Биология 10-сынып
ТАҚЫРЫП:
Тұқым қуалайтын өзгергіштік (мутация) пен эволюция арасындағы өзара байланыс.
Оқу мақсаты:
Бағалау критерийлері:
- 10.2.6.1. Тұқым қуалайтын өзгергіштік пен эволюция арасындағы өзара байланысты сипаттау.
«Адамда хромосома санының ауытқуына байланысты болатын хромосомдық аурулар» тақырыбын қайталау.
Тапсырма №1
Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
- Хромосомалық аурулар дегеніміз не?
- Көптеген хромосомалық аурулардың пайда болуының басты себебі қандай?
- Клайнфельтер синдромымен ауыратын балалардағы белгілер қандай?
- Патау синдромымен ауырған балалардың өмірі жайында не айта аласыз?
Жауабы:
- Хромосомалық аурулар деп — клиникалық сипаттары жағынан түрліше болып келетін адамдар патологиясының үлкен бір тобын айтамыз.
- Тарихи, эволюциялық қалыптасқан жүйенің — кариотиптің өзгеруі. Хромосома сандарының не хромосомалардың құрылымының бұзылуы болып табылады.
- Бойлары өте ұзын, иықтары тар, бөкселері кең, бұлшықеттері нашар дамыған, астеник немесе әтек (пішілген адам) типтес болып келеді.
- Патау синдромымен ауырған нәрестелер өмірінің алғашқы күндерінде немесе алғашқы аптада ақ әліп қалады. Дегенмен, кейде олар 2—3 жыл өмір сүруі де мүмкін.
Мутация мен эволюция арасындағы байланыс
- Мутациялардың көбісі зиянсыз, оларды үнемі қалыпты доминантты ген жауып тұрады. Бұндай мутациялар эволюцияның материалы болып табылады.
- Эволюцияның ең қарапайым деңгейі мутациялық өзгерістер болып табылады.
- Табиғи сұрыпталу кезінде мутация арқылы пайда болған жаңа белгілер мен қасиеттер организмдердің жаңа орта жағдайларына бейімделуіне жағдай жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |