Оқулық " Экология"мамандығы


Сурет 13. Жер үсті экожүйесіндегі детриттік қоректік тізбек (Небель бойынша, 1993)



бет39/125
Дата28.09.2022
өлшемі7.62 Mb.
#461545
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   125
treatise95823

Сурет 13. Жер үсті экожүйесіндегі детриттік қоректік тізбек (Небель бойынша, 1993)
Дегенмен жасыл өсімдіктермен жиналған энергияның әрбір үлесінің жолы қысқа. Өзінің энергиясын Күн арқылы алатын күрделі табиғи бірлестіктегі ағзалар бір трофикалық деңгейге жатады. Сөйтіп, жасыл өсімдіктер бірінші трофикалық деңгейге жатады (продуценттердің деңгейі). Шөп қоректілер – екінші (біріншілік консументтер деңгейі), шөп қоректілерді жейтін бірінші жыртқыштар – үшінші (екіншілік консументтер деңгейі), ал екіншілік жыртқыштар – төртінші (үшіншілік консументтер деңгейі). Осы трофикалық классификация функцияға жатады. Популяция бір немесе бірнеше трофикалық деңгейде болуы мүмкін. Популяция может занимать один или несколько трофических уровней. Трофикалық арқылы энергия ағымы осы деңгейде жалпы ассимиляцияға тең.
С
урет. Экологиялық пирамидалардың негізгі түрлері

Экожүйедегі продуценттер, консументтер (бірінші және екінші реттік) және редуценттер арасындағы олардың массасымен өрнектелген арақатынас санмен өрнектелуі — Элтон сандарының пирамидасы, құрамындағы энергияға қатысты — энергиялар пирамидасы. Сандар пирамидасы немесе дарақтардың қоректік деңгейлер бойынша бөлінуі мынадай факторларға байланысты: 1) Кез - келген экожүйеде ұсақжануарлар саны жағынан ірі жануарлардан басым болады және тезірек көбейеді; 2) Жыртқыштардың әр түріне оңтайлы көлемді жемтіктер азық болады. Биомасса пирамидасы экожүйедегі коректік қарым-қатынасты сипаттайды. Бұл пирамиданың нысаны сан пирамидасының нысанына ұқсас үш бұрышты болады. Тұтынушылардың биомассасы |продуценттердің биомассасынақарағанда екі еседей аз. Биомасса пирамидасы биомассалардың азаюын, ал энергия пирамидасы фитобиомасса |фитобиомассалардың азаюына байланысты энергияның төмендеуін көрсетеді. Продуценттер фотосинтез процесінің нәтижесінде жалпы биоөнімнің — фитомассаның негізгі мөлшерін жасайды. Өсімдіктердің өзінде заттек алмасу процесіне, яғни метаболизмге бастапқы түзілген фитомассаның 40%-ы жұмсалады. Өсімдіктерді қоректік заттек ретінде бірінші қоректік деңгейдегі өсімдік коректі жануарлар фитофагтар немесе тұтынушылар пайдаланады. Фитофагтарды әрі қарай жыртқыштар пайдаланады


Биомасса пирамидасы – қоректік тізбектің бірінші деңгейінен екінші деңгейіне берілетін органикалық заттар массасы. Продуценттердің биомассасы едәуір көп мөлшерде болуымен ерекшеленеді. Бұдан кейінгі әрбір қоректік тізбекке өткен сайын биомасса мөлшері 10 есеге дейін азая береді. Организмдердің өнімділігі белгілі бір уақыт аралығында түзілген құрғақ органикалық заттардың биомассасы арқылы өлшенеді. 
Энергия пирамидасы – қоректік тізбектегі бірінші деңгейден келесі әрбір деңгейге берілетін энергия мөлшерінің заңдылығы. Бұл энергия мөлшері де бір деңгейден екінші деңгейге өткенде 10 еседей азая береді.
С
урет 14а.
Сан пирамидасы – әрбір қоректік тізбек деңгейлеріндегі организмдер саны арақатынасының заңдылығы. Қоректік тізбектегі дарабастар саны келесі қоректік деңгейлерде азая түседі. Бірақ оның көбеюі де мүмкін. Мысалы, орманда өсімдікпен қоректенетін жәндіктердің дарабастарының саны көп болған жағдайда. Сан пирамидасының диаграммасы биомасса мен энергия пирамидаларының диаграммасынан басты ерекшелігі – оның төмен деңгейлеріне қарағанда, жоғары деңгейлері бірте-бірте ұлғая түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет