Оқулық " Экология"мамандығы



бет28/125
Дата28.09.2022
өлшемі7.62 Mb.
#461545
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   125
treatise95823

Протокооперациятүрлердің арасындағы әрекеттесу, екі түрге де пайдасын әкеледі, бұл үшін арақатынас құрудың қажеті жоқ. Бұл арақатынастың мысалы ретінде: актиния мен саяқ - шаянды келтіруге болады (актиния аз қозғалатын өмірді қалыптастырады. Саяқ - шаян өзінің қабыршағына актинияны отырғызып алып өзіне қарай тасиды. Актиния бір жағынан өзінің күйдіргіш жіптерімен жауынан қорғайды, екінші жағынан майда жәндіктерді өлтіріп, өзіне азық (қорек) жасайды, оның қалдықтарымен саяқ – шаян қоректенеді. Бірақ та саяқ-шаян мен актиния бір-бірінсіз де өмір сүре алады.
Мутуализм – түрлердің арасындағы әрекеттесу типінен екі түр де пайда алады, және бұл арақатынас екі әріптес үшін де міндетті. Мутуализм мысалы ретінде: қыналар (саңырауқұлақтардан және бір жасушалы балдырлардан тұрады, саңырауқұлақтың гифы арқылы суға минералды тұздардың ерітінділері түседі, ал балдырлар органикалық заттарды синтездейді).



9-шы сурет Организмдер арасындағы симбиоз ( КрикуновуE,A. 1995 бойынша)
Балдырлар мен саңырауқұлақтардың бұл түрлері бір-бірінен жекелей қалыптаса алмайды. Термиттер және жгутиконосцтер (термиттер ағаштармен қоректенеді, бірақта оны өзі қорыта алмайды, сондықтан термиттердің ішегінде целлюлозаны қайтадан өңдеп қоректенетін жгутиконосцтар болады.
Табиғатта түрлердің оң әрекеттесуі кеңінен тараған. Бұл қарым-қатынастар әртүрлі түрлердің тіршілігінде, бірлестік ретінде қалыптасуына икемдейді. Ерекше атап өтер жағдай әртүрлілік пен мықты байланыстан гөрі түрлердің бірге мекендеуін қолдаған сайын, олардың бірге тұруы мен тұрақтылығы орнықты болады.
Экологиялық қуыс: іргелі, қалыптасқан
Сонымен қатар ішкі өсу жылдамдығын, икемделуін, аталған организмнің басқа организмге тигізетін әсерін, олардың қарым-қатынасы қандай деңгейде екендігін, оның экожүйедегі кейбір оқиғаларға тигізетін әсерін, оның өзінің әсерін білу керек. «Экологиялық қуыс» терминін Американ зоологы Дж.Гриннелл (1917) енгізді, оны ағылшын экологы Ч.Элтон (1927) нақтылады. Бұдан басқа Гриннелл түрлердің бір-бірімен салыстырмалы түрде нақты кеңістіктегі таралуына көңіл бөлді, ал Элтон қоректену тізбегіндегі түрлердің жағдайына назар аударды.
Дж.Хатчинсонның (1957, 1965) кеңістіктің көп өлшемді үлгісі атты зерттеу жұмысы түрлердің арасындағы бәсекелестікке және қуыс туралы түсініктің келешекте дамуына түрткі болды.
Экологиялық қуыс – бұл ортадағы әртүрлі факторлардың комбинацияларының мәні, түрдің шексіз уақыт аралығында бола алатын аумақтарының ортасы. Экологиялық қуыс егер де түр басқа түрмен бәсекелестікке түсуі шектеусіз болған жағдайда ағзалардың тек қана физиологиялық ерекшеліктерімен анықталады, оны Хатчин іргелі (фундаментальный), ал табиғатта шынымен де кездесетін түрді - жүзеге асырылатын деп атады. Жүзеге асырылатын қуыс әрдайым іргелі қуысқа қарағанда аз болады, себебі кері әсерін тигізетін биотикалық факторлар (жыртқыштық, бәсекелестік және т.б.), кейбір жағдайда түрдің мекен ететін ортасында орналасуы мүмкін болмай қалады.
Егер де екі жақын түрдің қалыптасу тұрақтылығы тең болса, онда оларда экологиялық теңсіздік болуы мүмкін. Басқаша айтқанда екі түрдің бір экологиялық қуысты алуы мүмкін емес. Экологиялық қуыс дегеніміз не? Ағзалардың бірлестіктердегі алатын орыны, олардың мекен ету ортасымен байланысы, олардың азығы, әріптестігі, жауласуы, қоршаған орта мен басқа ағзаларға әсерін - бәрін бірге қосып алатын болсақ оны – экологиялық қуыс деп атайды.
Басқаша айтқанда бұл тірі ағзалардың қауымдастықтағы функциональдық ролі мен ондағы түрлердің жағдайы. Экологиялық қуысты мекен ету ортасымен шатастыруға болмайды. Мекен ету ортасы – бұл түрлердің мекендейтін орыны және олардың қалыптасуы үшін қажетті абиотикалық шарттарға ие кеңістіктің бір бөлігі. Басқа сөзбен айтқанда – түрлердің мекен ету орыны олардың мекен-жайы болады да, экологиялық қуыс – олардың мамандануы немесе өмір сүру салты боп табылады.
Экологиялық қуыс – нақты бір түрдің барлық тарапынан өмір сүру салтын бар жағынан сипаттайды. Кішкентай сарышұнақ (Cynomus pygmaeus) экологиялық қуысын қарастырайық, бұл шөп қоректі жануар, ыстық және құрғақ ауа-райында Қазақстанның далалы және жартылай шөлде мекен етеді. Негізінен астық дақылдылармен қоректенеді, негізінен олардың санын реттеуші болып табылады. Саршұнақ өзінің інін қазу кезінде топырақтың сипатын өзгертеді. Ол топырақты тыңайтатын нәжістер бөледі. Саршұнақ қаршығалар мен түлкілер және т.б. үшін азық болады, саршұнақтардың қоршаған ортамен қарым-қатынасы экологиялық қуыстың бір бөлігін құрайды, және оның қандай жерде және онымен бірге қандай ағзалардың қатар өмір сүретіндігін анықтайды. Бұның барлығы оның оның экологиялық қуысын құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет