамзаттың шығу тегін, даму тарихын, әулеттер арасындағы туыстық қатынастарды, яғни шежірені зерттеудегі генеологияның маңызы, оның қосалқы тарихи пән ретіндегі рөлі. Тарихи метрологияның ғылым ретінде дами бастауы. Ежелгі өлшем бірліктері. Өлшем бірлікте рін жетілдіру шаралары. Алғашқы өлшем бірлікте рінің жүйесі. ХY-ХYІІ ғ.ғ. өлшем бірліктерінің жүйесі. Топонимика пәні негізгі міндеттері. Ежелгі Қазақ стан территориясын мекендеген халықтар мен тайпалардың этнотопоними касы жайлы зерттеулер. Мөрлер мен елтаңбалардың шығуы және пайда болуы. Гербтер құрамы, негізгі элементтері. Қазақстанның сфрагастикасы мен геральдикасы. Қазіргі қоғамның өмірін топонимикасыз - жағрапиялық атауларсыз елестету мүмкін емес. Сфрагистика деген атау гректің «сфрагисн-мөрң деген сөзінен шыққан. Сонымен сфрагистика деп мөрлерді зерттеумен айналысатын қосалқы тарихи пән. Герб жасауға қажет бояу түрлері. Құжатқа қойылған мөр аталған құжаттың белгілібір адамның немесе мекемеден берілгендігін растайтын белгі. Мөрмен танысу аталған құжаттың, берілген уақытын, авторын анықтауға жәрдемдеседі. Қазіргі кездегі Қазақстанның марапаттау жүйесі.
Практикалық сабақтар: Қосалқы тарихи пән курсының мақсаты мен мiндеттерi. Көмекшi тарихи пәндердiң бiр-бiрiмен және қоғамдық ғылымдармен байланысы. Палеографияның арнаулы пәндермен байланысы. Славян алфавитi. Палеографияны зерттеу әдiстерi. Жазудың пайда болуы. Хронологияның ғылыми пән ретiнде дамуы. Уақыт өлшемдерiн тарихи дамуын зерттеудегi хронологияның мiндеттерi, күн мен түннiң ауысуы. Византиялық жыл санау жүйесi. Қазақтардағы айға негiзделген есеп жүйесi. Табиғи календарлар Араб календары мен Славян халықтарының календарларының байланысымен айырмашылығы. Ежелгi түркi жазуы және оның ерекшелiктерi. Өлшеу құралдары. Кеңес өкiметi тұсындағы өлшем жүйесi. Метрология терминдерi, өлшем бiрлiктерi. Нумизматика басқа да тарихи арнаулы пәндерiмен байланысты зерттелу деңгейi ғылым ретiндегi дамуы. Теңгелер, тиындар оның жасалуы және айналымға енгiзiлуi. Нумизматика терминдерi: аверс, эмиссия, эмитент, легендасы, реверс, гурт. Эмблемалардың қоғам өмiрiндегi маңызы. Әскери эмблемалар. Ғылыми символдар мен эмблемалар. Эмблематикалық бейнелеу. Эмблематикадағы орнамент. Гербтер тарихы. Мөрдiң қоғам өмiрiндегi ролi. Тәуелсiз Қазақстан республикасының мемлекеттiк мөрi. Қоғам дамуындағы адамзаттың шығу тегiн, даму тарихын әулиеттер арасындағы туыстық қатынастарды яғни шежiренi зерттеудегi генеалогияның маңызы. Қазақстан армиясындағы әскери шендер. Кабинеттiк және далалық зерттеу жұмыстарының әдiстерi. Археологиялық ескерткiштер түрлерi.
|
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
|
Тарихи деректердің нәтижесімен қорытынды жасауға, тарихи қосалқы пәндердің әдістерін қолдана білуге үйренеді. Қосалқы тарихи пәндерді оқи отырып, тарих ғылымының салаларының деректеріне сын көзбен қарауға үйренеді.
|
3 курс
5семестр
Пәннің аталуы
|
Орта ғасырлардағы Орталық Азияның қала мәдениеті
|
Қысқартылған атаулар
|
|
Оқу іс – шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ
|
Семестр:
|
5
|
Оқытушының Т.А.Ә.
|
Тулкиева Б.
|
Доцент/ оқытушы:
|
Т.ғ.к.,аға оқытушы
|
Жұмыс тілі
|
қазақша
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
Кәсіптік пәндер, таңдау компоненті
|
Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны
|
Дәрістер – 30, практикалық – 15, ОСӨЖ – 45, СӨЖ – 45
|
Еңбек сыйымдылығы
|
Барлығы – 135сағат
|
Кредиттер / сынақ бірліктері
|
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
Пререквизиттер: «Қазақстан тарихы», «Ежелгі дүние және орта ғасырлар тарихы », «Қазақстанның ежелгі және орта ғасырлар тарихы»
|
Білім беру мақсаттары / құзыреттілігі
|
Қазақстан мен Орталық Азияның ортағасырдағы өркениеттің өсуіне елеулі үлес қосқан мәдениетінің маңызды процестерін айқындап, олардың мән, маңызын ашып көрсетуге бағыт-бағдар беру. Бағдарлама осыған байланысты ортағасырдағы сауда, қолөнердің өркендеп, қалалардың өсуін және құрылыс ісінің қанат жаюындағы ерекшеліктерді ашу;
|
Мазмұны
|
Дәрістер: Азербайжан ортағасырлық қалаларының Орта Азиялық салыстырмалы матер. мәдениеті XIII-XIX ғғ. Орталық азияның орта ғасырлық қалаларының көркем керамикасы XIII-XIX ғғ. Өзбекстан орта ғас. қалаларының археолог. заттары Азербайжан мен орта Азия қалаларының XIII ғ. аяғы-XVғ. басындағы архитектур. байланыстары Хорезм қаласының батыспен мәдени байланыстары. Ортағасырлық Орта Азия қалаларының қолөнер еңбегі. Ортағасырлық Орта Азия қалаларының археологиялық ескерткіштері Ұлы жібек жолы бойындағы орта ғасырлық қалалар Қазақстанның сәулет есткерткіштері Тарихи өркениет,мемлекеттер және ежелгі қалалар Іле алқабындағы ортағасырлық қалалар мен мекендер. Діни және жерлеу құрылыстары. Құрылыс материалдары және құрылыстар. Архитектуралық декор. Ежелгі және ортағасырлық Қазақстанның мәнет жүйелері. Орта Азияның архитектуралық ескерткіштері (ХVІ-ХVІІ ғ.ғ.).
Практикалық сабақтар: Өркениеттің бастауы. Орталық Азия халықтарының ежелгі тарихы. Орталық Азияның тарихи-мәдени аймақтары. Орталық Азиядағы құл иеленуші құрылыстың дамуы. (б.ғ.д. І ғ.) Кушан патшалығының пайда болуы. Ұлы жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан Ахмет Яссауи сәулет ғимараты. Орталық Азия Кушан патшалығының гүлденген кезеңі (б.ғ.д. ІІ-ІІІ ғ.ғ.) Тарихи өркениет, мемлекеттер және ежелгі қалалар. Қазақстан территориясындағы ежелгі тайпалар. Орталық Азия және Қазақстанның жазба ескерткіштері. Орталық Азияның ежелгі мемлекеттеріндегі халықаралық қатынастар. Орталық Азияның ежелгі мемлекеттеріндегі фискальді қызмет және ақша жүйесі. Орта Азиядағы эллиндік мәдениет Түркілердің далалық империясы және оның мұрагерлері. Ежелгі түрік тайпаларының этникалық тарихының жалпы концепциясы. Орталық Азияның ежелгі көшпенділері. Соғдылар- Орталық Азияның ең ежелгі халқы. Мәдениеті. Қоғамдық құрылысы Қытай және Орталық Азия Орталық Азияның саулет өнері (ХІҮ-ХҮ ғ.ғ.).
|
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
|
Орта ғасырлардағы Орталық Азияның қала мәдениетін терең меңгеру
|
3 курс
6 семестр.
Пәннің аталуы
|
Іс-қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
|
Қысқартылған атауы
|
МТІҚЖ
|
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Практикалық, ОСӨЖ,СӨЖ
|
Семестр:
|
Семестр 6
|
Оқытушының Т.А.Ә.
|
Донбаева А.Б.
|
Доцент / оқытушы:
|
Ф.ғ.к. Аға оқытушы
|
Жұмыс тілі
|
қазақ
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
Жалпы білім беретін пәндер, таңдау компоненті.
|
Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны
|
практикалық–15, ОСӨЖ–15,СӨЖ–15
|
Еңбек сыйымдылығы
|
Барлығы – 45 сағат
|
Кредиттер / сынақ бірліктері
|
1 ECTS
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
Пререквизиттер: Бағдарлама бойынша сауатты жазу, тіл дамыту, сөздік қорды байыту, құжаттарды мемлекеттік тілде дұрыс толтыру. Іс қағаздарын мемлекетттік тілде сауатты жазып, оның түрлерін үйрене білу әрбір тақырып бойынша мұқият қарастырылған.
|
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
|
Болашақ маман келесі дағдыларды меңгеруі тиіс.
А) Іс қағаздары қоғам өмірінде үлкен қызмет атқарады. Іс қағаздарының саяси, тарихи, құқықтық, экономикалық маңызы өте зор. Мемлекет, республика, қала, кәсіпорын, ұйым, мекеме тарихын жазғанда іс қағаздары ақпараттың табылмас қайнар көзі бола алады.
|
Мазмұны
|
Практикалық сабақтар: Қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Іс қағаздары туралы ұғым. Өтініш. Арыз. Фамилялар мен есімдердің жазылуы. Өмірбаян. Мінездеме. Мемлекет басшысының атауындағы сөздер. Жеке іс парағы. Түсінік хат. Географиялық атаулардың жазылуы. Анықтама. Хабарландыру. Реттік белгілердің жазылуы.Хаттама. Қосарланған тыныс белгілерінің қолданылуы. Қолхат. Жеделхат. Факс арқылы жіберілетін құжаттар.Сандардың жазылуы. Сенімхат. Алғысхат. Қазақ тіліндегі қосымшалардың қолданылуы.
Келісімшарт. Шарт. Сөздерді тасымалдау ережелері. Үндеу. Заң. Ереже. Мемлекеттік рәміздердің жазылуы.Кепілхат. Қазақ тіліндегі қосымшалардың қолданылуы. Қызметтік хаттар. Бұйрық. Рим цифрларының жазылуы. Заң. Қаулы. Мемлекеттік рәсімдердің жазылуы. Сөздерді тасымалдау ережелері. Жарғы. Жарлық.
ОСӨЖ және СӨЖ .Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Іс қағаздар туралы ұғым. Іс қағаздарына қатысты негізгі түсініктер мен анықтамалар. Құжаттардың құрамы мен қамтылған материалға қатысты түрлері және олардың ерекшеліктері. Іс қағаздарының қоғамдағы және жеке адам өміріндегі орны. Іс қағаздарының мекемелер арасындағы ақпараттық және қатынас құралы ретіндегі маңызы. Іс қағаздары мен ресми құжаттар стилі. Резюме, жеке іс парағы, оларды жазу, толтыру тәртіптері. Еңбек кітапшасы, еңбек келісімі, оларды жазу, толтыру тәртіптері. Келісімшарт, тапсырыс, оларды жазу, толтыру тәртіптері. Баяндау хат, хабарландыру, оларды жазу, толтыру тәртіптері
2-модуль
Акт, есеп, оларды жазу, толтыру тәртіптері. Шешім, хаттама, оларды жазу, толтыру тәртіптері. Құжаттағы лауазымдар мен атақтардың жазылуы. Қосарланған фамилиялар мен есімдердің жазылуы. Қалыптасқан сөздер мен сөз тіркестері.Жүйелік істердің толтырылымы Қолхат. Кепілхат. Факс. Жеделхат. Іс қағаздар тілінің тарихы. Сенімхат үлгісі. Іс қағаздарының стилі. Бұйрық, үндеу, ереженің түрлері мен үлгілері. Шарт, тапсырыс, визит карточкасы. Үлгілері.
|
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
|
Іс қағаздарының тарихымен, негізгі түрлерімен танысу.
– Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу және оның әлеуметтік қызметін кеңейту.
– Студенттерді мемлекеттік тілде іс қағаздарын сауатты жазып, оның түрлерін білуге үйрету.
– Іс қағаздар стилінің өзіндік лексикасы сияқты ерекшеліктерімен таныстыру.
|
3 курс
6семестр
Пәннің аталуы
|
Тарихи таным мен тарихи үрдіс теориясы
|
Қысқартылған атаулар
|
|
Оқу іс – шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ
|
Семестр:
|
6
|
Оқытушының Т.А.Ә.
|
Жанысбекова.Г.
|
Доцент/ оқытушы:
|
Аға оқытушы
|
Жұмыс тілі
|
қазақша
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
Базалық пәндер, міндетті компонент
|
Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны
|
Дәрістер – 15, практикалық – 15, ОСӨЖ – 30, СӨЖ – 30
|
Еңбек сыйымдылығы
|
Барлығы – 90 сағат
|
Кредиттер / сынақ бірліктері
|
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
Пререквизиттер: Ежелгі дүние тарихы.. Орта ғасырлар тарихы. Азия және Африка елдерінің орта ғасырлар тарихы. Қазақстанның орта ғасырлар тарихы. Европа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы. Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы. Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы.
|
Білім беру мақсаттары / құзыреттілігі
|
Тарихтың философиясы мен методологиясының негізі түсініктерімен таныстыру; теориялық бағыттарымен, мектептермен, концепциялармен және оның өкілдерімен таныстыру.
|
Мазмұны
|
Дәрістер: Кіріспе. Тарих философиясының қалыптасуы және дамуы. Тарихи үрдістің категориялары және сипаты. Тарихи танымның ерекшелігі. Тарих ғылымының пәні. Ғылыми таным әдістері. Тарихи танымның негізгі методологиялық принциптері Тарихи факт. Тарихи деректің методо логиялық мәселелері. Тарих ғылымындағы танымның эмпирикалық және теориялық деңгейлері. Тарихи үрдістің қазіргі заманғы мәселелері
Практикалық сабақтар: Тарих пен филосо фияның, тарих пен әлеуметтанудың арақатынасы туралы мәселе.Тарихи зерттеулердегі сандық әдістер.
Тарихи теория, оның белгілері, құрылымы және функциялары "Қоғамдыық - экономикалық формация", "өркениет" және "мәдени-тарихи жүйелер": салыстырмалы талдау. Историцизм: Г.Гегель мен Л.Ранкеден К.Маркс пен К.Попперге дейін.Христиандық историософия. Г.Гегель және тарихтың философиясы.
Р.Коллингвудтың неогегелиандық тұжырымдамасы.
М.Вебердің идеалдық түрлер теориясы.О.Шпенглердің историософиясы. Н.Кондратьевтің ұзын толқындар теориясы. Г.Г.Шпеттің методологиялық зерттеулері.
А.Тойнби және өркениеттерді салыстырмалы зерттеу әдістері.К.Ясперстің "өзектік уақыт" теориясы. О.Тоффлердің толқындық теориясы.Постиндустриализм теориясы.
|
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
|
Тарих философиясының міндеттері тарихи үрдістің дамуының басты себептері мен факторларын анықтау, тарих өмірді хронологиялық және процессуальдық жағынан бөлшектеуді іске асыру,
|
3 курс
6 семестр
Пәннің аталуы
|
Әлем державаларының отарлық үрдісі және отарлау саясаты
|
Қысқартылған атаулар
|
|
Оқу іс – шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ
|
Семестр:
|
6
|
Оқытушының Т.А.Ә.
|
Исмайлов А.
|
Доцент/ оқытушы:
|
Т.ғ.д. профессор
|
Жұмыс тілі
|
қазақша
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
Базалық пәндер, таңдау компоненті
|
Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны
|
Дәрістер-30, практикалық-30, ОСӨЖ-60, СӨЖ-60
|
Еңбек сыйымдылығы
|
Барлығы - 180
|
Кредиттер / сынақ бірліктері
|
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
Пререквизиттер: "Еуропа және Америка елдерінің тарихы", "Азия және Африка елдерінің тарихы"
|
Білім беру мақсаттары / құзыреттілігі
|
Әлемнің жетекші мемлекеттерінің сыртқы саяси тарихындағы негізгі оқиғаларға ерекше мән беріп, осы көпғасырлық үрдістің даму заңдылықтары мен негізгі кезеңдерін қамтиды. Әсіресе басты көңіл дипломатияның рөліне, оның ерекшеліктеріне, әдістеріне және сыртқы саясатты жүргізу құралдарына бөлінеді. Шешім қабылдау үрдістері және оларды саяси жетекшілер мен сыртқысаяси мекеме басшыларының жүзеге асыруын қарастыру да аса маңызды болып табылады.
|
Мазмұны
|
Дәрістер: Ұлы географиялық ашулар мен алғашқы отарлық басып алулар ХҮІІІ ғасырдың бірінші жартысындағы Еуропадағы күштер арақатынасының өзгеруі Отарлық империялардың құрылуы (ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ.) Еуропадағы француз үстемдігінің орнауы. Наполеон Бонапарт. ХІХ ғ. бірінші жартысындағы қазақ-орыс қатынастары Ұлыбритания колониялық мемлекет. Ресейдің Орта Азиядағы ұстанымы ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы орыс-қытай қатынастары. Қытайдың отарлық тәуелділігінің күшеюі. ХІХ ғасырдың 80-90-шы жж. Еуропада әскери-саяси одақтар жүйесінің пайда болуы. ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басында Латын және Солтүстік Америка Балқанда халықаралық ахуалдың шиеленісуі. Балқан соғыстары Бірінші дүниежүзілік соғыстың себептері және сипаты. Еуропа державаларының мүдделерінің қақтығысуы. Отарлық жүйенің ыдырауы Ұлттар Лигасы – Еуропалық елдердің бірігуі Посткеңестік кеңістіктегі қақтығыстар Орталық Азиядағы қақтығыстар және оларды реттеу мәселелері
Практикалық сабақтар: Метрополия және колониялды елдер туралы түсініктер, негізгі сөздіктер Еуропалық елдердің отарлау саясаты және колониялдық бағытта даму тарихы Солтүстікамерикандық отарлардың тәуелсіздігі үшін күресі ХІХ ғасырдың 30-шы жылдарындағы "шығыс мәселесіндегі"халықаралық қайшылықтар ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Латын Америкасы елдеріндегі АҚШ және еуропалық мемлекеттердің экспансиясы ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Еуропа елдері мен АҚШ-тың Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азиядағы отарлық саясаты ХІХ ғасырдың 70-ші жж Еуропаның саяси картасындағы негізгі өзгерістер ХІХ ғасырдағы империализмнің колониалдық жүйесі Колониялық мемлекеттердің тарихи тағдыры Балқанда халықаралық ахуалдың шиеленісуі. Балқан соғыстары Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы державалардың дипломатиялық күресі (1939-1945 жж.) Азияның ХХІ ғасырдағы ролінің күшеюі Балкандағы қақтығыстардың шығуы және шешілу жолдары Орталық Азиядағы қақтығыстар және оларды реттеу мәселелері
|
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
|
Отарлық империялардың құрылуы (ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ.)
|
Достарыңызбен бөлісу: |