Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет98/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

И. П. Герасимов пен Ю. А. Мещеряков жер бедерін шығу 
тегіне қарай топтастыруда осы заңдылықты ескере отырып, 
ғаламдық масштабтағы жер бедерін жəне мегарельеф пішіндерін 
геотектураға, макрорельефті – морфоструктураға, ал мезо, микро, 
нанорельефті – морфоскульптураға біріктірген.
Барлық деңгейдегі жер бедері пішіндері теңіз деңгейінен 
есептегендегі абсолюттік биіктігі мен абсолюттік тереңдігі бойын-
ша да ажыратылады. Бұл көрсеткіш Жер шарындағы ең биік жəне 
ең терең нүктені қосатын сызық арқылы өтетін гипсометриялық 
қисық сызық бойынан айқын көрінеді. 
Осы қисық сызық бойынан жер бетінің екі негізгі гипсометрия-
лық деңгейі: материктік деңгей жəне мұхит табаны деңгейі 
ажыратылады. Бүгінгі таңдағы гипсометриялық қисық сызық 
аралығындағы биіктік айырмасы 20 км шамасында, ең биік шың 
Джомолунгма (8848 м) мен ең терең Мариана шұңғымасы (11022 м) 
аралығын алып жатыр. 
Жер 
бедері 
құрылымдық 
ерекшеліктері 
мен 
таралу 
заңдылықтарына сəйкес бірнеше топтарға бөлінеді (56-сурет).


135
56-сурет. Жер бедерінің жалпы жіктелуі
Құрлық беті жер бедері гипсометриялық көрсеткіші бойынша 
аласа ойпатты (0-200 м) жəне 200 метрден жоғары көтеріңкі жер 
бедеріне бөлінеді. Көтеріңкі жер бедері биік жазықтар, қыраттар, 
таулы үстірттер жəне тауларға жіктеледі. Ал таулы жер бедері 
гипсометриялық көрсеткіші бойынша 1000 м дейінгілері аласа тау-
лы, 1000-3000 м орта таулы, 3000 м жоғары биік таулы жер бедеріне 
ажыратылады. 
Материктерге тəн жер бедерінің қалыптасуы туралы көптеген 
геотектоникалық болжамдар кездеседі.
Жер қыртысының үздіксіз дамуы нəтижесінде геосинклиналдар 
платформаларға айналады, бұл процесс екі кезеңде жүзеге асады. 
Ұзаққа созылған алғашқы кезеңде қатты майысып, су басқан жер 
қыртысының ойпаңдарында қалыңдығы 15-20 км жететін шөгінді 
жыныстар жиналады. Салмақ күшінің артуына байланысты Жердің 
ішкі қойнауындағы күштер арасалмағы өзгереді. Соның нəтижесінде 
геосинклиналдарда жер сілкінулер, жанартау атқылаулары күшейіп, 
қатпарлану жүреді. 
Осылайша биік таулар түзіледі. Ал неғұрлым қысқа уақытты 
қамтитын екінші кезеңде түзілген тау жүйелері сыртқы 
күштердің əсерінен үгіліп, аласарады. Бұл процесс көбінесе 
материктер аумағында жүзеге асатындықтан, «платформалық-


136
геосинклинальдық» дамуы жайлы тұжырымдама литосфераның 
жалпы даму заңдылығын жете түсіндіре алмайды. 
Дегенмен, бұл тұжырымдама жер қыртысының дамуы тура-
лы басқа теорияларға қайшы келмейді, керісінше, оларды нақты 
ғылыми мəліметтермен толықтырып отырады.
Соңғы кезде ғалымдар арасында қолдау тапқан екінші бір 
ғылыми тұжырымдама – литосфералық тақталар қозғалысы 
деп аталады. Бұл теория бойынша, литосфера бір-бірінен терең 
тектоникалық жарықтар – рифттер арқылы бөлініп жатқан тақталар 
жиынтығынан құралған. 
Рифттердің басым көпшілігі Дүниежүзілік мұхит табанындағы 
суасты орта жоталарына сəйкес келеді. Литосфералық тақталар 
құрылымына қарай материктік жəне мұхиттық болып бөлінеді. 
Олар астеносфера бетімен жылына орташа 2-6 см жылдамдықпен 
қозғалады. Литосфералық тақталардың қозғалысы геологиялық 
уақыт аралығында материктер мен мұхиттардың пішіні мен 
аумағының өзгеріп отырғандығынан айқын көрінеді. Оған жер 
қыртысының даму тарихында түзілген материктер (Пангея, Лавра-
зия, Гондвана жəне т.б.) мен мұхиттар (Панталассо, Тетис) дəлел 
болады.
Құрлықтың қазіргі жалпы ауданы мұхит табанына ұласып 
жатқан материктің шеткі жағалық бөліктері мен материктік жер 
қыртысында орналасқан өтпелі зонамен қосып есептегенде 230 млн 
км

қамтиды. 
Тектоникалық белсенділігі жəне геологиялық даму ерекшелігіне 
қарай материктік жер қыртысы екі үлкен құрылымға жіктеледі. 
Жер қыртысының неғұрлым тұрақты бөліктері немесе плат-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет